Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

Тұлғаныңрөлдіктеориясыадамәрекет-қылығынекітүсінікнегізінде сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның негізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б.

Әлеуметтік мәртебе (статус) – бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары мен міндеттері жүйесіндегі басқа да көптеген амаләрекеттерімен байланысқан негізгі де нақты дәрежелік бағытбағдары.

Әрадамныңәлеуметтікмәртебесіоныңішкіжандүниелікұстанымдары менқұндылықтарынан,сондай-ақсырттайкейпінен(киімкиісінен,мінез- құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді.

Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады.

Қай деңгейде болмасын, адамның әлеуметтік бағдар – бағытының ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне себепші болады да, оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай қатынастағы адамдар көзқарасы да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін тілек-ниеттері жүйесі өткендегі қалпынан шығады.

Әлеуметтік рөл – қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес нақты тұлғаның мәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі),

яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген құқықтар мен міндеттерге сәйкестендіріп, немесе оларды бұлжытпай қайталап, орындауы.

Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі де осы әлеуметтік рөлді атқару барысында өз өрісін тауып, іске асып жатады. Субъект ретіндегі адамның өзәлеуметтікрөлінатқаруыоныңқызығуларыменқажеттерінесайболған білім, дағды және ептіліктерінен көрінеді.

Рөлдік әрекет-қылық – әрдайым әлеуметтік жүйе, сонымен бірге тек өкілінің субъектив құндылықты бағыт-бағдары, қызығулары мен қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес іске асып отырады.

Сондықтан, әр адамның түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті тікелей оның санасы, психикасы, даралығы және бірегей «Мені» тұрғысынан өңдеуден өтеді.

71

36. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері

Тұлға әлеуметтенуі – бұл тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне қажет қабілеттерді қалыптастыруы.

Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады.

Тұлға әлеуметтенуінің негізгі көздері:

1)ертебалалықшақтәжірибесі–психикалық қызметтер мен әрекетқылықтық қарапайым формаларының қалыптасуы;

2)әлеуметтік мекемелер – тәрбие, оқу, білім жүйелері;

3)қарым-қатынас және іс-әрекет үдерісіндегі адамдардың өзара ықпал-әсері.

Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ережелер және әрекет-қылық үлгілерін қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді.

Өз мазмұны бойынша әлеуметтену құбылысы – екі тарапты үдеріс. Бір жағынан, ол – қоғам тарапынан әлеуметтік тарихи тәжірибені, рәміздерді, құндылықтар мен қалыптарды келесі әулетке жеткізу болса, екінші жағынан, - оларды тек өкілінің игеруі, өз меншігіне өткізуі (интериоризациялауы).

Бұлорайдаинтериоризациялау дегенімізсырттайкөріністі қоғамдық өмірүдерістерініңішкісаналықүдерістергеөтіп,тиістіөзгерістергекелуі, яғни жалпылануы, сөздік (вербалды) формаға енуі, бұдан былайғы даму қабілетін иемденуі.

Тұлға үшін әлеуметтену үдерісінің алғашқы кезеңдердегі басты мәні

-өз әлеуметтік орнын іздеп, табуы. Бұл үдерістегі тек өкілі үшін өзекті мәселе: 1) өз «Менін» тану; 2) өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну.

Өз «Менін» тану мен оның мәнін түсіну тұлға дербестігінің орнығуы мен «Мен - бейнені» қалыптастыру үдерісінде әрқайсысы өз мағынасымен ажыралады.

Өз «Менін» тану ерте балалық шақта өтеді: 2-ден 5-жасқа дейін тік жүругежәнесөйлеугеүйренеді,ойыменсанасыдамиды,күрделііс-әрекет (сурет салу, таным қабілеті, еңбектену) дағдылары қалыптасады, ең бастысы – орта және соңғы балалық шақта мектеп оқуымен айналысу.

72

Өз «Менінің» мән-мағынасын түсіну – бұл тұлғаның құндылықты бой көтеріп, кемелденуі. Бұл үдеріс орта балалық шақта басталып, «Мен-ге» (яғни «маған») ұқсаған «басқа адамдармен» өзін ұдайы салыстыра бағалау негізінде жүріп жатады. Осы үдеріс барысында тұлғаның жақсылық пен жамандық, өмір мақсаты мен мәні және басқа да рухани

– адамгершілік пен дүниетанымдық ұстанымдары жөніндегі түсініктері қалыптасады.

З. Фрейд әлеуметтенудің келесідей психологиялық тетіктерін ажыратады: ұқсау (имитация), теңестіру (идендификация), ұят және кінә сезімдері.

Ұқсау (имитаця) – баланың қандай да белгілі әрекет-қылық үлгісін саналы қайталауға тырысуы. Мұндай үлгі ата-ана, жақын-жуық, достарының және т.б. әрекеттері болуы мүмкін.

Теңестіру (идентификация) – қандай да қауымдастық мүшесі екенін сезіну. Өзін теңестіру арқылы бала ата-аналарының, ағайынтуыстарының, достарының, көршілерінің және т.б. әрекет-қылық үлгілерін, олар бойындағы құндылықты өнегелерді өзінің меншікті сапа-қасиеттері ретінде қабылдайды.

Психологиялық ұқсау мен теңестіру ұнамды тетіктер ретінде танылған, себебі бұлар белгілі әрекет-қылық қалыптарын қабылдауға бағдарланған. Ал ұят пен кінә – кейбір әрекет-қылық үлгілерін қабылдауға шек қояды немесе тіпті қабылдатпайды, осыдан мұндай тетіктер болымсыз не кері деп есептеледі.

Ұят, әдетте, адамды масқара, әшкере ету сезімімен бірге жүреді.

Бұл сезім тұлға әрекетін басқалар көзімен бағалауға негізделген. Кінәсезіну–әр адамның өз айыбын өзі бағалауымен іштей күйзеліске

түсуі. Адам өз жазасын өзі береді, ал мұны қадағалау әр тұлғаның өз арнамысына байланысты.

Амеркан психологі Ч.Кули бала санасы мен оның өзіндік санасының қалыптасуында сол баланы қоршаған бастапқы ұжымдардағы өзге адамдар (ата-аналар, туыстар, көршілер, достар және т.б.) пікірлері мен түсініктерінің маңызды болатынына назар аударады.

Қоршаған орта адамдарының пікірлері тұлға үшін соншалықты маңызды да мәнді, себебі солардың ықпал-әсері арқасында тек өкілінің «Мен» сезімі дамиды. Ч. Кули бұл құбылысты «айналы (зеркальное) Мен» деп атаған.

Өзге адамдар – тек өкілінің көрінісін беретін айна іспетті, осы өзге адамдармен ұдайы қарым-қатынасқа келуден баланың өз «Мені»

73

қалыптасады, яғни адам «Мені» әрбір тек өкілінің басқалармен ықпалдасты байланысынан туындайды.

Шынында да «айналы Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі есептеледі. Осының арқасында балада өзіндік баға беру қабілеті дамиды,өзбойынабасқаларкөзіменқарауғаүйреніп,өзінолардансаналы түрде ажырата біліп, өз қадірін мақтанышпен тануға немесе өз «Менін» қадірлемеуге дағдыланады.

Уақыт өтумен, бастапқы ұжымдардғы әлеуметтік ықпалды байланыстардың кеңеюімен субъективті «Мен» нығайып, тұрақтана бастайды: қоршаған адамдар ықпалымен тек өкілінің өзіндік қадағалау, бақылау қабілеті артады, әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын жоғары дәрежеде игеруге қол жеткізеді.

Ч. Кули теориясының ұнамды тарапы – адами «Мен» қалыптасуында әлеуметтік қарым-қатынастарға үлкен мән беріп, кіші әлеуметтік топтардың (ата-аналар, жақын-жуықтар, көршілер және т.б.) ықпалын жоғары бағалауында. Дегенмен, ол бала өміріндегі «Мен» дәрежесінің кемелденуіндебастапқыұжымдардың ролінәсірелейотырып,әлеуметтік мекемелер (оқу, білім, тәрбие орындары) ықпалына ақау түсірді. Мем-

лекеттік тапсырыс және арнайы тәрбие болмаған жерде болымды «Мен» қалыптаспайтынын Ч.Кули ескермеді

Американдықғалым-психолог Дж.Мидбаланыңәлеуметтіккемелденуінде әлеуметтік қарым-қатынастармен бір қатар, адамдармен араласу барысында қолданылатын рәміздер және ым-ишараларды түсініп әрі пайдаланудың үлкен маңызды болатынына баса назар аударды.

Өзара түсінісу мен әлеуметтік қатынастарға келуде Дж.Мид балалық шақтағы басқа адамдар рөлін қабылдау қабілетіне байланысты екеніне ден қойды. Мұндай қабілеттің орнығуында балалық шақтағы ойындар маңызды болатынын алға тартты. Ұжымдық ойынға енуден бала белгілі рөлді атқаруға кіріседі, соң өсіп тәжірибе жинақтай отырып, ол ойынға қатысқан бірнеше адамдардың рөлін орындауға тырысады.

Сонымен бірге, оның ақылы, өзіндік санасы дамиды, келе-келе әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын меңгере бастайды, өзіне болған талаптар мен ұстанымдардың мәнін түсінетін болады.

Кемелге жетіп, «Мен» дәрежесіне көтерілген тұлғаның көрсеткіші

әлеуметтік топ қалыптары мен құндылықтарын, сол әлеуметтің өзінеқойғанталаптарыменұстанымдарынқабылдауы,яғниДж.Мид пікірінше, бұл нақты тек өкіліне қойылған талаптар мен ұстанымдардың жалпыланған ұжымдық бейнесі.

74

Өзі қатысып отырған әлеуметтік топ талаптары мен ұстанымдарын қабылдағаннан бастап, тек өкілі өзінің кемелденген субъектив «Меніне» ие болады.

Осы сәттен бастап, ол топтың басқа да мүшелерімен бірге топ мүдделеріне ортақтасып, жалпы проблемаларды шешуге араласады.

Әлеуметтену– бұл белгілі әлеуметтік шарттармен үйлескен тұлғаның белсенді түрде өзін-өзі қалыптастыруы. Әлеуметтенуден тұлға қоғамның толыққанды мүшесі ретінде танылады.

Адамның сән көрінісі, талғам, қажетсіну бағдары ауыспалы болса, ал дүниетанымдық көзқарастары, жалпыадамзаттың мәдени құндылықтары тұрақтылау келеді. Әр әулет өкілінің өмірге араласуы өз проблемаларын пайда етеді. Әлеуметтену – бұл жаңа әулетті өткен салт-дәстүрлер мен құндылықтарға бағындыру емес. Егер бұлай болса, тарихи үдеріс өз дамуынанқалады,әкеменбаланыңайырмашылығыжоғалады.Әлеуметтену

әрбірұрпақтыңөздәуірінесайжасайбілуі,өзқоғамынаорайәлеуметтік

психологиялық ұстанымдарды түсініп, тіршілік қызметін орындауы. Әміршіл-әкімшіл қоғамдағы әлеуметтену – жас әулеттің ересек-

тер ұстанымын бұлжытпай қайталап, орындауы. Ал өркениетті де-

мократияшыл қоғамдағы әулеттер арасындағы қатынастар теңдік пен қызметтестік негізінде болып, жаңа әулеттің жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде дамуына жол ашуы басты шарт.

Тек өкілінің әлеуметтік мұраға ортақтасуы – оның қоғам мәдениетін қабылдауы.

Мәдениет – бұл рухани және материалды құндылықтарда, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарда көрініс берген адам-

зат табысы. Адамдардың әрқилы өмір саласындағы (еңбек, тұрмыс, қоғамдық және саяси тіршілік, т.б.) қажетті әрекет-қылық, қалып, талаптарының бәрі – мәдениетте көрінеді. Тек өкілінің әлеуметтену нәтижесіоныңәлеуметтікқұндыдептанылған ерекшеліктерінде:ақыл, мінез, іс-қимыл әрекеттерінде, тәрбиелілігі мен оқымыстылығында, қоғамдық бейімдесе білуінде байқалады.

Тек өкілінің әрқилы жас даму кезеңдеріндегі психикасы белгілі сапалардың дамуына бейім келеді. Әлеуметтену үдерісінде тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен мінез бітістері, жалпыланған әрекет-қылық әдістері мен принциптері қалыптасады.

Сонымен, әлеуметтену – бұл әлеуметтік мекемелердің арнайы

бағытталған жағдайларында немесе тұлғаға болған әртүрлі өмірлік шарттардың кездейсоқ ықпалынан туындайтын әлеуметтік

75

құндылықтар мен әлеуметке бейімдескен әрекет-қылық әдістері жүйесін игеру үдерісі (сонымен бірге – нәтижесі).

Әлеуметтену сапасы мен сипаты көп жағдайда нақты қоғамның әлеуметтік құрылысымен анықталады.

Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс беретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.

Тұлға өз дамуында әлеуметтік бейімділікпен бір қатар тұлғалық

дербестік, өз даралығын тұрақтандыру қажеттігіне ие. Сындар-

лы жағдайларда мұндай тұлға өз өмірлік бағытын қорғай алады, өз ұстанымдары мен құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие. Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық қорғаныс табуға тырысады.

Тиянақты кемелденген тұлға үшін қалыпты шарттар: үздіксіз даму жағдайында болып, өзін-өзі жетілдіріп бару және өз мүмкіндіктерін іске асыра білу; өзі үшін жаңа табыс шектерін белгілей отырып, «ертеңгі күн қуанышын» көре білу; өз қабілеті мүмкіндіктерін ашып, пайдалану; ал қиыншылық басқа түскенде – ымырашылдыққа келіп, жағдайға бейімдесумен әрекет жасай білу. Психикалық ұстамды тек өкілі басқа адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болып, олардың мүдделері мен қажеттеріне сезімтал келеді.

Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін талаптарға ұрынбай, орынсыз әрекеттерден сақтана біледі. Дамыған тұлға жоғары дәрежелі әділдік,ар-намысжәнеабыройсезімдерінебайкеледі.Ол алдынақойған шындыққасайдамәндіөзмақсаттарынорындаудатабандылықкөрсетіп, көздегеніне жетпей, тынбайды. Қиындау талаптар кезіксе, бұл тұлға психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының себебін басқадан көрмей, өз мойнына ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында

жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен қастерлі руханидүниегесезімталдығымен ерекшеленеді. Өз сый-қадірін құрметтей білумен бірге, ол өзіне сырттай көз жіберіп, бағалауға бейім, сонымен қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық сын, күмән айтуда шеберлік танытады.

Әлеуметтенудің келесідей кезеңдерін ажырата көрсетуге болады: 1. Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала

76

әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).

2.Дараланукезеңі(басқаларарасынанөзінбөлекөрсетуниетіпайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).

3.Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).

4.Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).

5.Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы).

37. Тұлғаның психологиялық бітістері

Психикикалық қасиетттер жиынтығы тұлғаның психикалық бітістерінқұрайды.Өмірлік проблемаларды шеше отырып, адам өзінің психикалық мүмкіндіктерін ескереді, ортамен байланыста өз әдістерін қолданады, өз тіршілігіне сай даралығын пайдаланады.

Тек өкілінің жеке психикалық қасиеттері өзара жүйелі қарымқатынасқа түсіп, тұлға санасын құрайды. Тұлғаның мұндай психикалық сапалары дәстүрлі төрт топқа бөлінеді: темперамент, бағыт-бағдар,

қабілеттер, мінез.

Бұл психикалық сапалар жүйесі тұлға құрылымын түзеді. Тұлғаның психологиялық құрылымындағы элементтер - әдетте,

«тұлға бітістері» деп аталатын психологиялық қасиеттер және ерекшеліктер.

Тұлға қасиеттерін бірнеше топқа бөліп, атауға болады.

Тұлғаның ең төмен деңгейлі қасиеттер тобы - бұл адамның

биологиялық шарттасқан сапалар жиынтығы: психиканың жасқа,

жынысқа байланысты және жүйке жүйесі типі мен темпераментке орайласқан тума қасиеттері.

Келесі топ өз ішіне адам психикалық үдерістерінің тума және

жағдаяттарға тәуелді, сонымен бірге жаттығумен де дамып, жетілуші даралықты ерекшеліктерін қамтиды, яғни ес, жад, түйсік,

ойлау, қабылдау қасиеттері.

77

Психикалық қасиеттердің үшінші тобы тұлғаның даралықты әлеуметтік тәжірибесі, яғни адамның өмір барысында меңгерген білімдері, дағдылары, ептіліктері мен әдеттері. Бұл сапалар, әдетте,

әлеуметтік сипатта болып, арнайы оқу және тәрбие барысында қалыптасады.

Тұлғаның ең жоғары деңгейі – бұл оның бағыт-бағдарлылығы.

Бұл деңгей өз ішіне адамның құштарлық, тілек, қызығу, бейімділік, мұрат, сенім-наным, дүниетаным сезімдерін, сондай-ақ мінез-құлық ерекшеліктері мен өзіндік бағалау қабілетін қамтиды. Тұлға бағыт-

бағдарлылығыәлеуметтікнегізді,осыданбұлжоғарықасиеттерқоғамдық тәрбие ықпалымен қалыптасып, сол адам жасап жатқан нақты қоғамның идеологиясына сай келеді.

Тұлғаның құрылымдық деңгейлері жанама тетік – іс-әрекетке орай өзара байланысты.

Психологияғылымындатұлғаныңпсихикалыққұрылымынанықтауға орай бірнеше тұжырымдар қалыптасқан.

Б.Г. Ананьев – тек өкілі, тұлға, даралық, іс-әрекет субъекті

сияқты жекеленген категориялардың баршасын біріктіре, жалпыланған «адам» категориясын пайдаланғанды дұрыс көреді. Ол әрбір элементі өз құрылымшаларына ие адамның жалпы құрылымын ұсынады. Тек өкілі ретіндегі адам құрылымы осыдан өз ішіне жас және жыныстық, даралықтыжәнетектік(денеқұрылысы,жүйкеқозғалысыжәнет.б.ере-

кшеліктер), психофизиологиялық қызметтер, органикалық қажеттер, нышандар мен темпераменттерді қамтиды.

Тұлғалық ұйымдасудың өзі де екі дәрежеде көрінетін біршама күрделі құбылыс: алғашқы, жоғары тұлға дәрежесі – бұл мәртебе, әлеуметтік роль,құндылықтыбағыт-бағдарлар;алекінші дәрежелі,жалпығабірдей тұлғалық қасиеттер – әрекет-қылық тобы, сана және т.б.

Тұлға құрылымы жөнінде ғылымда танымал болған теориялық тұжырымдардың және бірін З.Фрейд, оның шәкірті К.Г.Юнг ұсынған. Ол бойынша әрқандай тұлға өз алдына жүйе ретінде танылып, өз ішіне келесідей элементтерді қамтиды: «Мен» (эго), дара бейсаналық және оның бірігімдері, ұжымдық бейсана және оның бастау негіздері, тек өкілі (персона) және т.б.

Көптеген психолог-ғалымдар тұлғаның құрылымдық бірлігі ретінде «бітіс» (черты), категориясын ажыратады. Осыған орай «бітістер теориясын» ұсынған Г.Олпорт бұл тұлға элементін екіге ажыратады: 1) жалпы тұлғалық бітістер (белгілі мәдениет шеңберінде жасап жатқан

78

адамдардың көпшілігіне тән қалаған тұлғалық сипат); 2) дара тұлғалық бітіс (диспозиция – басқа адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір ғана тұлғаға тән болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет).

Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара байланысты, дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз. Әр адамдағы бітіс екінші біреудіңнекөпшіліктіңтаңғанойыемес,олнақтыадамданақтыкөрінетін шынайы құбылыс (біреудің өкпешілдігі, екіншінің - даңғойлығы, үшінші біреудің – иман жүзділігі және т.б.).

Тұлға бітістерін әрқилы негізде топтастыруға болады:

1)үстіртін бітістер – тұлғаның біртекті негізге ие болмаған әрі тұрақсыз, өзара сыбайлас келген бірнеше әрекет-қылықтық сипатқасиеттері;

2)тұғырлыбастаубітістері–адамның әрекет-қылық қасиеттерінің тұрақтылығын аңдатып, кемелденген тұлғалық ой мен бой дәрежесін танытушы психологиялық жағдаяттар жиынтығы.

Сонымен, тұлға бітісі – бұл адамның әрекет-қылығында көрініс

беретін, сонымен бірге әрқилы жағдайлар мен мезеттерде біртекті әрекет-қимыл жасауға бейімдестіруші психикалық дүние бірліктері (Р.Кеттелл).

38. Тұлға типологиясы

Тұлғаның көптүрлі ғылыми типологиясын шартты түрде бірнеше топқа келтіруге болады.

Тұлға типологиясын анықтауға негіз болған ең ежелгі психологиялық таным жетістігі – гуморалдық (сұйықтық) теориялар. Бұл теориялар бойыншатұлға типіадам (жануар) ағзасындағы қандай да сұйықтық (қан, шырын және т.б.) түрімен байланыстырылады. Бұл орайда типологиялық ажыратудың бастау көзін ежелгі грек ғалым дәрігері Гиппократ берген. Ол тұлға типін ағзадағы төрт сұйықтыққа байланыстырады – қан, өт, қаражәнесарышырын(запыран).Осылардың қай бірінің басымдылығы темперамент типіне ықпал жасайды: сангвиник, холерик, флегматик,

меланхолик.

Ал Гален темпераменттің аталған түрлерін артериялық және

веноздық қан құрылымдарының өзара қатынасымен байланыстырады. Қанның сапалық ерекшеліктерінің тұлға қасиеттерімен байланыстылығы И.Кант теориясына да арқау болды. Ол темпера-

менттерді келесідей бөлістерге келтіреді: сезім темпераменттері

79

(сангвиник – көңілді адам темпераменті; меланхолик – жабығыңқы адам темпераменті) іс-әрекеттіктемпераменттер(холерик-ұстамсыз адам темпераменті; флегматик – байсалды адам темпераменті).

Орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт темпераменттердің дәстүрлі типтерін адамныңқанайналужүйесініңерекшеліктеріжәнеағзадағызаталмасу жылдамдығына байланыстыра ажыратады.

Морфологиялық теорияларда тұлға қасиетін ажыратудың басты белгісі ретінде адамның дене құрылысындағы ерекшеліктері аталады. Ф.Галль бас сүйегі типтері мен мінез бітістері арасындағы байланыстың барына назар аударды.

Тұлғаның дене көрінісіне (конституционалды типология) орай Э. Кречмер адамды төрт типке бөледі: астеник, пикник, атлетик, дипластик (Конституционалды типология негізі – жатырдағы ұрықтық даму динамикасынан болатын туғаннан соңғы дене құрылымының ерекшеліктері).

1)астеник (әлжуаз) адам – нәзік денелі, қушық кеуде, тар иық, қолаяғысерейгенұзын,сопақжүзді,бірақжүйкежүйесіменбасмиыкүшті дамыған; ынжық;

2)пикник (шәлтік) адам – кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі, қарынды, қысқа мойын, домалақ басты; көпшіл;

3)атлетик (шомбал) адам – ірі, қарулы денелі, бұлшық етті, дене бөліктері өзара сәйкес дамыған, кең иықты; маңғаз;

4)дипластик (мүгедек) адам – тән-дене құрылымы қисынсыз жаралған, тартыншақ;

Психофизиологиялық теорияларда тұлға типтерін ажыратудың басты белгісіне субъекттің психологиялық әрі физиологиялық ерекшеліктері алынады, әсіресе тек өкілінің жүйке жүйесі қасиеттеріне басымды назар аударылады. Осы тұрғыдан зерттеу жүргізген И.П.Павловәрекетқылықта көрініп, Гиппократтық төрт түрлі темперамент түріне сай келетін жоғары жүйке қызметінің төрт типін айырады –күшті, тепе-тең,

қозғалмалы, қозу және тежелу сапаларына байланысты.

Дегенмен, аталған психофизиологиялық сапа – қасиеттер таза күйінде жеке-дара көрінбей, өзара араласа бірігіп, жүйкелік қасиеттердің көп санды түріне негіз береді.

Психологияғылымындаорыналғанкелесібіртеория–психиатрикалық типология атамасын алған. Бұл теория психикалық сырқаттану (патопсихология) белгілеріне негізделіп, дәрігерлік емдеу тәжірибелерінде пайдаланылады.

80