Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Жалтару 1

.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
32.81 Кб
Скачать

Салық төлеуден жалтару – төлеушінің әдейі  салым объектілерін (пайда, табыс, тауар айналыс, мүліктерді) жасыру және азайтуы, бұл жерде төлеуші салық төлемдерін жартылай немесе толық төлемеуді мақсат етеді. Мұндай әрекеті заңсыз әрекеті салық төлеушінің мемлекеттік қазынаға ірі зиянын тигізеді.

Салықтан жалтару әдетте салық объектісін жасыру, салық базасын төмендету секілді басқа да жолдармен салық органдарына табыстардың немесе мүліктің бір бөлігі туралы мәлімет беруден бас тартуға келіп тіреледі. Қазақстан билік органдары тарапынан жіберілген кемшілік пе әлде қателік пе, алайда олар мұндай жағдайларды айтарлықтай қылмыс деп танымай, жәй ғана әкімшілік заң бұзушылық ретінде қарастырады. Салық төлеуден жасырыну әрекеттерімен салық органдары айналысады, олар, әдетте, сот процесінде қарастырылмайды. Мұндай әкімшілік заң бұзушылықтар үшін жәй айыппұлдармен немесе салықтарды өндіріп алумен ғана жазалайды.

Салық салудан жалтару кез-келген қоғамға едәуір қауіп төндіретіні туралы айтып кеткен жөн. Ол төмендегі жағдайларда бейнеленеді: 1. егер мемлекетке тиісті бюджеттік қаражаттар түспесе, онда мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру қысқарады; 2. салықтарды төлемеушілер заңды орындайтын, тәртіпті төлеушілерге қарағанда ұтымды жағдайда болады, ал олардың іс-әрекеттері басқа субъектілерді қызықтырады; 3. салық қылмыстарының көбеюі, таралуы бюджеттің кіріс жағының тапшылығына әкеледі, ал үкімет қаражаттардың жетіспеушілігін жаңа саяық түрін енгізу және салықтардың ставкасын жоғарлату арқылы толтыруға мәжбүр болады.

Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау. Салық бақылауы тек салық заңдарының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау ғана емес, сонымен қатар, салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уактылы төленуін тексеріп, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылмауын қадағалайды. Салық бақылауының мақсаты мен міндеті әртүрлі. Басты міндеті - салықтан жалтаруға тосқауыл жасау, мемлекеттің табыс бөлігіне түсетін кірістерді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою.  Салықтық бақылау:  - салық төлеушілерді тіркеу есебі; - салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу; - бюджетке түсімдерді есепке алу; - қосылған құн салығын төлеушілерді есепке алу; - салық тексерістері; - камералдық бақылау; - салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі; - фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері; - акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу; - мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру; - уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады. Салық бақылауының негізгі мақсаттарының бірі - салықтан жалтаруға жол бермеу. Бұл құбылыс бұрынғы уақыттан бері салық салумен бірге дамып келе жатыр және тұрақты зандылық қалпына ие болды. Тәжірибеден дәлелденгендей, салық салудан жалтару қаржы нарығындағы операцияларды жүзеге асырғанда өте жиі кездеседі.

Салықтық тексерулерді барынша сәтті жүргізу үшін рейдтік тексерулер маңызды роль атқарады. Бұл тексеру түріне соңғы жылдары ерекше көңіл бөлінуде.

Салық төлеушілер үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу жөнінде дәлелдерді көрсету бойынша білім беру, заң қызметтері, аудиторлық, консультациялық және бухгалтерлік қызметтер, жөндеу-құрылыс және тұрмыстық қызмет көрсету секілді салаларында айтарлықтай қиындықтар тудырады. Ал аталған қызметте үй шеңберінде көрсетілетін болса, онда кәсіпкерлік қызметті дәлелдеу тіпті де мүмкін болмай шығады. Мұнда тіпті рейдтік тексерулердің өзі де көмекетесе алмайды.

Көлік саласында қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлердің қызметін тексеру тіпті қиын, өйткені олардың жұмысы тек аудан бойынша ғана емес, бүкіл аймақ бойынша, республика бойынша жүрзілуі де ғажап емес.

Тікелей кәсіпорындармен және жеке тұлғалармен жұмыс істейтін салық инспекторларыныың пікірінше салықтық бақылаудың формалары мен әдістерін жақсарту жөнінде әлі де болса көптеген жұмыстарды жүргізу қажет. Сонымен қатар сыртқа шығу арқылы жүргізілетін салықтық тексерулердің мәселелері мен ерекшеліктерін де қарастыра кетелік.

Дәстүрлі салық салу жүйесі бойынша негізінен өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорындар жұмыс жасайды. Табыс салығынан басқа олар қосылған құн салығын төлейді және табыстар мен шығындардың толық есебін жүргізуі, аталған салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асырулары қажет.

Салық төлеушілерді салықтық мәселелер туралы ақпараттандыру мақсатында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен салықтық бақылаудың әр түрлі әдістерінің жүзеге асырылуына қарамастан салық төлеушілер салық салу объектілерін жасыруға, салық салудан жалтарудың әр қилы жолдарын жасау арқылы салық төлеуден жалтаруға бейім екендіктері іс жүзінде байқалып отыр. Заңды ұғыну мен салықтық мәдениет дәрежесі әр салық төлеушіде әр түрлі болып келеді. Олардың ішінде өз бизнесін салық салуға, анығырақ айтқанда, одан жалтаруға құратындар да бар. Бұлар халық арасында жалған кәсіпорындар ретінде белгілі. Олардың мемлекетке келтіретін залалы миллиардтармен есептеледі. Жалған кәсіпкерлік – Қазақстанда жиі қолданылатын салықтан жалтару жолдарының ішіндегі біріншісі. Жалған кәсіпорындар несиелерді, оның ішінде мақсаттық несиелерді заңсыз алу үшін де жиі құрылады. Жалған кәсіпорындардың жалған шот-фактуралар мен басқа да есепшілік құжаттарды беру арқылы сауда құрылымдарына салық төлеуден жалтару бойынша қызмет көрсету үшін құрылған жағдаятары бар. Компаниялар оларды күмәнді келесімшарттар арқылы өз табысын асырып көрсету арқылы салық төлеуден жалтару үшін пайдаланады. Әдетте жалған кәсіпорындар жоғалған құжаттар арқылы тіркеледі.

Таралу бойынша екінші (және қарапайымдылығы бойынша бірінші) салық салудан жалтарудың жолы бақылау-кассалық машиналарын қолданбау деп танылады. Қызметтердің басым бөлігі кассалық аппараттарды қолданусыз қолма-қол есеп айырысу арқылы көрсетілетіні айқын. Бұндай жағдай тұтынушылар тауарды сатып алу кезінде чек талап етпейтіндіктен орын алып отыр.

Үшінші орынды ҚҚС-ны экспорттаушыларға қайтарумен байланысты жоспарлар алады. Кей салық төлеушілер бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС-ның асырылуын қасақана өсіріп көрсетеді. Мысалы, «А» компаниясы өзіне үлестес «В» және «С» компанияларынан өсірілген бағамен өнім сатып алады, сосын ол өнімді экспортқа төмендетілген бағамен шығарады, бюджеттегі ҚҚС-ның орныны толтырады да шығындарға қатысты КТС төлемейді. Кейбір экспорттаушылар таратылған кәсіпорындардан немесе банкрот кәсіпорындардан қызмет қабылдаған болып, қайтарылуға тиісті ҚҚС-ның асырылуын өсіру жоспарын пайдаланады. Астық экспортымен байланысты салық төлеуден жалтару жолдары да осы қатарда тұр. Жекелеген жағдайларда экспорттаушы іс жүзінде өндіруші болып табылатын, бірақ кәсіпорындар тізбегі арқылы қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын өсіретін үлгілер қолданылады. Аталмыш жоспардың атап өтерлік тағы бір тұсы: мемлекет өндірушілерге салынған ҚҚС сомасына 80% көлемінде жеңілдік береді, бұл ретте кейбір азаматтар бұл жеңілдікті қаржылай түрде қайтарғысы келеді.

Төртінші орында – әдетте құрылыс саласында қолданылатын үлгілер. Бас мердігер «кілтке тапсырылатын» құрылыс жұмыстарын жасау үшін мердігерлер мен қосалқы мердігерлерді тартады, бұл ретте бұл үшеуінің заңдық тұрғыдан өзара қарым-қатынастары болмаса да, олар бір-бірімен байланысты тараптар болып табылады. Қолданыстағы заңнама жұмысты қосалқы мердігерден мердігерге және мердігерден бас мердігерге 15-тен 40%-ға дейінгі баға өсімімен беруге мүмкіндік береді. Бұған қоса құрылыста үнемі бастапқы сметаға енгізілмеген қосымша жұмыстар жасалады. Осылайша тұрғын ғимараттардың құрылысы заңнамалық тұрғыдан ҚҚС-дан босатылғанына қарамастан, мемлекет оның үстіне тиісті КТС сомаларын да толық көлемде ала алмайды. Бұндай үлгілер тек құрылыста ғана емес, тауарлар импорты кезінде де қолданылады.

Салық теориясы мен тәжірибесінде салықтан жалтарудың төрт түрлі себептері көрсетіледі: - моралді; - саяси; - экономикалық; - техникалық;

Салықтан жалтаруды түрлерін бірнеше топка бөлуге болады :

1)Кіріс пен табыс жасырумен:

- өнімнің экспортқа шыгарылуын рәсімдеу, бірақ ел шекарасынан шығармай 0%-дық ставканы пайдалану.(ҚҚС)

- өнімді өткізуден,жұмыс пен қызмет көрсетулерден түскен табыстарды жасыру

- бөлшек саудада тауарды сатқаннан кейін құжаттарды жою арқылы табысты төмендету

- қарызға берілді деген келісімшартпен салық салудан жалтару(қарыздық ресурстарға салық салынбайды)

- сенімді тұлғамен жасалған қолма-қол ақша арқылы кірістік емес табыстар

- бухгалтерлік есепте кіріс пен дебиторлық берешектен түсетін табыстарды көрсетпеу

- салық есептемесінде өнім өткізу көлемін төмендету

-жеке тұлғалардан сатып алынған тауардың мөлшерін төмендету,бағасын жоғарлату арқылы

2) Қор арқылы

- Қаржыны қаржылық көмек ретінде кәсіпорының арнайы қорына аудару

-жөндеуге кеткен шығындар

- негізгі қорды заңсыз жедел амортизациялау

3)Есеп айырылысу шоттары арқылы:

- белгілі-бір мерзім ішінде есеп айырылысу шотының ашылу немесе жабылу құжатын табыс етпеу

-қаржылық операцияларды басқа кәсіпорының шоттарымен тиімді түрде жүргізу

-есеп айырылысу шотысыз коммерциялық банктер арқылы қаржылық операцияларды жүргізу

- алынған валюталық табысты шетел серіктестің немесе сенімді тұлғаның шотына салу, болашақта өз қажеттілігіне пайдалану мақсатында

-есеп айырылысу шотын жабу және кәсіпорын мүлкін қызметкерлер арасында тарату арқылы салықтан жалтару

-атқарған жұмысқа төленген қаржыны кәсіпорынның шотына емес сол кәсіпорынның басшыларының шотына аудару

4) Шығындар арқылы:

- көтерме саудадан түсетін табыстардан шығындарды жоғарлатып көрсету

-өнім өндіруде құрал-жабдықтарды күту шығындарын жоғары тұрған кісәпорынға аудару

-міні жоқ көлік пен техниканы жөндеу үшін алынған қосалқы бөлшектер шығынына жатқызу

-сатып алынбаған тауарларға төлем жасалған шығыны

-шетелден алынатын тауар бағасын көтеру, шығынды жоғарлатып көрсету мақсатында

5)Жеке мүдде үшін:

- мемлекеттің,үкіметтің және кәсіпорындардың материалдық ресурстарын немесе ақша қаражаттарын өз мүддесіне пайдалану

-тауарлы материалды құндылықтарды есепшоттарынан тыс дербес пайдалануға беру

-өндіріс қажеттілігіне деп жалға алынған пәтер ішінде қызметкерлердің тұруы

-тауарлы материалды құндылықтар журналда толық тіркелмеуі

6)Қызметкерлер санын көбейту арқылы:

- жеңілдік алу мақсатында мүгедекті жалған жұмысқа тіркеу

-практикантты жұмысшылар тізіміне тіркеу

7)Жалған құжат арқылы: (қылмыстық жауапкершілікке әкелу мүнкін)

- жалған сатып алу құжатын пайдалану

-өтірік қаржы-есеп құжаттарын пайдалану

-коммерциялық операция кезінде бояма құжаттар пайдалану

8) Заңсыз мекеменің жаңа құрлымы:

-мекеменің ішінде қаржылық-шаруашылық әрекетті бөлмей коммерциялық құрылымды ашу

-заңда жоқ қайырымдылық ұйымдарын немесе қорларын ашу

-басшылардың қазіргі мекемені жауып жаңа мекеме ашу арқылы бюджетке төленетін қарыздарынан жалтару.

9) Заңсыз әрекет ету:

-салық органдарында тіркелмей коммерциялық әрекетті басқару немесе заңда берілген мерзім ішінде тіркеуге тұрмау

-лицензияланған коммерциялық әрекетті лицензиясыз орындау

- мекеменің тауарын бір ауданда өткізу және екінші ауданда жеке тұлғаға сыйақы арқылы өткізу

10)Ақша қаражаттарын тіркеу мен сақтау ережелерін бұзу:

-мекеме кассасында тіркелмеген төлемді қаржылық-шаруашылық операцияларға жұмсау

- мекеме кассасында ақша қаражаттарының сақталу ережесін сақтамау

Салықтан жалтару немесе оның мөлшерін төмендету әдіс-тәсілдері алуан түрлі. Қазіргі таңда екі жүздей түрі бергілі.Оларды бірнеше топқа және түрге бөлуге болады.

  1. Бухгалтерлік есептілікте қаржылық-шаруашылық әрекеттердің толық немесе жартылай көрсетілмеуі.

  2. Негізсіз алыну мен жеңілдіктерді пайдалану.

  3. Заңсыз жеңілдіктерді пайдалану (мүгедектер саны 50%)

  4. Экономикалық көрсеткіштерді бұрмалау

  5. Салық салу обьектісінің көлемін,мөлшерін бұрмалау

  6. Салық салу обьектісін жасыру

  7. Экономикалық көрсеткіштер есебінің бұзылуы

  8. Арнайы делдалдармен ашылған компаниямен ерекше қатынаста болу.