Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айк444.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
135.15 Кб
Скачать

1-билет.

1. Жақ-бет аймағы ісік алды ауруларының жалпы анықтамасы жіктелуі. Ісікалды жөне ісіктерге үқсас өзгерістер: а) эпулистер; ә) фиб- розды дисплазия; б) эозинофидді гранулема; в) херувизм; г) лейкоп­лакия. Эпулис ("синонимы - эпулид) екі грек сөзінен қүралған: ері -үсті; ulon - қызыл иек. Эпулис деп қызыл иек үстінен томпайып ісік терізді өскен үрдісті атайды. Ол көбінесе 30-40 жас шамасын-да өсіп шығады және әйелдерде жиілеу кездеседі. Ол қызыл иектің үстінен үртқа қарай немесе тіл, жаққа қарай томпайып өседі. Реңі қызыл немесе қоңыр-қызыл түсті, кейде үсті жараланып, қанап түрғаны көрінеді. Микроскоппен қарағаңца эпулистің 2 түрін ажыратады: 1) тал-шықты (фиброзды); 2) қан тамырларына бай (ангиоматозды) эпу­лис. ген жаңадан пайда болған қан тамырлар, ескі жөне жаңа қан қүйылу ошақтары, гемосидериннің топталғаны көрінеді. Кейде бірен-са-ран альш жасушалар да кездесуі мүмкін.

Қан тамырларына бай эпулисті жеке түрге бөліп шығарудың себебі — оның қүрамында капиллярлар өте көп болады..Эпулистің ерекше бір түрі есебінде алып жасушалы эпулис кара-лады. Ол талшықты дөнекер тін арасында көпядролы алып жасу-шалардың көптігімен сипатталады. Қазіргі кезде бүл өзгерістерді остеобластокластомаға яғни нағыз ісіктер қатарьша жатқызады .Эпулистер ас шайнағанда жарақаттаңып қанайды, ауырады. Сол себептен оны хирургия жолымен альш тастайды, бірақ олар кейде қайта өседі.

Фиброзды дисплазияда тек жақ сүйектерінде (монооссалды түрі) немесе бірнеше сүйектерде (полиоссалды түрі) ақ немесе ақшыл-сүр түсті қатты түйіндер өсіп кетеді. Соған байланысты сүйектер қисайып, пішінсізденіп, сьшады. Микроскогшен қарағанда жақ сүйектерінде дәнекер тін талшықтары, фибробластар, жетілмеген сүйек тіндері мен остеобластардың көбейіп топталғаны көрінеді, ал зақымданған, сынған сүйектердің орнында көптеген қуыстар байқалады. Түнғыш рет бүл сырқатты зерттеп сипаттаган В.Р. Брайцев (1927) пен Лихтенштейн (1938). Бүл көбінесе жастарда кездеседі. Кейде бүл өзгерістер басқа сүйектерде де көрінеді, со-нымен қатар теріде мөлшерден тіс пигменттену, жыныс бездерінің мерзімінен бүрын жетілуі байқалады (Олбрайт синдромы). Қазіргі уақытта бүл сырқаттың себебін гормондардың тепе-тендігінің бүзы-луына байланысты деп санайды.

Херувизм деп фиброзды дисплазияньщ бір түрін атайды. Сы-рқатта жоғарыда айтып кеткен өзгерістердің нөтижесінде жақ сүйектерінің зақымданып, сынуынан көптеген қуыстар пайда бо­лады. Херувизм сөбилерде кездесетін сырқат. Морфологиялық өзгерістер көбінесе астынғы жақ сүйектерінде болғаны үшін, ба-ланың бетінің төменгі екі жағы херувимнің бетіндей томпайып түрады.

Эозинофилді гранулема жақ пен бет сүйектерінің ошақты за-қымданып, олардың арасында ретикулярлы және эозинофилді жасушалардьщ көбейіп өсіп кетуімен сипатталады. Түңғыш рет бүл сырқатты орыс дәрігері Н.И.Таратынов (1913) самай сүйектерінде тапқан. Б.И.Мигунов эозинофилді гранулеманың жақ сүйекте-ріндегі морфологиялық өзгерістерін жазған. Бүл сырқат көбінесе ерлерде, жастарда кездеседі.

Рентгендік көріністе сүйектің зақымданып сорылғаны, қуыстанғаны байқалады. Ауыз қуысында, шырышты қабықтың, ідызыл иектің ісінуі, жаралануы, қан қүйылу ошақтары, тіс мойындары-ның жалаңаштануы, олардың босап қалғаны байқалады.

Лейкоплакия. Бүл үғым гректің екі сөзінен қүралған — leucos ақ, plague — табақша (пластинка). Лейкоплакия — ауыз қуысы шырышты қабығының созылмалы сырқаты. Морфологиялық түрғыдан бүл қүбылыс созылмалы қабынудың асқынуы болып, ошақты қайтымсыз дистрофиялық өзгерістермен сипатталады. Жай көзбен қарағанда,ол тіл үстінде немесе үрттың шырышты қабы-ғында ақ түсті, көлемі де, пішіні де әртүрлі, жалпақ қатты «та-бақшалар» түрінде көрінеді. Кейде ош>щ үсті кедір-бүдыр болады. Лейкоплакия көбінесе ер адамдарда 30 бен 50 жастың арасыңда кездеседі.

Лейкоплакияның себептеріне жөйсіз тіс протездерінің, кариоз-ды тістердің әсерінен пайда болған жаралар, темекінің немесе насы-бай әсерінен пайда болатын жаралы қабыну, дистрофиялық қүбы-лыстар жатады.

Микроскоппен қарағанда көп қабатты жалпақ эпителийдің қалындағаны, түлеу қүбылысыньщ қалыптан тыс артып кеткені көрінеді. Эпителий жиегінде акантоз қүбылысы күшейгенде «емізікшелер» эпителий асты қабатқа және сыртқы өсіп, лейкопла-кияның үсті кедір-бүдыр болып көрінеді. Эпителий асты тіндерде лимфоциттерден, моноциттерден, плазмоциттерден қүралған сіңбелер байқалады. Сонымен қатар склероз де күшейеді.

Лейкоплакияньщ 50 пайызы ерте ме, кеш пе малигнизацияға үшырап қатерлі жалпақ жасушалы карциномаға айналады, сондық-тан лейкоплакияны облигатты ісікалды урдісі деп атауға болады

2. Сілекей бездерінің аурулары, этиологиясы, эндо-экзо. Аурулары. Сиалолитиаз, Сиалоаденит, Гипо-Гиперсаливация. Сілекей-тас дерті сілекей бездері дерттерінің ішіндегі жиі кездесетіні (40—60%). Сілекей тастары жиі вартонов түтігінде және төменгі жақасты безінде орналасады. Өте жиі төменгі жақасты безі зақымдалады. М. Н. Михайловтың мәліметтері бойынша (1957), төменгі жақасты сілекей безі 89,5% науқастарда, тіласты сілекей безі 7,5%, ал құлақмаңы безінің жарақаттануы—3% науқастарда кездеседі. Көбіне тастар бір сілекей безінде пайда болады. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда жиі кездеседі. Жас шамасының шешуші маңызы жоқ. Тастардың көлемі мен пішіні әр түрлі, бірақ сілекей безінде орналасқан тастар, негізінен үлкен, пішіні домалақтау болады. Кейде көпқырлы тастар да кездеседі. Тастардың түсі ақшыл, сары, қоңыр, жасылдау болуы мүмкін. Түсінің түрлі болуы олардың химиялық қүрамына, яғни қышқылды фосфор, көмірқышқылды калий, натрий, хлор, темір, магний эле-менттерінің іздері және белок, муцин сияқты органикалық заттарға байланысты. Сілекей тастары ядросының пайда болуына сілекейлі тығындықтар, бөгде заттар, бактериялар колониясы әсер етуі мүмкін. Сілекей бездерінің бүзылыстары олардың қызметтерінің котерілуімен немесе төмеңдеуімен көрінеді. Осыдан сілекей көп немесе тым аз болінуі байқалады. Сілекейдің көп бөлінуін гииерсаливация, аз болінуін гипосаливация деп атайды. Гиперсаливация. Бүлінген тістерден, ауыз қуысының кілегей қабықтарынан, ас қорыту ағзаларынан жүйкелік серпіндер түсіп сілекей бездерінің қызметін көтереді. Бүл бездер парасимпатикалық жүйкелермен реттелінеді. Осыдан сілекейдің көп бөлінуі:

• ауыз қуысы кілегей қабықтарының қабынуларында (стоматит, гангивит), тістің және оны қоршаған тіндердің бүліністерінде (пульпит, периодонтит, тісті қажау кезінде т.б.);

• ас қорыту ағзаларының дерттерінде, қүсу, жүрек айну кездерінде;

• жүкті әйелдердің уыттануларыңда;

• парасимпатикалық жүйкелерді қоздыратын дөрі-дәрмектер (пилокарпин, физостигмин) қабылдағаңда т.б. жағдайларда — байқалады.

Гиперсаливация кезінде ересек адамда тәулігіне 8-14 литр сілекей болінеді. Көп сілекей асқазан сөлін бейтараптап, оңда ас қорытылудың бүзылыстарын туындатады. Сонымен қатар, гиперсаливация, көп мөлшерде сілекеймен судың жоғалуына, организмнің сусыздануына өкеледі. Балаларда барлық сілекей жүтылмай, сыртқа ағады. Осыдан төменгі еріннің сыртында терінің базданып қабынуы дамиды. Сонымен бірге сілекей жоғары тыныс жолдарына түсіп, олардың қабынуына әкелуі мүмкін.

Гипосаливация — сілкейдің аз бөлінуі. Ол мына жағдайларда:

— сілекей бездерінің өспемен, қабыну үрдістерімен (сиаладенит, паротит) бүліністерінде;

— олардың өзектеріңде тас түрып қалғанда (сиалолитиаз);

— дене қызымы көтерілгеңде;

— дене сусыздануыңда;

— парасимпатикалық жүйкелердің әсерін тежейтін дәрі-дөрмектер {атропин, скопаламин) қабылдағанда - байқалады. Сілекейдің аз бөлінуімен бірге ас қорыту жолдарының сел шығаруы, коз жасы азаюымен, жүрекқапта, өкпеқап қуысында, жоғары тыныс жолдарында, буындарда қүрғақтық дамуымен қабаттасатын дертті Шегрен ауруы дейді. Бүл ауру жүйелік аутоиммундық дерт.

Сілекейдің аз болінуі ауыз қуысының қүрғауына әкеледі. Бүндай жағдайды ксеростомия деп атайды. Осыдан шайнау мен жүтыну қиындайды, ауыздың кілегей қабықтары қабынады. Олар қүрғап, кеберсуінен жарылып кетеді, жаралар пайда болады. Бүл жаралар арқылы

522

жүмсақ тіңдерге, сілекей бездеріне микробтар өтіп, қабыну туындатады. Содан тістерде кариес, тілдің қабынуы (глоссит) дамиды, тілде сыдырылған эпителий жасушаларынан түратьш тандақтар пайда болады. Гипосағшяация кезінде асқазан мен ішектердің сөл бөлуі әлсірейді.

3. Орафациальді аймағының жұмсақ тіндерінің меланин, мезенхималық ісіктері, Пат. Анатомиясы, макро-микро. Мезенхима деп дәнекер тканьдердің барлық түрлері пайда болатын эмбриондық тканьді атайды. Мензенхи- мадан дәнеқер ткань, қан тамырлары бұлшықеттер, шеміршек және сүйек ткані, сірі қабықтар (мезотелий), кан жасау жүйесі дамиды. Осы тканьдердің жетіліп үлгермеген (камбиальдық) элементтерінен белгілі бір жағдайларда катерлі және қатерсіз ісіктер өсіп шығады. Мезенхимадан өсетін қатерсіз ісіктер. Фиброма же: тілген талшықты дәнекер тканьнен өсетін қатерсіз ісік. Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұл- шықет аралығында өсіп, бірте-бірте үлкейіп көлденеңі 4— 6 сантиметрге жетеді. Ісік айналасындағы тканьдер- ден капсуламен шекараланған. Құрамындағы клеткалар мен дәнекер туаньнің арақатынасына байланысты фиброманы қатты және жұмсақ түрлерге беледі. Жұмсақ фиброма негізінен фибробласт, фиброцит клеткаларынан түзілген, олардыц арасында аралық ткань мрн жіңішке коллаген талшықтары көрінеді. Аралық ткань көп бол- •ған жағдайда фибробласт клеткалары бір-бірінен алшақтап, жұлдыз тәрізді болып қалады. Ісіктің бұл түрін миксома деп атайды. Қатты фиброма әр түрлі бағыт- га орналасқан дәнекер ткань талшықтарынан және аз мөлшердегі фибробласт клеткаларынан құралған. Ісік стромасы кейде гиалинге ұқсас қатты. Десмоидтык, фиб- рома қатты фиброманың бір түрі, іштің тік бұлшықеті- нің апоневрозынан өседі. Ісік ұршық тәрізді, қатарласа орналасқан талшықтар түзетін, клеткалардан құралған. Десмоидттық фибромадан айырмашылығы ол айнала- сындағы тканьдерге ене шекарасыз өседі.

2-билет

1. Жақ бет аймағындағы одонтогенді ісіктердің анықтамасы,жіктелуі

Одонтогендік ісіктер — тістің өрбір тінінен — эмальден, ден-тиннен, цементтен немесе үшеуінен бірдей өседі.

Одонтогендік ісіктер де басқа ісікгердей қатерсіз жөне қатерлі түрлерге бөлінеді.

Tic тіндерінен өсетін одонтогенді ісіктер:

а)амелобластома ә)одонтома;

б)дентинома;

в)цементомд; г) одонтогенді кисталар.

Амелобластома (синонимі — адамантинома, эпителиалды одон­тома) - тіс эмалінің жетілмеген эпителиінен өсіп шығатын қатерсіз ісік. Көбінесе 20 жастан 50 жасқа дейін кездесіп, төменгі азу тістерде көпке дейін байқалмай өсіп, кейіннен көлемі үлкейген кезде жақ сүйектерін зақымдайды. Рентген көрінісінде зақымданған сүйек-тер араның жеке немесе көп қуысты үясы сияқты болып көрінеді. Ісіктің өзі жүмсақ пышақпен оп-оңай кесіледі. Макроскопиялық көрінісі бойынша оның екі түрін ажыратады: 1) солидты (қатты-лау); 2) қистозды.

Амелобластоманың солидты турі қаттылау немесе жүмсақтау, ақшыл-сүр немесе қоңыр-қызыл түсті түйін болып көрінеді. Кесіңдісін қарағанда бүл ісік маңайдағы тіндерден капсуламен шекараланған. Микроскоппен қараганда сопақ немесе домалақ эпителийлі ошақтар (комплекстер) арасьшда дәнекер тіннің тал-шықтары мен қан тамырлары көрінеді. Эпителийлі кешендердің шет жағы бір қабат цилиндр төрізді эпителиймен жиектеледі, бүл жасушалардың ядросы үлкен, хроматині мол, ал эпителийлі кешендердің ортасында жүлдыз тәрізді тармақтанған жасушалар көрінеді

Кисталы адамантинома көбінесе көп қуысты болып көрінеді. Кисталардың қуысында ашық немесе қоңыр түсті сүйық, колло-идты зат болуы мүмкін. Кисталардың ішкі қабырғасы цилиндр тәрізді эпителиймен астарланған. Эпителийлі кешендер кистаара-лық талшьщты дәнекер тіндерде байқалады.

Одонтома тістің эпителиінен жөне талшықты дөнекер тіндерінен өскен қатерсіз ісік. Бүл ісік туа пайда болған ақауларға жатады, көбінесе жас адамдарда кездеседі. Ісік негізінен төменгі

жақтың азу тістері орнына өседі. Одонтомалардың қатты жөне жүмсақ түрлерін, микроскоптық қүрылымына қарап: қарапайым және күрделі түрлерін ажыратады. Одонтомалар тіс сауытынан немесе тіс түбірінен өседі. Одан басқа одонтомалық фибромалар да кездеседі (220-сурет).

Дентшома — көбінесе одонтогенді эпителиден, жетілмеген тал-шықты дөнекер ііндерден және солардьщ арасында өсетін жетілмеген (дисплазияға үшыраған) дентиннен қүралған қатерсіз ісік.

Дисплазияға үшыраған дентин микроскоптық көріністе жан-жаққа қалай болса солай орналасқан, көлемі де, пішіні де өртүрлі көрінетін массалар болып, бір жиегі эмальмен, басқа жағы цемен-тпен қапталып түрады. Рентгенде сүйектердің сорылып жүқарға-ны байқалады.

Цементома — қатерсіз ісік, морфологиялық қүрамы бойынша цементке үқсас көп қуыстардан, талшықты дәнекер тіндерден және қабат-қабат топталған цементикалдерден және цементобластардан түрады. Көбінесе үлкен, кіші азу тістердің орнында өседі.

Цементоманың бір түрі — алып цементома, көп түйінді болып өседі.

2. Сиалоденит этиологиясы,эндогенді,экзогенді туғузушы факторлары ,патогенезі.

Сиалоаденит — сілекей бездерінің қабынуы. Олар өз алдына жеке дамыған біріншілік сиалоаденит және басқа ауруларға байла-нысты дамыған — екіншілік сиалоаденит түрінде кездеседі.

Этиологиясына байланысты сиалоадениттер бактериалық, ви-рустық, микогенді және асептикалық түрлерге бөлінеді.

Патогенезі бойынша сиалоадениттер былайша жіктеледі: 1) Сілекей бездерінің өзекшелерімен жоғары өршитін сиалоаде­нит. Бүл жағдайда инфекция ауыз қуысынан сілекей бездерінің өзекшелері арқылы тарап қабыну үрдісі осы өзектердің қабырға-сында және сілекей бездерінің стромасы мен паренхимасында да-миды. Қабынудың өсерінен сілекей бездерінің жолдары тарылып, сілекей іркіліп қалады. 2) Қан және лимфа тамырлары арқылы тараған инфекция сілекей бездерінің аралық затын, стромасын, кейіннен ацинустарын қабыну үрдісіне үшыратады. 3) Аралас жол-дармен дамыған сиалоаденит. Сілекей бездерінің түріне қарай шықшыт бездерінің сиалоадениті паротит деп аталады, бүдан ба­ска төменгі жақ асты, тіл асты және майда бездердің сілекей сиалоадениттерін ажыратады.

3. Сілекей безінің қатерлі ісіктері , патологиялық анатомиясы, микро-макропрепараттар көрінісінің сипаттамасы.Сілекей бездерінің ісікгері — жеке ағзаға тән эпителий жасу­шаларынан өсетін ісіктер қатарына жатады. Бүл ісіктер де қатерсіз және қатерлі түрлерге бөлінеді. Ал қатерлі ісікгерге: мукоэпидермоидты, ацинозды-жасушалы ісік жөне кар-циномалар кіреді.Мукоэпидермоидты ісік қүрамында екі түрлі эпителий, олар-дың арасында дәнекер тін талшықтары көрінеді. Эпителийдің бір түрі — призма тәрізді шырыш түзетін эпителий жасушалары, екінші түрі — көпқабатты жалпақ эпителий. Бүл ісікті көп жағдайларда қатерлі карцинома деп есептейді. Ісік сүр-қызғылт түсті, үсті шырышпен жабылған, консистенциясы тығыз, қатгылау, маңай-дағы тіндерден айқын шектелген түйін түрінде көрінеді.

Ацинозды жасушалы ісік — сирек кездесетін ісіктердің бірі. Микроскоппен қарағанда сілекей бездердің ацинустарын астар-лайтын эпителий жасушалары көбейіп, топталып, тінде жол-жол болып өседі. Бүл эпителий жасушаларьшың ядросы қанық боялғ-ан, цитоплазмасында базофилді түйіршіктер анықталады. Бүл ісікті де қатерлі ісіктер қатарына жатқызуға болады.

Карциномааар — эпителийден өсетін қатерлі ісіктер қатарына жатады. Ең жиі кездесетін түрі — аденокистозды карцинома (ци-линдрома). Көбінесе кіші сілекей бездерінде өседі. Сілекей бездерінде аденокарциномалар және жалпақ жасушалы түлейтін немесе түлемейгін карциномалар кездеседі.

3-билет