Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая Корм.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
228.35 Кб
Скачать

1.2 Мал азықтық жерлерді жақсарту шаралары. Түбегейлі және үстіртін жақсарту жүйелерін қолдану жағдайлары

Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70% дан астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымның өнімінің төмендігінде. Соңғы ғылыми - өндірістік сараптамалардың мәліметтері бойынша далалық және құрғақ далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әр гектардан құрғақ затының өнімі 1,5 – 2,5 ц – ден 5 – 6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде – 0,5 – 1,0 ц – ден 3 – 4 ц /га дейін. Мұндай төмен көрсеткішітердің орын алу себептері: біріншіден – далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп, мал азығына құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы; екіншіден – көпшілік жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалануына байланысты тозып, өсімдік құрамында мал азықтығы нашар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде.

Шөл және шөлейт аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан тозып, топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша Республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 30 млн. гектардай да, оның 11 млн. гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған деп танылды[6].

Қазіргі кезде Республика бойынша бірінші кезекте жақсартуды қажет ететін табиғи жерлердің көлемі 40 млн. гектар шамасында. Ғылыми зерттеу мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсарту технологияларын қолдана отырып, жақсарту арқылы өнімін 3 – 5 есеге дейін көтеруге болады.

Жайылым мен шалғындарды түбегейлі жақсарту

Табиғи шабындықтың өнімі төмен болып және шөп құрамындағы бағалы астық тұқымдастарының үлесі 32% - ға жетпесе, ондай жерлерді түбегейлі жақсартады. Түбегейлі жақсартқанда табиғи шым толықтай бұзылып, өңделіп, орнына бағалы көпжылдық шөптер себіліп өнімділігі жоғары жаңа мәдени екпе шабындықтар мен жайылымдар жасалады. Табиғатта кездесетін батпақты және сортаңды жерлер де түбегейлі жақсартылады. Шымды топырақты жерлерді түбегейлі жақсартқанда топырақтың биологиялық белсенділігі айтарлықтай күшейеді, органикалық заттардың шіруі тездетіледі де, өсімдіктермен жеңіл қабылданатын қоректік заттар қоры түзіледі.

Қазақстандағы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімін талдау олардағы түсімінің төмендігін байқатты. Мысалы, шөл және шөлейт аймақтарда әр гектардан алынған құрғақ масса 0,5-1,0-ден 3-5 центренге дейін, далалық және қуаң далалық аймақтарда 1,5-6 центнерге дейін құбылатындығын көрсетті. Бұдан басқа осы аймақтарда анықталған 21 млн.гектардай тозып, эрозияға ұшыраған жайылымдар деп атауға болады.

Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартудың екі әдісі бар. Соның бірі – жеделдетіп жақсарту. Бұл әдіс бойынша ылғалды аудандарда табиғи жерді жыртқаннан кейін немесе бір жылға парға қалдырғаннан кейін келесі жылда бірден көпжылдық шөп себеді. Екінші әдіс – шалғындандыруға жоспарланғантжерге алдын – ала, 1 немесе 3 жыл қатарынан біржылдық мал азықтық дақылдар немесе жемдік астық дақылдар өсіріп, содан кейін көпжылдық шөп себеді.

Қазақстанның шаруашылықтарында түбегейлі жақсартудың екі әдісі де қолданылады. Жеделдетіп шымдау республиканың далалық, шөлейт және шөлді аймақтарында қуатты шымдалмаған шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға қолдануға тиімді. Бұл әдіс Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерін жақсартудың негізгісі болып табылады.

Су режимін реттеу және жақсарту

Шалғындық көп жылдық шөптер вегетациялық кезеңде 3-5 мың метр су жұмсайды, ал ең жақсы өсу топырақтың төменгі далалық су сыйымдылығы шамамен 70-80 % болғанда, яғни топырақтың өзекшелері сумен толтырылғанда байқалады [15].

Су режимін тереңдетіп өзгерту үшін шығыны жоғары гидротехникалық мелиорация жасау қажет- құрғату, суару.

Құрғақ далалы және шөлейт аймақтарда жел өтіне көлденең әрбір 10-15 м-ден кейін алым ені 0,3-1 м шабылмаған жолақ қалдыру ылғалдың жиналуына ықпал етеді. Бұл шара, көптеген тәжірибелер мәліметі бойынша келесі жылы өнімділік деңгейін 60-70 % көтеруге мүмкіндік жасайды.

Ескі себілген жерлерде және сиретілген шөп отында бірнеше жолақ қалдырған кезде оларды “өзіндік тұқым шашуы” болады, ал шабылмаған жолақтарда шөптер қарқынды пайдаланудан “демалады” және келесі жылы өнімділікті жоғарылату үшін жағдай жасайды.

Су жайылмасы немесе көлдетіп суарылатын шалғындарда, беткейлерде ылғал жинауға індеу тиімді болады. Індерді ЩН-2-140 індегішімен немесе күзгі кезеңде беткейлерге көлденең 2-3 жылдан кейін қайталанып басқа құралдармен салады.

Шабындық және жайылымдағы шөп отына және шымдарды күтіп баптау

Тың және ескі жатып қалған шабындық жайылымдарда уақыт өткен сайын топырақ тығыздалады, оның аэрациясы нашарлауы, соның нәтижесінде микробиологиялық және биохимиялық процестердің өту жағдайы нашарлайды, шөп отынан құнды мал азықтық шөптер түседі.

Шөп отына және шымдарды күтіп баптаудың негізгі шаралары деп келесі жұмыстарды санауға болады:

1.Топырақты тырмалау, дискілеу, фрезрлеу және індеу арқылы ауа режимін жақсарту.

2. Шөп отын фрезрлеу, таяз аудару және шөп себу арқылы жақсарту.

3.Арамшөптермен күресу.

Топыраққа ауаның баруын жақсарту

Мұндайда алдымен жер қыртысы қопсытылады. Ол топырақтың құрылымын, соған орай оған су және ауаның баруын жақсартады. Бұл жұмыстар топырағы тығыз телімдерде жүргізіледі. Топыраққа ауа-судың баруын жақсарту ісі нақтылы жағдайларды ескеруді қажет етеді. Атап айтқанда, телімдерге су жаю тамырлы өсімдіктерді дискілегеннен соң жақсы нәтиже береді. Дискілеген кезде топыраққа ауаның баруы жақсаруымен бірге, өсімдік ескі түбірлерімен ажыратылып, оның жасаруы қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде астық тұқымдас және әр түрлі шөптердің түсімі 20 %-ға артады. Ерте көктемде ЛД-10 агрегатымен жерді дискілеу де изеннің түсімін арттыруға жағдай жасайды. Топырағы тығыз, сортаң жерлерде топырақты 50 см тереңдікте тілгілеу де пайдалы [15].

Желдетуді жақсарту үшін топырақтың беткі қабатын тырмалайды және қуыстайды. Топырақты қуыстау жұмыстарын күзде арнайы жабдықталған қопсыту машиналарымен (КПГ-250 т.б.) жүргізеді. Қуыстау жолақтарының арасы 0-100 см, тереңдігі 35-45 см. Қуысталған топырақтардың су сіңіру және оны ұзақ ұстап тұру қабілеті жоғарылайды. Осы технологиялық әдісті қосымша тұқым себу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстарымен бірге жүргізсе, шалғындықтың өнімін айтарлықтай көтеруге болады. Шымтопырақты жерлерді тырмалаудың тиімділігі аз [5].

Ал шалғындықта негізгі өсімдік түрлерін сақтай отырып, беткі қабатын аздап қопсыту (ФБН-1,5 т.б) технологиясының тиімді екені анықталды. Бұл жұмыс топырақтың 0-20 см қабатының көлемдік массасын төмендетеді, микробиологиялық белсенділігін арттырады және су-ауа режимін жақсартады.

Мұндай топырақты желдетуге арналған технологияның тиімділігі шалғындыққа азот тыңайтқышын (N90-120кг/га ә.з) бергенмен бірдей. Шалғындықтың өнімділігі үш жылда орта есеппен 20-22 % көтерілген [5].

Зиянды және улы өсімдіктермен күрес

Зиянды өсімдіктер мал өнімін бұзады (ащы жусан, рауғаш, пияз, қышабас, т.б.) немесе малды зақым етеді (ошаған, шашақты жусан, жабайы арпа, қалуен, т.б.).

Улы өсімдіктер алколоид, глюкозид, эфир майы арқылы малды уландырады. Қазақстанда улы өсімдіктер түрлеріне сарғалдақ, алқа, айқыш гүлді және шатыр гүлді өсімдіктер ( қылша, томар дәрі, т.б.) жатады.

Бұл өсімдіктермен күрес оның алдын алу және химиялық шаралар қолдану арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда улы өсімдіктер ұрық шашпай тұрып шауып тасталынады, қатаң карантин қойылады.

Күрестің химиялық шаралары улы және зиянды өсімдітер телімдерін гербицидтермен өңдеу болып табылады.

Үстеме тұқым себу

Мәдени-техникалық жұмыстар жүргізе отырып, табиғи щым байланған жерге шөптің белгілі бір түрін себу топыраққа ауа мен судың баруын жақсартады. Әсіресе бұл шөбі сирек жерде өте пайдалы. Үстеме тұқым себу шымның беріктігіне, топырақтың механикалық құрамы мен климат жағдайларына байланысты. Шымы берік жерді екі бағытта тырмалау керек. Тұқым сепкен соң оны таптау қажет.

Екінші жылы үстеме себілген жердегі табиғи шөп 65-70 %, ал үстіне себілген дақыл 30-40 %-ға жетеді. Оның жұғымдылығы мен түсімі 1,5-2 есе артады. Жеңіл топырақты жерде дискілеуді тырмамен алмастырады, СЗП-3,6 немесе астық-шөп тұқым сепкіштерімен құм эспарцетіне еркекшөп қосып себіледі. Үстеме тұқым себу түсімді 2,5-3 есе арттырады.

Шөлейт аймақтарда еркекшөптің құрғақшылыққа төзімді сортын жеңіл топырақты жерге себу жақсы нәтиже берді, бірақ ондай учаскені 2 бағытта тырмалау қажет. Тұқым ерте көктемде себіледі. Одан соң міндетті түрде таптау жүргізіледі. Құмдағы таңдаулы жайылымдықтарға табиғи шым жерін өңдемей-ақ, еркекшөп себе беруге болады. Ондайда жел эрозиясы да қауіпті емес, ал түсім 1,6 есе артады. Ал ашық сары топырақтың әр гектарына 8-10 кг еркекшөп себіледі, одан соң ол жер тереңдігі 3-4 см етіліп ЛД-10 қопсытқышымен екі рет дискіленеді. Тұқым ерте көктемде себіледі. Оны міндетті түрде тығыздау керек. Онша сортаң емес қуаң даланың әр гектарына 5-7 кг еркекшөпке 6-7 кг түйе бұршақ қосылып себіледі[5].

Өзекті және су жайылған учаскелерде 3-4 рет дискілеген соң оған жоңышқа, қылтықсыз арпабас, бидайық шашылады. Бұл үшеуінің тұқым себу нормасы : жоңышқа 40 %, арпабас пен бидайық 20 %-ға тең. Жел эрозиясына ұшыратпай, сәтті себілген жағдайда ол түсімді 3-4,5 есе көп береді [5].

Арамшөптермен күресудің шаралары келесідей: барлық ластанған (тұқым шашуына дейін) жерлерді уақытында шабу, ірі сабақты арамшөптермен механикалық күресу – саумалдық, тамырдәрі және т.б. өсімдіктер – қазу, кесу, жұлу, қатты ластанғанда – терең аудара өңдеу арқылы шалғындандыру, сонымен бірге химиялық өңдеуді қолдану, гербицидтерді, мысалға, 2,4 Д препараты, олар кең жапырақты арамшөптерді жояды, бірақ астық тұқымдастарына әсер етпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]