- •Модуль 1 Іс тәжірибелік жұмыстар №1
- •Тапсырма:
- •Edit компонентіне Привет хабарламасын шығаратын программа құру
- •Лабораториялық жұмысты орындау тәртібі
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №2
- •Іс тәжірибелік жұмыстардың орындалуы
- •1 Тәсіл
- •2 Тәсіл
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №3
- •Іс тәжірибелік жұмыстың ындалуоры
- •1 Тапсырма.
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №4
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №5
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №6
- •Тапсырманың орындалуы:
- •Іс тәжірибелік жұмыстар № 7
- •Тапсырманың орындалуы:
Іс тәжірибелік жұмыстар №2
Тақырыбы: Delphi қосымшаларында берілгендерді енгізу және шығару.
Жұмыс мақсаты: Программа жасауда деректерді енгізумен шығаруды үйрену.
Тапсырма: 1. х=4,8 үшін y=2x+5/3 функциясының мәнін есептеу керек.
Программаны InputBox және ShowMessage функциялары арқылы құру;
Программаны Edit компоненті көмегімен құру.
Теория: Delphi-де айнымалы мәнін жадыға енгізу үшін Паскалда пайдаланылатын Read (оқу) операторы жоқ. Программада ол үшін басқа тәсілдер де қолданылуы мүмкін:
меншіктеу командасы;
енгізу терезесін пайдалану;
форманың Edit компоненті өрісін пайдалану.
Меншіктеу командасының программада жазылуы әдеттегідей: мысалы: х=0,2. Енгізу терезесі Delphi-дің стандартты InputBox функциясының терезесі. Программада InputBox (енгізу қорабы) функциясын пайдалану командасының жазылу үлгісі: <айнымалы>:= InputBox (‘<тақырып>’, ‘<түсініктеме>’, ‘<мән>’)
мұндағы
айнымалы – мәні енгізу терезесіне енгізілетін жолдық типті айнымалы атауы (InputBox функциясының мәні әр кезде жолдық, яғни String) типті). Мән меншіктелетін айнымалы (х) программада х: string; түрінде сипатталуы қажет.
тақырып – енгізу терезесінің тақырыбы ішінде жазылатын түсініктеме мәтін;
түсініктеме – енгізу терезесінің ішінде жазылатын түсініктеме мәтін;
мән – енгізу терезесі көрінген кезде оның енгізу өрісінде көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық етіп енгізеді.
Программада қолданылатын компоненттер:
Edit – жолдық мәнді, енгізу, редакциялау;
Label – бір жолдық мәтінді енгізу
Button – командалық түйме.
Іс тәжірибелік жұмыстардың орындалуы
1 Тәсіл
Form1-дің қасиеттер терезесінен Events қосымша бетін ашып, OnCreate (форманы жүктеу) оқиғасын таңдау.
Ашылған код терезесіне келесі процедураны жазу:
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
var x, y: real; x1:string;
begin
x1:=InputBox('', 'x=','');
x:=StrToFloat(x1); y:=3*x+5/3;
ShowMessage(FloatToStr(y));
end;
2 Тәсіл
Компонент |
Қасиет |
Мән |
Form1
Button1
Button2
Edit1 Edit1 Label1 Label2 |
Caption Color Caption Font Caption Font Text Text Caption Caption |
Функция clYellow Есептеу Полужирный, 12 размер Шығу Полужирный, 12 размер Edit2 мәнін өшіру Edit2 мәнін өшіру X= Y= |
Button1-ді 2 рет шертіп, келесі кодты жазыңыз: 4. Button2-ді 2 рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.FormCreate(Sender: Tobject); |
|
var x,y: real; |
|
Begin |
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject); |
x:=StrToFloat(Edit1.Text); |
begin |
y:=3*x+5/3; |
Close |
Edit2.Text:=(FloatToStr(y)); |
end; |
end; |
|
Іс тәжірибелік жұмыстар №3
Тақырыбы: Delphi ортасының TForm, TButton, TLabel, TEdit, TMemo компоненттерімен жұмыс істеу.
Мақсаты: TForm, TButton, TLabel, TEdit компоненттерімен олардың қасиеттерін оқып-үйрену.
Тапсырма:
1. Формаға 5 Button компонентін орналастырып, олардың Caption қасиеттеріне сәйкесті түрде қызыл, көк, сары, жасыл, қызғылт мәндерін енгіземіз. Button басылған кезде форма фоны сол түске айналуы керек.