Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ашыты,_марлы_пен_–_ол_екі_жол

.pdf
Скачиваний:
108
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Лучано Поваротти. 60-қа келгенде 20 жасар қызды алғанда таңырқағандарға айтқан итальян мәтелі.

Депрессия дертінен сақтану

Жетістікке жетіп жүрген және бақытты неке иесі әйелдердің өзінде депрессия болады. Депрессияның белгілері: созылмалы сарыуайымшылдық, тұйыққа тірелдім деп санау, ұйқысыздық.

Депрессия тұқым қуалайды, егер ата-анасының бірі депрессияға бейім болса, онда ұрпағының депрессияға бейімдігі сегіз есеге дейін өршуі мүмкін.

Депрессияны емдеу керек. Дәрігерге барып, шынын айту қажет. Ол алдымен теріс ойларды өзгертетін танымдық терапия жасауы тиіс. Спорт, би, жүгіру, жаяу серуен – депрессияға таптырмайтын ем.

Егер тез шаршай берсең; өзіңе сенімсіздігің артып, өзіңді төмен бағаласаң; бұрын рахаттана атқаратын бір нәрселерден рахат алмайтын бола бола бастасаң; адамдармен, тіпті ең жақын достарыңмен араласудан қашқақтасаң; тәбет жоғалып, тонусың төмендесе; өмірдің мағынасы туралы жиі ойлайтын, тіпті, өлім мен өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына дейін барсаң, онда депрессияның келіп-ақ қалғаны...

* * *

Әйелді тіс щеткасы секілді ауыстырудан тайынбайтын еркектер бар...

* * *

Еркектер әйелінің көзіне жиірек шөп салады.

* * *

Әйелін көңілдесімен жатқан жерінен ұстап алған бір жігіт әйелін өлтіріп, көңілдесіне ештеңе деместен қоя беріпті. Оның себебін сұрағандарға, ол: «Әр жолы бір еркектен өлтіргенше, бір жолы бір-ақ әйелді өлтіре салғанды дұрыс көрдім», - депті.

* * *

Әйел еркекке тәнті болып, сұқтану сезімін тез жоғалтып алады. Өйтпесе, еркекті өзінен ешқайда кетпейтін етіп алу оп-оңай, еркектер жуас жануарлар сапына жатады. Оларды қолмен сипап: «Сен қандай жақсысың, барлығын біледі екенсің», - десең жетіп жатыр.

* * *

Жеті жыл жұбайлар үшін қатерлі деседі ғалымдар. Алғашқы төрт жыл – ғашықтық жағдайында жүреді. Одан кейін бала туылып, соның қызығымен үш жыл. Бұл арифметика Польша, Батыс Еуропа, Австралия, Америкаға сай келеді.

* * *

Ешуақытта әйелдерінің көздеріне шөп салмайтын еркектер болады. Оның екі негізгі себебі бар, біріншісі – өте жақсы көреді, екіншісі – білініп қала ма деп қорқады. Ортақ балалар, ипотека, т.с.с. себептер де болады.

Екінші жағдай жасына қарамай бір шын сезім келіп қалғанда бұзылады, бұл бұрын сенімді келе жатқан отбасы үшін – қасірет.

* * *

Әйелдер ерлерден мықтырақ. Еркектер икемсіз, жалқау, жиірек ауырады, ішімдік ішеді, шылым шегеді, төбелеседі, түрмеге түседі, сөйтіп... тезірек өледі.

* * *

Әйел табиғатын толықтай түсініп алдым деген еркектің жүйкесі бұзылған немесе арсыз, болмаса осының екеуі де бар. Әйелге тәнті болу оның құпиялылығында, оның жұмбақтығында, оның бәрі ашылғанда қызық болмай қалады.

131

* * *

Әйел бір минут ішінде толық тәнті болудан тұтас торығуға ауыса алады. Әйелді болжап болмайды. Осы жағдайдың өзінде әйел соншама биязылық бере алады, онша мейірімді еркек басқа еш жерден ала алмайды. Сонысымен ол – әйел.

* * *

Гориллалардың еркегі бір мезгілде 5 ұрғашы горилламен бола береді екен. Содан «әйелдері» оған барынша жағынатын көрінеді. Оның ішінде ішіне бала пайда болғаны көбірек тырысады дейді. Мақсатына жеткен, ішінде баласы бар «әйел» горилла неге өйтеді? Өйткені еркек горилланы басқалар қаратып алып қоймасын дейтін сияқты. Көп әйелі бар адамдарда да осы сезім болса керек.

Бірақ ұрғашы гориллалар еркекке төсек керек екенін түсінеді, ал адамның еркектері оны түсіне бермейді, ол сезім отбасын беріктете түсетінін біле тұра білгісі келмейді.

* * *

Қазір «секслесс» деген термин шықты. Ол – жұбайлар арасындағы тұрақты төсек қатынасының болмауы, қазақша айтқанда, суынып кетуі.

Оған еркектен гөрі әйел кінәлі: «басым ауырып тұр, тимеші», «саған керек болғанда ғана...» деген сөздерден кейін еркек тез суып қалады.

Содан секслесс отбасының сорына айналады.

* * *

Мен бір жақсы көрген әйелді қайтып жек көрмедім, мен бір досымнан да бас тартпадым.

Евтушенко.

* * *

Әйелдермен һәм сана-сезімі төмен адамдармен қатынас жасау – өте ауыр іс. Оларды өзіңе жақын тартсаң, қайтып құтыла алмайсың, ал алыстатсаң, өзіңе жау тауып аласың.

Конфуций.

* * *

Еркектер өтірікті келістіріп айта алмайды. Ал оны асқан шеберлікпен қиыстыратын әйелдер өздері сүйетін кісілердің сәл-пәл өтірігінің өзін сезе қояды. Өйткені кінәлі еркектің үнінен өзін әдейі еркін ұстауға тырысқаны аңғарылып тұрады, оны ұстап беретін де сол қолдан жасалған табиғилықтың артық болуы.

Андре Моруа.

* * *

Жаман атымнан жайдағым жақсы, Жаман қатыннан бойдағым жақсы.

Қарақалпақ мақалы.

* * *

Үйі құтты ер азамат бақытты, Жолықтырса адал жарды – жақұтты!

В.Жуковский.

Төсек ләззаты

Секстің орташа созылу уақыты 4,5 минут екен. Бірақ әркімде әр түрлі, оның созылу мерзімі еркектің қуатына байланысты, кейде ол жарты сағатқа, толық бір сағатқа созылатын кезі болады.

Ал «Кім қанша рет?» деген сұрақты зерттеп көргендер, ер адам жылына өз әйелімен және көңілдестерімен шамамен 100 рет ойнас жасайды екен. Бірақ бұл да әркімде әртүрлі, кей белсенді еркектер бір жылда төсек қатынасын 300 реттен асыратын сияқты.

132

Төсек ләззатына келер болсақ, әйелдердің жартысы төсек қатынасының ләззатын (оргазм) білмейтін көрінеді, орыстарда 5-6 баласы бар ересек әйелдердің өзі бір де бір рет рахат сезімге батпағанын айтады деседі. Қазаққа қарағанда еркін саналатын орыстар осындай болса, қазақтарда сезім сырын сезіне алмайтындар бұдан да көп болғаны ғой.

Төсек қатынасына қатысты барлық елдердің еркектерін ұқсас ететін бір жай бар сияқты, ол

– бір түн бірге болған әйелді ешуақытта ұмытпайтыны.

Тағы бір айта кетерлік нәрсе: жыныстық қатынастан қанағат таппағандардың көңіл қошы болмайды, олар ашуланшақ, сөз көтермейтін болады. Ал жыныстық қатынастағы белсенділік ұлттың саулығын ғана білдірмейді, ол отбасының, қоғамның тұрақты дамуын да айқын көрсетеді. Елде экономикалық жағдай қиын болса, сексуалдық белсенділік те төмендейді, өйткені тұрмысы төмендеп, қаржылық жағдайы нашарлаған адамның жыныстық құштарлығы да азаяды.

Жыныс құштарлығының әлсіреуі (импотенция) көбінесе жыныс ағзаларының қызметінің бұзылуына байланысты дамиды. Жыныс ағзаларының қызметі – ми мен жұлынның жарақаттануына, оның қан айналысының бұзылуы мен ісігіне, ішкі секреция бездерінің бұзылуына, дененің алкогольмен, есірткімен, қорғасынмен улануына, созылмалы нефритке, қант диабетіне, қатты арықтататын кеселдерге ұшырауына, қуық безінің қабынуына (простатит) және оның ісігіне, ұрық жолдарының кеселдеріне ұшыратады.

Сонымен қатар жыныс құштарлығының әлсіреуі көп жағдайда психологиялық факторларға да байланысты: отбасындағы ұрыс-керіс, істің ілгері баспауы, жұмыстағы жайсыздық, әлеуметтік теңсіздікті сезіну, жоқшылық, жұбайының желөкпелігі мен көңілдесқұмарлығы, қызғаншақтық, ашуланшақтық, қатты шаршау да әсер етеді.

* * *

Алпысқа таяғанда еркектердің қуаты әлсірейді. Сонда олардың басына келетін ой - өмірден бар қызықты барынша алып қалу болады, өмірден өшін алғысы келгендей махаббат ләззатын барынша ұзағырақ сезінуге ұмтылады. Содан ондай еркектер өзінен жасырақ әйелдерді төңіректейді, оларды жиі ауыстырады. Сөйтіп, адамдар арасындағы таза сезімді хайуандар арасындағы күйлеумен шатастырады.

Дегенмен алпыстан асқандардың көбі аяқты тартып ұстауға дағдылана бастайды. Зерттеушілер бүгінгі заманда кәрілік жетпістен асқан соң келетінін айтады.

* * *

Мына жағдайларда әйелді төсекке сүйреуге болмайды:

-ыстық моншада;

-шамадан тыс тойынған соң;

-мас кезде;

-әйелдің іші білініп қалғанда;

-етеккір үстінде;

-әйел қайғы үстінде болса;

-ел көзіне түсетін жерде және үстіне адам кіріп қалу қаупі барда.

* * *

Әйел мен еркектің сексуалдығы Еркектер көзімен:

Еріннің әдемілігі – 83%; Емшектің көріктілігі – 80%; Сирақтың ұзындығы - 77%; Бөксенің әдемілігі – 73%; Көздің үлкендігі - 71%; Жамбас толықтығы - 64%; Әдемі аяқ - 62%.

Әйелдер көзімен: Спорттық дене - 76%; Иықтың кеңдігі - 72%;

133

Төсек қуаттылығы - 65%; Мықты бөксе - 60%; Еріннің әдемілігі – 37%; Үлкен мұрын - 34%.

* * *

Адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел.

Мұқтар Әуезов. 1917 жыл.

* * *

Хадистерден:

..Әйел қисық қабырғадан жаралған. Егер түп-түзу етемін десең, сындырып аласың, сол қалпында қалдырсаң, өмір бойы солай өтесің.

...Еркек үшін ең ізгі қатын – ерін көп әуреге салмайтын қатын.

...Егер ерлі-зайыптылар бір-біріне сүйіспеншілікпен қараса, Алла тағала да оларға ерекше мейірім төгеді. Егер күйеуі қатынының қолынан ұстаса, олардың күнәлары саусақтарының арасынан түсіп қалады.

...Әйел – еркектің екінші жартысы, яғни, жақсы қатын күйеуінің өмірін екі есе жеңілдетеді.

* * *

Әдемі әйелдерді тек елестету сезімі жоқ еркектер жақсы көреді.

Марсель Пруст.

* * *

Әйелді басқара алған адамға мемлекетті басқаруды сеніп тапсыруға болады.

Бальзак.

* * *

Әйелдердің қолынан барлығы келеді, еркектердің қолынан қалғандары келеді.

Анри Ренье.

«Тауықтар» мен «мысықтар»

Әйелдер тауықтар мен мысықтар деп екіге бөлінеді. Мысық тәуелсіз, сәнді, айла мен ақылды тең ұстап әрекет етеді, еркекті қалай болса солай ыңғайына жыға алады және осынау жұпыны жаратылысқа байланып қалмайды. Басынан сипасаң, тамағын тойдырсаң – мияулап еркелейді, түртіп қалсаң – тырнап алады.

Тауық ұзақ абдырап, асып-сасады, қорқып бұрқылдайды және еркек жыныстының өзінен басымдығын сөзсіз мойындайды. Тауық әйел ешбір жағдайда еркектің ісін бұрыс санамайды, ол азығын қораз тауып бергенге әдеттенбеген.

«Мысық-әйелдер» мүсінді әрі бір қарағанда сүйкімді (мысықтың да сүйкімсізі болмайды емес пе), секске бейімдігі көзге ұрып тұрады, өзіндік бір құпиясы бар. Сондықтан да әркімдерге қалаулы. Бірақ сипаласаң, сүт берсең құйрығын бұлғаңдататын мысық секілді еркелейді, түртіп қалсаң жаңа ғана бар әсемдіктің бәрі жоғалып, айбарлана тырнап алады. Олар осы мінезімен-ақ жағдайын жасасаң, қайтадан мамыражай қалыпқа келіп, торын әрі қарай жая түседі. Кімге болса да.

Олар тышқан аңдығандай аңдып жүріп, бір еркекке сәті келгенде тарпа бас салады. Соған маманданғандықтан қателеспейді, қолына түскен «тышқаннан» айрылып қалмайды.

Олар адам таниды, кім оны түсінеді, оның еркелігіне төзеді, қолдайды, оны біледі. Бірде жалған жылап, бірде ойнақы күліп жүріп «құрбанының» қан-сөлін сорады. Кейде еркекті бүтіндей жұтып қояды.

134

Барлық әйелдер туғанда тауық болып туады, кейіннен олардың біраз бөлігі мысыққа айналады.

* * *

Жақсы әйел ері ұялар іс қылмайды.

* * *

Әйелді аялап жеңбесең, қаталдықпен жеңе алмайсың.

* * *

Әйел үшін өзіне күндес санаған әйелден өш алудан асқан рахат жоқ.

* * *

Әйелмен сұхбат кезінде сөзіңе абай бол, іс-әрекетке көше қалсаң, батыл бол.

* * *

Әйел мінезі қызық: еркектің бағынысындағы әйелдер – бостандықты аңсайды, еркекті бағындырып жүрген әйелдер – еркекке бағынғысы келеді.

* * *

Әйелдің бір нәрсеге көзін жеткізгіңіз келсе, алдымен оған ұнауға тырысыңыз.

* * *

Әйелдердің тоқсан пайызының, еркектердің он пайызының ғана сексуалдық белсенділігі жоғары болады.

* * *

Көрмесем – көргім келеді, көрсем – көргім келмейді.

Ақылды әйелдің де ойланғаны жөн

Жаратылыс – әділетсіз. Оны еркектердің ақылды әйелдерді онша ұната бермейтінінен білуге болады. Мұның себебі өзінен ұдайы озып тұратын әйелдің алдында еркектің бағасы болар ма еді?! Оған еркек басымен кім төзеді? Сонымен бірге көп еркектер әйел айламен еркекке бейімделу үшін ақылды көрінгісі келеді деп ойлайды. Ақылды әйелдерді тек ақылды еркектер ғана бағалайды. Бірақ олардың да біразы ақылды әйелді жақсы көруге бара бермейді, тек оларға құрметпен қараумен шектеледі.

Ақылды әйел – өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, күшті әйел. Ондай әйелмен өмір өткізу, еркек үшін бірде болмаса бірде, ал кей жағдайларда ұдайы жеңілу қаупін тудырады. Яғни, еркек өзі «бірінші» болмай қалудан қауіптенеді, өзіне-өзі сенімсіз болып қалудан қорқады.

Ал ақылды әйел үшін бағынуға әзір еркекпен өмір өткізу – азап.

Сондықтан ақылды әйел жалғыз қаламын демесе, өз ақылын жасыра жүргені, бағынуға өзін әзірлей жүргені жөн.

* * *

Әйел сұлу болған сайын адал болуы, өзін адалдыққа үйреткені, адалдыққа мойынсұнғаны дұрыс. Сонда ғана әйелдің сұлулығы өзіне сор болып жабыспайды.

* * *

Әйелдің қызық қумағаны дұрыс. Ол қызық қумай-ақ өмірін қызықты етуді үйреніп алуына болады. Ал қызық қууды өміріне мақсат етіп алған әйел ешуақытта бақытты бола алмайды.

* * *

Әйелді қорғайтын, пана бола аларлық еркек қана еркек аталса болады.

135

* * *

Әйелінен көңілі қалмаған еркек өзгеге қарамайды.

* * *

Әйел – зат емес, оның сезімі бар. Сол сезімді бағалай алатын еркек әйелге құрметпен қарауы тиіс. Ол үшін: шектен шықпау, әрбір іс-әрекет үшін есеп беру; өз ішкі сезіміңе ерік беру; әйелдің жаны мен тәнін түсіну, көңіліне қарау; сексуалдық әрекеттердің әйелге ұнағанын ғана жасау; үстемдік көрсетпеу; әйелдің өзіне сенімді болу құқығына қол сұқпау.

Осылардың көбін әйелдің де еркекке қатысты қолдануына болады.

* * *

Қытайлар Екатерина патшаны көргенде: «Көзі кішірек болғанда баршаның жүрегін жаулап алатын екен», - депті. Әркімнің танымы, құндылықтары әр түрлі.

* * *

Әйелдің даусы қатты шыққан үйдің босағасын аттама.

Халық даналығы.

* * *

Әйел – кітап дейді, ол кітап емес, кітапхана, оқып тауыса алмайсың.

Көпен.

* * *

Қасыңда қатын жатқанда, Қызды ойлап жатар күн кетті.

* * *

Есіріктеніп қызынан он жас кіші қызды алған адамға:

Келесіне кемелдене қараған, Бурадайын қыс күнінде жараған. Ақ аязда көктем сынды сабадан, - Көк толқынды лақтырып жағадан. Қошқардайын жаңа алған күйегін, Кез келгенге құмарланба тілегім. Алпыста да аптығыңды баса алмай, Жетпісте де жеңсігіңнен аса алмай, Аруақты да, ұл-қызды да ұмытып, Қызыққа еріп кеткеніңе күлемін.

* * *

Әйелдің жүрегіндегі күдікті, қайғыны, күйікті сейілтпей тұрып, сол әйелмен төсектес болу

– харамдықтың ең ауыр түрі. Бұл – бұзылғандықпен, адамшылықтан кеткендікпен бір есеп.

Беззаз риуаят еткен хадис.

Мұхтардан бір мысал

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының 1942 жылғы нұсқасында ауылдас екі жігіт Манас пен Қараханның әйелдерін айырбастап алатын эпизоды болғанын Әмірхан Меңдеке жазыпты.

...Сондағы үлкен қуаныш үстіндегі достық сынасудың себебі, яғни қуанышы, Майбасарды сабағандары, сол арқылы Құнанбайға сес көрсеткендері (мұқатқандары) екен.

Абайдың: «надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып, не қойғанын өзі де білмей есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді» (26-сөз) дегені осының нақ өзі. Құнанбайды бір мұқатқанда, Құнанбай оларды сәл өтпей-ақ екі мұқататыны естен шығып кетеді.

136

Сонымен бұл айырбас дәстүрге де (салт, әдет-ғұрып), серілікке де, салдыққа да, еркіндікке де, махаббатқа (ғашықтық пен құмарлық) да жатпайды. Бұлардың бәрінің жауапкершілігі бар.

Сырт қарағанда ер мінезді, өр көңілді, мәрт көрінгенмен, бұл екеуі – нәпсінің шын құлдары. Бұлардың намысы – надандық, жігітшілігі – бейбақтық, шектен шығушылық. Аң екеш аң

да өз қойындасын басқа аңнан өлердей қызғанып, қорғайды. Бұлардікі – тек нәпсіні жұбату ғана. Әмірхан былай дейді: «Екі жігіт шариғатқа – харам, шаруаға – залал, ақылға – теріс, бойға –

ағат қылықтарды неге істеді?

Біріншіден, күпсіме дарақылық; екіншіден, ұркөппе мақтаншақтық; үшіншіден, парықсыз, татымсыз, сыйымсыз дәріпшілдік; төртіншіден, көзсіз ұрыншақтық; бесіншіден, кісі қайғысын танымаушылық; алтыншыдан, алды-артын ойламаушылық, жетіншіден, уайымсыздық; сегізіншіден, даңғойлық; тоғызыншыдан, өрескел сезімсіздік, қойнындағы жарын малмен тең ету; оныншыдан, жүз күн атан болғанша, бір күн бура болып қалуға бейімділік.

«Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады» (Абай).

Өздерінің құдай берген қуатын, күш-жігерін түп-түгел сыртқа жұмсайды. Сөйтеді де, өзімен өзі күресуге, яки өз нәпсісімен күресуге, сөйтіп, ең әуелі өз ішін түзеуге, ойын дұрыстауға, бойын тыюға құлықсыз.

Жүректегі байлаулылық дегеніміз – адамның ішкі рухани цензоры, бақылаушысы, күзетшісі. Әр адамның ішкі иманы. Ішкергі ар-ұяты. Бүгінгі тілмен айтқанда, ішкі мәдениеті, ішкі парасаты, ішкі парқы.

Парықсыз адам өлшеуін білмейді және өзгені де өлшей алмайды.

«Әрбір нәрсенің өлшеуі бар... Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, қуанбақ, құшпақ, сүймек, бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асса, боғы шығады» (Абай).

Әуезовтің осы үзіндісінде бәрі бар: уайым да, жіңішке ескерту де, күйіну де, намысты шабақтау да, ұялту да, жеріндіру де».

Шынында, бұл мысал адами қатынасты хайуандық қатынастан да бетер төмендетіп жібергеннің бір көрінісі. Алладан осындайдан қазақты ада ете гөр бұдан былай деп тілелік...

Қазақ әдебиеті, 28.07.2000.

* * *

Адамдықтың негізі – әйел. Әйел көркейсе, мемлекет де көркейеді. Әйел күйресе, мемлекет де күйрейді.

Хадис.

* * *

Әйелдер, Күн емес, Айға жақын. Мысалы, әйелдердің менструалдық циклы Ай күнтізбесімен есептеледі – 28 күн.

* * *

Қызға бергісіз қатын бар.

Құсайын Тайжы.

* * *

Әйелдің бетіндегі қызыл шырайдың бәрі нұр емес.

* * *

Әйелдер еркектердің бәрі бірдей деп ойлайды, олардың күші осында; еркектер барлық әйелдер әр түрлі деп ойлайды, бұл ой оларды құртады.

Рамон де ла Серна.

* * *

Жастығы өтіп, жасамысқа айнала бастаса да, жастық шақтағы қылықтарын көрсеткісі келген кексе әйелдерді көргенде: «Қартайған қыз Жібек» деген теңеу ойлап таптым.

137

* * *

Басынан көп нәрсе өткізген, кәрілік жеңе бастаған әйел көзі жас сұлуға түскенде, төбе шашы тік тұрып жек көреді.

* * *

Баланы жақсы болуы – келініңнің жақсы болуына тәуелді...

* * *

Ер мен әйел – қос өгіз секілді, екеуі бірдей тартуы керек.

* * *

Әйел мен еркектің мінезіндегі айырмашылық – еркек әйелін оп-оңай кешіреді де, болған оқиғаны сол сәтте-ақ ұмытып кетеді. Ал әйел кешіруін кешірсе де, ешқашан ұмытпайды.

Шәмші.

Айбатырдың күнделігінен:

...Әйел – от сияқты. Дұрыстап жандыра алсаң, тамағыңды да пісіреді, жаныңды да жылытады. Ал жандыра алмасаң, біраз бықсып жатады да, өшіп қалады. Енді өршелендіріп жіберсең, үйіңмен қоса өзіңді де өртеп жібереді.

...Ғашық жүрек өте әлсіз болады. Кейбір сұлу бикештер қыз мінезді жігітті әуреге салады.Хас сұлуға ғашық болып қалған өте сезімтал жігіттер алып-ұшып жүрегін ұсынады. Асау бикеш жігіттің жүрегін ақ қағазға айналдырып, не жазамын десе, соны жаздырады. Бұрынғы жазуларды түгел өшіртеді. Қате жаздың деп умаждап тастайды.

Ал, ең соңында, қағазға айналған сорлы жүректі отқа тастап, өртеп жібереді.

...Біздің жақта түйе көп. Солардың кейбір жас төлдері бота күйінен енесінен аулақтап, еміп алған соң бура кейпіне көшетіндері болатын.

...Біздің ауылдың мақалы: «Қызға берген көрінбейді, құмға сіңген білінбейді».

* * *

Әйелін жамандап, тағы да соған төзіп жүре беретін еркек – еркек емес.

* * *

Жаңа үйленген адамдар мен ескі ойнастар ұқсас болады.

* * *

Егер әйел еркекті сүюін тоқтатса, оның көзіне шөп салса, ол үшін күресіп әуре болғанмен ештеңе шықпайды. Уақыт өте келе орнына келуі мүмкін, бірақ ұмытылмайды. Соны жасыру үшін әйел қызғануды көбейтеді. Өзі уақытында бәрін басынан кешірген әйел келінін көп аңдиды.

* * *

Еркектер от сияқты – тез жанып, тез суиды, әйелдер – су секілді, жай қайнайды, жай суиды.

* * *

Әйелдер ерлерге үйренісіп алған соң, оның қамқоршысы, жебеушісі, өмірдегі жолбасшысы, анасы, тәрбиешісі болып шыға келеді. Ал еркек оны-мұны істерде еркін болғанды қалайды. Ананы киме, мынаны былай істеме, ананы ішпе, былай отырма деу еркектің еркектігін тұншықтырады.

* * *

Эйнштейннің әйелінен: «Күйеуіңіз жайлы не ойлайсыз?» - дегенде: «Е, ол ұлы адам ғой, ақшадан басқаның бәрін жасау қолынан келеді», - депті.

138

* * *

Бір қатын – қынаумен қатын, Бір қатын – сылаумен қатын, Бір қатын – сынаумен қатын.

* * *

Әйелдің жақсы адамға тұрмысқа шықсам деп жүргенінде, кейде оңбағанға жолығатыны еркектің нақты бейнесін көрмей, бетпердесіне сеніп қалғандықтан болады.

* * *

Әйелдің төрт түрі:

-кескен ағаштай – еріне наразы, жалқау;

-үрген доптай – мешкей, ұйқышыл;

-өзгермейтін баяғы – отбасы құруға дайын емес;

-үйдің тірегі – жардың жақсысы.

Әйел еркексіз өмір сүре ала ма?

Бұдан бұрынғы ғасырларда жетістікке жеткен әйел деп ерге тиімді шыққан әйелді айтушы еді. Демек, ештеңе істемесе, барлығы жеткілікті болса, көңілі тоқ болушы еді.

Қазіргі жетістікті әйел – ақылды әйел және сексуалды, ол өзіне өзі риза, сонысы үшін бақытты. Оның мүсіні сұлу, көзі жайнап тұрады.

Қазіргі жетістікті әйел машинам жоқ, үйім жоқ, тұрақты жұмысым жоқ деп жыланбайды. Өз күшіне, далада қалмайтынына сенеді. Ол үшін әлеуметтік статус маңызды емес, мағыналы, қызықты өмір маңызды.

Жетістікке жету үшін қазіргі заманда сыртқы стильден ішкі мазмұн маңызды. Өзі сұлу, киім киісі әсем қызбен бір сөйлескеннен кейін сөйлескің келмей қалатыны болады. Өйткені онымен сөйлесетін тақырып бірер ғана нәрсе: ақша, киім, жақсы демалу. Ол тез зеріктіреді.

Бүгінгі күні жетістікке жетіп жүрген әйелге махаббатта да жетістікке жету қиындық туғызбайды, өйткені ол өмірін күрделендірмейді, барлығын да байсалды қабылдайды.

* * *

Әйелдер неге қыдырады?

1.Күйеуі қыдырады, соған ерегіседі.

2.Күйеуін менсінбейді.

3.Тоқтықтан масығады, зерігеді.

4.Күйеуі ересек, қанағаттанбайды.

5.Қияли, еліккіш (ондайлар күйеуін жамандағыш).

6.Арақты сүйсініп ішеді, сосын беріле кетеді.

7.Сыйлыққа сатылады.

8.Абайсызда үйренеді.

9.Атақтыларға, өзінен озықтарға құмартады.

10.Табиғаты солай.

* * *

Еркек те, әйел де қызғанған кезде бірдей сезімде болады: реніш, ашу-ыза, өзіне сенімсіздік және жоғалтып алу қаупі.

Бірақ еркек қызғанса:

-үндемей қояды;

-не болса, соған ашуланады. Әйел қызғанса:

-ұрыс шығаруға тырысады;

-қалтадағы қағаздарын тексереді;

-әдемірек көрінуге тырысып, диетаға отырады, жаңа көйлектер сатып алады;

139

-жұмысына жиі звондайды;

-күйеуінің таныстарымен жиі араласып, сыбыс іздейді. Ыстық ойнастарда да осындай мінез кездеседі.

* * *

Ерлі-зайыптылардың идеалдағыдай ең қолайлы ұстанымы – екеуінің бір-біріне арқасын беріп тұрған сәті болуы тиіс деседі кейбір жаңа ілім насихатшылары. Өткені олай тұру бірін-бірі таяныш, сүйеніш етудің белгісі, сонымен бірге екеуміздің де өз әлеміміз бар дегенді де білдіреді дейді.

* * *

Еркектің әйелі алдындағы міндеттері:

-оған әрқашан жақсы мінезбен қарау;

-оған әрдайым жұмсақ әрекет жасау;

-оңашада оған сүйетінін айту;

-ренжулі екенін көргенде жағдайын сұрау;

-көңілін аулау;

-бала тәрбиесінде оған көмектесу;

-жақсы киімдер киіндіріп, жақсы тамақтар жегізу;

-ұрмау;

-бір күннен артық ренжіп жүрмеу;

-оның жаман мінезіне сабыр ету;

-жақсы істерін мадақтап, Аллаға шүкірлік ету;

-«күйеуім мені бәрінен жақсы көреді» деп ойлайтындай ету;

-үйдегі және тыстағы істерде оның пікірін тыңдай жүру;

-күнә емес кемшіліктерін көрмеу;

-айыбы болса, өзгелерге білдірмеу;

-оны бүлікке себеп болатын жерлерге апармау;

-міндеттерін, халал мен харамды үйрету.

Ибраһим Хаққы Арзурумидин «Маърифатнама».

* * *

Қарны ашқанға – қара талқан майдай көрінер, Қатын зары өткенге – қара қатын айдай көрінер.

* * *

Әйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені әйел – өмірдің анасы, ал асыл перзент – анасын ешкімге де қорлатпайды. Әйел – киелі халық. Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді.

Бауыржан Момышұлы.

* * *

Қайғыңды көтеруге Қайғысыз көнетұғын.

Төлеген.

* * *

Шаңырақты еркек көтереді, Уықты әйел тігеді.

* * *

Әйелің жақсы болса, бірінші – «иманың», екінші – жиғаның, үшінші – ырысыңның тұрағы.

Төле би.

140