Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық жұмыс Аудитордың жұмыс құжаттарының мазмұны мен типтері.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
199.17 Кб
Скачать
  1. Аудитордың кұжаттарының мазмұны мен типтері

2.1. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны

Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды- пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті. /35/

Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирма ішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей- тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті.

Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.

Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  • жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;

  • жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;

  • сапаны бақылауға қолдау көрсету ге мүмкіндік береді.

Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:

  • көрсетілетін қызметтің сипаты;

  • аудиторлық қорытынды есептің нысаны;

  • клиент бизнесі;

  • ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;

  • аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.

Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады

Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

1.Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

2.Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

3.Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

4.Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

5.Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

6.Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

7.Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

8.Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері

9.Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

10.Клиенттен немесе оның өкілдерінен алыенған хаттары;

11.Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

12.Шоттардың, экономикалық субьект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;

13.Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бирге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б көшірмелері;

14.Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

2.2. Жұмыс құжаттарына қойылатын негізгі талаптар

Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті:

1.Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;

2.Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;

3.Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;

4.Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлеледеулер алатындай етіп жүргізіледі.

Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойындауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиетті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендеглер болуы мүмкін:

—         Тексеруші баланс;

—         Банк шоттарынан үзінділер;

—         Түгелдеу тізімдемесі;

—         Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі;

—         Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б тізімі.

Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының «жон арқасы» деп жиі айтады.Себебі ол қаржылық қорытынды есепті құру мақсатында Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі ретінде қызмет атқарады.

Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының нысандарын (үлгілерін) жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттар алуды, сондай-ақ, келешекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процесін жеңілдетеді. Сондықтан барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиіс:

—         басы (аты), толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;

—         пайдаланылған символдардың суреттемесі;

—         ұқыпты және мұқият дайындалуы.

Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:

—         клиенттің аты және папканың номері;

—         кезеңнің басы және аяғы;

—         жұмыс құжатының мазмұны;

—         жұмыс құжатының ағымдағы немесе негізгі папкаға жататын-жатпайтындығы.

Тестілер жазылған барлық жұмыс құжаттарында тест жүргізгендердің аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті.

Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды растаушы кестелерде:

-жинақтаушы (негізгі) және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайтадан шыққандағы көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;

-қосымша және негізгі кестелердің арасында, сонымен бірге жұмыс құжаттарындағы немесе шоттардың өздеріндегі кез-келген цифрларды түсіндіруді оңайлату үшін қосымша және негізгі кестелердің арасында өзара байланыс болуға тиісті;

-аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;

-егер шоттарда қорытынды түзетулер (корректировка) жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;

-кестелердегі цифрларды тексеру үшін өткізілген тестілер көрсетілуге тиісті.

Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді клиенттің өзі алдын-ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті. Егер клиетнтте дайын кесте боласа, онда аудитор кестені дайындауды одан сұрауына болады.

Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ беру, бақылау процедураларын пайдалану арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақпараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының қызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жылдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына бақылау жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда аудиторға сұрақ беру нәтижесі мұқият құжатталған, сұрақ берілген жұмыскерлердің тізімі келтірілген, сұрақ беру өткізілгеннен кейін жүргізілген тексерулердің түрлері көрсетілген және тиісті қорытынды келтірілген жұмыс құжаттарын жасау керек.

Әрбір белгі аудиттің белгілі бір процедураларының орындалуын көрсететін болса, белгілеулерді де стандарттауға болады. Ондай белгілеулерді стандарттау құжаттарды тексеріп шығуға ыңғайлырақ және аудитордың уақытын қысқартады. Құжаттардың немесе прцедуралардың алғашқы әріптерін пайдалану тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы:

  • ЖҚ-жұмыс құжаттары

  • ТБ-тексеруші (сынама) баланс

  • КД-клиент дайындаған

  • К-келісілген және т.б

Барлық белгілеулер мен символдарға сол бетте немесе фирмаішілік стандарттардағы жеке беттерде толық түсіндірме жасау қажет.

Жұмыс құжаттарында тексеруге қатысы жоқ бөтен ескертулер немесе жазбалар болмауға тиісті. Әрбір жұмыс құжаты «өзі үшін жауап беруге» тиісті, сондықтан нда орындалған жұмыстың көлемін және жасалынған қорытындыны анықтау үшін қажетті ақпараттар, тиісті құжаттарға сілтемелер болуға тиісті.