
- •Кедендік бақылау: мақсаты,міндеті,обьектісі,негізгі нысандары мен бағыттары
- •Кіріспе
- •I. Кеден ісі саласындағы кедендік бақылаудың теориялық аспектісі
- •1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары
- •1.3 Кедендік бақылауды жүргізу тәртібі және оның аймақтары
- •Іі. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мысалында)
- •2.1 Қр кеден ісінің қазіргі кездегі жағдайы
- •2.2 Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •2.3 Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау
- •2.3. Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану
- •Ііі. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары
- •3.1 Қазақстан Республикасының кеден ісінің мәселелері
- •3.2 Қазақстанда кеден ісін ұйымдаструды жетілдіру жолдары
- •3.3 Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
Қорытынды
Қазіргі күні Қазақстанның кеден қызметінің алдына қойған міндеттерінің бірі кеден органдарына кадрларды басқарудың қазіргі стандарттарын енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және Дүниежүзілік кеден ұйымының Арушский декларациясы ар-ождан қағидаларын енгізу болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстанның Кеден комитеті мен Еурокеден арасында тығыз ынтымақтастық орнағаны бәрімізге белгілі. 2005 жылы «Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларындағы тәуекелді талдауды басқару жүйесі» және «Кинологиялық орталықты дамыту және оны басқару» екі жобасы шеңберінде өзара қарым-қатынас жасаған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Биылғы жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы бекітіліп, онда мемлекет - жеке меншік серіктестігі негізінде инфрақұрылымды дамыту бойынша бизнеспен арадағы тиімді ынтымақтастық қамтамасыз етілсін. Еуропа-Азия аралығында сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін кем дегенде 2-3 авиациялық торап құрылсын. Әуе тасымалына сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін Астана қаласында қызмет көрсету орталығы құрылсын» деп атап өткен болатын [2].
Қазіргі уақытта Қазақстанның кеден қызметі өз жұмысында халықаралық стандарттарды енгізуге көп көңіл бөліп отыр. Кеден қызметтерінің әуежайлардың әлемдік стандарт талаптарына сәйкестігіне келтіру бойынша қызметтерін жетілдіру:
- кеден органдарының материалдық-техникалық базасының даму серпіні әуежайлардың техникалық базасының даму серпінімен және әуе көлігімен тасымалдау көлемінің өсу серпінімен сәйкес келуін;
- әуе көлігі жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып кеден органдарының жұмыстары жаңашыл технологияларын енгізудің нормативтік-құқықтық және техникалық негіздерін құруды;
- әуежай қызметі аймағында кеден органдарының дамуының негізгі бағыттары мен параметрлерін анықтауды талап етеді.
Әуе көлігі саласының тұрақты көтерілуі мемлекет экономикасына және азаматтық авиацияға заңсыз араласу актілерінің болмауына байланысты болады. Ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелері де күрделі болып тұр. Контрабандамен байланысты әдеттегі қауіптен басқа, қазіргі күні әуе кемелерін жаппай қырып жою құралы ретінде пайдаланатын халықаралық лаңкестіктен туындайтын қауіпке де қарсы тұра алуымыз керек. Оған мысал ретінде 2001 жылы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы қайғылы оқиға, Ресейдегі екі бағыттағы әуе кемелерінің қатарынан жарылуы және т.б. осындай оқиғаларды келтіруге болады.
Сонымен қатар, халықаралық байланыстардың дамуы, жолаушылар және өткізілетін тауарлар ағынының ұлғаюы, түрлі қызмет көрсету және түрлі саяхат бағыттарын ұсынатын туристік фирмалардың жандануы кеден органдары жұмыстарына жаңа талаптар қояды. Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғалар, тауарларды кедендік ресімдеумен айналысатын бөлімдердің халықаралық тасымалдауды ұйымдары қызметімен, пошта-жүк тасымалдарын ұйымдастыру қызметі, фитосанитарлық және ветеринарлық шекара пункттерімен, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Көші-қон қызметі және т.б. тығыз оперативті өзара қарым-қатынас жасауы қажет.
Алдағы уақытта кедендік бақылау сапасын қамтамасыз ете отырып, кедендік ресімдеуге уақытты қысқарту бойынша кешеді жұмыстар жүргізілуі керек деп ойлаймыз.
Кедендік ресімдеуді және кедендік бақылауды жетілдіру қажеттілігі, Қазақстан шекарасы арқылы тауар айналымын тездетуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасау, сондай-ақ жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен ережелерді ескере отырып кеден ісін дамыту алдағы уақытта әуежайларды толығымен автоматтандырылған кедендік бақылау жүйесін енгізуді қажет етеді.
Кедендік әкімшілдендіруді жаңа сапалы деңгейге көтеруде, кәсіпкерлердің мемлекетпен өзара сенімді қарым-қатынасын нығайтуда және кеден саласында сыбайлас жемқорлық көріністерін туғызатын жағдайларды жоюда белгіленген мынадай шараларды атап өтуге болады.
Бұл – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мүдделі мемлекеттік органдармен автоматтандырылған ықпалдасуы және барынша қысқа уақыттың ішінде кедендік декларацияларды межелі орны бойынша қашықтықтан беруге көшу соңғы мақсаты болып табылатын электронды декларациялауды енгізу.
Бұл – сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік ресімдеу кезінде сенімділік деңгейіне орай белгілі бір преференциялар ұсынуда көрініс табатын тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу. Аталған жүйені пайдаланудың халықаралық тәжірибесі бұл шараның бизнеспен сенімді қатынас орнатуда неғұрлым пәрменді әрі ынталандырушы, шешім қабылдау кезінде “адам факторын” мейлінше азайтушы болып табылатындығын көрсетіп отыр.
Бұл – кедендік құнды бағалау мен бақылаудың қағидатты жаңа жүйесін құру және пайдалану, бұл Қазақстанның кеден қызметіне тауарларға арналған бағалар туралы ақпарат көздерін пайдаланушылардың халықаралық жүйесіне ықпалдасуға мүмкіндік береді. Бағалар туралы жеке электронды деректер банкін құру, импортталатын тауарлардың құны туралы Дүниежүзілік кеден ұйымы шеңберінде ақпарат алмасуды орнату оның дұрыстығын арттыруға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан да, кеден органдары қызметкерлерінің тарапынан да оны бұрмалау мүмкіндігін болдырмауға жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейін тауарлардың кедендік құнын бағалаудың нақты тетігінің болмауы оны күнделікті әрі айтарлықтай төмендетуге жағдай жасайды. Мысалы, үстіміздегі жылдың ақпан айында Қарағанды әуежайында 1 млн. доллар сомасындағы контрабанданы ұстауға қатысты іс бойынша алдын ала тергеу жүргізу барысында оның Қазақстан Республикасы Сауда-өндірістік палатасы ресми растаған бастапқы бағалау құнының үш есе төмендетілгендігі анықталды.
Бұл – шекарадағы ықпалдасқан бақылауды шекара қызметін қоспағанда, бақылаушы органдардың функцияларын шекарада кеден органдарына беруді көздейтін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру. Кеден органдарына, оның ішінде радиациялық бақылау функцияларын беру тәжірибесі Қазақстанда үшінші жыл табысты іске асырылуда. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың “бір аялдама” қағидаты бойынша уақыт және материалдық шығындарын айтарлықтай қысқартуға, сондай-ақ кедендік бақылау аймағында жасаған құқық бұзушылығы үшін нақты органның жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – Кеден кодексіне Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу кезінде міндетті түрде экспорттық жүк кедендік декларацияларды ұсыну (қажет болған жағдайда, тиісті екі жақты келісімдерді жасау негізінде) туралы норманы енгізу. Бұл шара кеден органдарына декларацияның деректерін салыстыруға және тауарға ілеспе құжаттардың жалған болуы дағдыларын жоюға, тауарлардың номенклатурасы және олардың кедендік құны туралы декларацияланатын мәліметтердің нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта кеден органдары құрылымын одан әрі дамыту, жұмысында компьютерлендірілген, автоматтандырылған технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Сондай-ақ, еліміздің жер аумағының үлкендігін, халық санының аз болуын ескеріп кедендік қылмыстардың алдын алуда оның шекара шегіндегі әрбір адамын, техникаларын тиімді пайдалану қажет. Біздің көзқарасымызша мемлекеттік шекарамыздың кейбір бөлімдерінде осы үш мемлекеттік органның (шекара қызметі, кеден органдары және көші-қон полициясы) қызметін өзара біріктіре, үйлестіре атқаратын арнаулы жылжымалы бөлімшелер құру керек. Себебі, бұл кедендік қылмыстардың алдын алуда шекарада арнаулы жабдықгалған үй-жай, құрал, көлік, адам ресурстарын барынша тиімді, үнемді пайдалануға жол ашар еді.
Есірткінің негізгі ағыны республикаға іргелес мемлекеттерден заңсыз келіп түсетінін ескере отырып, республиканың кедендік және мемлекеттік шекарасының оңтүстік және оңтүстік-шығыс учаскелерін, Алматы, Астана калаларының халықаралық әуежайларын және Ақтау қаласының теңіз портын күшейту жөнінде шаралар қабылдау керек.
Бүгінгі күні біздің елде осы сыбайлас жемқорлықтың масштабын төмендететін алдын-алу шараларын да жүргізу қажет. Осы шараларды іске асыруға қатысты сыбайластық жемқорлық туралы заңда демократиялық негіздерді, мемлекеті басқарудағы жариялық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біздің көзқарасымызша осы сыбайлас жемқорлықтың масштабын төмендететін шаралардың қатарына мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және материальдық статусын көтеруін де қарастырып, сондай ақ қатаң кадрлік жіктеуді, жиі жиі аттестациялауды және жоғары табыс көзі мемлекеттік қызметті биіктен көрсететін болса сөзсіз бұл осы өкімет өкілдерін өз істеп отырған қызметтеріне жауапты қылар еді.
Бүгінгі күні осы сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру үшін төменгі негізгі бағыттарда шараларды жүргізуді қажет етеді:
бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қатыстыру арқылы бұл күреске жариялық және бұқаралық сипат беру;
әсіресе күшті мемлекеттік органдар жүйесін баса қолданып, барлық деңгейде күресті ұйымдастыру;
мемлекеттік қызметкерлердең коммерциялық қызметке қатысуы, олардың жекелеген тұлғалар мен коммерциялық құрылымдар мүдделерін қолдауы фактілерін ашу және алдын-алу;
сыбайлас жемқорлықты оның барлық көрінулерімен қоғамдық қабылдамау атмосферасын құру;
сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тиімді құқықтық базаны қамтамасыз ету;
сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларды жою үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа халықтың көп бөлігінің қатысуын қамтамасыз ету.