Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ariptesterge.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
4.95 Mб
Скачать

2. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.

-Кімнің тарысы піссе, соның тауығы

–Қардан кебіс, мұздан құрсау

–Қарны қабысты

–Күшін сатты

–Көшке ілесті

–Көк тиын

- көппен бірге болды

- қатты тарығу

- түк те, дәнеңе де (ең болмаса, бір тиын да)

- өзінде ерік жоқ, көрінгеннің шылауында

- қызметін бұлдады

- ашықты

3. Мәтінді оқып, ой бөлісіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Өнертабыс – ұйымдастыру, тәсіл, затқа қатысты кез келген салада маңызды айырмашылықтарға ие және жаңа міндеттің техникалық шешімі.

Шоғырландырылған бюджет – республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді

біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.

Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

– республикалық бюджет;

– облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.

4. Түсініктеме

ТҮСІМ – өндірілген өнім, алынған табыс.

ӨТЕ – І. Парызын, міндетін, борышын қайтару, атқару.

ТАЛДАМА – белгілі бір мәселені, жұмысты дайындау үстінде қолданылатын есептеу, пайымдау.

5. Мәтінге тапсырма:

  1. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

А) шоғырландырылған, маңызы бар қала, бюджет.

В) аударым, бюджет, шоғырландырылған, республикалық.

С) қор, аударым, жергілікті, қала, облыс.

D) түсім, талдама, қала, облыс, жергілікті, маңызы.

  1. Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Орталықтандырылған ақша қоры.

В) Жергілікті талдама.

С) Ұлттық қор аударымы.

D) Ортақ түсім.

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Шоғырландырылған бюджетті кімдер бекітпейді?

А) Ұлттық қор.

В) республикалық бюджет.

С) Қала әкімі

D) Заңнамалық билік органдары.

  1. Мәтіннің соңғы азатжолындағы негізгі ойды анықтаңыз.

А) Облыстық, қала бюджеті ескеріледі.

В) Ол құрылымдарға бөлінеді.

С) Ол республикалық бюджет, Ұлттық қор аударымдарынан тұрады.

D) Шоғырландырылған бюджет Ұлттық қор түсімін анықтайды.

5. Мәтіннің екінші азатжолына тақырып қойыңыз.

А) Бюджеттің бөлігі.

В) Шоғырландырылған бюджеттің құрамы.

С) Бюджет түсімі.

D) Ұлттық қор аударымы.

6. Шығармашылық диктант. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін екі тілде сәйкестендіріңіз

шоғырландырылған

утверждает

бекітеді

поступление

түсім

перевод

қор

аккумулированный

аударым

фонд

7. Бейнетаспаны көріп, түйіндеме жазыңыз: -https://www.youtube.com/watch?v=1f-h39nQXnA

8. «Аударым» сөзінің шығу төркініне болжам жасап көріңіз

Аударым

9. Қаржыға, байлыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңіз.

Ақша кетуге тырысады,

жоғына сабыр бол

Ақшаң болса қалтаңда,

батыр бір оқтық

Барына разы бол,

есеп ұстауға тырысады

Бай бір борандық,

Қудан айла артылмас

Бар болса көре алмас,

базар бар да талтаңда

Байдан пайда артылмас,

жоқ болса бере алмас

10. «Балаға өсиет» термесін тыңдап, сұхбаттасыңыз.

11. Журналистің сұрақтарына жауап беріп, сұхбатты жалғастырыңыз.

  • Сәлеметсіз бе!

  • Сәлеметсіз бе!

  • Бюджеттен қаражат не үшін бөлінеді?

  • ________________________________________________________.

12. Жағдаяттық тапсырманы оқи отырып, өз ойыңызды мақал-мәтел арқылы дәлелдеп, аяқтаңыз. Осындай жағдайдан шығудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз.

Сіздің бизнесіңіздің жарғылық қорында 100 млн. теңге бар, мемлекеттік бюджетке қандай қаржы түрінде төлейсіз? Капиталды көбейтудегі жоспарыңыз қандай, сонда бюджетке аударымыңыз неше есе өседі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]