Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика ekolog.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
418.3 Кб
Скачать

Кіріспе

Қазіргі әдістемелік нұсқаулар барлық оқу түрлері мамандықтарының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәні бойынша практикалық жұмыстарды орындауға арналған.

Практикалық жұмыстарды орындау теориялық бөлімді зерделеуден, талқылауға қатысудан, бақылау сұрақтарына жауаптар жазудан және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудан тұрады.

Бақылау сұрақтарымен және СӨЖ жұмыс істегенде ұсынылатын әдебиеттерді пайдалану керек.

Сондай-ақ СӨЖ орындау үшін төмендегі терминдермен танысу керек.

  1. Глоссарий – түсінігі берілген немесе басқа тілге аударылған глостар (түсініксіз сөздер немесе сөйлемшелер) жинағы.

  2. Тезаурус – өз араларында қандай да бір параметрлер бойынша байланысқан және онда бағдарлануға мүмкіндік беретін түйінді сөздер (дескрипторлар) түріндегі нақты тақырып деректерінің жүйелі жинағы.

  3. Синквейн – бес жолдан тұратын өлең, ол белгілі ережелер бойынша жазылады.

Синквейннің құрастырылуы студенттен оқу материалын, ақпаратты қысқа сөйлемшеде түйіндеуді талап етеді.

Бірінші жол – бір сөз, зат есім (бұл – тақырып);

екінші жол – тақырыпты ашатын екі сын есім;

үшінші жол – тақырыпқа қатысты әрекеттерді сипаттайтын үш етістік;

төртінші жол – бірнеше сөзден тұратын тұтас фраза, сөйлем, оның көмегімен тақырыпқа қатынас айтылады;

соңғы жол – түйін-сөз, ол тақырыптың жаңа түсінігін береді, оған жеке қатынасты білдіруге мүмкіндік береді.

Синквейнді құрастыру бойынша бағалар критерийлері

Ең жоғары баға қойылады:

  • тақырыпты терең дәлелді ашатын жұмыс үшін;

  • материалды тамаша білу, материалды мақсатқа бағытталған түрде талдай білу, тұжырымдар, қорытындылар жасау туралы куәландыратын жұмыс үшін;

  • композициясы бойынша үндесті, ойларды баяндаудағы қисынды және жүйелі жұмыс үшін;

  • дұрыс әдеби тілмен жазылған жұмыс үшін;

  • орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалық қателер жоқ болғанда мазмұнына стилистикалық сәйкес келетін жұмыс үшін.

жоғары баға қойылады:

  • тақырыпты айтарлықтай толық және сенімді ашатын жұмыс үшін;

  • тақырып бойынша материалды және басқа көздерді жақсы білетін және өз ойларын негіздеу үшін оларды пайдалана білу, сондай-ақ тұжырымдар мен қорытындылар жасау жұмысы үшін;

  • мазмұнды қисынды және жүйелі баяндау жұмысы үшін;

  • дұрыс әдеби тілмен жазылған жұмыс үшін;

  • стилистикалық қисынды жұмыс үшін;

  • мазмұнына сәйкес келетін жұмыс үшін.

орташа баға қойылады:

  • онда тақырып басты және негізінде ашылатын жұмыс үшін;

  • тақырыпқа жалпы алғанда дұрыс, бір жақты немесе айтарлықтай толық емес жауап берілген, одан ауытқуға немесе ойды білдірудегі жүйеліліктің жеке бұзылуына жол берілген жұмыс үшін;

  • жазба сөз негіздерінің меңгерілгені байқалатын жұмыс үшін.

төмен баға қойылады:

  • онда тақырып үстіртін ашылған жұмыс үшін;

  • жалпы алғанда тақырыпқа толық емес жауап берілген, одан ауытқуға немесе ойды білдірудегі жүйелеліктің жеке бұзылуына жол берілген жұмыс үшін.

  1. Эссе – бұл тақырып бойынша салыстырмалы түрле еркін пікір айту, көлемі 5…7 бет.

Эссе құрылымы:

  • кіріспе (тақырыпты тұжырымдау, тақырыптың маңыздылығы, тақырыпқа қатысты пікірлердегі қайшылық, тақырыпты қарастыру құрылымы, негізгі талқылауға ауысу);

  • автор алға шығаратын негізгі бөлім (пікірлер (дәлелдер) (2…3); пікірлерді алға шығару кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау, дәлелдер және қолдау – талқылауды қолдайтын фактілер немесе мысалдар; контрдәлелдерді немесе қарама-қарсы пікірлерді қарастыру (олардың неліктен әлсіз екендігін, ал автордың пайымдауының күшінде қалатынын көрсету қажет);

  • қорытынды (негізгі пікірді қайталау, негізгі пікірдің қорғауға дәлеледрді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем; алға шығарылатын пікірдің қабылданбау салдарлары туралы ескерту және берілген тұжырымның пайдалылығы туралы жалпы қорытынды).

Эссені бағалау критерийлері:

  • онда зерделенген материалдың көрсетілу дәрежесі;

  • проблемаға арналған амалдың өзінділігі;

  • дәлелдеме;

  • өз көзқарасын негізделген түрде қорғау қабілеті.

  1. Рефераттау – көпшілік алдында баяндаманың мазмұнын қысқаша баяндау, ғылыми еңбектің немесе баяндаманың тақырып бойынша мазмұны.

  2. Пікір талас тудыру – міндетті түрде меншікті тұжырымдарын құрастыру арқылы берілген проблема бойынша әр түрлі авторлардың көзқарасын талдау үшін әдебиеттермен жұмыс істеу.

  3. Рецензиялау – қойылған проблеманы сындарлы талдау және бағалау.

  4. Шолу – жалпы тақырыппен не біріктірілгені туралы қысқаша ақпарат.

  5. Кейс – проблеманы қою: нақты фактілер мен оқиғаларды сипаттау, бірақ сонымен бірге автор тарапынан баға берілмейді, жалғыз дұрыс шешімі жоқ.

Кейстер келесі түрлі болады:

  • дәстүрлі «гарвардтық» - нақты кәсіпорын фактілерінде жазылған, сөзсіз дұрыс ақпарат, яғни проблемаларды сипаттау емес, талдау, бақылау;

  • өзгертілген – қандай да бір нақты компания туралы мәліметтер пайдаланылып жазылған;

  • компаниямен белсенді ынтымақтастырылмай жазылған жағдайлар – газеттердің, журналдардың, телеарнаның, достардың деректері, жеке тәжірибе;

  • ойдан шығарылған жағдайлар – жоқ зат туралы «ертегі айту», мини- алапат тудырылады, ол өмірде шығанйы болуы мүмкін және бірдеңеге үйретуі тиіс. Қайда, кіммен болатынына сілтеме жасалмайды, бірақ ағымдағы сәттің цифрлары (мысалы, құны) болуы мүмкін;

  • тактикалық – жеке қызмет сферасының белгілі проблемасына қатысты;

  • стратегиялық – қызметтің әр түрлі сфераларына қатысты (бірнеше тақырыпты байланыстырады).

Кейстер жазуға қойылатын жалпы талаптар:

  • көрнекілік (өміршеңдік);

  • ақпараттың маңыздылығы;

  • мазмұндылығы;

  • ақпарат әрекетке әкелуі тиіс (егер цифр маңызды болса, онда қателер жасау, мысалы, ШМК (күлдің) = 0,05 мг/м3, ал ШМК (күлдің) = 1 мг/м3 деп жазу қажет).

  • әрекеттердің динамикалылығы – санада әрекет ету бейнесін тудыратын етістіктерді пайдалану (мысалы, кетті, көрді, жүгіріп келді).

1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық базасы ретінде

МАҚСАТЫ: Экологияның қолданбалы міндеттерін зерделеу

Экологиялық заңдылықтарды тану және шебер қолдану экологияның қазіргі заманғы қолданбалы проблемаларының негізін білдіреді.