- •1 Билет
- •2 Билет
- •1) Алынуға тиісті шоттар 2) Алынатын вексельдер 3) Басқалары
- •2.2Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен дебиторлық берешектердің есебі.
- •3 Билет
- •3.1 Күмәнді дебиторлық берешекті сызу.
- •4 Билет
- •5 Билет Жал бойынша дебиторлық берешектің есебі, алынатын сыйақы есебі
- •1. Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы
- •7 Билет Қорлардың шығуының есебі Қорларды есептен шығару резерві.
- •8 Билет Дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің есебі
- •10 Билет 1. Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдардың бастапқы құны
- •2.Негізгі құралдар есебі: негізгі құралдардың тарихи есебі, негізгі құралдарды қайта бағалау.
- •10 Билет Негізгі құралдарды сатып алу есебі.
- •1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
- •2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
- •12 Билет Негізгі құралдардың шығуы есебі: тану және есепте ашу.
- •13 Билет Материалдық емес активтерді тану. Болашақ экономикалық табыстар.
- •14 Билет. Материалдық емес активтерді кезекпе есептеу моделі. Бастапқы құны бойынша есебі моделі. Қайта бағаланған құны бойынша есебі моделі.
- •15.Билет Пайдалы қызмет мерзімі. Шектеусіз мерзімде пайдалы қолданылатын материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің тозуы әдістері.
- •16 Билет Материалдық емес активтерді пайдалануды тоқтату және есептен шығару есебі.
- •Төленетін шоттар – жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты. Кәдімгі қызмет барасында пайда болатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданадды.
- •18 Билет. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •19Билет Жабдықтаушылар мен мердігерлермен кредиторлық берешектері есебі.
- •3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,
- •4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»
- •22 Билет. Табыстар мен шығыстар түсінігі. Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден табыстар есебі.
- •23 Билет. Қаржыландырудан табыстар есебі. Басқалай табыстар есебі
- •4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
- •24 Билет Кезең шығындары есебі
- •25.Билет. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капиталдың, салымдар мен пайлардың. Төленбеген капитал есебі. Сатып алынған меншікті үлес құралдары. Эмиссиялық табыс есебі.
- •1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
- •27. Билет. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Есепте және қаржылық есептілікте жабылмаған зиянды көрсету
- •Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
- •28. Билет. Қаржылық есептіліктің мағынасы. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын минималды талаптар.
- •29 Билет.Пайда мен зиян туралы есептілікке қойылатын минималды талаптар. Пайда мен зиян туралы есептіліктің екі формасы.
3 Билет
3.1 Күмәнді дебиторлық берешекті сызу.
Дебиторлық бережақ –сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алдында сатылған тауар, жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін бережақ. д.б. нормадағы және өтелмеген болып бөлінеді. Нормадағы д.б. әр түрлі есеп айырысатын формасымен субьектілерінің шаруашылық барысында болып отыратын бережақтар. Өтелмеген д.б. деп уақытында төленбеген бережақтарды айтады. Қ.Р-да барлық шаруашылық етуші субъетілер өздерінің табыстарын есептеу әдісі. Күмәнді бережақтар үшін резерв жасақтау қажеттігі туады. К.б. үшін резерв кәсіпорындар үшін төленбей қалатын д.б., басқа да бережақтарды орнын толтырудың қоры болып саналады.
Бухгалтерлік баланста д.б. құнының күмәнді б. Үшін резервтің құнын алып тастағаннан кейін сома көрінеді.
Салық кодексіне сәйкес күмәнді бережақтар тауарларды өткізгені үшін, жұмысты жасағаны үшін, қызметтерді көрсеткені үшін болатын нәтижесінде кәсіпорынның алдында бережағын шот қойған мезгілден бастап 3 жыл өтелмеген бережақтарды айтады, с.қ. дебитор кәсіпорынның Қ.Р. заңына сәйкес банкрот деп табылуына байланысты өтелмей қалған бережақтарды айтады.
Егер күмәнді д.б. бағаланса оларды банктердің шоттарында көрсетуге тиісті. Күмәнді д.б. күмәнді дебиторлық бережақтар шығынында есептеледі. Күмәнді бережақтар үшін резервтің құрылу тәртібі басқару есебінің № 5 стандартымен реттеледі. Күмәнді бережақтар резерві есепті кезеннің аяғынан болатын дебиторлық бережақтардың инвентаризация түрінде құрылды. Күмәнді бережақтарды есептеудің немесе бағалаудың 2 әдісі бар:
Жалпы сатудың көлемінің пайызына байланысты;
Төлеу уақытына байланысты шоттарды есептеу.
Күмәнді қарыздар резервін бағалау әдістері.
Күмәнді талаптар бойынша резерв есептік кезең соңында жүргізілген дебиторлық берешекті инвентаризациялау нәтижелері негізінде жасалады. Күмәнді талаптарды бағалаудың екі әдісі бар:
1. тауарларды өткізу (жұмыстар жасау, қызметтер көрсету) көлемінен пайыз әдісі;
2. төлем мерзімдері бойынша шоттарды есептеу әдісі.
Өткізу көлемінен пайыз әдісін қолдану кезінде өткізудің жалпы көлеміндегі үмітсіз борыштар пайызы анықталады. Ол үшін бірнеше есептік кезең ішінде (кемінде үш жыл) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу көлемін және төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.
Мысал Бір жылдағы өнімді өткізу көлемі 1 390 000 теңге соманы құрады.
1-кестеКүмәнді берешектің орташа пайызын есептеу
Жыл |
Өнімді өткізу көлемі, мың теңге |
Үмітсіз қарыздар сомасы, мың теңге |
Күмәнді деп танылған қарыздар пайызы |
2009 |
630 |
21 |
3,3 |
2010 |
890 |
15 |
1,7 |
2011 |
1 200 |
19 |
1,6 |
Барлығы |
2 720 |
55 |
2,2 |
2012 жылда күмәнді талаптар бойынша резерв сомасы:
1 390 000´2,2% = 30 580 теңгені құрайды.
Есептік кезең соңында мынадай жазба жасалады:
Д-т7440 Резерв жасау және үмітсіз талаптарды
есетен шығару бойынша шығындар 30 580
К-т1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв 30 580
Д-т1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв 30 580
К-т1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі 30 580
Төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісін қолдану кезінде берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талап пайызы анықталады. Ол үшін алынатын барлық шоттарды келесі санаттар бойынша жіктеу қажет:
төлеу мерзімі жетпеген шоттар;
1 және 30 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар;
31 және 60 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар;
61 және 90 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар;
90 күннен астам төлем мерзіміне ие шоттар.
МысалКүмәнді талаптар сомасын есептейік2-кестеКүмәнді талаптар сомасын есептеу
Дебиторлық берешекті төлеу мерзімі |
Өнімді өткізу көлемі, мың теңге |
Күмәнді деп саналатын борыштардың пайызы |
Күмәнді талаптардың сомасы, мың теңге |
Төлеу мерзімі жетпеген шоттар |
360 |
18 |
64,8 |
1 және 30 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар |
270 |
22 |
59,4 |
31 және 60 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар |
210 |
14 |
29,4 |
61 және 90 күн аралығындағы төлем мерзіміне ие шоттар |
180 |
23 |
41,4 |
90 күннен астам төлем мерзіміне ие шоттар. |
100 |
32 |
32,0 |
Барлығы |
1 120 |
|
227 |
Осылайша, күмәнді талаптар сомасы 227 700 теңгені құрады.
Д-т7440 Резерв жасау және үмітсіз талаптарды
есетен шығару бойынша шығындар 227 000
К-т1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв 227 000
Субъект балансынан күмәнді деп танылған, осыған дейін талап етілмеген борыштарды есептен шығарған кезде мынадай жазба жасалады:
Д-т1290 Күмәнді талаптар бойынша резерв 227 000
К-т 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1220 Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі
1230 Ассоциацияланған және бірлескен ұйымдардың
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі 227 000