Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ідегей Ісеместр.15-16оу ж..doc
Скачиваний:
77
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
30.5 Mб
Скачать

7.Берілген сөз бен сөз тіркестерін тәуелдеңіз.

Еңбекақы, отбасылық бюджет, отбасылық қаражат.

Тыңдаймыз.Сөйлейміз.

8.Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Отбасы бюджеті дегеніміз не? Бюджет неше бөлікке бөлінеді? Уақытша сипаттағы шығындарға қандай шығындар жатқызылады? Отбасы бюджеті кімнің еңбекақысынан тұратын ақшалай қаражат. Отбасы бюджеті кімге жүктеледі? Дәстүрлі түрде отбасы бюджетінің неше түрі бар деп саналады? Отбасы бюджетіне байланысты қандай отбасылар болады? Бюджеттің бірлескен-жеке түрінде ерлі-зайыптылар үй шығындарын қалай көтереді? Дәулетті отбасының отбасылық қаражатының көлемі қандай болады, және соған байланысты қаражат қалай жұмсалады? Ерлі-зайыптылар қолда бар соманы қалай жұмсау керектігін бірігіп шешетін және келешек шығындарды талқылап, бюджетті бірлесіп жоспарлайтын бюджеттің түрі қалай аталады?

Қарапайым отбасы бюджетінде қаражат қалай жұмсалады? Біздің елімізде көп балалы және жаңа туылған нәрестеге отбасы бюджетіне қосымша не төленеді?

Жазамыз

9.Мәтіннің көмегімен және өз ойыңызды кестені толтырыңыз.

Уақытша сипаттағы шығындар

Жоспарлы шығындар

Жоспарланбаған шығындар

Сөйлейміз. Жазамыз

10.Мәтіндерді оқып, өз ойыңызды ортаға салыңыз.

Жас отбасы бюджеті.

Жаңадан ортақ өмірді бастаған кезде көбіміз ақша жағын ойлағымыз келмейді. Дәл осы сәттен екі ересек адам өзінің ортақ шаруашылығын жүргізуі тиіс, екеуі шоттарды төлеп және ортақ мақсатқа ақшаны жинаулары керек. Алғашқы көзбен қарағанда оңай секілді. Ал шын мәнінде отбасылық қақтығыстардың көбісі ақшадан болып жатады. Ерлі-зайыптылардың біреуі ақша тауып жатса, ол көбінесе тиімді болады. Кім ақша табатын болса, сол ақшаны қайда жұмсайтынын шешеді. Ал екіншісі «жалданған есепші» ретінде болуы мүмкін. Оның міндеті бюджетті қадағалау, бірақ-та қандай да бір шешімдерді қабылдау жатпайды. Ал егер екеуі де жұмыс істеп ақша тауып жатса, онда жағдай күрделене түспек. Коммуналдық қызметтерге кім төлеуі керек? Кімнің ақшасына тұрмыстық техниканы сатып аламыз? Қалай «әділ» отбасы бюджетін құруға болады?

Сіз отбасы бюджетін жоспарлай аласыз ба?

Егер сіздің осы уақытқа дейін өз ақшаңызды, атап айтқанда, отбасы бюджетін бөлу жоспарыңыз болмаса, онда асығуыңыз керек. Кез келген жоспарды, оның ішінде қаржы жоспарын саяхатшының жол картасымен салыстыруға болады. Ондай картасы болмаса, адам адасады және көздеген жеріне тез жете алмайды. Сондықтан адам бір орында тұрып қалмай, алға ұмтылғысы келсе, жоспардың болуы – өмірлік қажет талап. Қаржы жоспарын жасау үшін әуелі ағымдағы қаржылық ахуалды талдау қажет. Ол үшін алдымен бір айдағы және бір жылдағы кіріс пен шығыс туралы есеп жасау керек. Одан кейін қолда бар активтер мен пассивтерге талдау жасалуы тиіс.

жазылым

1.Сөйлемдерді қалау райға қойып, толықтырыңыз.

саяхат жасау

кітап жазу

көлде демалу

Менің Еуропаға бару

Оның қазақша еркін сөйлеу

ескі достарыммен кездесу

туған жеріме бару