- •Модуль 1 Іс тәжірибелік жұмыстар №1
- •Тапсырма:
- •Edit компонентіне Привет хабарламасын шығаратын программа құру
- •Лабораториялық жұмысты орындау тәртібі
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №2
- •Іс тәжірибелік жұмыстардың орындалуы
- •1 Тәсіл
- •2 Тәсіл
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №3
- •Іс тәжірибелік жұмыстың ындалуоры
- •1 Тапсырма.
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №4
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №5
- •Іс тәжірибелік жұмыстар №6
- •Тапсырманың орындалуы:
- •Іс тәжірибелік жұмыстар № 7
- •Тапсырманың орындалуы:
Модуль 1 Іс тәжірибелік жұмыстар №1
Тақырыбы: Delphi программалау ортасымен танысу.
Жұмыс мақсаты: Form, Button, Edit компоненттерімен танысу және олармен жұмыс жасау, қарапайым программа жасауды үйрену.
Тапсырма:
Edit компонентіне Привет хабарламасын шығаратын программа құру.
Теория: Windows терезесі арқылы Delphi –ді іске қосу командасы: Пуск-Программы-Borland Delphi 6/7 – Delphi 6/7
Экранда Delphi программалау ортасының төрт терезесі көрінеді:
Негізгі терезе;
Форма (Form 1);
Объект инспекторы терезесі (Object Inspector);
Object TreeView (Объектілерді ағаш тәріздес көру терезесі).
Жалпы ортада программа құруға арналған бесінші модуль терезесі де іске қосылады (Unit.pas).Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді. Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналасады.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны дайындау алдында ашылатын программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form 1 атауымен көрінеді. Онфң жиектеріне тышқан курсорын орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қойдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қосуға болады.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер орнатылады. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.
Edit компонентіне Привет хабарламасын шығаратын программа құру
Лабораториялық жұмысты орындау тәртібі
1.Form1-дің кез келген жеріне барып, бір рет тышқанмен шертіп, қасиеттер терезесінен (Properties) терезесінен Caption қасиетін басып, Form1 деген жазуды өшіріп, Программа «Привет» деп жазыңыз.
2. Сосын Қасиетер терезесінен Color немесе BackColor қасиеттерін басып, кез келген түсті алып, бір рет тышқанмен шертеміз.
3. Standard компоненттер палитрасынан Edit1, Button1, Button2, Button3 компоненттерін 2 рет тышқанмен шертеміз.
4. Келесі кестеде көрсетілгендей, компоненттердің мәндерін өзгертеміз:
Компонент |
Қасиет |
Мән |
Form1
Button1
Button2
Button3
Edit1 |
Caption Color Caption Font Caption Font Caption Font Text |
Программа «Привет clYellow Привет Полужирный, 12 размер Очистить Полужирный, 12 размер Выход Полужирный, 12 размер Edit1 мәнін өшіру |
5.Button1 –ді тышқанмен 2 рет шертеміз. Сол кезде Unit1 терезесі ашылады. Сол тәрізді Button2, Button3 компоненттерін де шертеміз.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: Tobject); |
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject); |
Begin |
begin |
Edit1.Text:="Привет, Асел!"; |
Edit1.Clear; немесе Edit1.Text:=""; |
end; |
end; |
|
|
procedure TForm1.Button3Click(Sender: Tobject); |
|
Begin |
|
Close |
|
end; |
|