Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РП стат каз_2014.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
177.15 Кб
Скачать

3.Пән мазмұны

1 Бөлім Статистиканың жалпы теориясы

1-тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері

Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері. Статистика пәні қоғамдық ғылым саласы. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері. Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланыстылығы. Статистиканың зерттеу тәсілдері туралы қазіргі көзқарастар.

2-тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері

Біртұтас есеп жүйесі және статистика. Статистиканың қоғамдағы атқаратын орны және нарықтық экономикаға өту кезіндегі негізгі міндеттер. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы. Халықаралық статистика ұйымы. Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік статистика” туралы заң.

3-тақырып. Статистикалық бақылау

Статистикалық бақылау – статистикалық зерттеудің алғащ\шқы сатысы. Бақылаудың ұйымдастырудың негізгі жолдары. Статистикаық есеп беру – статистикалық бақылаудың негізгі формасы. Статистикалық бақылаудың түрлері мен тәсілдері. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы - әдістемелік және ұйымдастыру мәселелері. Мәліметтердің дұрыстығын тексеру – статистикалық бақылаудың заңдылығы. Бақылау кезінде жіберілетін қателер және түзету әдістері.

4-тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

Мәліметтерді жинақтау – статистикалық зерттеудің екінші сатысы. Мәліметтерді жинақтауды ұйымдастыру және оның тәсілдері. Статистикалық мәліметтерді нышандарына қарай топтау. Топтау қағидалары және оның деңгей аралығын анықтау. Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері. Қайта топтау және оның тәсілдері. Статистикалық таратпалы қатарлары, оның түрлері және негізгі бөлшектері. Статистикалық кесте туралы жалпы түсінік, құрастыру қағидалары мен негізгі бөлшектері. Статистикалық кестенің түрлері.

5-тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

Абсолютті шама, оның мәні мен маңызы, түрлері және өлшем бірліктері. Қатысты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері мен өлшем бірліктері. Динамиканың, жоспарлық тапсырманың, жоспарды орындаудың және құрылымның қатысты шама көрсеткіштерін анықтау. Абсолютті және қатысты шамалардың қағидалары, қарым-қатынасы, кешенді

пайдаланудың мүдделлілігі. График мәні, маңызы және негізгі бөлшектері. Статистикалық графиктің түрлері және құру жолдары. Диаграмма, оның түрлері және қолдану тәсілдері. Картограмма және каритограмма, қолдану тәсілдері.

6-тақырып. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері

Орташа шаманың мәні мен маңызы және оның негізгі қасиеттері. Жай және салмақталған арифметикалық орташа шама, есептеу тәсілдері және қолданылуы. Жай және салмақталған үйлесімділік орташа шама, есептеу тәсілдері және қолданылуы. Орташа шаманың математикалық қасиеттері және статистикада қолданылуы. Орташа шаманың “ықшамдалған” тәсілмен есептеу. Үлгіні бүтін деңгей аралықта сан қатарына есептеу тәсілі.

Вариация көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері. Дисперсияны және орташа квадраттық ауытқуды “ықшамдалған” тәсілмен есептеу және оның математикалық қасиеттері. Дисперсяның түрлері және қосу ережесі. Сапалық белгілі дисперсия және оның статистикада қолданылуы.

7-тақырып. Ішінара бақылау

Ішінара бақылау әдіс туралы түсінік және оның теориялық негіздері, жаппай бақылаумен салыстырғандағы ерекшелігі. Ішінара бақылау кезіндегі жіберілетін қателер туралы түсінік және оларды жіктеу. Ішінара бақылау кезіндегі қолданылатын іріктеудің түрлері және жіберілген қателерді есептеу тәсілдері. Ішінара бақылауды ұйымдастыру және бақылауға алынатын бірліктің санын анықтау. Шағын және мезгілдік іріктеу, олардың статистикада қолданылуы.

8-тақырып. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар

Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы. Өсіңкілік қатардың негізгі көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және статистикада қолданылуы. Өсіңкілік қатардың орташа көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және статистикада қолданылуы. Өсіңкілік қатарларды талдау тәсілдері: қатарлар дәрежесін салыстыру, бір негізге келтіру, үздіксіздендіру және т.б. Өсіңкілік қатардың дамуын, өсуін анықтау. Өсіңкілік қатардағы интерполяция мен экстрополяция тәсілі және оның статистикада қолданылуы. Маусымдық ауытқу туралы түсінік, оның мәні мен маңызы, статистикада қолданылуы. Маусымдық индекс және оны есептеу жолдары. Маусымдық ауытқуды график арқылы көрсету.

9-тақырып. Индекстер

Индекс туралы жалпы түсінік, оның түрлері және мәні мен маңызы. Дара және жалпы индекстер есептелуі және статистикада қолданылуы. Орташа индекстер, есептелуі және статистикада қолданылуы. Өндірілген өнім көлемінің дара және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы. Өзіндік құнның дара және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы. Еңбек өнімділігінің дара және жалпы индексі, есептелуі және статистикада қолданылуы. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер. Индекстердің өзара байланыстылығы және статистикада қолданылуы. Нарықтық экономикады индекстік әдісті қолдану арқылы талдау жасау.

10-тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылыған сататистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы

Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын зерттеу - әлеуметтік экономиканың негізгі мақсаты. Байланыстылықтың формалары мен түрлері және зерттеу әдістері. Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын корреляция – регрессиялық әдістермен зерттеу және оның мәні мен маңызы. Өнеркәсіптің тиімділігі мен шығарған өнімдерінің сапасын тексеру үшін корреляция – регрессиялық әдісті іс жүзінде қолдана білудің маңызы. Корреляция – регрессиялық талдаудың кезеңдері:

  1. байланыстылық үшін факторларды іріктеу;

  2. регрессиялық теңдеуді құру және оны шешу;

  3. байланыс тығыздылығын бағалау.

Сызықтық корреляция коэффициентін, корреляция қатынасын есептеу және оның талдауда қолданылуы. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдаудың маңызы мен мәні. Статистикалық мәліметтерді талдаудың ролі.