Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Журнал 2.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
8.38 Mб
Скачать

Экспо – 2017. Дұрыс армандай алдық па?

ЭКСПО-2017 БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

«Астанада бүкіләлемдік көрме өтетін болды» деп дүрлігіп жатырмыз. Бірақ, ЭКСПО деген не? Мақсаты мен мұраты нешік? Ауқымы қандай? Оның бізге берері бар ма? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?.. Біз бүгін «БИЗНЕС ӘЛЕМІ» оқырмандарына бүкіләлемдік көрме туралы біршама мәлімет бергенді жөн көрдік.

Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. «Уикипедияда» жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек: «Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы. Тендерді ұтуын ұтып алдық, ендігісі соны абыроймен өткізу. Бұл қомақты қаржыны ғана емес, кәсіби біліктілік пен үлкен қаржылықты да талап ететін шара. Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр.

ЭКСПО көрмесінен не күтіп жүрсіңдер деген сұрақтармен біз эксперттерден сұрауды жөн көрдік:

Серік Мұратхан, техника саласының маманы:

INCLUDEPICTURE "http://altyalash.kz/wp-content/uploads/2014/03/458778.png" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://altyalash.kz/wp-content/uploads/2014/03/458778.png" \* MERGEFORMATINET

ШАНХАЙ МЕН ПАРИЖДЕЙ БОЛА АЛМАСПЫЗ, ДЕГЕНМЕН…

ЭКСПО ЕҚЫҰ саммиті сияқты таза саяси пиар жоба емес, бұл науқанның Қазақстанға берері көп.

Біріншіден, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогресстің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағалаймыз.

Екіншіден, ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, сондай-ақ шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді.

Үшіншіден, шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру, басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай, 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады.

Төртіншіден, бұл шараға Қазақстан үкіметі жариялағандай 5 миллион адам келмесе де, көрме өтетін Астана қаласының тұрғындары мен әдеттегі қонақтарынан әлденеше есе артық адам келетіні анық. Бұл сол қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіп саласына, қонақ үй, тамақтану сияқты қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге пайда әкеледі.

Бесіншіден, көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқарады.

Алтыншыдан, шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе.

Өз басым осындай алты артықшылықты көріп тұрмын. Енді тек даңғаза-шуға айналдырмай, өз мәнінде, ысырапшылдыққа бой алдырмай, тойға айналдырмай, әр қадамды есеппен басса, бізге әкелер пайдасы көп шара.

Тағы бір айта кетерлігі, шараның бет-беделін көтереміз деп, әйгілі адамдарды, бұрыңғы мемлекет басшыларын, әртістерді, сондай-ақ, басқа да ресми қонақ санын көбейтіп, оларға тегін жатын орын, ішіп-жем дайындап шабылудың қажеті жоқ. Ондай арзан атақпен бүкіләлемдік көрменің мәртебесін көтере алмаймыз. ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенеді. Әрине, 16 миллион ғана халқы бар елде, 700 мың ғана адам тұратын қалада, жәрмеңкеге салар жаңа технологиясы мен технология арқылы шығаратын өндіріс пен өнімі аз елде бәрібір Шанхай немесе Париж қалаларындағыдай қызғынды болмауы мүмкін. Алайда, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деп сенемін.

Едіге Алпысбай, қаржы саласының маманы: INCLUDEPICTURE "http://gdb.rferl.org/FDD0D34B-712B-4F8C-83EA-0B941ECBA7CC_mw800_s.jpg" \* MERGEFORMATINET INCLUDEPICTURE "http://gdb.rferl.org/FDD0D34B-712B-4F8C-83EA-0B941ECBA7CC_mw800_s.jpg" \* MERGEFORMATINET

ТЕТІГІН ТАБА БІЛСЕК, ТИІМДІ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ

ЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік. Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы, соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық. Бірақ, менің пікірім мынадай: ақыры қадам жасалған екен, жеңіп алған екенбіз, енді оны «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмыла дайындалып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек. Себебі, Алла жеткізсе, бұл шара қайткен күнде де болады, шегінерге жол жоқ. Ал, оның қаншалықты пайдалы өтуі, халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты деп сенем.

Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек деп есептеймін. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ, несі жаман болсын? Әрине, айтуға оңай, бұл тек құрғақ есеп. Бірақ, осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес, болады. Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес, бүкіл халық, кәсіпкерлер дұрыс қабылдап, тиісті түрде дайындалуы керек.

Меніңше, бұл ірі халықаралық шараны дұрыс қолданған жағдайда мынадай пайдасы тиеді:

Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады;

Шағын және орта кәсіпкерлер инфрақұрылым дайындау, ғимараттар құрылысы кезінде пайда таба алады;

Қала көркейе түседі;

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға болады: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынуға болады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыруға болады, т.б.

Ол үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Халықтың үлесі қажет. Мысалы, меніңше, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы айтуға болады. Мысалы, біз шетелмен жұмыс істейтін компания ретінде, шетелдік әріптестерімізге, таныстарымызға сөз ете жүреміз. Уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарымызға, фирмалық бланктерімізге, визиткаларымызға ЭКСПО-ның логотипін орнатып қоюды жоспарлап отырмыз. Мұндай тәжірибені көптеген елдерден көргеніміз бар. Одан қалса, сол жылға ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындарды көбірек жоспарлауға болады. Әйтеуір, жеке тұлға ретінде де, кәсіпорындар ретінде де жан-жақты үлес қоссақ, одан ешкім ұтылмайды, қайта ұтады деп сенем. Тіпті, қаржы саласында істейтін маман ретіндегі ойым, арнайы осы шараға қатысты жобалар мен өндірістерді қаржыландыратын арнайы қаржылық өнімдер мен құралдар жасақтауға да болатын шығар. Сол арқылы сапалы, жақсы бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]