- •1 Билет
- •2 Билет
- •1) Алынуға тиісті шоттар 2) Алынатын вексельдер 3) Басқалары
- •2.2Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен дебиторлық берешектердің есебі.
- •3 Билет
- •3.1 Күмәнді дебиторлық берешекті сызу.
- •4 Билет
- •5 Билет Жал бойынша дебиторлық берешектің есебі, алынатын сыйақы есебі
- •1. Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы
- •7 Билет Қорлардың шығуының есебі Қорларды есептен шығару резерві.
- •8 Билет Дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің есебі
- •10 Билет 1. Негізгі құралдарды тану критерийлері. Негізгі құралдардың бастапқы құны
- •2.Негізгі құралдар есебі: негізгі құралдардың тарихи есебі, негізгі құралдарды қайта бағалау.
- •10 Билет Негізгі құралдарды сатып алу есебі.
- •1. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бір қалыпты есептеу әдісі.
- •2. Амортизацияны (тозуды) орындаған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
- •12 Билет Негізгі құралдардың шығуы есебі: тану және есепте ашу.
- •13 Билет Материалдық емес активтерді тану. Болашақ экономикалық табыстар.
- •14 Билет. Материалдық емес активтерді кезекпе есептеу моделі. Бастапқы құны бойынша есебі моделі. Қайта бағаланған құны бойынша есебі моделі.
- •15.Билет Пайдалы қызмет мерзімі. Шектеусіз мерзімде пайдалы қолданылатын материалдық емес активтер. Материалдық емес активтердің тозуы әдістері.
- •16 Билет Материалдық емес активтерді пайдалануды тоқтату және есептен шығару есебі.
- •Төленетін шоттар – жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты. Кәдімгі қызмет барасында пайда болатын қайталанатын сауда міндеттемелері үшін қолданадды.
- •18 Билет. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •19Билет Жабдықтаушылар мен мердігерлермен кредиторлық берешектері есебі.
- •3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар»,
- •4110 «Ұзақ мерзімді алынған аванстар»
- •22 Билет. Табыстар мен шығыстар түсінігі. Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден табыстар есебі.
- •23 Билет. Қаржыландырудан табыстар есебі. Басқалай табыстар есебі
- •4. Сатылған тауарлардың қайтарылуының есебі және сату мен баға шегерімдері
- •24 Билет Кезең шығындары есебі
- •25.Билет. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капиталдың, салымдар мен пайлардың. Төленбеген капитал есебі. Сатып алынған меншікті үлес құралдары. Эмиссиялық табыс есебі.
- •1. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар.
- •27. Билет. Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы. Есепте және қаржылық есептілікте жабылмаған зиянды көрсету
- •Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
- •28. Билет. Қаржылық есептіліктің мағынасы. Бухгалтерлік балансты ұсыну. Балансқа қойылатын минималды талаптар.
- •29 Билет.Пайда мен зиян туралы есептілікке қойылатын минималды талаптар. Пайда мен зиян туралы есептіліктің екі формасы.
1) Алынуға тиісті шоттар 2) Алынатын вексельдер 3) Басқалары
Алынуға тиісті шоттар құрамына тауар, қызметтер үшін және басқалай да активтер үшін басқа субъектілерге қойылатын шоттарды қамтамасыз ету.
Д.б.
1) Ағымдағы 2) ұзақ мерзімді б.б.
Жалпы д.б. жалпы счет –фактурамен бекітілген, ал алынған вексельдер статьясы ресми түрде қарыздық міндеттеме деп бекітілген.
Сонымен қатар д.б. нормадағы және өтелмеген болып бөлінеді. Нормадағы д.б. әр түрлі есеп айырысатын формасымен субьектілерінің шаруашылық барысында болып отыратын бережақтар. Өтелмеген д.б. деп уақытында төленбеген бережақтарды айтады.
2.2Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен дебиторлық берешектердің есебі.
Дебиторлық берешек Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18.09.02 №432 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы 3 «дебиторлық берешек және басқа да активтер» шоттарында есептеледі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі үшін 1210 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы” және 2110 “Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарызы” шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша қарыздардың қалдығы және оның пайда болуы, ал кредитінен – жойылуы көрсетіледі.
Бұл шотта сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге көрсетілген және жөнелтілген өнімдер, қызметтер мен жұмыстар үшін есеп айырысу құжаттары төлемге банкпен қабылданған есеп айырысулар туралы ақпараттар көрсетіледі.
Сатып алушыларға көрсетілген есеп айырысу құжаттарындағы сомаларға 1210 шот дебеттеліп, 6010, 6210 шоттар кредиттеледі. 1210 шот сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен қарыздарын өтеу кезінде ақша қаражаттары есебінің шоттарымен корреспонденциялана отырып кредиттеледі.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулардың есебі бойынша шоттар корреспонденциялары
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | |
1. Сатылған өнімдер үшін сатып алушыларға шот көрсетілді |
1210,2110 |
6010 |
2. ҚҚС есептелді |
1210,2110 |
3130 |
3. Сатылған өнімдердің іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құны қажетсіздендірілді |
7010 |
1320 |
4. Сатып алушылардың қарызын қамтамасыз етуде вексель алынды |
1280,2180 |
1210,2110 |
5. Вексельдік процент есептелді |
1270,2170 |
6110 |
6. Ағымдағы банктік шотқа алынды |
1030 |
1210,2110, 1280,2180 |
7. Ағымдағы банктік шоттан бюджетке ҚҚС есептелді |
3130 |
1030 |
1210 шотта алынған вексельдермен қамтамасыз етілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар да есептеледі.
Ұйым сатып алушылар және тапсырыс берушілерден аванстар алуы мүмкін. Алынған аванстар сомасы 3510 «Қысқа мерзімді алынған аванстар» шотының кредиті мен ақша қаражаты есебінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Тапсырысты орындаудан кейін немесе өнімді тиегеннен кейін алынған аванс сомалары есепке жазылады. Бұл кезде 3510 шот кредиттеледі.
Сатып алушыларға өнім тиелгенде: Дебет шот 7010 Кредит шот 1320. Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде 1210 шот дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.
1210, 2110 тобының шоттары бойынша кредиттік айналымдар №11 журнал-ордер тіркелді, ал бухгалтерияда сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдеме сатылған өнімдер бойынша шот-фактураларды жинақтау және топтау үшін және сатып алушылармен оларды уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі