Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

300_suraktar (2)

.doc
Скачиваний:
107
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
205.31 Кб
Скачать

1 Маркетинг неден басталады?+нарық пен тұтынушылардың сұранысын зерттеуден

2 Маркетингтің объектілерін ата:+тауарлар, қызметтер, идеялар, адамдар

3 Маркетинг дегеніміз:+нарықты зерттейтін ғылым саласы, тауарды нарыққа жылжыту тәжірибелік іс-әрекеті, бизнес философиясы, басқару жүйесі

4 Маркетингтің негізгі мақсаты+тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы пайда табу

5 Маркетинг жүйесіндегі нарық дегеніміз –

A  тауарлар және қызметтердің сұранысы мен ұсынысының қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін механизм

B   тауарлар мен қызметтердің айырбасы

C   қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың әдісі

D   потенциалды және нақты тұтынушылардың жиынтығы

E   сату орны

6 Е Маккарти ұсынған «4Р» моделіне кіретіндер:  +тауар (product), баға (price), орын (place), жылжыту (promoution)

7 Маркетингтің негізгі қағидасы (принципі) –  +тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде пайда табу

8 Маркетингтік тұжырымдаманың басты мақсаты қандай?+бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру

9 Тауардың өзіндік құны өте жоғары, ал сұраныс ұсыныстан артық болғанда маркетинг тұжырымдамасының қайсысы қолданылады?

A өндірістік тұжырымдама

B маркетингтік тұжырымдама

C   өткізу немесе сату тұжырымдамасы

D   тауарлық тұжырымдама

E   әлеуметтік-этикалық тұжырымдама

10 Тұрақты сатып алушылары мен бизнес серіктері болса, компания маркетинг тұжырымдамасының қайсысын қолданады?

+өзара әрекеттесу маркетингі

11 Тұжырымдамалық аспектіде маркетинг: +айырбас арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қызмет түрі

12 Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтарымен қажеттіліктерін неғұрлым жоғары дәрежеде қанағаттандыруға бағытталған маркетинг тұжырымдамасы:+ маркетингтік

13 Маркетингті басқарудың қандай тұжырымдамасы тұтынушылар тек қана жоғары сапалы тауарларды сатып алады деген ойда құрылған +тауарлық

14 Маркетингті басқарудың қай тұжырымдамасы үш фактордың – фирманың пайдасын, тұтынушылардың қажеттіліктерін және қоғамның мүдделерінің баланстандырылғанын талап етеді +әлеуметтік-этикалық тұжырымдама

15  Нарық жағынан қолайлы жауапты реакциясын жасау үшін фирма пайдаланылатын маркетингтік элементтер жиынтығы-бұл:  +маркетинг комплексі (кешені);

16  Маркетингтің негізгі қызметтері + талдаушы, өндірістік, өткізушілік және басқарушылық;

17 Жасырын сұраныс кезінде маркетингтің сұраныс жағдайына байланысты қолданылатын түрі:

+A   дамытушы

B   ынталандырушы

C   ремаркетинг

D   синхромаркетинг

E   демаркетинг

18 Тауарға шектен тыс сұранысты азайтуға бағытталған маркетинг түрі:

A демаркетинг

B   дамушы маркетинг

C   ремаркетинг

D   конверсиялық маркетинг

E   қолдаушы маркетинг

19 Фирма тауарларына сұраныс құбылмалы болған жағдайда маркетингтің қандай түрі пайдаланылады:

A синхромаркетинг

B   конверсиялық маркетинг

C   демаркетинг

D   ремаркетинг

E   ынталандырушы маркетинг

20 Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген компанияның барлық бөлімшелерінің үйлесімді жұмыс істеуі:

A дифференциалданған маркетинг

B   интегралданған маркетингтік жүйе

C   корпоративтік маркетингтік жүйе

D   тік маркетингтік жүйе

E   көлденең маркетингтік жүйе

21 Оптималды (оңтайлы) сұраныс жағдайында маркетингтің қандай типі қолданылады

A   қолдаушы

B   конверсиялық

C   ынталандырушы

D   демаркетинг

E   ремаркетинг

22 Сұранысты реттеу бойынша демаркетингтің мақсаттары қандай

A   сұранысты төмендету

B   сұранысты жоғарылату

C   сұранысты дамыту

D   сұранысты қолдау

E   сұранысты ынталандыру

23  Адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және айырбасқа түсетін өнім

A  тауар

B    құрал-жабдықтар

C    материалдар

D    шикізат

E    сервис

24 Т 24  Сатып алу қабілеті бар қажеттілік- бұл:

A    сұраныс

B    ұсыныс

C    баға

D    бәсеке

E    айырбас

25  Төрт элементтен тұратын «4P» моделін ұсынған кім?+ Е. Маккарти

26 Т 26  Өндірілген тауарды сату, сатып алушыларды табу, өткізу бойынша жоспарды орындау мақсаттарына бейімделген маркетинг тұжырымдамасы қалай аталады?

A    өндірістік;

B    маркетингтік

C    тауарлық

D    өткізу немесе сауда

E    өзара әрекеттесу

27 Т 27  Сұраныс төмендегенде қандай маркетинг қолданылады?

A    Ремаркетинг

B    Дамушы маркетинг

C    Синхромаркетинг

D    қолдаушы маркетинг

E    демаркетинг

28 Т 28  Тұтынушылардың бәрі немесе көбі тауарды қабылдамаған жағдайда жағымсыз сұраныс орын алғанда қандай маркетинг қолданылады?

A  конверсиондық маркетинг

B    Дамушы маркетинг

C    Синхромаркетинг

D    қолдаушы маркетинг

E    демаркетинг

29 Т 29  Тауарға сұраныс жоқ немесе сұраныс төмен болғанда пайдаланылады

A    Ынталандырушы (креативный) маркетинг

B    Дамушы маркетинг

C    Синхромаркетинг

D    қолдаушы маркетинг

E    демаркетинг

30 Т 30  Иррационалды сұраныс кезінде қанжай маркетинг қолданылады?

A    Ынталандырушы (креативный) маркетинг

B    Дамушы маркетинг

C    Синхромаркетинг

D    қолдаушы маркетинг

E    Қарсы әрекет етуші

31 Маркетингтік зерттеулер дегеніміз+әр түрлі маркетингтік мәселелерді айқындап, шешу үшін мәліметтерді жинау, талдау және жалпылау

32 Т 32 Екінші ретті ақпаратқа қай ақпарат жатады

A   сырт көздерден немесе басқа мақсаттармен жиналған дербес ақпарат

B   қайта тексерілген ақпарат

C   болымсыз ақпарат

D   бөтен көздердеңн алынған ақпарат

E   түгел бақылау

33 Маркетингтік зерттеулердің сапалы әдісіне не жатады+ фокус-топ

34 Т 34 Жаңа тауарды нарыққа шығару үшін бірінші ретті ақпаратты жинаудың қай әдісі пайдаланылады

A   эксперимент

B   көрме

C   пікірсұрау

D   фокус-топ

E   бақылау

35 Маркетингтік зерттеулердің тізбектілігі туралы ұйғарымдардың қайсысы дұрыс?+маркетингтік зерттеулер мамандардың көзқарасын жеке-жеке сыни түрде қарастырып, солардың шешімінің негізінде өткізіледі

36 Сауалнама сұрақтарына қойылатын талаптар туралы тұжырымның қайсысы дұрыс емес:+ бірінші күрделі, содан кейін ғана қарапайым сұрақтар қойылуы керек

37 Т 37 Зерттеу мәселесін дұрыс анықтау мақсатында соңғы ақпаратты жинау арқылы жүргізілетін маркетингтік зерттеу:

A сипаттаушы зерттеулер

B   сандық зерттеу

C   барлаулық зерттеу

D   казуалдық зерттеу

E   себеп-салдарлы байланыстарды зерттеу

38 Төменде көрсетілген маркетингтік зерттеу әдістерінің қайсысы сапалық әдіске жатпайды:+бақылау

39 Т 39 Алғашқы ақпаратты сандық өлшеу мақсатында объектіге қатысты сезім қарқындылығын көрсететін, «толығымен келісемін, келісемін, келіспеймін, толығымен келіспеймін, бейтараппын» деген жауаптардан тұратын өлшем шкаласы қалай аталады:

A   Лайкерт шкаласы

B   интервалды шкала

C   қатынастар шкаласы

D   тізбек шкаласы

E   номиналды шкала

40 Маркетингтік зерттеудің құжаттарды талдау әдісін атаңыз: +сапалық

41 Бастапқы ақпараттың артықшылықтары қандай:+зерттеудің нақты мақсатына сәйкес жиналады

42 Сауалнама құрылымы қандай түрде болады:+ кіріспе, негізгі бөлімі және деректеме бөлімі

43 Т 43 Себеп-салдарлық байланыстардың болжамын тексеру үшін қай зерттеу түрі қолданылады:

A казуалды зерттеулер

B   сипаттама зерттеулер

C   шолулық зерттеулер

D   экономикалық талдау

E   математикалық модельдеу

44 Маркетингтік зерттеу үшін тұрғындардың бір бөлігін таңдап алу -+ іріктеме құрамы

45 Т 45 НЕГЕ сұрағына жауап беретін зерттеулер қалай аталады?

A   барлау (іздеу)

B   сипаттаушы

C   қазуалды

D   контент талдау

E   сипаттаушы зерттеулер

46 Іріктеу көлемін анықтаудың ең сенімді әдісін көрсетіңіз: +сенім интервалын есептеу

47 Т 47 Кәсіпорынның тауарлық-маркалық саясаты төмендегілердің қайсысына қолданылады?

A   тауарларға

B   тауар бірлігіне

C   тауар ассортиментіне

D   тауар номенклатурасына

E   тауарлармен бірге қызмет көрсетулерге

48 Т 48 Өнімді тестілеу – бұл:

A өнімді нарыққа шықпастан бұрын бағалау

B   тауар тұжырымдамасын тексеру

C   көрсеткіштер бойынша өнімді бағалау

D   өнім идеясын бағалау

E   нарықтағы өнімді бағалау

49 Т 49 «Дельфи» әдісі дегеніміз –

A болжамды дәлелдеу үшін бірнеше рет пікір сұрауға сүйенген сарапшылық әдіс

B   мамандардың көзқарастары жеке-жеке сыни түрде қарастырылып, болжау жасалуы

C   бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан қайталап мәлімет жинау

D   мамандардың ұжымдық талдауы негізінде творчестволық шешім қабылдау

E   әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын анықтау мақсатында сұрау жүргізу

50 Фокус топ дегеніміз – +құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератор басқаратын респонденттердің кішігірім тобы

51 Фирманың маркетингтік ортасы – бұл:+фирма қызметіне тікелей әсер ететін және оның ортасынан тыс болатын белсенді факторлар жиынтығы

52 Микроорта туралы келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?+микроорта – фирманың ішінде болатын күштер, оған басқару, қаржылық, өткізу және басқа да бөлімдер кіреді

53 Т 53 Фирмаға керекті ресурстар мен жабдықтарды қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар:

A   жабдықтаушылар

B   байланыс аудиториялары

C   тұтынушылар

D   бәсекелестер

E   фирма

54 Фирма қызметіне тікелей қатысы бар микроорта факторы:+бәсекелестер

55 Макроорта факторларына жатпайтыны:+жабдықтаушылар

56 Т 56 Өндіру мен өткізудің арнайы жағдайларын қажет ететін, өнім ассортименті мен өткізу көлемі үлкен кәсіпорындар үшін маркетингтік ұйымдастырудың қай түрін қолданған жөн:

A матрицалық

B   функционалдық

C   тауарлық

D   географиялық

E   нарықтық

57 Мақсатты нарықтарды таңдау дегеніміз не+нарықты сегменттерге бөлу және тауарды позициялау

58 Т 58 Қымыз өндірісінде макроортаның қай факторын ерекше ескеру қажет:

A   мәдени

B   табиғи

C   демографиялық

D   ғылыми-техникалық

E   саяси

59 Т 59 Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.

A    Функционалдық ұйым, маркетингтi тауарлық ұйымдастыру, маркетинг қызметiн ұйымдастырудың нарықтық үлгiсi , маркетингтi ұйымдастырудың аралас түрі, маркетингтi матрицалық ұйымдастыру

B    Функционалдық ұйым

C    маркетингтi тауарлық ұйымдастыру

D    маркетинг қызметiн ұйымдастырудың нарықтық үлгiсi

E    маркетингтi матрицалық ұйымдастыру

60 Т 60 Фирма микроортасы факторларының қайсысы бақыланады?

A   фирманың корпорациялық мәдениеті

B   байланыс аудиториялары

C   жабдықтаушылар

D   тұтынушылар

E   маркетингтік делдалдар

61 Басқарылатын процестердің мамандалуын және кадрлар құзіретін нақты түрде анықталуын қажет ететін маркетингтік ұйымдастырудың түрі:+функционалдық

62 Тауарлар мен қызметтерді өндіріс үдерісінде пайдалану үшін сатып алушы ұймдар нарығы қалай аталады+өндіріс құралдары нарығы

63 Түпкілікті тұтынушылар дегеніміз кім+өздерінің тұтынуы үшін сатып алатын адам немесе жанұя

64 Т 64 Тауарлар мен қызметтерді өздеріне пайда түсіру үшін қайта сатумен айналысатын сауда ұйымдары қалай аталады?

A   Аралық сатушылар нарығы

B   Өндіруші-ұйымдар нарығы

C   Мемлекеттік мекемелер нарығы

D   Халықаралық нарық

E   Мемлекеттік мекемелер нарығы

65  Тауарлар мен қызметтерді әрі қарай пайдалану үшін алатын мемлекеттік ұйымдар қалай аталады?+Мемлекеттік мекемелер нарығы

66 Ф. Котлер фирма тұтынушыларын қандай түрлерге бөледі? +Аралық сатушылар нарығы, өндіруші-ұйымдар нарығы, мемлекеттік мекемелер нарығы, халықаралық нарық

67  Маркетингтік делдалдар+ Оларға кәсіпорын мен әр түрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар жатады.

68 Т 68  Жабдықтаушылар дегеніміз- бұл:

A  фирманы тауар өндіру мен қызмет көрсету үшін қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар

B    Оларға кәсіпорын мен әр түрлі компаниялардың тауарларын сатуға көмектесетін фирмалар жатады.

C    белгілі бір фирмалармен өзара әрекеттесетін және оның қызметіне ықпал ететін ұйымдар немесе адамдар жатады

D    фирма қызметін жақтырмайтындар, олар бойкот топтары мен тұтынушылар қоғамын құрады

E    фирмаға деген ықыласы оң және демеушілердің қолдауына ие болған топ.

69 Т 69  Төмендегілердің қайсысы макро ортаға жатады

A    экономикалық

B    жабдықтаушылар

C    делдалдар

D    байланыс аудиториялары

E    бәсекелестер

70 Т 70 Микро орта факторларына жататындар:

A Тұтынушылар, бәсекелестер, жабдықтаушылар, делдалдар, байланыс аудиториялары

B   Экономикалық, табиғи

C   Саяси, мәдени

D   Экономикалық

E   Демографиялық

71 Түпкі тұтынушы – бұл: +адам немесе жанұя

72 Тұтынушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге маманданған маркетинг бағыты қалай аталады?+фрейдизм

73 Адамдардың белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын анықтауда қолданылмайтын өзгермелі:+тұратын мекені

74 А. Маслоудың кажеттіліктер сатысының дұрыс тізбегі: +физиологиялық, қауіпсіздік, әлеуметтік, сыйластық, өзін-өзі таныту қажеттіліктері

75 Тұтынушы мінез-құлқына әсер ететін факторларға жатпайтыны қайсысы:+құқықтық

76 Тұтынушылардың мүддесін фирмалардың арамзалық әрекетінен қорғауға бағытталған қызмет:+консьюмеризм

77 Сатып алу туралы шешім қабылдау процесі келесі кезеңдерден тұрады:+қажеттілікті түсіну– ақпаратты іздеу – баламаларды бағалау – сатып алу туралы шешім қабылдау

78 Тұтынушының мінез-құлқына әсер ететін факторларға жатпайтынын көрсетіңіз: + нормативті

79 Тұтынушылар мінез-құлқын зерттеудің негізгі мақсаты+неғұрлым толық қанағаттандыру үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін түсіну

80 Тұтынушылар санасының «қара жәшігі» қайсысын қамтиды:+ішкі сипаттағы ынталандыру

81 Нарықты тұтынушылар топтарына бөлу дегеніміз ол – нарықты:+сегменттеу

82 Нарықты жеке топтарға бөлу тәсілі қалай аталады?+сегменттеу белгілері (қағидалары)

83 Нарық сыйымдылығы – бұл: +сұраныс арқылы анықталатын нарықтағы тауар сатудың ең максималды көлемі

84 Фирманың нарықтағы үлесі: +нақты нарықтағы фирма тауарының болжамды сату көлемі

85 Т 85 «Дженерал-моторс» фирмасы өзінің даму бағдарламасында тұтынушылардың қалтасына және әрбір тұлғаға арналған автомобильдері бар екенін айтты. Фирма нарықты қамтудың қандай стратегиясын қолданды?

A   дифференциалданбаған маркетинг

B дифференциалданған маркетинг

C   мақсатты маркетинг

D   шоғырландырылған маркетинг

E   мамандандырылған маркетинг

86 Т 86 Ұлттық тауар өндірісі 20 мың дана, импорт -12 мың дана, қоймадағы қалдықтар қоры- 8 мың дана, экспорт- 15 мың дана болғандағы нарық сыйымдылығын табыңыз:

A   25 мың

B   30 мың

C   20 мың

D   15 мың

E   10 мың

87 Сегменттеудің критерийлеріне кірмейтіні: +қауіпсіздігі

88 Шоғырландырылған маркетинг стратегиясы қай жағдайда қолданылады +ол өз ресурстарын бір немесе бірнеше субнарық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттайды

89 Маркетингтің ынта оятар шаралары мен элементтері бірдей әсер ететін адамдар тобы: +нарық сегменті

90 Бәсекелестермен салыстырғанда фирма өзінің артықшылықтарын қамтамасыз ететін сегмент бөлігі: + нарық тауашасы

91 Қаржылық және материалдық ресурстары шектелген фирма нарықты қамтудың қандай стратегиясын таңдайды? + шоғырландырылған маркетинг

92 Нарықта тауарға бәсекелестік жағдайын қамтамасыз ету, бұл:  + тауарды нарықта позициялау

93 Нарық үлесі дегеніміз не  +нақты уақыт мерзіміндегі сату көлеміне пайыздық қатынас

94 Маркетинг пен сұранысты ынталандыруға арналған қаражаттың шектеулі болғанында, көп тұтынушылар үшін тартымды стратегия мен тактиканы әзірлеу тәсілдері қандай+дифференциалданған маркетинг

95  Маркетингтік талдауға нарықтық сегменттеу тұжырымдамасын енгізген кім?+  У.Смит

96  Өнім өндірушілер назар аудармаған нарық сегменті қалай аталады?+нарықтық терезе

97  Мақсатты тұтынушылар санасында дәл осы тауар бәсекелестер тауарларына қарағанда, өзіндік ерекше орны бар, фирма үшін тиімді болып келетін шаралар жиынтығы: +  Тауарды нарықта позициялау

98  Нарық тауашасын қалай сипаттауға болады?   + фирма үшін жұмыс істеп, пайда алуға қолайлы нарық сегменті

99 Макросегменттеу дегеніміз – бұл: + тауарлар нарығын ұқсастығына байланысты саралау.

100  Микросегменттеу дегеніміз – бұл:+ тауарлар нарығы ішіндегі тұтынушыларды әрқилы қажеттіліктеріне байланысты талдап сұрыптау.

101 Мына төмендегі маркетинг анықтамаларының қайсысы дұрыс +маркетинг-айырбастау нәтижесінде қажеттілік пен мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің бір түрі

102 Т 102 Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығының ерекшелері туралы дұрыс емес жауап:

A өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығында бәсекелестік қатаң болады

B өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығының сыйымдылығы тұтыну тауарларына қарағанда шекті түрде болады

C   өндірістік мақсатқа арналған тауарларға баға бойынша сұраныс көп жағдайда икемді

D   түпкі тұтынушылардың сұранысына қарағанда өндірістік мақсатқа арналған тауарларға сұраныс іскер өмір өзгерістеріне қарай кең көлемде ауытқиды

E   өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығында тұтынушылар саны аз

103 Т 103 Аса сирек сипатқа ие, тұтынушылар сатып алу үшін қосымша күш жұмсауға дайын тауарлар:

A ерекше сұраныстағы тауарлар

B алдын-ала таңдалынатын тауарлар

C   күнделікті сұраныстағы тауарлар

D   пассивті сұраныстағы тауарлар

E   импульсивті сұраныстағы тауарлар

104 Т 104 Тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар:

A   пассивті сұранымдағы тауарлар

B   алдын ала таңдалатын тауарлар

C   ұзақ мерзімді тауарлар

D   күнделікті сұраныстағы тауарлар

E   импульсивті тауарлар

105 Т 105 Қандай тауарлар төтенше жағдайлар тауарларына жатады:

A дәрі-дәрмектер

B   жиһаз

C   нан

D   тұз

E   тоңазытқыш

106 Т 106 Автомобиль қандай тауар түріне жатады:

A алдын ала таңдап алынатын тауарларға

B   төтенше арналған тауарларға

C   импульсивті сұраныстағы тауарларға

D   күнделікті сұраныстағы тауарларға

E   пассивті сұраныстағы тауарларға

107  Функционалды және тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. +  Тауарлық ассортимент

108  Тауар өндiрiсiнiң ресурстық мүмкiндiктерi мен нарықтық конъюнктура жағдайына сай болашақта даму бағытын анықтайтын құралы қалай аталады?  +  Тауар стратегиясы

109  Тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы- бұл: + сапа

110  ТӨЦ тұжырымдамасын әзірлеген кім?   +  Теодор Левитт

111  ТӨЦ-тің негізгі кезеңдері қандай?  +   Енгізу,  өсу, кемелдену, құлдырау

112 Екінші ретті мәліметтердің ішкі көздеріне жататындар: + компанияның есеп беруі, өндіріс жоспары, фирманың іскерлік басылымдары

113  Тауарды өткiзетiн нарықты қалыптастыру қай кезеңнің негізгі мақсаты:+ енгізу

114  Тауарды жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы бiлiп, сатып ала бастағандықтан оның өткiзу көлемi жылдам өсе бастайтын кезең қалай аталады?+  өсу

115  Мерзiмi бойынша ТӨЦ-тiң ең ұзақ кезеңi болып саналады: + кемелдену

116  Технологиялық процесс әсерінен жаңа және айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайтын кезең қалай аталады?   + құлдырау

117 Егер ТӨЦ қисығы құлдырау фазасында күрт вертикалды болса, онда ол: +сәтсіздік қисығы

118 Егер ТӨЦ-не құлдырау және өрлеудің бірнеше циклдік кезеңі тән болса, онда ол: + маусымдық

119 ТӨЦ-тің қай кезеңінде пайда тұрақталып төмендей бастайды, ал маркетингтің міндеттері күрделенеді? +кемелдену

120 Т 120 Сыра зауыты өзінің негізгі өнімі – сырадан басқа өндіріс бағдарламасына алкоголсіз сусындарды, туристік бизнесті қосады. Мұндай саясат қалай аталады?

A   мамандану

B диверсификация

C   интеграция

D   дифференциация

E   шоғырлану

121 ТӨЦ-і туралы дұрыс тұжырымды көрсетіңіз: +ТӨЦ-ң қисықтары әр түрлі көріністе және әр түрлі мөлшерде болып, кейбірі бір реттен көп жоғарыға өрлеп төмен құлдырауы мүмкін

122 Тауар өткізу мөлшері ТӨЦ-тің қай кезеңінде қысқара бастайды: +құлдырау

123 Өнімнің модификациясы, жаңалық енгiзу және жаңартпасы – бұл: +Жаңа өнім

124 Т 124 Жаңа тауарды жоспарлау кезеңдері басталады:

A   Идеяларды іздеу

B   Идеяларды таңдау

C   Тұжырымдама жасау және тестілеу

D   Маркетинг стратегиясын жасау

E   Экономикалық сараптама

125 Т 125 Инновациялық тауар:

A   сыртқы түрі өзгертілген тауар

B   жаңа қасиеттер енгізілген тауарлар

C   жаңа нарыққа ұсынылатын ескі тауар

D   тауар белгісі жаңартылған тауар

E   нарықта бұрын болмаған, алғашқы түпнұсқадағы тауарлар

126 Т 126 Тұтыну тауарлары бөлінеді:

A Негізгі және қосымша

B   күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар

C   күнделікті сұранымдағы және алдын ала таңдалынатын

D   ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар

E   алдын ала таңдалатын және ерекше сұраныстағ тауарлар

127 Тұтынушылар еш қиындықсыз, ойланбай-ақ, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер қалай аталады? +күнделікті сұранымдағы

128 Ассортиментік топтардың саны қалай аталады: + ассортимент салыстырмалылығы

129 Көрсетілген сапа параметрлерінің қайсысы эргономикалық көрсеткішке жатады: + дизайны

130 Т 130 "Ақсай нан" кәсіпорны нан, ойық тоқаш, пряник, кептірілген нан, кондитер өнімдерін шығарады Бұл "Ақсай нан" кәсіпорнының:

A   тауар номенклатурасының кеңдігі

B   тауар номенклатурасының үйлесімділігі

C   тауар номенклатурасының тереңдігі

D   тауар номенклатурасының толыққандығы

E   тауар номенклатурасының қаныққандығы

131  Заңдық тұрғыдан қорғалған және басқа тауарлардан сөз, бейне, көлем жағынан айырмашылығын білдіре алатын ұғым. +  Тауар белгісі

132  Тауар белгілеріне жататындар: +  Термин, таңба, сурет, символ, әріптер немесе сандар

133  Тауардың нарық талабына, яғни оның сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық категория қалай аталады? +  Тауардың бәсекеге қабілеттілігі

134 Т 134  Пассивті сұранымдағы тауарларға жататындар:

A    нан

B    білім

C    сақтандыру

D    машина

E    киім

135 Бренд дегеніміз: +тұтынушы санасында бекіген нарықта танымал сауда маркасы

136  Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қалай бөлінеді? + Ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді

137 Т 137 Әмбебап дүкендер жұмысының тиімділігі не арқылы қамтамасыз етіледі?

A тауарлардың кең ассортименті

B   қызмет көрсету жүйесі

C   фирмалық тауарлар

D   тауар ассортиментінің тар болуы

E   тар көлемді баға диапазоны

138 Қай кезде тауарлар нарығы тепетең жағдайда болады + сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болған жағдайда

139 Маркетинг кешенінің элементтеріне не жатады  +тауар, баға, жылжыту мен өткізу

140 Т 140 Өндірістік мақсатқа арналған тауарлар-бұл:

A   кейін қайта өңдеуге немесе өндіріске пайдалану үшін алынатын тауарлар, яғни, шикізат, материалдар, жабдықтар, қосалқы бөлшектер және тағы басқа заттар

B   бұл тұтынушылар еш қиындықсыз, ойланбай-ақ, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер

C   тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне баса назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды

D   аса сирек сипатқа ие және тұтынушылар бұл тауарларды сатып алу үшін айтарлықтай күш жұмсайды

E   тұтынушы білмейтін, білсе де, әдетте оны сатып алу туралы әрқашан ойлана бермейтін кең тұтынудағы тауарлар

141 Құнның ақшалай көрінісі – бұл:   +баға

142 Сұранысқа негізделген баға тағайындау стратегияларының мынадай түрлері қолданылады:+ Престижді бағалар стратегиясы, психологиялық тұрғыда баға тағайындау стратегиясы, ассортименттік баға белгілеу стратегиясы, қаймақ қалқып алу стратегиясы

143 Бағаны жоспарлау кезінде қандай факторлар ескеріледі?  +заңдылық, тұтынушылар, шығындар, өткізу арналары, бәсеке

144 Т 144 Демалыс күндері “Арасан” моншасы билет бағасын жай күндегіден екі есе қымбат сатады Баға белгілеудің бұл стратегиясы қалай аталады?

A   ассортименттік бағалау стратегиясы

B   бірыңғай баға стратегиясы

C   икемді баға стратегиясы

D   психологиялық баға белгілеу

E   дискриминациялық стратегия

145 Егер қара теңіз жағалауындағы курорт жолдамаларының бағасын қыс мезгілінде төмен бағамен сататын болса, онда бағалық дискриминацияның қандай түрі қолданылады?  + тауардың сатылу мерзіміне байланысы

146 Демпинг дегеніміз –  + тауарды өзіндік құнынан төмен бағамен сату