Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Егер адам махаббаттың да кедергі емес екенін сезінсе, онда оған үшінші кедергі – сәтсіздік пен жеңілу қорқынышы кез болады. Екі кедергіден өткен адамда қайтуға жол жоқ, сондықтан Нұрлы әлем сарбазы өмірде кездесетін қиын сәттерде төзімді болып, Бүкіл әлем оның мақсатының орындалуына тілектес болып тұрғанын ұдайы есте сақтауы керек.

Осы жолда жеңілістің қаншалықты керегі бар?

Ол керек пе, жоқ па, бәрібір кездесіп тұрады. Адам өз мақсаты мен арманы үшін күресті бастай сала, тәжірибесіздіктен көптеген қателіктерге жол береді. Бірақ тұрмыс мағынасының өзі – жеті рет құлап, сегіз рет тұру ғой.

Адам осы үш кедергіден де өткенде, оған соңғы кедергі – бүкіл ғұмырының арманы орындалу қорқынышы кездеседі. Адам өз арманы орындалғанда, мақсаттары орындалмай қалған адамдардың алдында өзін айыптыдай сезінеді. Жан-жағына қарап, басқалар жетпеген биікке жеткенде адам өзін оған лайықсыз сезінеді. Бұл жолда қаншама қиындықтар болғаны, басынан өткен қобалжу, уайым мен қайғы, арманының орындалуы жолындағы шеккен жапа мен шыққан шығын есінен шығады.

Осы төрт кедергінің ішіндегі ең зұлымы – осы соңғысы, өйткені ол – өз жетістігі мен жеткен жеңісіне қуана білмеуге әкеліп соғады.

...Махаббат – есірткі сияқты. Алдымен бір рахат сезімге бөленесің, өзіңді жеңіл сезініп, сол сезімнің ішінде тұтастай еріп кеткендей боласың. Келесі күні – тағы қалайсың. Сезіну саған қаншама ұнап тұрса да, соған мүлде беріліп кеткенше өзіңнің кез-келген сәтте одан бас тарта алатыныңа сенесің. Ол кезде сен сүйіктің жайлы екі минут ойлап, үш минут ұмыта аласың. Бірақ біртіндеп оған үйренесің де, толықтай соған бағынышты болып қаласың. Енді сен ол туралы үш сағат ойлайсың да, екі минут ұмытатын боласың. Ол жаныңда болмаса, нашақорлар сияқты бір нәрсе жетпей тұрғандай сипалана бересің. Нашақор секілді бір салым есірткі үшін ұрлыққарлыққа да, өлтіріп жіберуге де әзір тұрасың, махаббатың үшін кез-келген қорлануға дайынсың.

...Сүюді сөзбен мадақтау да, даттау да қажетсіз. Сүйеді, болды. Махаббат дәлелдеуді қажет етпейді.

...Махаббат туралы барлық тарихтар бір-біріне ұқсас.

...Нақты тұрмыста біздер орындалмаған махаббатты махаббат деп санамаймыз. Махаббат сүйетін адамыңмен қашан да болса бір қауышармын деген үміт бар кезде (ол үміт әлсіз ғана болса да) сақталып қалса керек.

...Дананың даналығы сүйе білетінінде. Ал ақымақтың ақымақтығы махаббатқа ие бола аламын-ау деуінде.

...Сүйетін адам табу мен жоғалту өнерін де меңгергені дұрыс.

...Махаббат туралы айтудың керегі жоқ, оның өз дауысы бар және өзі туралы өзі-ақ сөйлеп

береді.

...Махаббат – қашан да жаңа. Махаббаттың өмірде неше рет кездескені де маңызды емес: бір рет пе, екі немесе үш рет пе. Әр жолы біз бір бейтаныс және түйсігіміз үшін жаңа жағдайға тап боламыз. Махаббат бізді аспанға шығаруы да, жерге тығып жіберуі де мүмкін, бірақ бұрынғы орнымызда қалдырмайды. Махаббатты кері қайтарып жібере алмайсың, өйткені ол – біздің тұрмысымыздың тамағы. Одан бас тартсақ, жемістен қайысқан өмір ағашының жемісін қолымыз жетіп тұрса да, үзіп алуға батылымыз жетпей, құр қарап отырып аштан өлеміз. Қайда тұрғанына қарамастан махаббатты іздеу керек, оны іздеу өкіну мен мұң сағаттарына, күндерге, апталарға созылса да.

Мәселе мынада: егер біз махаббатты шындап іздесек, ол өзі де біз жаққа қарай беттей бастайды.

Және бізді құтқарады.

61

...Сүюден қорыққан арулар, қорқыныш нәтижесінде махаббатын жоғалтады.

...Махаббат біртіндеп келмейді.

...Махаббатта сұраққа орын болмайды, біз ойландық екен, қорқа бастаймыз. Ол – түсіндіріп болмайтын қорқыныш. Ол, мүмкін, мені қайтарып тастайды, қабылдамайды дегеннен, немесе бұрынғы сүйкімділігін бұзып аламын дегеннен болуы мүмкін. Олай ойлау ыңғайсыздау, бірақ шыны сол. Сондықтан, сұрап жатпай, алаңдамай, іске батыл кірісу керек. Тәуекел ету керек.

...Махаббат әйел жүрегінде ертерек тұтанады.

...Мен танитын адамдардың ішінде бірінші махаббатына үйленген адам жоқ екен. Ал, кейбір әңгімелесе қалған кісілердің ішінде ондайлар кездескенде, олар маған болуы мүмкін кей нәрселер болмай қалып, бір қымбаттысын өткізіп алғандай сезімде жүргендей болатынын айтады.

...Өз тәнін бағындыра білген адам өз рухын да бағындыра алады.

...Махаббат арқылы құтқаруға болатынын білмейтіндер, сенімді де кері итеретіндер.

...Жас жігіт пен қыз бірін-бірі өте жақсы көріпті де үйленуге келісіпті. Жігітте атасынан қалған алтын сағат бар екен, соны сатып, сүйіктісі қолаң шашын тарайтын әсем тарақ сатып алыпты.

Қызда да ақша жоқ екен. Ол ең бай көпеске барып өзінің шашын сатып, жігіттің сағатына алтын бау сатып алыпты.

Той күні кездескенде қыз жігітке сағатқа тағатын алтын бауды сыйлапты, жігіт қызға шашын тарауға әсем тарақты сыйға тартыпты.

...Махаббат мәңгілік. Тек ғашықтар ауысып тұрады.

...Өмірде қай жағынан қарасаң да өзгермейтін, барлық адамдар үшін құндылыққа ие заттар бар, соның бірі – махаббат.

...Өлгенде де жүрегің махаббатқа толы болуы керек.

...Біз алғашқы махаббатымызды ешуақытта ұмытпаймыз, бірақ ол өтіп кетеді.

...Махаббат – тоспа сияқты: онда аз ғана су өтерлік титтей тесік қалса, онда жақын арада тоспа күйрейді және судың ағынын ешкім тоқтата алмайтын уақыт келеді.

Егер махаббаттың алдындағы кедергі күйресе, онда ол барлығын бағындырады: ол мүмкін іс пе, жоқ па, оған бәрібір. Махаббат басқаруға көнбейді.

...Махаббат – ол тұтасып тұрған торлар мен қақпандар. Ол өзін сездіргісі келсе, оның жарық жағы ғана көрінеді, ал жарық түсірген көлеңкені жасырып қалады.

...Ағылшынның бір ақынының «тұнық суға толы резервуар болғаннан, шетінен асыптөгіліп жатқан фонтан бол» деген бір өлеңі бар. Ал мен шетінен асып-төгілу қауіпті деп ойлаушы едім, олай етсем сүйікті адамдарым тұратын жерді су алдырып, сөйтіп, махаббатым мен ынтамды тұншықтырып аламын ба деп ойлаушы едім. Сондықтан мен өмір бойы тыныш резервуардың кебін кештім, ешуақытта өзімнің ішкі тыйымдарым белгілеген шекараны бұзғаным жоқ.

...Кейбір қыздар бірінші кездескен адаммен, егер ол оны өзімен бірге алып кетемін десе, оны жүрегі қалап тұрмаса да, ілесе кетуге әзір. Олар түбінде сүйіп кетермін, көп нәрселер сияқты махаббат деген де уақыттың құзырына бағынады ғой деп ойлайды.

62

...Нұрлы әлем сарбазы махаббатсыз өмір сүре алмайды.

Жылу мен мейірім тарату оның табиғатына сай, оны қажеттілік санайды, кәдімгі тамақ жеу мен су ішу секілді. Күн ұясына кіргенше Нұрлы әлем сарбазы бақытты сезінбесе, бір нәрсенің дұрыс болмағаны.

Онда ол ұрысты қоя тұрып, өзіне серіктес іздеп кетеді, оған Кеш батқанда жалғыз қалмау маңызды.

Егер серіктес таба алмаса, өзінен өзі: «Неге мен өзгелерге жақындасудан қорқамын? Қалайша мен жылу мен мейірім алып тұрып, олардың келгенін байқамай қалғанмын?» деп сұрайды.

Нұрлы әлем сарбазы оңашалықты пайдаланады, бірақ оңашалықтың өзін пайдалануына жол бермейді.

...Егер саған жебе тисе өлесің, одан басқасында Құдайдан үміттенуге болады. Егер сені махаббат дауылы соқса, арғы жағы сенің өзіңе ғана байланысты.

...Адамда өлгісі де келмейтін, өмір сүргісі де келмейтін кездер болады. Ол махаббат та, жек көру де, сенім де қалмаған сәтте кезігеді.

...Махаббат ештеңеде емес, ол – біздің өзімізде және оны біз өз ішімізде өзіміз оятамыз. Кездесулер бізді күтеді, біз одан қашамыз. Тек қана нағыз қиналыс сәттерінде, бұдан былай

ештеңе де жоғалтпайтын болған кезде, немесе өмір бізді шаттандырған кезде бар екені біздің өңімізде де, түсімізде де болмаған нәрсені кездестіреміз, сөйтіп, біздің галактика орбитасын өзгертеді.

...Мен өмір бойы махаббатты өз еркімен болатын саналы құлдық деп санайтынмын. Сөйтсем, алданған екенмін, еркіндік махаббат келіп жеткенде және көңіліңе қонғанда ғана болады екен. Сезімге алаңсыз беріліп кеткен адам, өзін еркінмін деп сезінген адам ғана жан-жүрегімен сүйе алады екен.

Ал кім жан-жүрегімен сүйе алса, өзін еркін сезінеді.

Осы себептен де, мен қалай өмір сүрсем де, өзім үшін не ашсам да, бәрі мағынасыз. Мен мұндай сәт тезірек өтіп кетеді ғой үміттендім, сөйтіп, өзіме-өзім келіп, мені түсінетін және менің ол үшін қайғыруыма жол бермейтін адамды табамын ғой деп ойладым.

Не деп кеттім? Сүйген адам ешуақытта сүйіктісінің жанын ауыртпайды: біз әрқайсымыз өзіміз басымыздан кешкен сезім үшін жауаптымыз және ол үшін өзгені айыптауға қақымыз жоқ.

Бұрындары мен өзім сүйіп қалған адамымды жоғалтып алсам, жаным ауыратын еді. Қазір мен басқаша ойлаймын: ешкім ешкімді жоғалта алмайды, өйткені ешкім де ешкімнің меншігі емес.

Міне, бұл нағыз еркіндік – саған қымбат нәрсенің сенде болуы және оны иемденбеу.

...Адамзаттың ұлы мақсаты – махаббатты сезіну. Өзгедегі махаббатты емес, өзіндегі махаббатты, өйткені оны өзімізде біз өзіміз оятамыз. Ал, оны ояту үшін басқа бір адам керек. Әлем біз өз сезімдерімізді бөлісе алатын адамымыз болғанда ғана мағынаға ие.

...Құштарлық адамға тамақ жеуге де, ұйықтауға да, жұмыс істеуге де мүмкіндік бермей тынышын алады. Көп адамдар құштарлық келіп қалғанда бұрыннан қалыптасып қалған нәрселер күйрейді, құртылады деп қорқады.

Ешкімге өзінің реттеліп қалған әлеміне аласапыран кіргені ұнамайды. Көп адамдар бұл қауіпті алдын-ала көру қабілетіне ие, сондықтан іріп-шіри бастаған құрылысын бекітетін қосымша шаралар көретін құрылысшы сияқты өз әрекетін жасайды.

Кейбіреулер керісінше жасайды: құштарлыққа басын жоғалтып ұмтылады, одан барлық проблемаларының шешімі табылатындай көреді. Өз бақытының бар жауапкершілігін басқа адамға аударып қоя салады және де бақыт оны айналып өткенде де солай жасайды. Олар қашан да, я сиқыр мен керемет күтіп, толық таңырқаумен болады, я болмаса, торығады, өйткені кейбір күтілмеген жағдайлар кездесіп қалып, барлығы күйреді деп ойлайды.

63

Құштарлықтан құтылу мен оған көзсіз берілудің қайсысы аз бүлдіреді? Білмеймін.

...Көңілдің ең терең, ең шыншыл қалауы – біреудің жанына жақын болу. Әрі қарай әсерлер басталады: еркек пен әйел өмірге ғашық болып қалады да әр сәтті рахаттана өткізеді, бірақ осы сәтке жеткізетін, өзара тартылысты түсіндіру мүмкін емес. Ол өзіңді ең таза, шыншыл күйде көру ниетінен болса керек.

Осындай күй кешіп жүргенде, еркек пен әйел өмірге ғашық болады және әрбір сәтті саналы және таң қаларлық етіп өткізеді, керек минутты күтуден жалықпай жаңа ниеттерді мейрамдауды күтеді.

Олар асықпайды, саспайды, санасыз іс-әрекеттермен оқиғаның барысын өзгертпейді. Өйткені қашып құтыла алмайтын нәрсе көрініп қалады, ақиқат көрінетін жолын міндетті түрде табады. Уақыт-сәті келгенде олар оны жіберіп алмайды, өйткені ондай сиқырлы сәттердің әр секундының маңызды екенін олар біліп алған.

...Адамдар семіріп кетпеу үшін режим сақтайды, өз күтімі үшін парик киеді, күнұзақ косметикалық кабинеттерде отырады немесе гимнастикалық залдарда сағаттап жүреді, дене пішімін айқын көрсетіп тұратын киімдерді таңдайды, сымбаты келіспеген болса, оны жасыратын киімдер киеді. Осының бәрі біреулердің жүрегінде от тұтатқысы келгеннен. Соларының нәтижесінде қалаған адамымен төсекке жатады да, бар болғаны он бір минутта ісін бітіреді. Қарап тұрса, аспанға көтеретін ештеңе де жоқ, тағы біраз уақыт өткен соң, ешқандай от сөніп қалған жалынды қайта жаға алмайды.

...Кейде бір еркекті жолықтырып, оған ғашық болып қалатындар бар. Олардың ішінде көбі алда күтіп тұрған ештеңе жоқ болғандықтан және ештеңеден үміттеніп жүрмегендіктен солай жасайды.

...Ең маңызды кездесулер, тәннің жақындасуынан бұрын, адамдардың жан-дүниесінде болады.

Жұрттың бәрі де сүйе алады, ол адам туылғанда бірге берілетін сый. Біреулер оған өте шебер билік етеді, көп адамдар әр жолы жаңадан білім алғандай болады, есіне бұрынғы рахат сезімдерді түсіріп, бұрынғы құштарлықтардың, шаттану мен мұңданудың, құлдырау мен биікке көтерілудің отында қайта жанып, әр жаңа кездесудегі жол көрсетер жіптің ұшын табады.

...Платон бойынша, еркек пен әйел әуел бастан бүгінгідей болып жаралмаған, олар екеуінің бастары екі жаққа қарап тұрған тұтас бір денеде еді. Бір кеуде, бір мойын, бірақ төрт қол мен төрт аяқтары бар, яғни, арқалары жабысып қалғандай кейіпте болған.

Олардың екі басы болғаны жан-жақты жіті бақылауға, төрт қолы жұмысты көбірек істеуге, төрт аяғы табан тіреп ұзағырақ тұруға дұрыс болған. Бірақ, ең қауіптісі, олардың күштері өзінде сақтала тұрып, екі түрлі жынысты бола тұрып, өзіне ұқсағандарды дүниеге әкеле алмайтын еді.

Зевс ол пенделердің күштерін қалай кемітуді ойлап, оларды найзағайдың соққысымен ортасынан қақ бөлген. Содан бері жер бетін адам қаптай бастаған, бірақ өзінің баяғы жартысын іздеймін деп адамдар әлдерін жоғалтқан және саса бастаған. Тек өз жартысын тапқан соң ғана барып олар күш жинай алған, сатқындық жасамайтын болған.

Бірақ Құдай төрт қолды, төрт аяқты адамдарды екіге бөлгенде олардың ішіндегі кейбіреулері жаңа бірігулер жай келісім ғана болуы мүмкін деп санаған.

...Кімді сүйсең, оған жанаспай тұрып-ақ рахаттануға болатынын сезімі бар адам біледі.

...Ең күшті махаббат – әлсіздік көрсетуден қорықпайтын махаббат. Қалай болғанда да, егер ол шын махаббат болса (еріккеннен немесе уақыт өткізгісі келгеннен болмаса), онда еркіндік ерте ме, кеш пе, қызғанышты жеңеді, ол келтірген жан сыздауын жұбатады. Спортпен айналысқан адам біледі: әр күні ауырсынудың бір мөлшері болатынына, қиналатыныңа дайын болу керек. Әуелі ауырсынып, осының не керегі бар еді дегенмен, уақыт өте келе ауырсыну өтіп, жеңілдік пен

64

күш қосылып жатқанын сезінесің. Содан кейін ғана «Ауырлықсыз ешқандай нәтижеге жете алмайды екенсің ғой» деген қорытынды жасайсың.

...Моңғол аңызында жабайы ит елікке ұшырасып, оны тарпа бас салудың орнына биязылығына, сезімталдығына, әсем келбетіне ғашық болып қалыпты. Табиғат заңы бұзылыпты, әлді әлсізін жалмамапты, өйткені махаббат зұлымдыққа бағынбайды, онда ізгілік те, жасампаздық та, тәртіп бұзушылық та жоқ, тек ұмтылыс қана бар. Махаббат табиғат заңын өзгерте алады.

Моңғол аңызы түрлі мәннен махаббат туатынын көрсетеді. Махаббат қарамақайшылықтардан да пайда болады. Қарсы тұрғанда және қайта құрғанда да махаббат сақталады.

Аңызда тегі бір екі жаратылыс өз белгілерімен алмасып, бірінің кейпіне бірі енеді. Ол үшін олар бірін-бірі сүюді үйренуі тиіс. Ол үшін ол бұрынғы қалпынан шығуы керек, өйтпеген күнде олар ешуақытта бірге тұра алмайды. Олар мына өмірді өзгерту үшін бірін-бірі тапқанда ғана ол махаббат деп аталады.

...«Адам нағыз махаббаттың пайда болуына мүмкіндік берген күні барлық ретті нәрселердің бәрі ретсіздікке ұшырайды және біздің дұрыс, ақиқат деп санайтынымыздың барлығы өзгеріп кетеді», - дейді Италияның ұлы ақыны Данте. Адам сүйе білген кезде өмір шын кейпіне келеді, ал оған дейін біз махаббатты таныдық деп ойлап жүре береміз, шын мәнінде махаббатты қалай болса сол күйінде қабылдауға ержүректігіміз жетпейді.

Махаббат – ауыздықтауға болмайтын күш. Оны бақылағымыз келсе, ол бізді ірітеді. Егер біз оны тұтқынға алғымыз келсе, ол бізді құлға айналдырады. Біз оны түсінуге тырыссақ, онда біз адасқандар мен мағынасыздарға айналғанымыз.

Бұл күш бізді Құдайға және біздің жақын-жуықтарымызға жақындастыру үшін, бізге қуаныш сыйлау үшін жер бетінде жүр, бірақ біз бүгінгі күні сүйе білгеніміз үшін біздің тыныштығымыздың әрбір минутына үрей келіп кіреді.

Махаббатқа ұшырағандар ол туралы беткі қабатта тұрған дәстүр мен құндылықтарды ысырып, оның тереңіне үңілсе ғана өзін көреді.

...Махаббат – барлығын табыспен аяқтататын және көркейтетін құндылық. Махаббат – ақыл мен шығармашылықты іске қосатын, бізді тазартатын және азат ететін ететін нәрсе.

...Махаббат шеңбері жайлы аңыз.

Бір күні таңертең бір шаруа монастырьға келіп қақпасын қағады. Қақпашы есік ашқан сәтте шаруа оған жүзімнің бір шағын ұсынады.

-Қадірлім, мынау менің өз жүзімдігімде өскен жеміс. Соны сыйлағым келіп осында келдім.

-Рахмет! Мен мұны аббатқа алып барайын, бұл сыйға ол өте риза болады.

-Жоқ! Мен оны саған әкелдім.

-Маған? Мен табиғаттың мұндай сыйлығына лайық емеспін, сен мені ұялтып тұрсың.

-Менің мұны саған ұсынып отырғаным, қашан келсем де маған есікті сен аштың. Менің егістігім қуаңшылық әсерінен өнім бермей қойған кезде, сен маған бір үзім нан мен бір стакан шарап беріп тұрдың. Бұл жүзім шағы саған өзін әсем етіп жаратқан күннің махаббатын, жауынның әсемдігін және Құдіреттің кереметін берсін.

Қақпашы жүзімді жанына қойып, таң атқанша тамашалады, ол шынында да әсем еді. Ол жүзім шағын бәрібір аббатқа сыйлағысы келді, өйткені аббат оны ақылды сөздерімен ылғи да қолдаушы еді.

Аббат жүзім шағына өте риза болды, бірақ есіне монастырьдағы ауру азамат түсті де, оның өміріне аз ғана қуаныш сыйлау үшін жүзімді соған берді.

Ауру жігітте де жүзім шағы ұзақ тұрмады, ол оны аспазға жіберді, өйткені аспаз оған барлық уақытта дәмді тамақтар беруші еді.

Аспаз жүзім шағын дастарханға қою кезіне әзірлегендей етіп әсемдеді. Одан көз алу мүмкін емес еді. Сөйтті де оны шіркеу жабдықтарын сақтаушы ризничийге жіберді. Өйткені ол киелі мекенге бақылау жасаушы еді. Монастырьдағы барлық адамдардың тыныштығы мен көңіл-күйі соның қызметіне байланысты болатын, оны монастырьдағылар киелі адам санайтын.

65

Ризничий өз кезегінде жүзім шағын ең жас тақуаға берді, осы арқылы ол Құдайдың өнімі Жаратылыстың ең кішкене бөлшектерінде де болатынын түсіндіргісі келді. Тақуа жүзім шағын алғанда оның жүрегі Құдайдың ризашылығына толы болды. Сол сәтте оның есіне монастырьға алғаш келген кезде бірінші болып есік ашқан қақпа ашушы түсті, соның ізгі ниеті оған бұл күнге дейін осы қоғамда жүруіне бастапқы себеп болғанын ойлады.

Сөйтіп ол кеш батқанша жүзім шағын қақпашыға алып барып, оның алдына қойды. Қақпашы сонда барып бұл сыйлық шынымен оның өзіне арналғанын түсінді. Ол жүзімді

біртіндеп алып, асықпай рахаттанып жеді де, бақытты ұйқыға кетті. Осылайша қуаныш шеңбері тұйықталды. Бұлай болуы кім де кім Махаббат Энергиясымен үйлесімде болған кезде кездеседі.

...Әрбір еркек пен әрбір әйел көп адамдар махаббат деп атайтын энергиямен жалғанған. Бірақ ол өзінен бүкіл кеңістік құрылған шикізат қана. Бұл энергиямен айлалы әрекет етуге болмайды – ол бізді жайлап жетелеп отырады, біздің бұл өмірде үйренгендеріміздің бәрі осының ішінде. Біз оны өзіміздің қалауымызға бейімдеуге тырыссақ, онда біз ақыр соңында торығамыз, үміттен айрыламыз, алданамыз, өйткені ол – еркін де жабайы. Біз қалған өмірімізді бір адамды немесе бір затты сүйеміз деген әңгімелермен өткіземіз, шын мәнінде біз бар болғаны азап шегумен боламыз, өйткені махаббаттың күшіне бағынудың орнына, оны азайтуға, сөйтіп, өзіміз өмір сүреміз деп санайтын әлеміміздің шеңберіне сыйғызуға тырысамыз.

...- Мына бір жағдайды көзге елестетейікші: екі өрт сөндіруші орман ішінен бір шағын өртті көрді де, соны сөндіруге кірісті. Өртті сөндіріп болып да, орман жиегіндегі бұлаққа барды, біреуінің беті күйеден көрінбейді, біреуінің беті тап-таза. Екеуінің қайсысы бетін жууға ұмтылады?

-Әрине, беті күйелеші.

-Жоқ, қателесесің. Беті күйелеш жігіт жолдасының бетіне қарап, мен де ол секілді тап-таза болармын деп ойлайды. Керісінше, беті таза жігіт кір-қожалақ жолдасын көргенде, өзіне: «менің де бетім сондай болар, жуыну керек» дейді.

Мен де өзімді ылғи да сүйікті әйелдерімнен іздегенімді түсіндім. Олардың тап-таза, сұлу жүздерінен өзімнің суретімді көріппін. Олар маған қарап, менің бетімдегі күйені көріп, қаншалықты өздеріне сенімді болса да, түптің-түбінде менен өздерінің суретін көргендей болып, өздерін кем санайтын болыпты.

Сондықтан мен оның беті қалай таза болса, өзімнің бетімді де солай таза ұстауға тырысуым керек еді. Мен онымен жолығуым үшін алдымен өзіммен-өзім жолығып алуым керек еді.

...Белгісіз бір солдат өлер алдында қарулас досына қанға боялған көйлегін жыртып адамдарға үлестіруді сұраныпты: «Менің көйлегімді ұсақ бөліктерге бөліп, кім өлімге сенетін болса және кім де кім сол себепті жер бетіндегі бүгінгі күні ең соңғы күніндей етіп өмір сүруге қабілетті болса, сол адамдарға таратып берсеңіз. Ол адамдарға менен сәлем айтсаңыз: олар махаббат деп аталатын жалғыз шындықты іздеуден жалықпасын, соның заңдарымен келісімде өмір сүрсін», - депті.

...Парсының бір данышпаны махаббатты ешкім қашып құтылғысы келмейтін ауруға теңепті. Оның дертіне ұшыраған адам жазылғысы келмейді, қаншама қасірет шексе де емделгісі келмейді екен.

...Тағдыр маған белгі беретін сәттер болды. Мен қанша жылдан бері бірге тұрсам да әйелімді жақсы білмейтінімді байқадым. Менің өзім жасаған «Махаббат туралы тарих» фильмдерде көрген, кітаптарда оқыған сюжеттерге ұқсапты. Менің тарихымда «махаббат» өсетін, дамитын, белгілі бір көлемге жететін нәрсе болып, бұдан былай оны тек тірі күйінде сақтау, өсімдік секілді суарып, бұтақтарын реттеп күту ғана қалған секілді болыпты. Ол сонымен бірге нәзіктіктің, сенімнің, мәртебенің, жайлылықтың, жетістіктің синонимі секілді екен. «Махаббат» жылы жымиысқа, «мен сені сүйемін» немесе «сенің үйге келгеніңді ұнатамын» дегенге ғана сүйенгендей болыпты.

66

...Жаңа ғасырда әйел қоғамда ерекшелеу рөлге ие бола бастайды.

...Біз ылғи махаббат пен мақұлдауды іздеумен боламыз, адамзаттың жаратылысы бізді ең жақсы нәрселерді ғана бөлісуге мәжбүрлейді.

...Сағаттап сөйлеспей-ақ бір-біріңнің қатысып отырғаныңды сезіну де бақыт.

...Әйел – бір киелі жаратылыс иесі. Әйелдік қуат, ол – киелілік пен пенделік арасында қабырға тұрып қалуын болдырмайды, ол – құпияның, танылмаған нәрсенің қисыны, кереметтің қисыны.

...Адамдарға өзі сенгісі келгені ылғи да ұнайды.

...Мен үшін махаббат – ең қиратқыш және ең жасампаз күш.

Мырзагелді Кемел:

Махаббат – өте биік ұғым, сирек кездесетін құбылыс. Оны бір ауыз сөзбен түсіндірсек: саған жақсы болуын қалаймын... Егер: «бізге жақсы болса екен» делінсе, онда теңдік бар, бірақ саудаласу да бар, ол махаббат емес.

Любовью заболеть каждый сможет, Любовью исцелять не каждый способен,- депті ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген өзбектің ақын

қызы Увайсий. Қазақшасы: Махаббатпен ауыру қиын емес, Махаббатпен емдегенге не жетер.

* * *

Жан қалауынан махаббат, сана қалауынан достық, тән қалауынан құмарлық туады. Демек махаббат пен құмарлық екі басқа. Қайың отпен достасуға құмартыпты. От қайыңға өзінің жалындаған гүлін ұсыныпты. Жас қайыңның күлі ғана қалыпты.

* * *

Махаббат, үлкен есеппен алғанда, адами сезім емес, Құдайлық сезім, адамдарда осы сезім қаншалықты мол болса, адам Құдайына соншалықты жақындай түседі.

* * *

Адамның махаббаты алдымен Аллаға, одан кейін ата-анасына, сүйікті адамына, балалары мен туыстарына бағышталуы тиіс.

* * *

Еркек – рух, яғни, өрістік құрылым, әйел – тән. Әйел еркектің қабырғасынан жаралған дегенді ғылым тілімен айтсақ, өріс – затты тудырады.

* * *

«Я, мені Жаратушы Тәңірі! Менің саған деген махаббатым – менің үлкен бақытым және өмірімнің мағынасы. Бұл тірлікте мен иеленген және ие болатын бақыт – маған және менің ұрпағыма Саған деген махаббатымды арттыратын құрал мен тәсіл. Менің өмірімде болған және болатын бар жағдайды Сен жіберген сый ретінде қабылдаймын, менің жаным оны сүйіп қабыл алады» дей білген және сонысына шынымен сенген жан – жетілген адам.

* * *

Махаббат – ең негізгі құрылым, егер ол бүтін болса, басқа қателіктер апатқа алып келмейді. Адамдар махаббатты көп сезімнің бірі деп ойлайды, оны өз қалауына бағындырғысы келеді. Ол дұрыс ниет емес. Біз өзіміз махаббаттың бір бөлігіміз, ол жер шарын құшақтап тұр. Махаббат пен өмір бізге берілген, біз оны бұзуға тиіс емеспіз. Ал бізде ұсақ жекеменшік пиғыл пайда болып,

67

өзіміздегі махаббатты өлтіре бастасақ, онда – әлем кеңістігімен байланыстырып тұрған ең жоғарғы рухани құрылымды жойғанымыз, біздің өзімізге тиесілі емес нәрсені бағындырғымыз келгені.

* * *

Әйел рухани жағынан бай немесе дарынды болса, оның бала туу мүмкіндігі қиындай түсетіні жиі кездеседі, я болмаса туған бала толыққанды болмайды.

* * *

Жұбайлар бірі-бірінің көңіл күйі уақытша болмай қалу құқығын сыйлағаны дұрыс, үйлену өз құқығыңды басқаға беріп, оның міндеттерін бөлісу деген сөз.

Тең теңіне өте сирек кездесетініне билігі мен байлығы бар еркектің әйелінің жүріс-тұрысын көргенде көзің жетеді. «Әйеліне қарап еркегін бағала» деген.

* * *

«Менде байлық жетеді» деудің керегі жоқ. Мен деген сөзді затқа, ақшаға, машинаға, үйге байланысты айтуға болмайды. Орыстардың «люблю» деген сөзді осыларға да арнайтыны махаббат деген киелі ұғымның мағынасын төмендетеді.

* * *

Өмірде қарама-қайшылықтар көп. Үйде тәртіп болғанды жақсы көретін әйелге тәртіп бұзғыш еркек тап болады. Бұл пенделік тіршілікті ерекше идеал еткеннен туады. Жұбайлыққа адалдық, үй ішіне ұқыптылық, тазалық пен тәртіпті сүю, тұрмысты қалыпты ұстау, тыныш тірлік ұнайтын әйелге арақ ішетін, «балыққа» кетіп қалатын, ақша үнемдемейтін, үйге сыймайтын, ұрыскеріске үйір адам кездеседі.

* * *

Әйелін қатты қызғанатын, оған ренішті немесе оны жек көретін адам әтек болуға өзі қолайлылық туғызады.

Ал бір адаммен ғана қатынас жасауға өзін бағындыра алмаған әйелдерден сайқал шығады.

* * *

Егер еркек әйелді жек көрсе, ауырады. Ол – рухтың тәнді жек көргенімен бірдей. Ал егер әйел еркекті жек көрсе, ол бедеу болады. Жанын жек көрген тән өмір сүре алмайды. Ерлізайыптыларда ері әйелінің, әйелі ерінің рухы таза болуына көмектеседі.

* * *

Махаббат – адамды уақытша топастандыратын іс. Он сегіздегі кезінде бойшаң, әдемі, бай, тәрбиелі жігітті аңсап идеал жасаған қыз көңіліндегіден басқалай жігіттерге үстірт көзқараста болады. Әдетте, нақ сондай мінездегі қыздар отырып қалады. Он жыл өткен соң, іштей: «Менің көңілімдегіден сәл төмен болса да мейлі» деп ойлай бастайды. Көбіне ол да болмайды. Тағы бес жыл өткенде өзінен анық төмендегілерге көз салудан арланбайтын болады. Тағы бес жылда «кім болса сол болсын, мейлі» деуге көшеді. Сонда ғана оған бастапқы кезде аңсағанындай жігіт кездесуі мүмкін. Демек, идеал жасап, тек соны күту идеалыңнан алшақтатады.

* * *

Бойжеткен қыздың ата-анасы кейбір қыздарды «жеңілтек» деп сынап-мінеп отырса, қызы өзін сақтау мақсатында ешкімді жолатпайтын кінәмшіл, бейкүнә қалпын қалайда сақтауды басты міндет санайтын пиғылда жетіледі. Ондай пиғыл санада абыржу, алаңдаушылық туғызады. Қыздың «отырып қалуына» басты себептің бірі – осы.

* * *

Жас келіншек «Менің шешем ылғи қыз туған, ұл тумаған» деп ұдайы ойлай берсе, ұл тумауы мүмкін. Әр істе адам өз ойын жігерленуге бағыттағаны дұрыс.

68

* * *

Еркектердің өмірге көзқарасында өркөкіректік басым. Мәселен, әйелі кетіп қалған еркек «мен әйелімді қоя бердім» деп отырады, «әйелім тастап кетті» деп мыңнан біреуі ғана айтуы мүмкін.

* * *

Қазіргі әйелдер еркек туралы шындап шешімге келерде алдымен тиімді-тиімсізін саралайды. Екеудің бірін таңдайтын болса, тиімдісін, яғни, кім дұрысырақ қамтамасыз ете алатынын таңдайды.

* * *

Махаббат – биік ұғым, ол тек бір адамның екінші бір адамға сүйіспеншілігі ғана емес. Сол ұғыммен қатар жезөкшелік деген ұғым жүреді, ол – махаббатты жер жастандыратын қарсы ұғым. Кей адамдар махаббаты мол секілді көрінгенмен, жанының жезөкшелігін жасыра алмайды. Үлкен ақын да, айтулы ғалым да, атақты суретші де, саясаткер де жаны жезөкше болып кездесуі мүмкін. Қажет кезінде жақсы көріп, керек болмаған күні теріс айналу да – жан жезөкшелігі.

Билікқұмарлықтан келіп шығатын ашкөздік, қатыгездік – жан мен тән жезөкшелігі. Сондықтан билікқұмарлық – адамдағы барлық кемшіліктердің ең ауыры әрі зияндысы.

* * *

Махаббат пен достық екеуінің бір айырмасы: достық бір жақты болмайды. Тағы бір айырмасы: достықты адамның өзі таңдап алады, махаббат көбіне ұрын келеді.

* * *

Шын махаббат қолайлылық әкелмейді. Тарихта да, дастандарда да шын махаббат қосылмай қалғандардың арасында болады.

* * *

Кей әйел махаббатты қызғанышпен қорғап қаламын деп ойлайды. Махаббатты қызғанышпен қорғай алмайды, құртады. Қызғанышпен махаббатты емес, көрсеқызарлықты, жеңілтектікті, жауапсыздықты ғана қорғауға болады.

Егер жақсы көретін адамымыз біздің ең ізгі және кіршіксіз сезімдерімізді таптаса да, махаббатымызды сақтап, сүйікті адамымызды кешіре білу қабілетіміз қаншалықты биік тұрса, адами бақытқа да соншалықты мол ие бола аламыз.

* * *

Әйелі бар еркекті әйелінен айырып, оны жақсы көріп қалған әйелге қосу қазіргі дуагөйлердің қолынан келеді. Бірақ, отбасын бұзған адамның әрекеті ізсіз қала алмайды. Өз бақыты үшін өзге біреуді бақытынан айырудың түбі бақытқа апармайды. Адамды еркінен тыс теріс әсерге итермелеушінің қиянаты да ізсіз қалмайды.

* * *

Әрбір мезетті өзгелерге мін тағу емес, төңірекке махаббат тарату үшін пайдалану керек. Адамның махаббаты қаншалықты мол тараса, кеудесіне одан да көп махаббат келіп құйылады.

Кісінің жаны махаббатты қаншалықты көп таратса, адами құндылықтарға да соншалықты көп тәуелді болады. Егер Жан махаббатты тудырмаса, онда ол өшпенділікті тудырады. Егер мені біреу ренжітсе, іштей: «Мен сені жақсы көремін» деп тұруым керек. Егер біреу маған жақсы қылық көрсетсе, оған да соны айтқан дұрыс. Бейтаныс адаммен сәлемдесуге ұялған кісі онымен ойша тілдессін. Әрбір осындай жағдай – бір кісінің өзге бір кісіге махаббат жолдап жатқанын білдіреді.

* * *

69

Бүгінгі күнгі ең үлкен күпірлік – тұрмыстық жағдайы жақсы болуы үшін адам өзгелерді жек көруі, сөйтіп махаббатты сатуы, ал ол адамдағы имани сезімді өлтіреді, өзгелердің сезіміне де шабуыл жасайды.

* * *

Еркектің табиғаты от секілді, тез жанып, тез сөнеді, әйел су сияқты, жай ысиды, бірақ сууы да жай болады.

* * *

Толстойдың әлемге әйгілі романындағы Анна Каренина өзінің сүйіктісі Вронский үшін әрқашанда әдемі киініп жүреді. Тіпті үйде ешкім болмаған кездің өзінде де. Тек сол сүйіктісі ғана Аннаны өзіне төсек тартымдылығы күшті етіп сезіндіреді. Сондықтан да ол тіпті ешкім оған қарап отырмаса да, өзі де байқамастан, күнделікті тірлігінде осы рольді ойнайды. Соған қарағанда, күйеуі әйеліне әлемдегі ең тартымды жан екенін үнемі білдіріп отырса, ол шынымен де сондай әйелге айналады екен. Әйел өзін ең сүйкімді, ең көрікті сезініп, осы бейнеге еніп, күнделікті өмірде соны ойнай бастайды. Ол әлдеқайда жақсырақ киінуге тырысады, өзін бұрынғыдан сенімдірек ұстап, айналасындағы барлық еркектердің назарын өзіне аударады.

* * *

Адам өмірін жарқыратып көрсететін және қасиетті ететін нәрсе – махаббат. Махаббат өмірдің сәні болатын. Бойына махаббат келіп қонғанда адам өзінің мүмкіндігін толық аша алады. Сүйетін адам ерлік жасауға, өзін өзі құрбан етіп жіберуге әзір тұрады.

Сол киелі нәрсе бүгінде өзгеріске ұшырады. Адамның адамға деген махаббаты қазір аз. Ол бұрынғы қалпынан айрылып, маргиналға айналды. Бұл – біздің бүгінгі тұрмысымыздың көрінісі.

Бүгінгі культ махаббат емес, ақша. Махаббат кейінгі қатарға көшті. Бірақ осының уақытша екеніне іштей сенгісі келетіндердің қатарындамын. Өйткені ақша – уақытша мода, махаббат олай емес. Еңбек пен шығармашылық сияқты.

* * *

Махаббат пен достық бір күні жолда кездеседі. Махаббат, өзіне сенімді түрде Достықтан сұрайды: «Мен саған қарағанда жағымдырақ, сенен сүйкімдірекпін. Дүниеде сен не үшін қажетсің?» - деп.

Достық: "Сен кеткенде артыңда қалған көз жасты сүрту үшін..." - депті.

Махаббат пен Уақыт

Бір кездері Байлық, Тәкаппарлық, Қайғы, Қуаныш, Махаббат, Ақылдылық барлық сезімдер бір аралда тұрған екен: т.б. Бір күні арал суға бата бастады да, барлық сезімдер кемелерге отырып аралдан алыс кетуге асықты. Тез арада бос кеме қалмай қалды. Махаббат кемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды. Аралдың тез батып бара жатқанын көріп, Махаббат басқа сезімдерден көмек сұрауға жүгірді.

Байлық өте үлкен кеме ішінде жалғыз отыр екен. Махаббат:

-Байлық, мені қасыңа алшы, маған кеме жетпей қалды, - деп жалынды.

-Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен күміс өте көп, саған орын жоқ! - деді Байлық. Махаббат өте әдемі кеме ішінде кетіп бара жатқан Тәкәппарлықты көріп оған:

-Тәкәппарлық, маған көмектесші, жалғыз қалып барамын! – деді.

-Саған көмектесе алмаймын, Махаббат. Үсті-басың су болып қалды, кемемді кірлетесің! Қастарынан Қайғы өтіп бара жатыр екен, Махаббат Қайғыға дауыстап:

-Қайғы, сенімен барайыншы...

-Уф, Махаббат, сондай қайғылымын, жалғыз қалғым келеді - деді Қайғы.

Қуаныш та Махаббаттың қасынан өтіп барады, бірақ шаттанғанынан Махаббаттың сөздерін естіместен өте беріпті.

Бір кезде: "Кел, Махаббат, сені қасыма алайын" деген дауыс естіледі. Бұрылып қараса, оны қасына шақырған жасы үлкен бір ақсақал екен. Махаббат қуанып оның кемесіне отырып алады.

70