Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

Қиялдың негізгі қызметтері:

-Мақсат пайымдау – іс-әрекеттің болашақ нәтижесі қиялда жасалып, ол тек субъект санасында ғана орын тебеді әрі сол субъект белсенділігін ниеттелгенді қолға түсіру бағытында жетелейді.

-Көрегендік(антиципация)-өткентәжірибеэлементтерінқорытужәне сол элементтер арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды анықтау арқылы болашақты (ұнамды не кері салдарын, ықпалдасты әрекеттер мен жағдай мазмұнын) жобалау.

-Құрастыру және жоспарлау – қабылдау және өткен тәжірибе элементтерін саналық талдау-біріктіру әрекеттерінің нәтижелерімен салыстырып (сәйкестендіру) негізінде ниеттелген болашақ бейнесін жасау.

-Болмыс олқылығын толтыру – кейде адам өзінің шынайы әрекет жасау мүмкіндігінен айрылады не қоршаған орта ықпалымен болмыстан ажыралады. Мұндай жағдайда адам өз қиялының күшімен қолы, қадамы жетпеген аймаққа өтіп, қияли әрекетке кірісіп, шынайы болмыста істей алмаған іс-әрекет орнын қиялдық әрекетпен толтырады.

-Бөгде адамның ішкі жан дүниесіне ену – суреттеме не баян түзу не-

гізінде қиял басқа адам толғанысын жасауға қабілетті, сол арқылы оның ішкі көңіл-күй әлемін тануға мүмкіндік береді. Қиялдың бұл қызметі адамдар арасында түсіністік пен тұлғааралық қатынастар жасаудың құралына айналады.

Сонымен, қиял адам іс-әрекеті мен оның тіршілігінің, әлеуметтік қарым-қатынасы мен танымының ажыралмас бөлігі есептеледі.

Қиял формаларының баршасын екі үлкен топқа келтіруге болады: -ырықсызадам мақсаты мен ниетіне тәуелсіз, сана жұмысымен басқарылмайтын қиял. Мұндай қиял сана белсенділігі кемігенде не оның

жұмыс әрекеті бұзылысқа түскенде пайда болады; -ырықты–шығармашылойғанеіс-әрекетміндеттерінебағындырылып,

сана басқарымында болатын қиял түрі.

Бірінші топқа түс көру кіреді. Түс бейнелері астар сана қатысуымен не бас миы қабығының жеке бөлімшелерінің қалдық белсенділігімен байланысты туындайды.

Сана жұмысының бұзылысы қиялдық сандырақ формасына себепші болады. Сандырақты қалыпта пайда болатын қиял бейнелері, әдетте, кері, болымсыз эмоционалды сипатқа ие. Кейбір улағыш және наркотик заттар әсерінен галлюцинациялар көрініс береді. Бұлсанабақылауының жетімсіздігінен қияли өзгеріске түскен болмыстың шындыққа жанаспайтын психикалық бейнесі ретінде қабылдануы.

51

Қиялдың ырықты және ырықсыз формалары ортасында асқақ арман (грезы) өз ерекшелігімен назар аударады. Бұлпсихикалыққұбылыстуын-

дау мезетіне орай ырықсыз қиялға жақын; себебі ол сана белсенділігі төмендеп, адам ағзасы босаңсыған не мүлгу шағында пайда болады.

Ал ырықты қиялға ұқсастығы ниет болуына және адамның өз қалауымен бұл үдерісті басқара алу мүмкіндігіне негізделген. Асқақ арман әрдайым ұнамды да болымды сипатқа ие. Адам әрқашан тәтті өмір мен шуақты сәтті аңсайды, асқақ арман тұтады.

Екінші топқа біріккен қиял түрлері: фантазиялар, өсек-аяң,

ересектердің ғылыми, көркем өнер, техникалық шығармашылығы, балалар шығармашылығы, арман және т.б.

Фантазия – жадтан тоқылған, болмыстан алшақ бейнелер құрылымы (әпсана, миф, ертегі, әлемнің Жерден тыс бөліктерінің қияли суреттемелері). Фантазия бейнелері бұрыннан бар тәжірибе элементтерінің жаңа бірігімін жасауға, түсініксіз құбылыстардың бейнелі түсіндірмесін табуға, ақпарат олқылығын толтыруға пайдаланылады.

Арман – ойдағы ниетті болашақ бейнесі. Қиял әрекеттік көрінісі тұрғысынан енжар (пассив – асқақ арман (грезы), негізсіз арман) және белсенді (актив) болып екіге бөлінеді. Белсенді қиял өз кезегінде қайта жасаушы (зат бейнесі берілген) және шығармашыл (жоспарлы ойға сәйкес іріктелген материал бойынша жаңа бейне жасау) түрлерге ажыралады.

Қиялдың жетекші сипаттары: жарқындығы, анықтығы,

шынайылылығы, бақылауға келетіндігі, бейне белсенділігінің дәрежесі.

26. Әрекет-қылықтық эмоциялық реттелуі

Эмоция(көңілшарпуы,сезім)–әрекет-қылықтыбейберекет(импуль-

сив)реттеушіпсихикалыққұбылыс.Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінезқылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:

-эмоцияның қарайлас – бағалау(отражательно-оценочная) қызметі.

Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің«жақсы»дегенін,екіншілер«жаман»дептаниды.Бірадамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді.

52

-эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

-эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы болар. «қорықпайтынадам-ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.

-эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.

-эмоцияның толықтырушы қызметі.Қандайдапроблемабойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.

-эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)

Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану.

Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсіктеболмыстыңматериалдығыбейнеленсе,эмоцияда - оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.

Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз,нысанныңқажеттілікқасиеттерініңпсихикалықбейне-

53

ленуі.Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз, жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.

Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо-

ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.

Көңіл-күй (настроение) – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты, психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары деңгейі – шабыт (воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық (апатия) аталады.

Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы қателігінен адам жабырқау (расстроенность) қалпына түседі.

Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінезқұлықтық ұстамдылығынан көрінеді.

Сезімдер – бұл әлеуметтік мәнді құбылыстар бейнесінің эмоциялық формасы. Олар қандай да бір жағдайлардың нақты тұлғаның тіршілік қалпына сәйкестігінен не үйлеспейтіндігінен пайда болады. Сезім әрқашан тұлғаның өзімен, әлеуметтік мәнді құндылықтармен орайлас келеді. Әр адамның өзіне тән, оның тұлғалық бағытын айқындаушы жетекші сезімі болады. Сол сезім адамның болмыспен орнатқан өзара ықпалдасты байланыстарын реттеп отырады.

Сезімдер тәжірибелік, іззеттілік, эстетикалық және танымдық

болып бөлінеді.

Тәжірибелік сезімдер – іс-әрекет үдерісінде пайда болатын психикалық қалып.

Іззеттілік(нравственные) сезімдер-өзініңжәнеөзгелердіңәрекет-

қылығына деген эмоциялық, көңіл-күй қатынасы.

Эстетикалық сезімдер – қоршаған материалдың және әлеуметтік дүниедегіәсемдіккеболғансезімталдық,әрқандайсұлулықпенәсемдікті құндылық ретінде тану.

27. Әрекет-қылықтық реттелуіндегі ерік маңызы

Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекетқылық белсенділігін жұмылдыру.

54

Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі

– ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.

Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретіндетанылған.Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шартта- ры,адамныңқандайдабірәрекет-қылыққажеттігінтүсінуіжатыр. Барша ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоци-

ялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.

Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін құрайды.

28. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:

-ынталандыру(инициирующая)–объективнесубъективкедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.

-тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.

-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі ісәрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекетқылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.

Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді.

Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.

Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:

-мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс; -мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;

-мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы;

-сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;

-мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау; -қабылданған шешімді іске асыру;

-қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару.

55

Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық,

мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б.

Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.

Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:

-Ынталылықбұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.

-Батылдықбұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.

-Тартыншақтық–жылдамшешімқабылдауқабілетініңжоқтығын білдіретін психикалық қалып.

-Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай.

Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.

-Сенімділік - бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған ісәрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.

-Табандылық психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.

-Ұстамдылық–біршамаеріккүшінталапететінкелеңсізжағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады.

29. Психикалық қалыптар: түрлері, сипаттамалары және топтасуы

Психикалық қалып – тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.

56

Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді.

Ситуативті қалып – оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтікжәнеіс-әрекетпенмінез-құлықтықкүрделіжағдайларындағы

психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды психикалық қалыптарға ажыралады.

Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды

және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.

Жалпыланған негізгі психикалық қалып – бұл ой, сана сергектігі.

Сергектік қалып – бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалпы, адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.

Шаршап –шалдығу қалпы – уақытша жұмыс қабілетінің кемуінен, физиологиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері тобындағы субъектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы.

Психикалық күштену (напряжение) қалпы – іс-әрекеттің күрделенген жағдайларындағы интеллектуалды және эмоциялы – еріктік құбылыстары.

Тұлғаның дағдарысты қалпы – адамның психикалы бұзылысқа келтіруші жағдайларға жауап қатынасы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта түзеуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность)тұлғаныңәлеуметтікортаданаласталып,мұңды қиялға (грезы) батуына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне себепші болады.

Жабығу(депрессиялық) қалыптары–сырқаттыенжарлықпенбірге көрінетін болымсыз эмоциялыпсихикалық жағдай.

Аралық (пограничные) қалыптар – қоғамдық норма (талап, тәртіп)

және патология (организмдегі физиологиялық ауытқу) арасындағы сыбайлас психологиялық құбылыстар: невроздар, психикалық ауытқулар,

психикалық даму тоқырауы (ақыл-ес кемістігі).

57

Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшеліктеріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себепсалдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көрінуі; мақсат, сеп-түрткі және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік талаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.

Психикалық бұзылысқа түскен тұлғалар әрекеттеріне тән сипаттар:

жанжалды, берекетсіздік, аяқасты қызбалық, екінші сигналды жүйедегі кемшіліктер, түсіне қабылдау тетіктерінің дұрыс іске қосылмауы.

Психикалықауытқуларуақытша(шыдамсыздық,күйбеңділік,невроздар) және тұрақты (психопатия, ақыл-ес кемістігі) болып ажыралады.

Адамныңпсихикалыққалпынкелесідейнегіздердетоптастыруғабола- ды:1)психикалыққалыптуындаужағдайларынабайланысты–тұлғалық және ситуативті; 2) психикалық іс-әрекеттегі басымдылық танытқан жетекші бірліктерге тәуелді – интеллектуалды, еріктік, эмоционалды

және т.б. 3) адам бойындағы психикалық қалыптың көріну дәрежесіне сәйкес – терең не үстірт; 4) өту мерзіміне қарай – қысқа мерзімді,

созылған, ұзақ мерзімді және т.б. 5) тұлғаға ықпал жасау сипатына орай - ұнамды, болымсыз, күш-қуат арттырушы стеникалық және кері - астеникалық; 6) саналылық деңгейіне орай - ойластырылған не тосатты, жоспарланбаған қалыптар; 7) қалыпты туындатқан себептерге орай; 8) қалыптың оны пайда еткен объектив жағдайларға сәйкес болуына байланысты.

Көпшілікадамдарға тәнтиптік ұнамды не болымсыз қалыптардыбөле қарастыруға болады: а) күнделікті, тұрмыстық (махаббат, бақыт, қайғы және т.б.); б) кәсіби (іс-әрекетке, күтілмеген жағдайларға орайласқан).

Бұлар қатарына кәсіби жарамдылық, кәсіп мәнін тану, қызмет табысынан қуаныш, ерік белсенділігі қалыптарын жатқызуға болады.

Еңбек әрекеттерінің тиімділігі үшін өте маңызды психикалық қалып

–бұлкәсібиқызығушылық.Бұлқалыпқатәнсипаттар:кәсібиіс-әрекеттің маңыздылығын саналы сезіну; кәсіби қызмет бабында көбірек білуге және сол салада белсенді қызмет жасауға ұмтылу; кәсіп саласына болған жоғары зейінділік және сол кәсіптің тұлға санасын толығымен билеп алуы.

Кәсіби іс-әрекеттің көптүрлілігі мен шығармашылық сипаты адамда шығармашыл шабыт мүмкіндігін ашады. Мұндай шабыт ғалымдарға, жазушыларға, суреткерлерге, актерларға, музыканттарға тән келеді. Шабытсипаттары:шығармашылық көтеріңкілік; қабылдау әсерлілігі;

58

бұрыннан көрген, білгендерді қайта жаңғырту қабілетінің жоғары дәрежеде болуы; қиял қанаттылығы мен қуаттылығы; тосын әсерлер бірігімдерін жасаудағы шеберлік және т.б. кәсіби іс-әрекет тиімділігін арттыруға қажет және бір қалып – бұл таңдаған әрекетке және оның элементтеріне психикалық тұрғыдан дайын болу.

Адамның тіршілік (іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынас) үдерісінде ұнамды (стеникалық) қалыптармен бір қатар болымсыз (астеникалық) психикалық қалыптар пайда болуы мүмкін. Мысалы, батылсыздық психикалыққалыпретіндеадамныңөзінесенімсіздігіненнедербестігінің болмауынан ғана емес, ол кезіккен шектен тыс жағдайлардың жаңалығынан,тосындылығынан,түсініксіздігіненәрішиеленіскендігінен де болуы мүмкін. Мұндай шарттар тұлғаны психикалық күйзеліс немесе психикалық күштену қалпына түсіреді.

Бұлорайдатүбегейлінақтыіс-әрекеттік(операционная)күштенуге ұшырау орындалып жатқан іс-әрекеттің күрделілігінен пайда болады: сезімдік ажырату қиындығы; аса жоғары қырағылықтың қажеттігі; көру-қозғалу әрекеттерін байланыстыру қиындығы; ойлау жүктемесінің ауырлығы және т.б. сонымен бірге тосын эмоциялық жағдайлардан туын-

дайтын көңіл-күй шиеленісі.

30. Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру

Дәстүрлі психология адамға тән екі ашық сана қалпын ажыратады: 1) тынығу мезеті ретінде танылған ұйқы және 2) сергектік немесе сананың белсенділікқалпы.Сергектікжағдайындатұлғаныңбаршаағзасыұтымды қызметке дайын сырттай дүние сигналдарын қабылдауға және талдауға, олардың қай бірін жадқа алуға немесе бұрынғы тәжірибе мен дағдыларға орай оларға сәйкес не кері әрекет-қылықпен жауап қайтаруға қабілеті.

Сонымен,сергектік–адамныңқоршағанортаықпалдарынабейімділік

қалпын білдіретін психикалық құбылыс.

Адам ағзасы орташа 16 сағат сергектік және 8 сағат ұйқының алмаса ауысуымен қызмет жасап барады. Ұзақ уақыт психология ғылымы ұйқыны сергектік жағдайында жұмсалған күш-қуатты қайта тіктеуге мүмкіндікберетін ағзаныңтолықтынығуы дегентүсінікпенкелген.Ұйқы жетімсіздігі әрекет –қылыққа әсер етеді: ой және еңбек әрекеті шабандайды не жойылады; кей адамдарды тіпті жол-жөнекей ұйқы қысады; 2-3 күн ұйқысыздықтан адам галлюцинацияға тап болып, сандырақтай бастайды.Қазірдебелгіліболғаны-ұйқыағзанықайтақалпынакелтіруші

59

ғана құбылыс емес, ол әрқилы психикалық сатыларды қамтып, түрлі қызметтерді орындайды. Ми белсенділігіне байланысты «жай ұйқы» және «шапшаң, әдеттен тыс, ұйқы» - ажыралады.

Хартман болжамынша, ұйқы мезетіндегі адамның сыртқы ортадан ажыралуы күні бойы жинақталған ақпаратты өңдеу үшін қажет.

Ұйқы кезіндегі көретін түстеріміз біздің сеп-түрткілеріміз бен ниеттерімізді бейнелейді. Түс көру адамның орындалмаған тілектерінің символдық іске асуын қамтамасыз етеді, бітпей қалған істен не қатерлі ойлардан болған қозу ошақтарына басу береді.

Фрейд пікірінше, түс көру күні бойы жинақталған эмоционалдық күйзеліс, күштенуді азайтып, психологиялық жайлылық (комфорт) береді, осыдан адам қанағаттану сезімін алып, бойын жеңілдетеді. Фаулкс зерттеулері көрсеткендей, түс көру, ұйқы кезіндегі мидың жедел қызметі адамғаұйқымезетінде оның проблемаларын шешугежәрдем берунемесе адамды күйзелткен ниеттер мен толғаныстарды басу қасиетіне ие.

Френч және Фромм болжамдарына орай, түс көру адамның психологиялық қалпын тұрақтандыру тетігі ролін атқарып, осыдан адам өз проблемаларын шешу үшін қажет күш-қуатын көтереді. Түс арқылы адам бейсаналық дүниеге ерекше бір «терезе» ашады. Сонымен бірге, түс бейсанаменашықсанаарасындаақпараталмасуғақажет«арна»қызметін де атқарады. Осыдан ақпарат қоры басымдау бейсана рәміздік не айқын формада ашық санаға керекті ақпарат жеткізеді (мысалы, болашақта күтілген оқиғалар, болып қалар сырқаттар, ішкі жандүниелік сырқатты нүктелер жөніндегі сәуегейлік болжамдар.

31. Тұлға түсінігі. Тұлға және қоғам

Психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.

Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам, тек өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.

60