Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
publish108356_25266.DOC
Скачиваний:
6
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
850.94 Кб
Скачать

0

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың

2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы

2014 жылғы 29 тамыз №954 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.

  2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 кыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «29» тамыз

№ 954 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың

2030 жылға дейінгі

тұжырымдамасы

1. Кіріспе

Елдің қаржы секторын дамыту қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін ескере отырып, ел экономикасындағы оның орны мен рөлін айқындауға байланысты. Бұл ретте түрлі пікірлердің болуына орай әрбір жеке экономикалық агенттің қаржы секторы алдындағы мақсатты бағыттары басқалардан үстем болмауы тиіс. Әйтпесе, жүйе тиімсіздігінің өсуі мен жүйелік тәуекелдердің ұлғаюы үшін жағдайлар туындайды.

Мемлекет қаржы секторы экономикалық даму бағдарламаларының шеңберінде экономиканың басым салаларын қаржыландыру үшін тиімді бағамен жеткілікті ресурстар көлемін беруге қабілетті болады деп күтеді.

Экономикалық циклдің сатыларына қарамастан, қаржы жүйесі көрсетіп отырған қызметтер сапасына, көлеміне, құнына және тізбесіне қанағаттану тұтынушылар (заңды және жеке тұлғалар) үшін маңызды болып табылады.

Қаржы ұйымдарының өздерінің алдында бизнестің ағымдағы құнын ұлғайту, басқарылатын тәуекелдер мен шығындар құрылымы жағдайында оның негізгі қызметтен түсетін кірістілігін барынша, ең алдымен, көрсетілетін қызметтер көлемін өсіру есебінен ұлғайту мақсаты тұр.

Қаржы делдалы функциясын барынша тиімді жүзеге асыратын қаржы секторын қалыптастыру қоғам мен мемлекет үшін де, сол сияқты қаржы ұйымдары үшін де ортақ мақсат болып табылады.

Қаржы секторын дамытудың бағыттары ауқымды көлемде болып жатқан өзгерістерді де ескеруі тиіс. Ықпалдасу процестерінің күшеюі аясында ұлттық қаржы нарықтарын реттеудің келісілген біріздендіру тәсілдері (Базель III, Solvency II стандарттары) әзірленуде. Қазақстан Республикасы және оның қаржы нарығы әлемдік үрдістерден тыс қалмайды. Ең үздік халықаралық практика және реттеу стандарттары белсенді түрде енгізілуде.

Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) ықпалдасу, өз кезегінде, қаржылық қызметтер нарығын одан әрі ырықтандыру үшін алғышарттар құрады. Қаржы нарығындағы бәсекелестіктің кейіннен күшеюі, бір жағынан, көрсетілетін қызметтер аясының сапасын арттыруға және кеңейтуге апаруы тиіс. Екінші жағынан, Қазақстан Республикасы қаржы секторының сыртқы күйзелістерге осалдық дәрежесі көтеріледі, «жұқтыру» тәуекелдері өседі, ал бұл, қолайсыз даму сценарийі іске асырылған жағдайда, банк жүйесінен капиталдың және кредиторлар мен салымшылар қаражатының әкетілуіне, кредиттік тарылуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Мұндай жағдайда қаржы жүйесі жаңа тәуекелдерді жасамауы немесе экономикада орын алған тәуекелдер ауқымын ұлғайтпауы тиіс. Бұл тәуекелдерді іске асырудың ықтимал салдарлары барынша азайтылған кезде реттеудің оңтайлы тетігін әзірлеуді талап етеді, бұл ретте талаптар артық болып табылмайды және қаржы секторының белсенділігін басып тастамайды.

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қаржы ұйымдарының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қатысуымен талқыланды, соның нәтижесінде қаржы секторының жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған түрлі пікірлер, ұсыныстар, идеялар қамтылды. Сонымен қатар, құжат Халықаралық валюта қорының 2013 жылдың 4-тоқсанында – 2014 жылдың бірінші жартысында іске асырылған «Қаржы секторын бағалау бағдарламасы: орнықтылық модулі» (Financial Sector Assessment Program) жобасының щеңберіндегі қорытындылары мен ұсынымдарын да ескереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]