Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Бертран Рассел, Нобель сыйлығының иегері (Англия).

* * *

Шын сүйе алатын әйелдер ғана.

Ги де Мопассан.

* * *

Болмау үшін сүюдің жолы жаңа, Қыз үлесі қашан да – болу ана.

«Жаным» деген жігітті жек көрмеңдер, Өзі сүю – қыздардың соры ғана.

Ақұштап.

* * *

Әйелдің бір аты – жәннат, бір аты – ақырет. Әйелмен тұруға да болмайды, әйелсіз тұруға да болмайды.

Асқар Сүлейменов.

* * *

Ақын әйелді гүлге теңейді, ал прозашы әйелді әйелге теңейді.

* * *

Сүйе білмейтін адам ақылды да бола алмайды, алғыс та ала алмайды, сүйікті де аталынбайды.

Раджииш.

* * *

Клод Нугаро деген әншіден: «Это жена моей смерти» деген сөз қалыпты. Сырт қарағанда адамды таңдандыратындай сөз болып көрінгенмен, «сол әйелмен ғана өмірімді өткізуді қалаймын» дегенге келеді, ол – махаббат киесі қонған адамның сөзі.

* * *

Махаббат бір киелі нәрсе. Оны екінің бірі сезіне алмайды және басынан кеше алмайды. Ол үшін махаббатқа бейімдік, сезімталдық, ғашық болу құдіретін сезіну болуы тиіс.

* * *

Бір кездері телеарналардың бірінде қызмет істеген журналист әйел бірде маған биік билік иесіне өлердей ғашық екенін айтты. Ол арманы орындалуы мүмкін емес екенін білсе де, ғашықтығы өрши берді. Ақыр соңында өз атына сол кісінің келіні деген ат қосып, сол кісінің анасының атындағы қор құрып, сол ананың атынан мешіт ашамын, медресе саламын деп қала басшыларын сендіріп, ақыры сол ниетіне жетті.

Бұл да ғашықтықтың бір түрі болса керек...

* * *

Махаббат дегеніміз – айырылысу, түсініспеу, қызғану, күйіну, жерлеу азабы ма?

* * *

Пейілін берген кісіге пейілін бермеген – кәпір! Бұл Мұхаммед пайғамбардың хадисі. Бұл сөзді біреуге ғашық болған адамның ғашықтығына оң қабақ білдірмегені үшін кәпір атауға қақысы бар деп санауға келмес.

* * *

«Қырыққа келдің – нәпсіңді қырық» деген Қожа Ахмет Иассауидың сөзі бүгінгіге оншалықты сәйкес келмейді. Әлішер Науайының «Қырыққа келдім – кәрілік келді» деген сөзі бар.

21

Абайдың: «Қартайдым, қайғы ойладым, ұлғайды арман» деген өлеңі 55 жас шамасында жазылған. Абайдан соң да жүз жылдан астам уақыт өтті. Кешегі қырықтағылардың қалпы бүгінгі алпыстағылармен, тіпті, одан да әріректермен теңдес.

Дегенмен бақыт – қанағатта.

* * *

Біз өзімізді жақсы көреміз, өйткені біздің мінезімізде және ойларымызда барлық адамдарға махаббатпен қарау бар, бергеніміз өзімізге көп есе болып қайта оралатынына біз сенеміз. Ішкі әлемімізге тек өзімізді жақсы көретін адамдарды шақырамыз, себебі олардан біздің өз болмысымыз айнадан көрінгендей көрінеді. Біз өзімізді жақсы көреміз, сондықтан да тек бүгінгі күнмен, оның әрбір сәтінен рахат ала өмір сүреміз және бізді жарқын да қуанышты болашақ күтіп тұрғанына сенеміз. Шын мәнінде бұл солай.

* * *

Махаббат – таңдауға тұратын құндылық. Оны ашулану, жек көру, мұңға орану секілді етіп таңдау керек. Біз барлық таңдаулардың ішінен махаббатты да қоса таңдадық. Бұл таңдауды іштей бүкіл өміріміз барысында жасауды қалап тұрмыз.

Алмас Темірбай:

...Сұлулығың құпиялы, сиқырлы, Арбап алды күлкім менен ұйқымды. Сені айтам-ау, сен туралы айтылған Сөздің бәрі сұлу әрі сүйкімді.

Серік қылған сендей сұлу еркені, Адам ғана арманына жетеді. Саған қолы жетпей қалған жігіттің

Маңдай соры бес елі емес, жеті елі…

...Періштеде не құны бар пенденің?! «Періштесің...» десе біреу, сенбегін! Қырық қыздың қылығы бар күнәсіз, Кенжесісің сезімімнің Сен менің...

Періштеге құмар екен неге адам?! Кім болса да, келіспеймін мен оған! Пішту, маған періштеден не пайда?! Артықсың ғой, айналайын, Сен одан...

Қырық қыздың таттым тәтті дәмінен, Ең кенжесі ─ ыстық екен бәрінен! Қырық жылдан кейін қайта жолықсаң, Қырық қыздың арасынан таныр ем...

Кінәлама, бар сырымды білгенде, Қызғаныштан қызып-жанып бір демде. Отыз тоғыз қызбен ойнап-күлмес ем, Қырқыншысы кездесерін білгенде...

...Құмартып хор қызындай қылығыңа, Батсам ғой балдай тәтті тұнығыңа. Аһ ұрып, бұ дүниеден безер болсам, Асылып өлер едім бұрымыңа...

Қос көзің – қолтаңбасы шапағаттың, Қос ерінің – қызыл мөрі махаббаттың. Айсыз түнде... алдымда еркелетіп, Келеді кең дүниені аралатқым! Қылықтың берген Құдай саған бәрін,

22

Сұлуды сен сияқты таба алмадым! Келе ғой, құшағыма кіріп кетші, Күнәдан өзім сақтап қалам, жаным...

Сұлудың сенен басқа керегі жоқ, Себебі, себебі оның... себебі көп! Өлмейсің, мәңгі тірі жүресің сен, Ұлы ақынның ұмытылмас өлеңі боп!

* * *

Жалғыздықты және махаббаттың жоқтығын сезінетін адамдар өз төңірегінде өзгелерді ізгі армандары мен терең сезімдерін бөліспейтіндей және құпияларына бойлай алмайтындай етіп қорғаныс қабатын жасап алады. Олар іштерінде бір бос кеңістік бар екенін сезеді және осы бос кеңістігін толтырарлықтай қатынастар жасауға тырысады.

* * *

Біздің көбіміз үшін жеке қарым-қатынас бірінші рөл ойнайды. Мүмкін біз ұдайы махаббат іздеумен келген болармыз. Бірақ махаббатты іздеу бізге барлық талаптарымызға сай келетін сенімді әріптес табуға көмектеспейді. «Мені біреу сүйсе, менің өмірім өзгеріп кетер еді» деп ойлау жолына түсуге кеңес беру де жөн болмас еді. Махаббат іздеусіз өзі келуі тиіс. Біздің махаббатымыз солай келген». Бұл сөздер менікі емес, бірақ ойымдағы сөздердей.

Күләш Ахметова:

Тыңдаңызшы!

Жас шынар әндетеді, Айтады олар:

Дүние сәнді екенін, Бір жаманы – бұл ғұмыр қысқа екенін,

Бір жақсысы – махаббат мәңгі екенін. Қандай шынар! Сұлу да, биік те тік! Бір-біріне қылығын сүйікті етіп, Қараңызшы, Дірілдеп қуанады

Жапыраққа жапырақ тиіп кетіп. Самал желге – жүгірген тасып хабар – Сыр айтады ұзақ та, ашық та олар. Күрсінеді, қарайды біз сияқты Бір-біріне олар да ғашық болар?

* * *

Джеральд Ямпольский “Махаббат дегеніміз – қорқыныштан құтылу” дейді. Махаббат пен қорқыныш бірін-бірі жояды. Бізді махаббат басқармаса, қорқыныш басқарады. Жалғыздық сезімі, ыза мен айыпты сезіну – қорқыныштың салдары. Ол қорқыныш күйеуі бар әйелде де, әйелі бар еркекте де бола береді.

* * *

Бұрынғы кезде қазақтар тұрмыста болып, қайтып келген әйелді «жуан» дейтін болған. Олар отырып қалған, оң жақта отырып бала тауып алған қыздардан, әмеңгерлікті ұстанған әйелдерден бағасыздау болған, төмендеу саналған.

* * *

Махаббатта қаншама көп болса да, аз секілді көрінеді.

* * *

Еркектерге батылдық қандай қажет болса, әйелдерге ар-ұят сондай қажет.

23

* * *

Жіп бір жерден үзілмесін: үзілген жіптің жалғанған жері білініп тұрады. Көңіл де сондай...

* * *

Көп әрекеттене берме, барлық жақсы нәрселер кездейсоқ болады.

* * *

Ғашықтық азап, азабы ғажап бірақ та, Дертінде тозақ деміндегісі жұмақ па? Шын ғашық болсаң біріңді бірің жылатпа, Жылаттың екен, жыласын ғашық, жұбатпа!

Жыласын ғашық, жылауы әбден тарқасын, Күйігі бойға, күйініші ойға тарқасын. Ғашықтар жылап, дүние құлап қалған жоқ, Дүние – жалған, бірде – жалын, бірде – шоқ!

* * *

Күн барлығына бірдей түседі, ал ең бақыттылары ғана күйеді. Махаббатта да солай.

* * *

Қадыр Мырза Әли:

...Сүйгеннен басқа мұңым жоқ, Күйгеннен басқа мінім жоқ. Қинайды мені күндерім, Асылым бар да, құным жоқ.

...Жалғыз басты әйелдің күні күн емес, Түні одан да бетер.

...Әйел – бір кісілік қана махаббат қайығы.

...Әйелдің бір құдіреті: кімге ұнағысы келсе, соған ұнайды.

* * *

Адам көптеген жылдар өз қалағанындай етіп өмір сүргісі келіп, сол сәт таяп келгенде көңіл қалауының барынша азайып-ақ қалғанын байқайды.

* * *

Адамдағы қызғаныш секілді пәс сезім мәдениет пен білім дамыған сайын жойылып кетеді.

Жанат Әскербекқызы:

Сен және Мен, арамызда – сұр тұман,

...Сұр тұманның құрсауында бұлқынам, Сені менен, Мені сенен суытар

Пенделік іс – бір күнәң мен бір кінәм.

Сен және Мен – арамызда қараша,

Жүрек сұрар қарашадан араша. Біздің жайды ұғар еді-ау өзгелер,

24

Жылап жатқан жапыраққа қараса...

Сен және Мен – қос қиырда... тіріміз,

жете алмадық бірімізге біріміз, - көкірегі сағыныштан шерленіп, арамызда елші болар мұңымыз.

Сен және Мен – жөн болмады-ау мұнымыз,

кете алмадық бірімізден біріміз. өліп қалған сор-сезімді жерлемей, кеудемізді табыт қылған түріміз.

Сен және Мен – бұл жазуды не етерміз,

әрі жақын, әрі мүлде бөтенбіз. кінәласып, сағынысып, өшігіп, екеуіміз ана әлемге кетерміз...

* * *

Түйінді шапсаң, жіп қысқарады. Қайтып біріктіремін десең, тағы түйін пайда болады. Түйінді асықпай шешсең жіп бүтін күйінде қалады. Махаббатын сақтай алмау қаупіндегілер осыны жадында тұта жүргені абзал.

* * *

Ғылымда: бірінші қателік тұтас қателіктерге алып келеді деген тұжырым бар. Бұл тұжырым махаббатқа сәйкес келмейді.

* * *

Аққу аз, қарға көп.

* * *

Ең жаманы – адамның көкірегінде ешқандай сенім қалмаса да үміттене беру.

* * *

Махаббатта өте көп дегеннің өзі аз.

* * *

Махаббат негізінен бір жақты нәрсе.

* * *

Өзенде балық көп... Өмірде әйел көп... оның бәрін, бәрібір, тауыса алмайсың....

* * *

Адамдар үш жағдайда: ересен ашу қысқанда, ғашық болғанда және жоқшылықта есінен адасады.

* * *

Бақыт – жеңіске жету. Махаббатыңның жауабын махаббатпен алу – бақыттың шыңы.

* * *

Көздеріңмен құрық салдың, Тұтқындадың, тұрып қалдым.

25

Сенсіз жүрсем, жетер қайғым – енді өзіңнен кете алмадым. Жанарымен қамауға алған сендей сұлу талайға арман! Сол жанардан сыр аңдаймын, шідерлеулі шұбардаймын.

Андрей Беляев.

* * *

«Алла адамдардың істерін өздері әрекет жасамағанша оңдамайды» деген Құран сөзі бар. Бұл махаббатқа да қатысты.

* * *

Адам басындағы бағын қонғанда емес, ұшқанда біледі. Махаббатта да солай. Жоғалтып алып іздейсің. Таппай жаның күйзеледі.

* * *

Күтпеген жерде кез болдың, сен мынау қара бұрымсың! Телмірген талай көздердің түбіне жетер зұлымсың!..

О бастан саған гүл ынтық, көбелек қонса той қылар. Жібере ме деп жынұртып – қорқады сенен ойлылар!.. Жап-жақсы жүрген жандарды сайқалсың жерге қаратқан! Ақымақтар мен аңдарды Құдайсың қайта жаратқан!.. Шын алтын қолда тұрмайды, қолда бар кезде жездейсің, Біреулер сені ұрлайды, ұрланғаныңды сезбейсің!.. Айналып кейде көп қызға келмей-ақ қойдың ретке. Алданып жүрген жоқпыз ба Жыр қылып аңқау жүрекке?! Тұтқының болып қалғанға арналған жалғыз оқпысың? Осынау жұмбақ жалғанда Бармысың, мүлде жоқпысың? Түлкіге ұқсап қарға аунап, Жауаптан қашпа, жас айым! Бар болсаң біраз тергеуге ап, жоқ болсаң қолдан жасайын!..

Жарасқан Әбдірәшев.

* * *

«Қазан астына отты жаға берсең, қақпағын лақтырмай қоймайды» - дейді Қадыр ақын. Махаббатты да сынап, тергей берсең сондай нәтиже береді.

* * *

26

«Жаратқаннан көп сұрап, көп алмаңдар, ертең қайтаруы қиын болады» деген әулие Ванганың сөзін махаббатқа қатысты қарап көрсек, бір себептермен махаббаттан бас тартатын жағдай болса, өзіңе не әріптесіңнің, болмаса екеуіңнің де басыңа қайғы түседі деп түсінсе болады.

* * *

Махаббатынан айрылғандар бұзауы өлген сиырдай. Яғни, өлген бұзаудың терісіне сабан тығып жасаған тұлыбына мөңіреп жүрген сиыр сияқты.

Бірақ ол үшін махаббат бәрібір жек көруден биік күйінде қалады.

* * *

Жақсы көру – жақсы көрген адамыңа сену.

* * *

Махаббат – емші. Махаббатты сезіну – барлық кедергілерді жояды.

* * *

Махаббат қандай болғанда да бәрібір жек көруден биік.

* * *

Көргендіден қыз алсаң, тік тұрып қызмет етер, көргенсізден қыз алсаң, қойныңа жатқанын міндет етер.

* * *

Ғашық болу – бір оқыған кітабыңды қайта-қайта оқи түскің келу немесе сүйікті жазушыңның өзге шығармаларын аса құштарлықпен іздеу.

* * *

Махаббат – сәулесі зор құдай нұры, Сол нұрды көрген адам қалмас құры.

Мәшһүр Жүсіп.

* * *

Өзің қандай болсаң, әйелге сондай қалпыңды көрсет. Алдама. Өзің алданасың.

* * *

Махаббатта артық бағалау көп кездеседі, кем бағалау болмайды.

* * *

Махаббатқа бағынғандар бал ғана жаламайды!

* * *

Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Кеңес Үкіметі түрлі елдерде елшіліктер ашып жатқан кез. Италияда жаңадан елшілік ашылып, сол жерге бір жас орыс офицері қызметке келіпті. Бірер жыл өтіп, тіл үйреніп, елге үйреніскен соң, жігіт түрлі ресторандарға барып кешкі ас ішіп жүріп, солардың бірінде ән айтатын әйгілі бір әнші әйелге құмартып, соның әнін кешқұрым барып, ұдайы тыңдайтын болыпты. Құмарлық сезім ғашықтыққа ұласып, күндердің күнінде ән арасындағы аздаған үзіліс кезінде қасына барып:

-Сізбен бір түн бірге болу қанша тұрады? – деп сұрапты.

-Миллион лир, - депті әйел.

Жігіт ертесіне елшіліктің кассасында тұрған бар болғаны бір миллион лир ғана ақша бар екен, соны тұтастай алып, сол күні кешкісін әнші әйелге барып оның белгілеген сомасына келіскенін айтып, екеуі сол түні бірге болады.

Таңертең жігіт таңертең әншіге келісілген ақшаны ұсынады. Әйел:

27

-Мен сені көптен бері бақылап жүрдім. Менің әндерімді біраздан бері тыңдаумен келдің. Маған деген көзқарасыңнан көп нәрсені байқадым. Маған ақша қат емес. Сенің маған деген ниетің менің де сезімімді оятты. Сондықтан сенің ұсынысыңа келістім. Әйтпеген күнде мен сенімен бірге болмаған болар едім. Енді екеуіміз бірдейміз, мен саған ұнасам, сен маған ұнадың. Төсекте де жақсы үйлесім таптық. Пейілімді сату әуелден-ақ ойымда болмаған еді. Сондықтан ақшаңды алмаймын. Мұнша мол дүние оңайлықпен келмеген болар, алып барып, орнына қой, - дейді.

Жігіт ақшаны елшілік кассасына апарып қоя салмайды. Ол қаладағы гүл сататын дүкенге барып: «Мына ақшаға бәлен деген әншінің үйіне үш жыл бойы күніне бір букет гүл жіберіп тұрыңыз» деп тапсырыс береді.

Гүл сатушы ол ақшаның үш жылға жете қоймайтынын айтып жеті жүз күн гүл жіберіп тұруға келісіп, ақшаны алады.

Арада аз өтпей елшіліктің кассасындағы ақшаның жоқтығы мәлім болады. Елші сұрастырып, ақшаны кім алғаны, қайда жұмсалғаны жайлы мән-жайға қаныққан соң жігітке:

-Сен елге қайт, мына ақшаны аз-аздап есептен шығаратын бір амалын жасармын, сөз тарап кетпесін, - дейді.

Осы жерде үш адамның мәрттігі көрінеді. Әуелі жігіттің ұсынған ақшасын алмаған сұлу әнші мәрт, бұл – ғашықтықтың, үйлесімнің белгісі; екіншіден, жігіт мәрт, алдымен ақшаны алғаны үшін атылып немесе сотталып кететінін біле тұра, ғашықтық жолында осы әрекетке барғаны үшін және әнші ақшаны қайтарып бергенде де қуана-қуана орнына қоя салмай, оған күніге гүл жіберіп тұруға тапсырыс бергені үшін, бұл да ғашықтықтың белгісі; үшінші мәрт адам – елші, бүкіл мемлекетінің қаржысын босқа шашқан жас жігіттің махаббат сезімін түсініп, ешбір жазаға ұсынбастан босатып қоя берген. Бұл үшеуінің мәрттігі бірінен бірі өтеді, бәрінің сезімі ұқсас, бәрі де орындалуы қиын іске барып тұр. Ең бастысы, бұлардың үшеуі де махаббатты қорғап тұр...

* * *

Қаланың әйелінде сиқыр көбірек, олар махаббатта да алымды. Ал ауыл әйелінде табиғилық, ұяңдық басым болады.

* * *

Бірін бірі жақсы көретін екі адамның махаббаты сууына олардың өз пікірлерін бір-біріне таңғысы келуі де себеп болады. Жөндеймін, ақиқатты мойындатамын, оны жақсырақ және әсемірек етемін деген жақсы ниетпен жасалғанымен, сіздің позицияңызды қабылдауға әзір адам, сіз оны өзіңіз ұсынғанда қабылдағысы келмей қалады. Конфликт солай басталады.

* * *

Көзді көрік тартады, көңілді қылық тартады. Бұл екеуі де махаббат әкелмейді.

Мұхтар Әуезов.

* * *

Біз Құдайға, не әділетке, ең бастысы – өзімізге, яғни өзіміздің рухани болмысымызға сенбей тұрып, әлдекімнен әділдік күтеміз, төрелік талап етеміз, ізгілік іздейміз. Жаныңа жақын адамнан, махаббатыңнан сол ізгілікті іздейсің. Таппасаң күйінесің.

* * *

Сен – көркіңе сөз жетпес пері мүсін, Адалдықтың ақ туған серігісің. Сағынышың санаңда сап түзеген, Сахарамның секемшіл елігісің.

Сен – сұңқардың тұңғиық жанарысың, Табиғаттың танбаған назарысың. Ақтығынан аумаған аққайыңсың, Қарғалдақтың шыңдағы жамалысың.

Сені көрсем ашылып түн қабағы, Қара тастан ғажайып нұр жанады.

28

Шөл даладан бұрқырап бұлақ атып, Қурап қалған ағаштар бүр жарады.

Ахат Ашуұлы.

* * *

Адамдағы қызғаныш секілді пәс сезім мәдениет пен білім дамыған сайын жойылып кетеді.

* * *

Әйелдерде өзінің өзге адамдармен болған тірлігін жасыру үшін еркегін аяусыз қинайтын мінез де болады.

* * *

Әр адам өзінің таңдаған дүниесін, өзі психологиялық тұрғыдан соған әзір нәрсесін алады. Махаббатта да солай. Уақыт өте келе олай емес екені көріне қалса, онда ол махаббат емес.

* * *

Депрессия дегеннің не екенін зерттеп қарасам, оның түрі көп екен. Бірақ барлығы да еңсенің езілуі мен уайымға түсумен ерекшеленеді. Оның да ойнамалы түрі болады екен, ұзақтығы мен нақты қалпы әр түрлі келеді, ол кейде бірер апта, кейде ұзақ жылдарға созылатын көрінеді. Ең ауыр депрессияның бірі ғашықтың сағынышынан болады екен. Бір қымбат кісісін жоғалтқан адамның уайымы өзін жалмайтын кезі жиі болатын көрінеді.

* * *

Әдетте еркектер сүйікті әйелдеріне сыйлық жасауға құмар болады. Бірақ әйел өзі сыйлық тілеп қыңқылдай беретін болса – махаббат таусылады.

* * *

Басына келмеген адам махаббатты жеңіл түсінеді. Ол – рахат қана емес, жаныңның қалауын қанағаттандыру үшін ғана керек нәрсе емес, жаза да.

* * *

Өмірде ең жаманы – адамның көкірегінде ешқандай сенім қалмаса да үміттене беру. Махаббатта олай емес. Махаббатты сезіну мен ғашығыңмен бір болудан үміттену – ең биік шың.

Исраил Сапарбай:

...Шешінші, Тал бойыңды қызықтайын,

Жатқандай жапырағын үзіп қайың...

Тағатын құлағыңа сырға дайын, Салатын саусағыңа жүзік дайын. Жо-жо-жоқ!

Керегі жоқ ештеңенің!

Балқаймақ бәденіңді қош көремін. Ес-түссіз қунап жатқан, тулап жатқан Естиін жүрегіңнің кешкі әуенін. Лүп-лүп-лүп...

Қандай жұмсақ, мәп-мәйін үн?!

Ару мен ақ қайыңда жоқ па айырым? Кешірші, айналайын, аңсарымды, Шешінші, айналайын, Аққайыңым!.. Шешінші...

Жаным, күнім, шешін, шешін...

Денеңде – дегбір, дертім, Төсіңде – есім...

29

Сыр суын сирағыммен кешкім келді, Кешірсін, Жаппар ием, кешірмесін. Шешінші, Не көрсек те бір көрелік!

Ібіліс із кессе де үндемелік. Анадан туған осы қалпымызбен

Қып-қызыл отқа оранған түнге енелік! Шешінші, көкем...

...Өмір бізге бір-ақ келер, көп келмес, Ләззат лебі азаппенен өткелдес.

Шын махаббат, біле білсең, шырайлым, Үйленумен, Үй болумен шектелмес.

Ардағым-ау, Айтқан сөзім ұнамай

көңіліңе алып жүрме күмән ой. Махаббат, ол – көгершінің емес пе, Көгершінді торға қамау күнә ғой?! Тағдыр бізге кей кездері тым қатал, Күн орнына көкірегіңде мұң жатар. Махаббат, ол – ару аққу емес пе, Ал аққуға оқ атуға кім батар?

Сүмбіл сезім – көңіліңнің күйі асыл, Сүймегенге қалай оны қиясың? Махаббат, ол – қарлығашың емес пе жүрегіңе салатұғын ұясын?! Шаттығыңның шайқап алмай тұнығын Сен де, жаным, ойла оның ғұмырын. Сайын дала, Шалқар айдын сияқты

Махаббат та ұланғайыр ұлы ұғым!

...Арғы бір тегі асылдан, Мекені жайлау-жасылдан. Аңсап бір келген кезіңде Мойныңа келіп асылған. Жүрегі аттай тулаған, Бір елі қалмай қасыңнан. Ақ дидарын көргенше, Ақ төсекке кіргенше, Ақ көйлегін түргенше Жамылғының ішіне Жан дауасын жасырған. Аққудай мойнын иілтіп, Сүйдіре түсіп, сүйінтіп, Ақ бәденін бүргенше Тамырда қаның тасыған.

Сайлауыт көлдің сазаны, Сабырсыз ердің «азабы», Мастыққа бөгіп мазалы, Жастыққа шашы шашылған. Жұмыла түсіп көздері, Құмыға өшіп сөздері,

30