Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Психология негіздері Сбет Бап-Баба

.pdf
Скачиваний:
509
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
4.56 Mб
Скачать

3) адамның әлеуметтік жағдайы мен оның қоғамға қатынасы

(әлеуметтік психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап, тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.).

Жәнебірасамаңызды жағдаят– бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білімдерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму,шығармашылық,тұлғажәнет.б. психологиясы. Өзге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі салаларға бөлінген: психофизиология,нейропсихология,математикалық психология. Психологияның әртүрлі қызмет, тәжірибемен болған күрделі байланыстары ұйымдастырушылық, инженерлік, спорттық, педагогикалық психологияда байқалады.

Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді.

Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапақасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерттейді.

Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы).

Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне байланысты даму заңдылықтарын зерттейді.

Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағытбағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.

Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблемаларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады.

Мысалы, еңбек психологиясы адамның еңбектену және іс-әрекетке келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.

Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника арасындағыөзараықпалдастықатынастарүдерісініңзаңдылықтарын зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады.

11

Авиация және ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс-

әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.

Медициналық психология дәрігер қызметінің психологиялық ерекшеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін орайластырады.

Патопсихология – психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын ашады.

Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне қатысқандардың мі- нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына біткен мінез-құлығының психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы, сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).

Әскерипсихология-соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінезқұлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

5. Адам психикасы жөнінде түсінік

Психика – бұл адамның қоршаған ортамен белсенді өзара қарымқатынас әрекеттеріне негіз болушы болмыстық саналық (идеалды) өрнек жүйесіндегі субъектив ақпардың (сигналдың) әлеуметтікпен шарттасқан бейнесі. Психика адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беріп, реттеу қызметін атқарады.

Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына енеді. Дегенмен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып, автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.

Психиканың негізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.

Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы мен жүзеге келуінің басты негізі.

12

Іс-әрекетжалпы адамзаттың тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің адамдық әдіс-тәсілі. Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің қозғаушы күші, сонымен бірге олжеке адамныңпсихикалықдамуқұралы ретінде де қызмет етеді. Адамның заттасқан іс-әрекеті, оның қоғамдықтарихи тәжірибесі тұлға санасының сезімдік және ұғым-теориялық аймақтарының басын біріктіреді.

Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысандармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні – психика мазмұны жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.

Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:

1)психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу, бейімделу әрекет-қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. Жануарлардыңэволюциялықдамубарысындаолардыңпсихикасыжетіліп барды. Өз қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және даралықты дағдылану – кезеңдерін басып өтті.

2)Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы еңбектік іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

3)Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады. Психика заңдылықтары – сырттай заттармен болған өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауысуы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.

4)Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.

5)Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие.

13

6. Ми және психика. Психика құрылымы Психика қызметтері

Адам психикасы – мидың табиғи өнімі емес, әлеуметтік жағдайлар туындысы. Алайда, ол табиғи, физиологиялық зат – мидың арқасында әрекетке келеді. Психиканы ми әрекетінен ажыратып та болмайды, сонымен бірге оны бүтіндей нейрофизиологиялық үдеріс деп те атау орынсыз. Психика мен физиологиялық үдерістердің өзара қатынасы – идеалды дүние мен заттасқан болмыстық ажыралмас байланысы.

Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.

Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі – бұл қоғамдытарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.

Психиканыңнегізгіжасаубелгілері–оныңжүйелілігі,біртұтастығы,

бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиетсапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді.

Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға және психикалық қасиеттерге ажыралады.

Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және

интропсихика.

Экзопсихика – психикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі.

Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы.

Интропсихика–құрамдыпсихиканыңадамойын,еріккүшін,қиялын, ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.

Психикақоршағандүниежөніндегісанағакеліптүскенақпараттарды біріктіружәнеоларғатүсініктемеберу,олардыадамныңқажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икемделу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет.

14

У.Джемспікірінше,психиканыңнегізгіқызметі:сырттайболмысты бейнелеу негізінде жеке әрекет-қылықты басқару және ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру.

Е.Ф. Ломов өз еңбектерінде тұлға әрекет-қылығы мен іс-әрекетіне байланысты психиканың үш түрлі қызметін ажырат: танымдық, ретте-

ушілік, ақпарат алмасымен қарым-қатынасқа келу (коммуникативті).

Адамның бейімделуі мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелеу тәуелді.

7. Психикалық үдерістерді топтастыру

Барша психикалық құбылыстар өзара байланыста, дегенмен дәстүрлі психологияолардыүштопқабөліпқарастырады:1)психикалықүдерістер;

2)психикалық қалыптар; 3) тұлғаның психикалық қасиеттері. Психикалықүдерістернегізгітірекқұбылыстарретіндеқарастырылады,

ал психикалық қалыптар мен қасиеттерді уақытша әрі психикалық үдерістердің тектік ауысулары деп білеміз. Барша психикалық құбылыстар өзара бірігумен бейнелеу-реттеу іс-әрекеттерінің біртұтас сарынын құрайды.

Негізгі үш психикалық құбылыс сипаттамасы төмендегідей: Психикалықүдерістер– бейнелеу – реттеу іс-әрекеттерінің жекелен-

гентұтасқозғалысы.Психикалықүдерістіңәртүріөзбейнелеунысанына, өз реттеп бару ерекшелігі және меншікті заңдылықтарына ие.

Психикалық үдерістер психикалық құбылыстардың бастау көзіосы- лар негізінде психикалық өрнектер қалыптасады.

Субъекттің бейнеленуші нысанмен белсенді қарым-қатынасы, нысанды тануға және онымен әрекеттік байланысқа түсуге бағытталған ерекше өту жүйесі осы психикалық үдерістерден көрінеді.

Психикалық үдерістер түрі: 1) танымдық (түйсік, қабылдау, ойлау, қиял және жад); 2) еріктік; 3) көңіл-күйлік.

Адамның психикалық іс-әрекеті – бұл таным, ерік және көңіл-күй үдерістерінің бірігімі.

Психикалық қалыптар іс-әрекет мазмұны және сол мазмұнға болған адам қатынасында айқындалушы психиканың уақытша өзіндік көрінісі. Психикалық қалып - адам психикасы бейнелерінің үздіксіз жаңаланып, ауысып тұруымен болады. Болмыспен араласу барысында адамның барша психикалық әлемі салыстырмалы тұрақты бірігімде болып, оның нақты мезеттегі уақытша көңіл-күйінен, ынта-ықыласынан, яғни психикалық қалпынан байқалады.

15

Психикалық қалып психикалық белсенділіктің жалпы қызметтік деңгейінде адамның нақты мезеттік іс-әрекетіне, бағдары мен оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді көрініс береді.

Психикалық қалыптың барша түрлері төмендегідей өзара топтасуымен ажыралады:

·септүрткілік(мотивтік)-қажеттіктерге байланысты ұстанымдар, ниеттер, қызығулар, мұдделер, құмарлықтар.

·сана дайындығы қалпы – зейінділік пен жұмыс қабілеттілігінің әрқилы деңгейлерінде көрінеді;

·эмоционалдық – көңіл-күйге байланысты түйсіну, көңіл-күйге байланысты сырттай ықпал-әсерге жауап, көңіл-күй шарпулары – стресс, аффект, фрустрация;

·еріктік - адамның нақты мезеттегі іс-әрекетке деген ынталылығы, ұмтылысы, шешімділігі, табандылығы, өжеттігі т.б. Бұлар қатарында психиканың өзара сыбайлас тұлғалық қалыптары да болады: психопатия, мінез асқынуы, невроздар және психикалық дамудың тоқырауы.

Психикалық қасиеттері психиканың әрбір жеке адамға тән тектік ерекшеліктері, тұлға бойына біткен психикалық үдерістердің іске асу ерекшеліктері.

Тұлғалық психика қасиеттері: 1) темперамент, 2) тұлға бағытбағдары (қажеттер мүдделер, дүниетаным және мұрат-мақсаттар); 3)

мінез; 4) қабілеттер.

8.Сана – психиканың жоғары формасы Сананың пайда болуы және дамуы

Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді.

I-кезең. қарапайым сезімталдық – бұл сатыда тек өкілдерінің инстинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.

II-кезең. Заттай қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар, яғни тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар формасы.

III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллек-

туалды әрекет-қылық – заттар арасындағы байланыс – қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.

16

Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты келеді. Заттайқабылдаукезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.

Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байланыстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. Бірақ «ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens – ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, ру-

ханимәдениеті–баршаадамдардыңпсихикалықдамуыменбайланысты жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.

Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекетқылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерін аса жоғары психикалық қызметтерге ауыстырады.

Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы адамиласқан, қоғамдық-тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдаланып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті.

Жоғары психикалық қызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.

Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:

·нәсілдікжәнетабиғитүрткі(эмпирикалық)жолдарменқабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар таңдаудыңтүбегейліжаңақұралы–сөзбенұрпақтанұрпаққаберілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.

17

·адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды байланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.

·сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.

Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларғасәйкестендіріпәдіс,тәсілдерменқұрал-жабдықтардытаңдайбілу қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей,оныңдамузаңдылықтарынбілунегізіндеорындалыпжатады. Адамсанасыалдағыоқиғалардыңзаңдылықты қалануынболжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.

·жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:

1)ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;

2)өнер – болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік

тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;

3)әлеуметтік талап, өлшем шектеулер – қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;

4)адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемаларына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қыймыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.

Сенім – заттасқан дүние зерттеулері және ой қисыны (логика) негіздерімен дәлелденбейтін ерекше психикалық құбылыс.

Қоғамдық сананың барша формалары бірлікті идеология құрайды.

Идеология – бұл адамдардың болмысқа, бір-біріне, қоғам өміріне болған қатынастарын реттеуші тірек құндылықтар мен негіздемелік ұғым, пікірлер жүйесі.

18

Санаөзіндіксанажәнеөзіндікжауапәрекеткекелу(саморефлексия)

қабілеттерімен байланысты.

Өз төңірегіндегі дүниені сезінумен адам өзін сол дүниеге байланыстыра қабылдайды.

Өзіндік сана – бұл адамның қоршаған әлемге болған құндылықты

– мәнді тұлғалық қатынастарының жүйесі.

Адам психикасының ерекшелігі ретінде сана бидоминанта тетіктері арқылы іске асып отырады. Бидоминанта дегеніміз тұлғаның көп түрлі «мендік» болмыстары (нақты «мен», қияли «мен», өткендегі «мен», болашақтағы «мен», отбасындағы «мен», ресми «мен» және т.б.) арасындағы «ой ортақтасу» қабілеті, оның өзімен өзі қатынасқа келуі. Осы тұлға бойындағы диалог әлеуметтік өлшемдермен жанама күйге енеді. Адамның ішкі «Мені» - интериоризацияланған «Өзге», яғни өмір барысында тұлға бойына сіңген әлеуметтік бастау.

Болмыс құбылыстары адамның тәжірибе, қажеттеріне тәуелді оның санасында өзіндік қалаутаңдауға сәйкестендіріле бейнеленеді.

Ой, ойлауға қарағанда сана мәні кеңірек. Ол психикалық ісәрекеттердің барша формаларын қамтыған сыртқы дүниенің біртұтас, бірігімді бейнесі. Оның құрамы әлемдік бейнелердің сезімдік формаларынан (түйсік, қабылдау, елес), рационалдық танымнан (дүниенің жалпылама – теориялық бейнесі), сонымен бірге психикалық өзіндік реттеулердің көңіл-күй, еріктік аймақтарынан тұрады.

Сана-болмыстың категориялыққұндылықтыбейнесіжәнежалпы адамзаттық тәжірибені меңгерудің арқасында адамның өз әрекетқылығын өзіндік реттеу білімдерінен құралған психика дамуындағы ең жоғары саты, деңгей.

Сана қызметі адамның қоршаған ортамен қатынас жасаудағы белсенділігі мен әрекетшеңдігі нәтижесінде қалыптасқан өзара сыбайлас байланысты психикалық бейнелердің үздіксіз ағымы күйінде орындалып барады. Осыдан сана біршама үдерістік (процессуальные) және мазмұндық ерекшеліктерге ие.

Сана үдерістік тұрғыдан адамның өз тіршілігіне қажет қоршаған ортамен байланыстар түзудегі белсенді қозғалғыштығымен (динамика),

заттық бағдарлылығымен және бейнелеудегі қателіктерден сақтаушы

өзіндік бағалау (саморефлексия) қабілетімен сипатталады.

Жекетұлғаныңтөңірегіндегілерменықпалдасты арақатынастарының берік тұрақтанған әдіс-тәсілдері түбегейлі бекіп, оның астарсанасымен жоғары санасын қалыптастырады.

19

Мазмұндық тұрғыдан адам санасы әлеуметтік – тарихи ықпалға тәуелді. Даму (антропогенез) үдерісінде қалыптаса отырып, сананың барша құрылымдары әлеуметтік –мәдени сипат алады.

Жеке адам санасы және оның құрылымдары кіші балалық шақтан сыртқы әлеуметтік жанамаланған іс-әрекеттер құрамын өз бойына сіңіре меншіктеумен (интериоризация) қалыптасып барады.

9. Психика деңгейлерінің өзара байланысы

Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана.

Психикалық іс-әрекеттің бейсана(бессознательный)деңгейіадамда,

жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтінбиологиялықтетіктерарқылыбасқарылып,реттеледі.Олардың бәрібиологиялыққажеттердентуындайтынәрекеттер,яғни–организмнің жәнетекөкілініңөзтіршілігін сақтауы,жалғастыруы(қоректену,қорғану, ұрпақ қалдыру).

Алайда,адамәрекет-қылығының (генетикалықшартты)бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.

Психикалық іс-әрекеттің астар сана (подсознательный) деңгейі -

жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесіндеқұрылымдықорын тепкен импульстік-көңіл-күйлік(импуль- сивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылықәрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.

20