Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
publish108356_25266.DOC
Скачиваний:
6
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
850.94 Кб
Скачать

6. 5-Міндет: теңгерімделген экономикалық ортаны ұстап тұру және экономикадағы кредиттік тәуекелдерді төмендету

1. Экономиканың нақты секторының ашықтығын арттыру.

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар айқындылығы деңгейінің төмендігі, сондай-ақ корпоративтік басқарудың дамымай қалуы қаржы институттары үшін әлеуетті кредиттік тәуекелдер деңгейінің ұлғаюына әкеліп, қор нарығының дамуын тежейді, сондай-ақ мемлекеттің салық саясатының тиімді жүзеге асырылуына кедергі келтіреді.

Бұл ретте салық төлеудің толықтығы мен уақтылылығы бойынша тексеру рәсімдері ғана емес, сонымен қатар айқындылықты арттыру нәтижесінде бизнес алатын нақты пайданы көрсету арқылы ақпаратты шынайы ашуға кәсіпорындарды уәждемелеу қажет. Сонымен қатар дұрыс жолға қойылған корпоративтік басқару экономикадағы тәуекелдерді төмендету құралдарының бірі бола алады.

2. Қаржы нарығы субъектілерінің тарапынан нарықтық тәртіпті көтеру және корпоративтік басқаруды жетілдіру.

Қаржы нарығына қатысушылардың ақпаратты ашуы тұтынушылар үшін оның операциялық және қаржы көрсеткіштері, тәуекелге ұшыраушылығы, тәуекелді бағалау процестері және тиісінше, мекеме капиталының жеткіліктілігі туралы ақпарат негізінде қаржы институтын дербес таңдауға мүмкіндік жасайды, бұл болашақта клиенттердің бейілдігіне оң ықпал етеді.

Қаржы ұйымдары корпоративтік басқаруды жетілдіру процесін үнемі жүргізіп отыруға тиіс. Бұл ретте, банктерде директорлар кеңесі бекіткен және ашылатын ақпараттың сипатының анықтамасына банктің тәсілін сипаттайтын ақпаратты ашудың ресми саясаты, сондай-ақ оны ашудың барысына ішкі бақылау болуы тиіс. Оның үстіне, банктер ақпаратты ашудың негіздемесін және кезеңділігін қоса алғанда, оның заңдылығын бағалау процесін енгізуге міндетті.

Сонымен қатар, банктерде тәуекелдің әрбір түрі бойынша стратегияларды және процестерді; тәуекелді басқарудың тиісті функциясы бар ұйымның құрылымы мен схемасын; тәуекелдің есептілігі және/немесе өлшеу жүйесінің аясы мен сипатын; тәуекелді хеджирлеу және/немесе төмендету саясатын, сондай-ақ тәуекелді хеджирлеу немесе төмендету құралдарының тиімділігін үнемі бақылау стратегиясы мен процестерін қамтитын тәуекелді басқарудың саясаты болуға тиіс.

Ақпаратты ашу банктік тәуекелдер туралы нарықты ақпараттандырудың тиімді құралы болып табылады және түрлі институттарды анағұрлым тиімді салыстыруға мүмкіндік беретін ақпаратты ілеспелі және түсінікті ашудың тетігін қамтамасыз етеді. Ақпаратты ашу қаржы институтының қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтын дамыту.

Жеке бизнесті дамытуды ынталандыру бойынша, сондай-ақ бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша экономикалық саясаттың мақсатына қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтын әрбір қатысушының тәуекелдерін, оның ішінде мына бағыттар бойынша қатаң шектей отырып одан әрі дамыту қажет:

мемлекеттік (мемлекеттің басымды даму бағдарламаларын, оның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды орындау мақсатында экономиканың нақты секторын ынталандыруға, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істеуін жалғастыру мақсатқа сай), оның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы ұлттық басқарушы холдингтерінің қатысуымен қолдау;

жекешелік қолдау (Қазақстан Республикасының өңірлерінде шағын және орта бизнеске ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну үшін отандық және шетелдік бизнестің ірі өкілдері венчурлік қорларды немесе еншілес компанияларын құру қажет);

борышкерлерді санациялау (Қазақстан Республикасы Үкіметін анағұрлым белсенді тарта отырып, себебі қарыз алушының өздерінің, мысалы, ауыл шаруашылы тарапынан төлем қабілеттілігі проблемасы орын алады);

кредиторлар мен қарыз алушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, борышты өндіріп алудың соттан тыс тетігін заңнамалық деңгейде жетілдіру, бұл соттардың жұмысын жеңілдетуге ықпал етіп, борышты құнын жоғалтпастан қайтару мерзімін қысқартады (құжаттамалық және рәсімдік тұрғыдан нақты нысандандырылған сот тәртібіне қосымша, бірақ қарыздар бойынша міндеттемелердің орындалуы ұзақ).

4. Кредиттік шешім қабылдау барысында қарыз алушыны бағалау процесін күшейту.

Кредиттік шешім қабылдау барысында қарыз алушының жағдайын бағалау қарыз алушының өзінің деректерін бағалау негізінде ғана емес, сонымен қатар, бағаланатын факторлардың анағұрлым кең спектрін, мысалы, саладағы экономикалық ахуалды бағалауды, бәсекеге қабілеттілікті бағалауды және басқаларды қамтитын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]