Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айк444.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
135.15 Кб
Скачать

1)Сілекей безі кисталары және ісік алды аурулары, анықтамасы, жіктелуі.

Сілекей бездерінің ісікгері — жеке ағзаға тән эпителий жасу­шаларынан өсетін ісіктер қатарына жатады. Бүл ісіктер де қатерсіз және қатерлі түрлерге бөлінеді. Қатерсіз ісіктер-аденомалар гистологиялық көрінісі бойынша мономорфты жөне плеоморфты болып бөлінеді. Ал қатерлі ісікгерге: мукоэпидермоидты, ацинозды-жасушалы ісік жөне кар-циномалар кіреді.

Плеоморфты аденома орта жастан асқан адамдарда жиі кездесетін және сілекей бездер ісіктерінің 50 пайызын қүрайтын ісік. Оның 90 пайызы шықшыт безінде дамиды. Жай көзбен қара-ғанда бүл ісік бөлшектенген тығыз,айқын шекараланған түйін түрінде көрініп, оның кейбір жері шеміршектеніп немесе шырьии-танып түрады.

Микрокөріністе ісік екі компоненттен: эпителий және мезен­хима өнімдерінен түрады. Цилиндр төрізді немесе куб төрізді эпи­телий түрлі түтікшелер түзеді, сонымен қатар көп қабатты жалпақ эпителий төрізді жасушалар болады. Бүлардың арасында шырьпп толған қуыстар, қалындығы әртүрлі дәнекер тіннің талшықтары топтальш, гиалинозға үшырап жатқан ошақтар және хондроцитгердің топтары көрінеді, өте сирек жағдайларда бүл ісік қүра-мында жетілмеген сүйек тінінің өнімдері де байқалуы мүмкін.

Мономорфты аденома қатерсіз ісік. Көбінесе аденолимфома түрінде кездеседі. Бүл ісік те шықшыт безінде өседі. Мономорфты аденоманың негізгі қүрылымы цилиндр және куб төрізді эпите-лиймен астарланған түтікшелер жөне кисталар болады.

Мукоэпидермоидты ісік қүрамында екі түрлі эпителий, олар-дың арасында дәнекер тін талшықтары көрінеді. Эпителийдің бір түрі — призма тәрізді шырыш түзетін эпителий жасушалары, екінші түрі — көпқабатты жалпақ эпителий. Бүл ісікті көп жағдайларда қатерлі карцинома деп есептейді. Ісік сүр-қызғылт түсті, үсті шырышпен жабылған, консистенциясы тығыз, қатгылау, маңай-дағы тіндерден айқын шектелген түйін түрінде көрінеді.

Ацинозды жасушалы ісік — сирек кездесетін ісіктердің бірі. Микроскоппен қарағанда сілекей бездердің ацинустарын астар-лайтын эпителий жасушалары көбейіп, топталып, тінде жол-жол болып өседі. Бүл эпителий жасушаларьшың ядросы қанық боялғ-ан, цитоплазмасында базофилді түйіршіктер анықталады. Бүл ісікті де қатерлі ісіктер қатарына жатқызуға болады.

Карциномааар — эпителийден өсетін қатерлі ісіктер қатарына жатады. Ең жиі кездесетін түрі — аденокистозды карцинома (ци-линдрома). Көбінесе кіші сілекей бездерінде өседі. Сілекей бездерінде аденокарциномалар және жалпақ жасушалы түлейтін немесе түлемейгін карциномалар кездеседі.

Карциномалар племорфты аденомадан жөне мукоэпидермо­идты ісіктерден малигнизация нәтижесінде дамуы мүмкін.

2)Жақтың қабыну аурулары анықтамасы, жіктелуі.

Жақ бет аймағының қабыну процестері хирургиялық емдеуді қажетететін көп таралған ауруларға жатады. Олар басқа стоматологиялық ауруларға қарағанда жиі еңбекке қабілеттілікті төмендетугі, науқасты ауруханаға жатқызуға себеп болып, адам өміріне қауіп төндіреді. Периостит(гр.perı-маңы, osteon- сүйек)- жақ сүйек қабығының қабынуы. Периоститтің жедел, созылмалы түрлері бар. Ауруды қоздыратын факторлар: одонтогенді инфекция, туберкулез, мерез, жарақаттап және т.б. Жақ сүйек шықшыт және тіс айналасындағы тіндер зақымданғанда периостит өрбиді. Сүйек қабығын қан кернеп, инфильтрацияланып ісініп ауру күшейе түседі.

Зақымдалудың алғашқы сатысында посттравматикалық қабыну, гиперемия, клеткалық- сероздық инфильтрация дамиды және периоститтің серозды- фибринозды түрі пайда болады. Уақытында емделмесе инфильтрат сорылып кетеді және айтарлықтай морфологиялық өзгерістер қалмайды. Кейде жіті қабыну созылмалы фибринозға немесе оссифирлеуші периоститке айналуы керек. Жедел ағымды жақ сүйек периоститі альвеолалы өсіндінің немесе жақ сүйек сыртқы қабығының іріңді жедел ағымды іріңдеп қабынуын айтады. Бұл өте жиі кедесетін ауру. Бұл аурудың 71% 16 мен 40 жастағы адамдарға тиесілі екен. Жедел ағымды іріңді периостит қайта қозған созылмалы перидонттің немесе жедел ағымды іріңді перидонттің асқынуына алып келеді