Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арашыана дипломы жмыс (Абдиралиев Санат).docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

1.6 Гидрогеологиялық мінездеме

Қарашығанақ кен орнын тергейтін жер асты сулары Солтүстік-Касий су арынды жүйесінің қосалқы элементі болып табылады.

Көтерілімнің геологиялық қимасында екі ірі гидрогеологиялық этажға біріккен, кунгур ярусының хемогендік құрылыстарының күшті регионалды су ұстарымен бөлінген сулы горизонттар сериясы бөлінеді.

Жоғарғы этажжоғарғы пермьнен неоген – төрттік шөгінділерді қосады. Бұлардың жалпы қалыңдығы күмбезаралық мульдалар шегінде 3604-4485 м.

Бұл қалыңдықтың сукүкіртті жыныстары сазбен араласқан әр түрлі қуатты құмдыжыныстар пачкаларымен берілген. Триас шөгінділері ең құмды болып келеді, олардың сүзгішті – сыйымдылық қасиеттері жоғары: кеуектілігі – 25-30%, өткізгіштігі – 606,810-6 м2-қа дейін.

Пермьшөгінділерінің құмды пачкалары керісінше, жоғары сазды және кеуектілік көрсеткіштері төмен - 16%-ке дейін, өткізгіштігі 4010-6 м2 тұз асты этажының сукүкіртті жыныстары карбонатты жыныстарының (известняк, доломит) әртүрлі модификацияларымен берілген, әдетте күрт литологиялық фациалды алмасу және деңгей айырмалы, бұл кен орынның гидродинамикалық режимін қиындатады. Бұл қалыңдықты екі ірілінген гидрогеологиялық комплекске бөлігу болады: карбонды және девонды, бұлардың жалпы қалыңдығы 3200 метрге дейін жетеді.

Тұз асты этажының сулы комплекстері аз зерттелген. Қиманың ашылған бөлігінің жер асты сулары хлор кальцийлі тұздықтарымен берілген, құрамындағы тұзы 115-190 г/л, тығыздығы 1,0789-ден 1,206 г/л дейін, бұл 3900 – 6270 мг-экв дейін жалпы минерализацияға сәйкес келеді.

Төрттік және неоген шөгінділерінің сулары негізінен тұщы және аз тұздалған, минерализациясы 580 мг-экв дейін, құрамындағы еріген тұздар 4-20 г/л дейін. Су типі хлор натрийлі немесе хлорнатрий магнийлі.

Триас горизонты сулары ең жоғары минерализацияланған болып келеді. Минерализациясы – 9800 мг-экв дейін. Бұл сулар жоғары концентрацияланған тұздықтар тығыздығы 1,85 г/см3дейін, хлорнатрийлі құрамы бар, хлоркальцийлі немесе хлормагнийлі типке жатады. Натрий концентрациясы жоғары – 96 г/л, калий - 0,56 г/л, магний – 2,4 г/л, жоғары сульфаттылығымен (15,7 мг-экв), құрамында бромның жоғарылығымен (250 мг/л-ден жоғары), йодтың (3 мг/л-ден аз) және бордың (1 мг/л-ге дейін) аздығымен сипатталады.

Тұз массивтерімен тікелей контакт зоналарында (тұзаралық линзалар) одан да жоғары тығыздықты (1,2-1,28 г/см3) және тұздылығы 365 г/л дейін күшті тұздықтар дамыған.

Еріген газ құрамында мүлдем аз – 270 нсм3/л, оның ішінде: азот концентрациясы – 98%, метан – 0,8-1,75%, көмірқышқыл газы – 1,03-1,12%.

Тұз асты карбонатты шөгінділерінің төменгі гидрогеологиялық қабаты Қарашығанақ МГККО контур сырты зонасында 4900 метрге дейін, контурлық зонасында 5333 метр тереңдікке дейін зерттелген.

П-2 ұңғысының төрт интервалын сынау кезінде су дебиттері 2-5,5 м3/тәу дейін, тығыздығы – 1,161-1,19 г/см3арасында, минерализациялануы 232,5-279 г/л, рН 5,5-5,6; йонды құрамы хлор-натрийлі және хлор-кальцийлі-натрийлі, гидрохимиялық түрі – хлоркальцийлі.

Мұнайгазконденсат кенішінің төсеніш сулары контур сырты суларымен салыстырғанда тұщыланған, 1,5-2 есе аз минерализацияланған және оған сәйкес құрамындағы негізгі йондар концентрациясы аздау болады.