Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая Корм.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
228.35 Кб
Скачать

1.3 Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша нмө есептеу әдістемесі

Өнім түрлерінің жіктеуі. Бағдарламалауда үш өнім түрін ажыратады – потенциалды, нақты мүмкін және өндіріс жағдайында алынатын шын өнім.

Потенциалды өнім (ПӨ) - дақылдардың, сорттардың биологиялық ерекшеліктерін, агротехника деңгейін, ФБР кірісін және т.б. ескере отырып өте жақсы метеорологиялық жағдайларында егістіктерді кажетті мөлшерде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуінде алынатын өнім. Бұл тұрақты көрсеткіш емес – ол дақылдардың өсіру технологиясын жетілдіруде, жақсы сорттар мен будандарды қолданғанда, ФБР пайдалану коэфициентіне (ПӘК ФБР) және т.б сәйкес қоректік заттар және ылғалдану балансімен толық қамтамасыз етілуінде өсуі мүмкін.

Нақты мүмкін өнім (НМӨ) - сорттың немесе будандың генетикалық потенциалымен және шектелген реттелмейтін факторлармен теориялық қалыптасатын өнім.

Өндіріс жағдайында алынатын шын өнім (нақты өнім НӨ) – вегетациялық кезеңінде өсімдіктердің қоршаған орта факторлармен қажетсінуі қандай мөлшерде қамтамасыз етілгенін және ғылыми дәлелденген агротехника деңгейі жүргізілгенін сипаттайтын өндірістің шаруашылық әрекетінің маңызды көрсеткіші.

Өсімдіктердің ылғалға қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер. Өсімдіктердің (егістіктердің) ылғалға қажетсінуі үш көрсеткішпен -транспирациялық коэффициент (ТК), супайдалану коэфициенті (Кс) және жиынды супайдалануымен (Жс) - сипатталады.

Транспирациялық коэфициент - бір өлшем құрғақ зат мөлшерін қалыптастыру үшін өсімдіктерге транспирацияға қажетті, яғни жапырақтардың, өсімдіктердің бетінен бүлануына шығындалған ылғал мөлшерін дәлелдейді.

Су пайдалану коэффициенті ( Кс) - өсіп-жетілу кезеңінде егістіктің транспирация мен топырақ бетінен булануын қоса есептегендегі бір өлшем өсімдік шаруашылығы өнімінің (кг, ц, т, астық, құрғақ биомасса, немесе түйнектер, тамыржемістілер және т.б.) нақты шығындалған ылғал мөлшерін (мм, м3) сипаттайды.

Жиынды су пайдалану (Жс) – 1 га егістікте (1м2, га) өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3 –пен алынған ылғалдың мөлшерін сипаттайды.

Кс = Жс/Өқз, мұнда

Жс — жалпы жиынды супайдалану (мм/га, м3/га);

Өқз — құрғақ зат өнімі, астық (ц/га).

Қазақстанда ең қолайлы егіншілік аудандардың өзі ылғалмен нашар қамтамасыз етілуімен сипатталады, өйткені орташа көпжылдық түсетін жауын-шашын мөлшері жылына 250-330 мм-ден аспайды. Сондықтан бұл аймақтарда барлық факторлардың ішінде ылғал бірінші минимумда тұрады, сайып келгенде, нақты мүмкін өнім деңгейін анықтайды, ал өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ететін шаралар мен оларды реттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады[7].

Нақты мүмкін өнім (НМӨ) есептеу әдістемесі. Өнімді бағдарламалауда қолданатын НМӨ-ді ылғалмен қамтамасыз етілуіне қарай есептеуді А.М. Алпатьев (1961) ұсынған және ол тепе-теңдік (баланс) құруға негізделген, оның кіріс бөлігі - жиынды су пайдалану (Жс) немесе жалпы келіп түсетін ылғал мөлшері (Жс), ал екінші шығыс бөлігі - бір өлшем егістікте қалыптасатын өнімге жұмсалатын су келтіріледі:

Жс = НМӨ * Кс, мұнда:

Жс – жиынды супайдалану (себу алдындағы топырақтың бір метр қабатындағы ылғал қоры қосу дақылдың өсіп-жетілу кезеңінде түскен жауын –шашын мөлшері), м3/га;

Кс - супайдалану коэффициенті, м3/ц өнім (астық, құрғақ зат).

Тепе-тендік формуласы жеңілдетілген түрде мынадай болады:

НМӨ* Кс = Ықо * 0,7 – Ық.

Есеп шығарғанда барлық көрсеткіштерді бір өлшем бірлігіне айналдыру қажет (ыңғайлысы - м3/га).

Мм пайдалы ылғалды м3/га –ға айналдыру үшін 10 коэффициентін пайдаланады, өйткені топырақтың бір метр қабатындағы 1 мм пайдалы ылғал немесе гектарына түскен әр бір мм шауын-шашын мөлшері 10м3 суға сәйкес [7].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]