Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
106
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Еркектер әйелдердің өздерінен мықты екенін біледі, сондықтан да өзіне олардың ең әлсіздері мен білімсіздерін таңдап алады.

Самюэль Джонсон.

* * *

Адамның еңсесін өз күнәлары басады. Бұл сөздер еркек пен әйелге де қатысты.

* * *

Жақсы болса алғаның – күнде сонар қызбен тең, Жаман болса алғаның – астыңнан өткен сызбен тең.

* * *

Америкалық актер Джек Никольсон өзінің барлық төсек қатынастарын санамалап: «Мен тоғыз мың баланың әкесі болуым мүмкін еді» депті. Ол жасы жетпіске жуықтағанда барып басылып, тынышталғанын айтқан.

* * *

Ажырасу ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзгерткісі, өзіне бейімдегісі келетін сезімнен туындайды.

* * *

Әйелдермен достасуға да, жауласуға да болмайды. Әйел – әдемі бояулармен әрленген үй жиһазының ең қауіптісі.

Иоан Златус.

* * *

Әйел деген – жейтін тағам, Бағаласаң – әміршің.

Орыс мәтелі.

* * *

Ерлердің қасіреті көп. Бірақ бір рет күнәға батырады. Ал, әйелдердің жалғыз ғана қасіреті мың күнәға батыра алады. Әйел қасіреті – қызғаныш.

* * *

Әкім Тарази: Қатынның сыры басында емес, шатында.

«Ақын... Періште. Махаббат».

* * *

Байы өлген қатын келіншек болады...

* * *

Бәлен жыл бірге тұрған адамыңның кездейсоқ екенін, жаныңды ұдайы қобалжытатынын білу – қандай қасірет...

78 жасында бай таңдаған...

Атақты Голливуд актрисасы Элизабет Тейлор 78 жасқа келгенде өзінен 29 жас кіші афроамерикалық миллионер Джейсон Уинтерске тұрмысқа шыққалы жатыр деген хабар тарады.

Тейлор бұған дейін 8 рет тұрмыста болған, оның бұрынғы күйеулерінің ішінде эстрада әншісі Эдди Фишер, актер Ричард Бартон (Тейлор оған екі рет күйеуге шыққан), сенатор Джон Уорнер бар. Лиза ең соңғы күйеуі, қарапайым құрылысшы Ларри Фортенскимен 1996 жылы ажырасқан.

Тейлор 45 жасында-ақ киноға түсуді доғара бастаған. Содан бері киноға сирек түсіп, негізінен қайырымдылық істерімен айналысты.

111

Элизабет ханымның денсаулығы да мәз емес. 1997 жылы оның басындағы рак ісігін алып тастаған, 2000 жылдың басында тері рагінен емделді, мықын буындарын жасанды буынға алмастырған. 2009 жылы жүрегіне операция жасалды, қазіргі кезде омыртқасына операция жасау керек екен, оны көтере алмаймын деп келісім бермепті.

Сөйтіп жүріп, әйгілі жұлдыз тұрмысқа шықпақшы болды, 78 жасында, 49 жасар жігітке...

Бірақ өмір өз дегенін жасады, ол 2011 жылы 23 наурызда 79 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді

Қазақтың осы сөзіне мысал көп. Соның бірі Америка президенті болған Билл Клинтонды оның жұбайы Хилларидің қалай үлкен дәрежеге жеткізгені жайлы.

Хиллари қыз кезінде қысқа аяқты, төртпақ, беті төртбұрышты, төменіне қарай кеңи түсетін үлкен мұрынды, көзі нашар көретіндіктен добалдай көзілдірік киетін ұсқынсыз қыз болған. Киім таңдамайтын, қалай болса солай киінетін, шашын еріншектіктен бе, жоқ, керек етпегендіктен бе, «ат құйрығы» етіп бір байлап, бос қоя беретін болған.

Бірақ Хиллари өз кемшілігіне пысқыра қараған, онда «комплекс» болмаған, имену, қысылуқымтырылу, өзіне-өзі сырт көзбен қарап, баға беріп отыру мінезінде жоқ еді. Осысымен-ақ ол өмірде ерекше дарыны жоқ адамның өзі табандылықпен, өзін-өзі ілгері жетелеумен, табандылықпен, амбициясын жетілдірумен жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеді.

Сиқына қарамастан жас кезінде ең көрнекті жігіттер Хилларидің төңірегінен шықпайды екен. Соның бірі Билл Клинтон Хилларидің сөйлеу мәнеріне, еркіндігіне, ақылына тәнті болып, үйленіп тынды да, Хилларидің соңынан моп-момақан болып етіп жүре берді.

Хиллари шын мәнінде ақылды екенін Биллге тұрмысқа шыққан соң дәлелдеді. Өз карьерасын Биллдің келешегі үшін ойланбастан құрбан ете білді. Биллдің өсуі үшін бар айласын жасады: жоспарлар құрды, өсек-аяңдарды жолатпады, қарсыластармен күресті, ең негізгісі, Биллді өзіне-өзі сенімді болардай етіп тәрбиеледі. Оның ақыл-ойы, ар-намысы болды.

Жеңіс біртіндеп келді. Билл алдымен Арканзас штатына губернатор, артынан АҚШ президенті болды. Президенттік сайлау алды сайыстарда Хилларидің Биллді насихаттау кезінде айтқан: «Сіздер Биллге дауыс берсеңіздер мені аласыздар! (Если голосуете за Билл, получите меня!)» деген сөзі эротикалық әзілдерде бүгінге дейін пайдаланылып жүр.

Биллде бір кемшілік бар еді. Ол әйелқұмар болатын. Хиллари өзін ылғи қорғап-қоршап, ақыл беруінен шаршай ма қайдам, ол көзіне ілінген төмен етектіні құр жібермейтін. Әйеліне ұқсамайтын, қарапайым, қызметі жоқ, ақылсыздау әйелдерді таңдайтын. Соларға басымдық көрсетіп, жаны рахаттанатын. Губернатор кезіндегі көптеген көңілдестерімен болған, жария болған оқиғалары мейлі, толыққанды, атақты, айбарлы президент болып тұрған кезінде, жасы елудің төңірегіне келіп қалғанда өз хатшылығына келіп жұмысқа тұрған Моника Левинскимен болған, ақыр соңында сотта қаралып, абыройсыз аяқталған хикая Биллдің мың желігінің көзге ілініп қалғандары ғана еді. Моникамен болған ісі әшкереленген кезде Хиллари өзіндегі әйелдік сезімдердің бәрін жиып қойып, Биллге ашық ара түсті. Билл президенттік сайлауға қайта түсер алдында тағы да: «Биллге дауыс берсеңіздер сіздер біз екеумізді қоса аласыздар» деп сөйледі. Бұлай сөйлеуі Хиллари өмірінің ең жарқын беті болды, америка халқы оны өте жақсы көріп кетті. Әдетте билік басындағылардың әйелдері күйеуінің жанында теледидарда қайта-қайта көлбеңдей берсе халық ондайларды өте жек көреді ғой, бұл жолы керісінше болды. Теледидар алдында Биллді ештеңе болмағандай құшақтап өбіп, аймалап, небір қитұрқы сұрақтарға ақылды жауап беріп, ақтап шықты. Осыдан кейін оны сынайтындардың өзі аяныштан ақ жақсы көріп кетті.

Хиллари Биллдің президенттік мерзімі таянғанда жаңа әрекет жасады – Нью Йорк штатынан сенатор болу үшін сайысқа түсті. Биллді үйреткен, тәрбиелеген кездегі ұстаздық тәжірибе Хилларидің өзіне де көмек берді, ол жеңіске жетті.

Кейіннен Хиллари президент сайлауына да түсті, бірақ партияласы, бүгінгі президент Барак Обамаға жол беріп, абыройын бұрынғыдан да асырды. Бүгінде АҚШ секілді алып елде вицепрезидент қызметінде жүріп жатыр.

Ер мен әйелдің айырмасы

112

Ер

1.Болашақ жары жайлы үйленгенше мазасызданбайды.

2.Әйелі жұмсағанынан артылатындай ақша тапса ғана жолым болды деп есептейді.

Әйелмен бақытты болу үшін: көбірек

3.сүйіспеншілік білдіреді, ешқандай түсіністік күтпейді.

Үйленген еркек жалғыз басты еркектен

4.ұзағырақ өмір сүреді.

Еркек әйелдің мінезі осы күйінде қалар

5.деген үмітпен үйленеді.

Керісте соңғы сөзді мен айтамын деп

6.үміттенеді.

Әйел

Болашақ жары жайлы тұрмысқа шыққанша ғана мазасызданады.

Жұмсағанынан артылатындай ақша табатын еркекті тауып алса ғана жолым болды деп санайды.

Ерімен бақытты болуы үшін көбірек түсіністік, азырақ сүйіспеншілік жұмсайды.

Үйленген еркек жалғыз басты еркектен гөрі өмірден өтуге құштар болады.

Әйел еркекке кейін оны өзгертіп алам деген үмітпен күйеуге шығады.

Керістегі соңғы сөзден кейінгі сөзі жаңа керіске бастама болады.

* * *

Оңбаған ХХ ғасыр еркектердің барлық интеллектуалдық еркектік генофондын түбірімен жойып тастады. Төңкерістер, соғыстар, репрессиялар, домалақ арыздар. Мықты, адамгершілікті, ақылды, дарынды еркектердің орнына қазіргі әйелдерге босбелбеу, икемсіз, сараң бірдеңелер қалыпты.

Мұны барлық әйелдердің ғаламдық күдер үзуі деп атаса болады. Әйелдер еркектерді көңілінде үлкен бір биіктерге көтеріп еді, бірақ еркектер ол деңгейді ұстап қала алмады. Олардың бір «ерлік» жасауы қиын, тіпті оған ықыласы да қалмаған. Бастарын құмға тығып жатып алатындар өңшең. Кез келген ісінің неге орындалмағанына себеп айтуға, ақталуға ғана ұста. Бүгінгі еркектер ант берсе де қолын өз көкірегіне емес, әйелдің көкірегіне қоятын болса керек.

* * *

Жігіттер!

Біздер ұсақтап бара жатқандаймыз. Біз жауапты шешімдер жасауды қойдық, өз ұятымыздың алдында жауап беруден қалып барамыз. Әйелдің нәзік иығына бар жүк пен жауапкершілікті артып, мынау нарық бәсекесінде өзімізді-өзіміз жоғалтып алдық. Бүгінде әйелдер ғана: «Елімнің болашағының қалай болғаны маған бәрібір емес» дегенді іс жүзінде дәлелдеп жүр.

Бір жағынан, бұлай болуы табиғи нәрсе. Әйел табиғатынан отбасының қамқоршысы. Бірақ еркек үйдің асыраушысы әрі қорғаушысы емес пе еді?! Бүгінде бұл өзгерді, әйелдер, қаласынқаламасын, еркектің барлық міндетін өз мойындарына артып алды.

Матриархат заманында қалай болғанын ешкім көрген жоқ, бірақ жазбаша тарих сақталғалы әйелдерге көп жүк артылғаны рас.

Базар жағалап, өзінен үлкен ала қапты арқалап келе жатқан әйелді көргенде жүрегім ауырады, бірақ күнде осыны көре бергеннен кейін үйреніп кетер ме екенбіз деп қорқамын. Өлместің күні үшін, от басы, жақын-жуықтары ашықпауы үшін, болашақ үшін жауапкершілік қанында тұрғандықтан өмір әйелді осы жағдайға итермелеп тұр.

Әйелің кім десе «бизнесмен» деуге еркектер ұялмайтын болып барады. Оның құны қанша екенін ойланбайды. Рас, әйел бизнеске бейім, қолға түскен ақшаға ұқыпты. Бірақ әйелдің негізгі бизнесі сауда жасау емес, отбасын ұстау ғой. Бизнестегі жетістігі үшін әйелдің төлер төлемінің құны биік.

113

Қайда еркектің намысы, еркектігі!

Әйел әрі ана, әрі еңбеккер, әрі саясаткер бола ала ма? Жолы болып, биік қызметке жеткен әйелдер бақытты ма? Барлығына үлгеріп жүрген әйелдер азғана жүзе алатын, азғана ұша білетін, азғана сайрай алатын үй қаздарына айналмай ма?! Я қырғауыл емес, я бұлбұл емес.

«Жолы болу» деген сөз еркекке ғана лайық көрінеді маған. Әйелдің жолы болғаны – сүйеутірек болар ер азаматқа серік болғаны, отбасында бақытты болғаны.

Осыны түсінейік еркектер! Қыз өсіріп отырмыз!

26.03.1996.

* * *

Суық әйелдер болмайды, жылытылмаған әйелдер болады. А.С.Мирзоян – сексопатолог дәрігер.

Күйеуін қалай «жақсы дос» етуге болады?

Күйеуі оқыған, іскер және көңілді әйелдер, оның ұқыпсыздығына, жинақы еместігіне, ұдайы кешігіп жүретініне, т.с.с. мінездеріне наразы болып жатады. Осындай жағдайда күйеуді қалай «тәрбиелеу» керек?

Ол үшін әйелдер үйде ұстайтын күшік қалай тәрбиеленетінін есіне түсірсе жетерлік.

1)Күйеуге наразы болып, күңкілдей беруді қою керек. Оның орнына жақсы ісі үшін мақтап, нашар ісін байқамай өткізіп жіберген дұрыс.

Мылжыңдай беру мен айғай шығару пайда бермейді. Жазалаудың теріс әсері де болады, күйеудің оған еті өліп кетеді, қанша айғайласаң да «естімейтін» болады.

2)Күйеуіңнің қалай ойлайтынын, нені жақсы көретінін, қай істі жасағанды сүйетінін біліп

ал.

Қандай тамақты жақсы көрсе, соны көбірек дайында. Үй жұмыстарына біртіндеп тарт.

3)Нашар қылықтарын байқамаған бол.

Әйелдің бұл реакциясы еркекті тыныштандырады, мұндай мінезге өзі де бара бермейтін болады. Мәселен, ол кілтін іздеп таппай, әйелге айғайлап тауып беруді сұраса, үн қатпай жуып жатқан кірін жуа беруі тиіс. Сонда кілті тез табылады және еркек өз кінәсін, жөнсіз жерде дауыс көтергенінің орынсыз екенін түсінеді, өкпесі жаздың жаңбырындай тез тарқайды. Жұптық өмір ерегістен, кінәмшілдіктен тұрмауы тиіс.

4) «Жақсы бала» принципін ұстан.

Әйелге жәрдемдесетін бір іс істегенде еркекті мақтап, рахмет айтып қою керек. Бір ортақ нәрсе жайлы өтініш айтқанда орындаса да солай ету керек. Мәселен, машинаны жайырақ жүргізу, кір майкіні себетке тастау секілді. Күйеуімен барынша жұмсақ болған әйел жеңіске жетеді. Бірдеңені жасай салу туралы өтінішті ықыласпен орындайтын болады.

5)«Сен маған – мен саған» деген ережені пайдалану. «Мынаны былай етсең саған мынадай етемін» деу де керек. Цирктегі аюға қант беріп, айтқанды істеткен сияқты. Мысалы: «Екеуміз бірге «Метроға» барып келейік, мен сенің сүйікті «халал» тұшпараңды алмақшымын» деген әйел ұтады.

6)Ұсақ қадамдар жасап ілгері жылжыған, кері кеткеннен, бір орында тұрып қалғаннан жақсы. Әйел еркекті біртіндеп үйретуі тиіс. Қонақ күтерде шарапты ашып қойса да, ризалығын білдіре салса, еркек қонақ келгенше бәрі дайын болуға жан-тәнімен кіріседі. Олай болмаған күнде де: «Рахмет, бірақ мынаны да жасай салшы» деп әйел ешуақытта айтпағаны жөн. Ол еркекті істен бас тарқызады немесе еріксіз жасауға мәжбүр етеді. Әйел төзімділік танытса келесі жолы міндетті түрде әйел ойлағандай болады.

7)Бір сөздер араға кіріп кетсе, әйел: «мені айыптап жатыр» деп өзіне алмағаны дұрыс. Қасақана болмаса берекесіздіктен жасады деп ойлаған нәрсенің көбі жағдаят солай болғандықтан болады: футболға барғанда спорт киімдері кірленеді, еркек кездейсоқ қалтасындағы азғана ақшасын алдырып алады, т.с.с.

114

8)«Мен одан кем емеспін» деп ойламаған дұрыс. Кім босс екені маңызды емес, кімді кім көбірек тыңдайтыны маңызды. Мейлі еркек-ақ үстем болсын, бірақ сайып келгенде, әйелдің айтқанынан шыға алмай қалатын болсын.

Иттерді үйретушілер өз тілегін итке таңбайды. Үстемдік көрсету, қорқыту немесе жек көру махаббат пен сенімді азайтады.

9)Сәтін тап. Ұқыпты әйел тұрмыстық тірлікте орындалуы тиіс істі кейінге қалдырмайды. Кейде орындалмай қалған іс үшін еркекке бұрқылдай жөнелу жөн емес. Одан іс тез орындала қалмайды. Еркекте іштей болса да, онысын білдірмесе де, қарсылық пайда болады. Көңіл күй болмай тұрған кезде ұстамдылық көбірек керек.

10)Белгілерді оқи білу керек. Еркек туалетке кіріп алып, газет оқып жарты сағат отырса, есіккі соққылап ашу шақырғанда ештеңе болмайды. Қайта онысын ерегісіп қайталайтын болады. Оның орнына әйел, еркек бір нәрсе сұраса, тез жәрдем бере салуға әзір болуы тиіс. Мұндай «белгіні» еркек бағаламауы мүмкін емес.

* * *

Әйел еркектік тұрғыдан мықты еркекті анадайдан таниды, өзі сондай қатынасқа құмар әйел болса, онда екеуінің ниеті түйіскені.

Қайта еркектердің белсенділігі төмендеп кетті. Тіпті, үйленгісі келіп-ақ жүрген еркектердің өзі суық, пассив. Оларды бір депрессия, апатия билеп алғандай. Олар өмірдің өзіне де теріс көзқараста болады.

Бұл сезімдік жұтаңдықтан, теріс тәжірибеден. Сонысын жасырам деп еркек, әйелдердің көңілін тауып, арттарынан еріп жүруге ерінем дейді, өзінің проблемасын осылай жасырғысы келеді.

Ондай еркектердің жолы болмайды.

Әйелдер ондай еркектермен әлі де сұхбаттас болып, қызығушылық туғызып жатса, онда әлі үміт бар, қапы қалмау керек.

Бір сөзбен қорытындылар болсақ – барлық нағыз нәрсенің бәрі тек махаббат арқылы болады.

* * *

Әйелдердің ішкі пиғылында маған біреулер құмартса, мен біреулерді құштар етсем деген ой жатады. Олар сол ниетіне жетуге іштей дайындықта болады. Соның жолында жасайтын әрекеттері толып жатыр.

Олар беттеріне опа-далап жағып, парик киіп, кірпігі мен тырнағын ұзартып, көкірегін дәрі құйып өсіріп, мүсіндерін жетілдіріп, көйлектерін күнде ауыстырғанда кімге жақсы көрінбекші? Әрине, еркекке! Сөйте тұра «нағыз еркекті табу қиындап кетті» дейді-ау.

* * *

Әйелдер еркектерді өзіне қаратып алудың көп жолдарын біледі деседі. Сондықтан еркектер де бұл өнерден құр қалмасын деп мына жеті кеңесті береміз.

1.Қыздарға барсаң өте сөзуар досыңмен бар. Сонда үндемей моп-момақан болып отырған сені онымен салыстыруға себеп бар.

2.Егер қыз саған қараса, онда сені ұнатқаны, яки болмаса бір кемшілігің көрініп тұрғаны. Қыз саған қараса, сен де қара. Ол қайтадан тағы қараса – ұнатқаны. Онда уақытыңды босқа кетірме, батыл бол. Өйтпесең сені тәуекелсіз мылжың деп қалады.

3.Ісі жоқтықтан зерігіп жүргендерге ұқсамай энергиясы мол, өзін қамтамасыз ете алатын еркекке ұқса. Жүрісіңді, тұрысыңды, қарау әдетіңді өзгерт.

4.Дайын сөздерді жиі қолданудан сақ бол, әйелдер ондайды жақтырмайды.

5.Бірінші болып бас тартпа. Пульс өзгереді.

6.Шығыннан қашпа. Жеткіліктілік деген әйелдің басын айналдырады. Көп шығындамасаң да гүл сыйлау мен кешкі асты төлеу мойныңда болсын.

7.Интеллектіңді көрсете біл. Мысалдар, цитаталар айтқаныңда табиғи шықсын.

** *

115

Бүгінде көптеген қыздар өзіне лайықты, сүюге, ер болуға, тым болмағанда көңілдестікке жарайтын еркек таба алмай қиналады. Яғни, махаббатын табу қиынға айналды. Содан барып қыздар өмірден алуға болатын нәрсенің бәрін алып қалуға тырысатын болды.

Қазіргі әйелдер ерлермен көп нәрседе бәсекелес бола алады. Олар ешкімге тәуелді болмайақ өмір сүре алады, өздеріне сенімді, тәуелсіз. Олар өз жиған-тергеніне демала да біледі, бойбасын түзеуді де ұмытпайды, үлкенді-кішілі машина да сатып ала алады. Олар бала да тауып ала алады, оны еркектердің көмегінсіз ақ жетілдіреді. Олар өздеріне өздері сүйеу, қорған.

Сөйте тұра олардың әрбірінің қиялында бір принцті жолықтырсам деген ой жүреді. Біреулері оған өте сенеді, біреулері қолын сілтейді, бірақ күдер үзбейді. Өйткен олар бақытты болғылары келеді. Қаншама өзін-өзі қамтамасыз еттім, тәуелсізбін дегенмен еркексіз оларға бір нәрсе жетпей тұрады. Олар да маған біреу гүл сыйласа екен, тері тон әперсе екен дейді.

Қыздар осы мақсаты жолында өздерімен өздері күндес бола жүреді. өйткені еркектер әйелдерден аз деген қауесет оған тиесілі еркекті басқа біреу алып кететіндей көрсетеді. Сол үміттің жолында көкіректі кере жүруді үйренеді, өкшенің бізін өсіреді, шаштарын басқа түске боятады, тырнақты көрнекілендіреді.

Бірақ принц олардың қайсыбіріне жетсін. Сөйтіп оларға жай ғана еркектер жолығады: біреуінің шашы қобыраған, жағасы кір, біреуінің шұлығы тесік, біреуінің көк тиын ақшасы жоқ.

Сонда да үмітсіз – шайтан! Әйелдер мол ақшасы барды, бай-бағландардың ұлдарын ғана іздейді деген бекер сөз. Олардың жүзден тоқсан тоғызына тыныш тұрмыс, сүйеу боларлық адал азамат, өзін сыйлайтын, отбасы берекесін сақтайтын еркек кіндікті болса жетіп жатыр. Ондайларға жолығу үшін еркіндік шектеліп, батылдық орнымен қолданылып, өшпенділік мінезден сылынса, әйелдерге тән нәзіктік, құпия, иба болса болды.

* * *

Жазмышты уысында ұстайтын, еркектерді шыр айналдыратын, олардың түбіне жететін әйелдер болады. Иван Тургенев үшін Полина Виардо сондай әйел. Тургенев оның соңынан өмір бойы ілесіп жүрді. 1843 жылы Санкт-Петербургке итальян опера театры гастрольге келді. Бір күні театр «Севиль шаштаразын» қойды. Нақ сол жерде Тургенев Розина роліндегі Полинаны көрді де құлап түсті. Полинаның күйеуі бар екеніне қарамастан жазушы оның қыр соңынан қалмай ғашықтығын айта берді. Тіптен Полинаның ері суретші Луи Виардомен достасып алды. Луи ол кезде еркетотай әйелінің еркеліктеріне онша мән бере бермейтін болып кеткен еді.

Біреулер Тургенев пен әншінің арасында күнәсіз ғашықтық қана болған дейді. Енді біреулер 1856 жылы ол Полинаға барып бірнеше апта бірге болғаннан кейін тоғыз айдан соң дүниеге ұл бала келді деседі. Бірақ Полина тек бір адаммен ғана бірге болмаған сияқты. Нақ сол кездері ол Ари Шеффер деген суретшімен де көңілдес болғанға ұқсайды.

Тургенев Полинаны ұмытуға, елемей тастауға да тырысып көріпті, бірақ ештеңе шығара алмаған. 1852-1853 жылдары Гогольдің өліміне аса ауыр некролог жазғаны үшін билікшілер оны өз имениесінен шықпайтын етіп қойған. Сол кездегі жазушының Полинаны сағынып шеккен қасіреті орасан болыпты. Басқа әйелдермен бірге болып, ұмытуға тырысуынан да ештеңе шықпаған. Лев Толстойдың қарындасы Мария Толстая Тургенев үшін ерімен де ажырасыпты. Мұндай жағдай ол кезде өте сирек кездеседі екен. Елдің сөзінен қашқан Тургенев өзіне қалыңдық болғысы келген Мариядан ат-тонын ала қашыпты. Үй қараушы бір әйелден туып өсіп келе жатқан Пелагея деген қызының атын Полинет деп өзгертіп, Тургенев Полинаның киелі жандардың қатарына қосқысы келіпті. Оны Полинаны үйіне қыз етіп беруге алып барыпты. Бірақ қыз бөтен әйелді жақсы көре алмапты. Бұл жағдай кірпияз еуропалықтардың арасында бірталай сөз болыпты, бірақ Тургенев ол сөздерге пысқырмаған. Өйткені оның өмірінің бар мағынасы Полина еді.

Полина Тургенев суреттеген әйелдердің бір де біреуіне ұқсамаған. Бірақ Тургенев жазғандарының бәрін Полинаға көретіп алады екен.

Тургенев өлген соң Полина Виардо жазушының хаттарын жойып жіберіпті.

* * *

Қазір өзінен жас жігіттерге тұрмысқа шығуға құмар әйелдер көбейді. Нарыққа көшкен жылдары мұны өзінен 18 жас Филипп Киркоровқа тұрмысқа шығып Алла Пугачева бастап еді,

116

кейін одан тоғыз жас кіші Максим Галкинмен үйірсектенді, оған да 7-8 жыл болып қалды. Елена Кондулайненнің күйеуі өзінен 25 жас кіші. Надежда Бабкинаның күйеуі 30 жас кіші. Лариса Долина күйеуінен ажырап өзінен 15 жас кіші жігітке тиіп алды.

Олардан ерлер де қалыспай тұр. Александр Пороховщиковтің Иринасы өзінен 24 жас кіші, үйленгендеріне 15 жыл болды. Дмитрий Дибров өзінен 20 жас кіші Александра Шевченкоға үйленіп еді, 2009 жылы оны қоя беріп өзінен 30 жас кіші Полина Наградоваға үйленді. Олег Табаковтың әйелі Марина Зудина 30 жас кіші, 15 жылдан бері бірге тұрады. Ең қызық оқиғалар Ресей артисі Михаил Козаковтың жеке өміріне қатысты, оның төртінші әйелі Анна Ямпольская өзінен 20 жас кіші еді, одан кейінгісі – Виктория – 40 жас кіші болды, ендігісі – Надежда – 50 жас кіші, бірақ бұл неке үш жылдан соң бұзылды. 2010 жылдың аяғына таман Михаил Америкаға гастрольге кеткен сапарынан оралмай, Израильге барып, сонда тұратын Аннаға қайта қосылған да, Надежда Седоваға қоңырау шалып, ажырасатынын хабарлаған. Онымен қоймай Козаков Надямен бірге тұрған бір бөлмелі үйін босатуды талап еткен. Міне қазіргілердің махаббатының сиқы!

Немістердің демографиялық зерттеулер институтының мәлімдеуінше өзінен 7-9 жас үлкен әйелге үйленген еркектер арасында өз қатарластарына үйленген еркектермен салыстырғанда өлім саны 20 пайыз артық, ал өзінен 15 жас кіші еркекке тиген әйелдерде де өлім 30 пайызға артық екен.

Өзінен 7-9 жас кішірек әйелді алған қазағым дана ғой...

* * *

Әрбір еркек әйелдер өзіне назар аударса, таңдана қараса, қамқорлық жасаса, ғашық болса, сонымен бірге ойы мен іс-әрекетінде бостандық болса және де қайта оралар үй болса деп ойлайды. Еркекте өзін күтіп отыратын әйел болуы тиіс. Сонымен бірге ол үшін бәріне де әзір әйел болғанын қалайды. Запастағы әйел. Жолдас әйел. Бұлардың бәрі бір адам болуы шарт емес. Өйткені міндеттемелер әртүрлі. Еркек қажеттіліктері әртүрлі ғой, әйелдер де әртүрлі.

1)Күтуге әзір әйел. Пенелопа сияқты. Оның өз өмірі де болуы мүмкін – кесте тоқиды, бақша күтеді деген сияқты. Бірақ, күткен еркегі кеп қалғанда бәрін тастап оның мойнына асыла кетеді. Өйткені ол оны күтті, басқа нәрселер уақыт өткізу үшін ғана керек. Ондай әйел еркекті өмір бойы күтуге әзір.

2)Күттіріп жүре беретін әйел. Ол еркекке мақұл да демейді, жоқ та демейді, артынан ертіп жүре береді. Еркек арсыз адамнан арманшыл адамға, бойкүйез жалқаудан жеңіске құштар жанға айналады. Мұндай әйелдің арманы – еркектің өмірін бұзу.

3)Жолдас әйел. Онымен кешке бірге серуендеу, ұзақ-ұзақ әңгімелесу, дастархандас болып өзіңді ұмытқанша ішу, секс болмаса мейлі, болса тіптен жақсы жағдайда болу, яғни достық жағдайда жүру. Мұндай әйелдер қандай болғанда да еркектермен бірге болу мүмкіндігінен айрылып қалмауды қарастыра жүретіндер. Олар терең сезімдерді, күрсіністерді көңілінің арғы ішіне тығып қояды. Олардың функциясы – басқа ешкім болмағанда қолында бар еркекті қолдау.

4)Көңілдес әйел. Ол өте жақсы әйел. Көп нәрсені рұқсат етеді, бірақ еркекті өзінен әрірек ұстай да біледі. «Ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес» принципін ұстанады. Бір-біріне қуаныш сыйлайды, рахаттандырады. Ал осындай махаббаттан әр жағы оны қызықтырмайды. Кейде еркек оны нағыз әйел осындай-ақ болар деп ойлайды. Сөйтсе, ол әйел – жұмбақ болып шығады. Нақтылықтың шегі осы. Бұл әйелдің мақсаты еркекке қуаныш сыйлау, өзін де ұмытпау.

5)Запастағы әйел. Бұл әйелге өмір туралы шағынуға болады, ол бұған төзіммен қарайды, тіптен жұбатады.

6)Сүйікті әйел. Бұл рольге еркекке ұнайтын кез-келген әйел жарай береді. Әйелінен жери бастағанда, бір сілкініп алу үшін және жаңа иіс сезіну үшін, еркек басқа бір жасырақ, өзгешерек, сүйкімдірек адамды сүйікті етеді. Ол тіптен бастапқыда бұл әйелдің өзіне сүйкімді болып қалғанын білмей қалуы да мүмкін.

* * *

Оңтүстік Африка Республикасының президентінің әйелдерінің бірі 35 жасар Нопумпелело президенттің күзетшілерінің бірімен ойнап, екіқабат болып қалғаны белгілі болып, 2010 жылдың жазында дау шықты. Күзетші Томо бұл жағдай белгілі болысымен өзіне-өзі қол жұмсапты.

117

* * *

1405 жылы Әмір Темір қайтыс болғанда 800 әйелі, 71 баласы, 79 қызы болған.

* * *

Әйелдер мен қыздарға бетті жауып жүру ислам дінінің рәсімі емес, осыдан үш мың жыл бұрын Ассирияда өмірге ендірілген.

Егер бұрын ажырасқан болсаң...

-Бұрынғы әйелің өзге кісіге берілген болса, онда алғың келген әйелмен ашық сөйлесіп, өткен тағдырыңда кездескен еркектері жайлы ашығын айтуды өтін.

-Егер қайын енең себепкер болған болса, жаңа қайын енемен онша іштартып сөйлеспе. Бірақ сырт беріп те кетпе. Қызының бақытын тілейтініңді, екеуінің арасына түспегенін қалайтыныңды бар болмысыңмен ұқтыр.

-Егер бұрынғы әйелің салақ болған болса, онда үйленбей тұрып тексеріп көр. Үйіне баруға сұран, тәжірибелі көзге бірден көрінеді. Өз қолымен дайындаған тамағын іш, унитаз, қол жуатын жер қалай екен байқа. Кірлер қайда ілінген? Үй ішіндегі заттар орнын тауып тұр ма...

-Бұрынғы әйелің өзіне ғана көңіл бөліп, көп шығындатқан болса, онда алмақ болған кісіңнің қаржыға ұқыптылығын байқа. Үйлене сала қаржы билігін қолына беріп қойма. Шығындарды есептеуді үйрет.

-Ұрыс-керіс, қызғаныш себеп болған болса, онда ашуландырып көр, қызғанышын байқа. Айтқанын байқамансып, орындамай көр.

** *

-Әйел би кешінде өзін қалай ұстаса, төсекте де солай.

-Әйелдің сәл байқалып тұратын ұсақ мұрты болса, оның темпараменті мен белсенділігі

жоғары.

-Әсем әйел әдетте сексуалды.

-Көкірегі кішкене әйелдер төсекте тамаша. Әсіресе көкірегінің ұшы кішкене болса.

-Семіз әйелді «еріту» қиын.

-Жүндес әйелдің темпераменті жоғары, оларда жануарлық инстинкт бар.

-Түбірі жуан, басы үшкір саусақты әйелдер сезімтал.

-Қара еркек, толық еркек темпераментті, фантазиясы бай.

Басы қасқалау я тақыр келген еркек сексуалды.

-Мұрыны ұзын еркектің мүшесі ұзын, мұрыны үлкен еркектің мүшесі үлкен.

-Құлағы үлкен, мешкей еркектер сексуалды.

Әйелдің екінші рет тұрмысқа шығу себебі

1-нұсқа. Әкесі жоқ демесін деп, бала үшін тұрмысқа шығу. Бұлай ету әйелдің өзіне сенімсіздігінен, өз тағдырын қауіпсіздендіруге тырысудан, жауапкершілікті өзінен мықтырақ адаммен бөлісуден туады.

2-нұсқа. Өзі үшін біреу қамқорлық жасауын қалайды, жауапкершілікті, проблемаларын бөліскісі келеді. Бұл жағдайда әйел тұлға ретінде төменсіп қалады.

3-нұсқа. Қаржылай жәрдем іздейді. Оның аяғы тәуелділікке алып келіп жатады. Әйел мүлік ретінде болып қалуы мүмкін. Кей еркектерде мүлкін ауыстыра беруге бейімділік болатындықтан бұл нұсқа онша тиімді емес.

4-нұсқа. Енесінен қашады. Сол қателікті болдырмау үшін екінші жолы шешесі жоқ немесе ұзақта тұратын жігіт іздейді. «Бұрынғы қателікті қайталамайын, жігітті уысымда ұстайын» деп қателесуі мүмкін.

5-нұсқа. Жалғыз қалудан қорқу. Әйел бұл сырын жасыра жүргені, өзіне серік боларлық жан іздеп жүргенін білдірмегені жөн.

118

6-нұсқа. Бірінші рет тұрмысқа асығыс не абайсызда шығып, ұрыс-керіс көбейіп ажырасқандықтан шын махаббатымды енді жолықтырдым деп ойлайды. Махаббат – от, оған отын тастап тұру керек.

* * *

Неге көбіне пайдакүнем әйелдер бай еркектерге тұрмысқа шығып алады екен деп ойладым. Ойлап тапқаным: екеуінде де дүние, ақша бірінші орынға қойылған екен.

* * *

Әйел болмаса еркек жұмыс істемес еді деген сөзде растық бар. Еркекті күніге таңартең тұрып, ақша тауып қайтуға итермелейтін, алдымен, әйел болса керек. Әйелге жақсы көріну үшін қалта толы ақша, жақсы үй, қымбат автокөлік болса дейтіндер еркектер емес пе?!

Егер әйелдер еркектерден ештеңе талап етпесе, онда еркектер азғындауға ұшырап кетер еді.

* * *

Егер еркек бір әйелді жақсы көріп қалса, одан ақша аямайды. Бірақ бұл оның өз еркімен болуы тиіс. Әйелдің бірдеңе дәмеленуі еркекті қарау етеді.

* * *

Бұрынғы әйелдер еркек көрсе аяғын айқастырып қойып, юбкасын жоғарырақ ысырып қоюшы еді. Қазір ол ескірді. Қазіргі шенеунік әйелдер мен бай әйелдер еркектерді ақшамен ұрып алады. Онысын, әрине, білдіргісі келмейді, бірақ, қазіргі әйелдер статусы жоғарылаған сайын, еркектерді шыр айналдырып алуды көксейді және өзіне ұнаған еркектерді ақшамен көміп-ақ кете алмайтындай етеді.

* * *

Әйелдің ерніне барынша жарқырата далап жағуы еркектерде әйелдің гениталиясы да осындай емес пе екен деген сезім туғызады. Секс табиғатын зерттеушілер әйелдің аузының үлкенкішілігі айтабағының үлкен-кішілігіне тура пропорционал болады дейді.

* * *

Үміт Зұлхарова:

...Әйелдерді сөйлетудің мың түрлі тәсілі бар, бірақ сөйлетпеудің ешқандай тәсілі жоқ.

...Әйел қандай да бір өтірігін жасырғысы келгенде ғана шындықты айтады.

* * *

«Бір әйел әл, екі әйел сәл, үш әйел дәл» деген үш рет үйленген Иоганн Штраус.

* * *

Генерал Шарль Монтолон өзінің сүйікті әйелін Наполеонға жақындату арқылы жетістіктерге жетіп, байлыққа ие болуды ойлаған.

Бұл әрекеттің аяғы басқаша бағыт алып, генерал әйелінен айрылады, ол – Наполеонның нақсүйеріне айналып, одан қыз туады. Бірақ Наполеон генералға өзінің 15 миллион ақшасын мұра ретінде жазып қалдырады.

* * *

Қыз – ақша сияқты, өтуге асығады, ақша – қыз сияқты, кетуге асығады.

* * *

«Менің жеке өмірімнің өзі үлкен роман», - депті Наполеон. Сол айтқандай, әрбір отбасының өмірі өзінше роман. Отбасы – екі адамның одағы. Екеуіне де сана, тәубе, сабыр, төзім бірдей керек.

Тәубе заңы деген жазылмаған заң да осыған мегзейді.

119

* * *

«Шабысқандар бірге жеңіледі, табысқандар бірге жеңеді» деген мысал сөз ерлізайыптыларға да тиісті айтылса болады, лажы барынша шабыспай, табысса күйреген отбасы, әкесіз тәрбиеленген бала, кедей отбасылар азырақ болар еді.

* * *

Отбасында келіспей қалған жас әйел психологқа емес, «подружкасына» барады. Оның кеңесі көбіне әйелді жалаң қорғау болып шығады. Анасына шағынса да дәл осылай болады. Әдетте ана өз қызын «идеальный» санайды да, күйеу жігітті қызына лайықсыз көреді.

* * *

Менің өмірімді ылғи да әйелдің қуаты бағыттап келеді.

Қазіргі кезде еркектер өздерінің әйелдік бастауларын өздері үшін ашып жатыр. Сонымен бірге олар әйелдерге өздеріндегі еркектік бастауларын ашуға рұқсат еткісі келмейді. Ондай нәрсе әйелдерде де бар. Бірақ ерлер «әйелдер әйел болып қалуы тиіс» деп санайды.

Біз әйелдерге қорғаушылық сезіммен қарауды қашан қоямыз?

Мінездер

Әйел:

1.Нәзік, қиялшыл және сезімтал. Көнгіш, бейімделуге қабілетті. Оған жалғыз өмір сүру қиын, ол өзінің ыстық сезімдері туралы біреумен үнемі бөліскісі келіп тұрады және ана болғанда ғана өзін нағыз әйелмін деп сезінеді. Өмірде жүрегінің нұсқауымен жүруге бейім.

2.махаббатта жомарт және әуесқой. Ол ақылдылығымен, шынайы сезімімен және тәуелсіз мінезімен еліктіреді. Сезімдегі бірқалыптылықтан қорқады, ол үшін махаббат таусылмайтын қызық ойын секілді.

3.Ғашық болғыш, сезімтал және нәзік. Сезімдерін ұстамдылық астарында жасырын ұстайды. Махаббат қатынасында ол сенімділікті, шынайылықты, тұрақтылықты тәуір көреді. Бірден ғашық болып қалғанға сенбейді. Ол үшін тартымдылық шынайы, парасат сезімімен байланысты.

4.Махаббатта шыдамсыз. Бостандықты және жаңа оқиғаларды ұнатады. Еркектерді сүйкімділігімен тез баурай алады, өзін біреуге тәуелді еткісі келмейді.

5.Қияли және арманшыл. Сәйкестікке құрылған әдемілігі өзгелерді баурап алады, нәзіктігімен және сезімталдығымен еліктіріп әкете алады. Ол біреудің өзін қорғағанын, жұбатқанын, жағдайын жасағанын қалайды.

6.Тұйық, жұмбақ, өзінше тәуелсіз. Еліктіріп әкетуге құмар емес, оған онша тырыспайды. «Мен сені сүйемін» деген сөздің оның аузынан шығуы қиын.Ол немқұрайды көрінуі мүмкін, бірақ ішкі дүниесі бай, ойланып әрекет ететін, ішкі сезімі қайнап жататын адам.

7.Қажырлы және қайратты. Әуесқойлығы да бар. Ол екіге бөліне алмайды: не сүйеді, не сүймейді, бұл істе ешкімді алдамайды. Көбірек тыңдаушы, бақылаушы рөлінде. Оған қол жеткізу қиын, қол жеткізсең – сенімді серік.

Еркек:

1.Аса сезімтал, ойлау қабілеті бай, әрқашан әйелдермен тез тіл табысады. Ол махаббатты түсінісу, мейірімділік құрал деп таниды. Жалғыздықты жек көреді. Сырттай байсалды көрінгенімен, ішкі жан дүниесінде үрей де жиі болады.

2.Әзіл-қалжыңынан, күлкісінен, өмірдің жаман, келеңсіз жақтарын өзінен алшақ ұстайтын әрекетінен әзәзіл мінезі танылып тұрады. Немқұрайдвлау көрініп тұрғанымен, ойнап-күлгенді жақсы көреді.

3.Намысшыл, махаббатта тұрақты. Мінезін ашып көрсете бермейді, алайда өте сенімді. Сүйсе – беріле сүйеді. Ізгілікті және зерделі, тыныштықты қалайды.

4. Өмірдің барлық қырларын терең біліп алуға ұмтылады және оны өз бас пайдасына жұмсай біледі. Көңіл күй орайына байланысты құбылмалы, тіптен бүлікшіл де бола кетеді.

120