Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика ekolog.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
418.3 Кб
Скачать

2 Экология проблемаларын шешудегі мемлекеттің және нарықтық қатынастардың ролі

экология-экономикалық саясатты іске асырудың екі айқын көрінген механизмі бар: мемлекетті тікелей реттеу және экономикалық ынталандыру (нарықтық механизм).

Тікелей реттеу мемлекеттің пайда болуымен байланысты: нормативтік-құқықтық, әкімшілік-бақылау шаралары, тікелей регламенттеу және т.с.с. Мемлекеттік араласудың кемшіліктеріне қарамастан, қазір мемлекеттің табиғатты қорғаудағы ролі үлкен және әрі қарай артатын болады. Мемлекет жанама және тікелей реттеу негізінде өндірісті нарықтық оңтайлы басқарудың өнімді шығарудың әлеуметтік-экологиялық оңтайлы деңгейіне ығысуына қол жеткізуі тиіс. Мемлекет табиғи ортаны қорғау саласындағы әр түрлі нормативтерді, стандарттарды анықтайды, экология проблемаларын шешудің балама нұсқаларын, нарық жағдайларында экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асырады. Мемлекеттік макрореттеу мәнін толық бағаламау жағымсыз экологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.

Экономикалық жағдай жасау нарықтық механизмдердің дамуымен байланысты. Рыноктың маңызды сапасы олардың тапшылығы туралы бағалық сигналдардың арқасында әр түрлі ресурстардың аса жақсы пайдаланылуын қамтамасыз ету мүмкіндігінен тұрады. Нарықтық механизмдер табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында пайда болатын өзгерістер мен тенденцияларға аса икемді жауап қайтаруға қабілетті.

3 Сабақты өткізу әдістемесі

Бірінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «Экология проблемаларын шешуде мемлекеттік реттеу басым болуы тиіс» көзқарасын қолдап баяндау.

Екінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «Экология проблемаларын шешуде нарықтық механизмдер басым болуы тиіс» көзқарасын қолдап баяндау.

Талқылауға дайындалған кезде келесі мәселелерді назарға алу керек:

  1. Экология проблемаларын шешудегі берілген механизмдердің кемшіліктері мен жетістіктері. Мысалдар келтіру.

  2. Меншік құқықтары және табиғат.

  3. Монополизм, оның экологиялық аспектілері

  4. Макроэкономикалық саясаттың және нарықтық қатынастардың экологиялық өзара әрекеттесуі.

Бақылау сұрақтары

  1. Табиғи ресурстар деп нені атайды және олар қалай жіктеледі?

  2. Сіз экологиялық ресурсологияның сегіз принципінің қайсысын аса маңызды деп санайсыз?

  3. Атмосфера газдарын, Жердің су ресурстарын жаңартылмайтын деп атауға болады ма және неліктен?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. – Москва: Закон и право, ЮНИТИ, 1998. – 455с.

  2. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. – Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2003. – 560с.

  3. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. Человек-экономика-биота-среда. – Москва: ЮНИТИ, 2007. – 495с.

  4. Оралова А.Т., Цой Н.К. Промышленная экология. – Караганда: КарГТУ, 2003. – 140с.

Сөж арналған тапсырмалар

    1. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының экологиялық проблемалары мәселелеріне қатысты тақырыпқа «Экология и устойчивое развитие» журналынан кез келген мақалаға пікір жазу (пікір жазылатын мақаланың көлемі кем дегенде 2 баспа табағы болуы тиіс).

    2. Пікір жазылатын мақалаға глоссарий құрастыру (10 глостан кем емес).

6 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен шарттар

МАҚСАТЫ: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық конвенция-лармен және шарттармен танысу