Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Internet_tekhnologialar_p_1241_ni_boyynsha_zertkhanaly_1179_zh_1201_mystar.doc
Скачиваний:
62
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
8.12 Mб
Скачать

1 Тапсырма:

Терезені үш фреймға бөлу керек : 1 терезе 25%, 2 терезе 25%, 3 терезе 25%.

2 Тапсырма

Экранды вертикальді және бірнеше горизонтальді фреймге бөлуге керек және оларды бар

файлдарды толтыру қажет.

3 Тапсырма

Web-параққа кез келген сурет арқылы аудио немесе видео файлға сілтеме орнатыңыздар

Web-парақты әр түрлі фреймдерге бөліңіздер

4-тапсырма

1. Оқытушы ұсынған тақырып бойынша («Біздің топ», «Туған жерім - Темір», «Біздің

мақтанышымыз», «Мен мамандығымды сүйемін», т.б.) фреймдерді қолдана отырып Web-парақтың негізгі интерфейсін құрыңыз.

2. Негізгі бетте (жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша) екінші бөлімдегі құжат мазмұнын бірінші бөлімдегі сілтеме арқылы басқаруды ұйымдастырыңыз.

3. Өзіңіз туралы мәліметті ішкіфрейм түрінде көрсетіңіз.

4. Frame1.html файлын ашып, FRAMESET тәгі арқылы броузер терезесін 5-суреттегідей кадрларға бөліңіздер.

5-сурет

5.Index.html деген файл ашып, терезені төрт фреймге бөліңіздер (екі жол және екі бағана), оларға алдын ала ішіне HTML тәгтерімен толықтырылған мәлімет жазылған мынадай файл- дардың мәліметін орналастырыңыздар: list.html, table.html, image.html және first.html. Одан кейін:

а) list.html файлы орналасқан фреймде міндетті түрде жылжу жолақтары болатын болсын;

ә) table.html файлы орналасқан фреймнің мөлшерін өзгермейтін (NORESIZE) етіңіздер;

б) first.html файлын былай етіп өзгерту керек: image.html файлына жасалған сілтемені таңдағанда, ол first.html файлы тұрған фреймге жүктелетін болсын;

в) image.html файлындағы first.html файлына арналған сурет түріндегі сілтемені шерткенде,

first.html файлы жаңа терезеде ашылатын болсын.

Бақылау сұрақтары

1.Фреймдер дегеніміз не? Көлденең орналасқан фреймдер қалай жасалады? Тік орналасқан фреймдер ше?

2.<FRAMESET> тәгінің атрибуттары қандай?

3. Бір фрейм ішінде орналасатын web-парақ аты қалай көрсетіледі?

4.<FRAME> тәгінің қандай атрибуттары болады? Олардың атқаратын қызметі қандай?

5.Аты көрсетілген фреймге қалай сілтеме жасауға болады?

6.Фреймдер шекаралық сызықтарының түсін қалай өзгертеді?

7. TARGET атрибуты қандай қызмет атқарады? Ол қандай тәгпен бірге орналасады?

Әдебиеттер:

1. Б.Бөрібаев., Г.А.Мадьярова. Web технологиялар. Оқулық.Алматы,2011

2. Дузбаева Р.М. Основы создания HTML-документов. Уч. пособ. для студентов. –Алматы, КБТУ 2003. –82 с.

3. Нидерст Дж. Web-мастеринг для профессионалов. –СПб.:Питер, 2001. –576

4. Информатика и образование,№8, 2000.Е. В. Давыдова

5. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Специальная информатика: Уч. пособ. -М.: АСТ-

ПРЕСС: Инфорком-Пресс, 1998.-480с.

6. А. Гончаров. HTML в примерах. – СПб: "Питер", 1997.

7. Лэмонт Вуд. Web-графика. Справочник. – СПб: "Питер", 1998.

8. С. Бейн, Д. Грей. Как сделать красиво в Интернете. Перевод с англ. – СПб:"Символ-Плюс", 1998.

Блиц-тест

38.<FRAME> тәгінде SRC атрибутының атқаратын қызметі:

A) Фреймде шығарылатын құжаттың URL-адресін анықтайды

B) Суреттің URL- адресін көрсетеді

C) Текст түсін өзгертеді

D) Терезені горизонталь бағыт бойынша бөледі

E) Терезені тігінен бөледі

39.<FRAME>тәгінің MARGINWIDTH атрибутының атқаратын қызметі:

A) Фреймнің оң және сол жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды

B) Фрейм өлшемін береді

C) Фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді

D) Фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістіктің мөлшерін анықтайды

E) Фрейм бойынша жылжыту жолақтары бар не жоқ болуын көрсетеді

40.Фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсететін атрибут:

A) NORESIZE

B) MARGINHEIGHT

C) MARGINWIDTH

D) SCROLLING

E) BORDERCOLOR

41.Фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістіктің мөлшерін анықтайтын атрибут:

A) MARGINHEIGHT

B) MARGINWIDTH

C) SCROLLING

D) NORESIZE

E) BORDERCOLOR

42.Фреймдерді пайдалану кезіндегі <A TARGET=frame1> деген сілтеме нені білдіреді?

A) Осындай аты бар фреймге гипермәтіндік сілтеме жасау

B) Фреймге frame1 деген ат берілді

C) Берілген фреймді frame1 фреймімен ауыстыру

D) Frame1 фреймін жою

E) Frame1 фрейміне жасаған сілтеменің түсін өзгерту

43.HTML. Фреймдерге сілтеме жасайтын <A TARGET=…> TARGET атрибутының _blank тұрақты мәні қандай қызмет атқарады?

A) Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді

B) Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

C) Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

D) Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

E) Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді

44.Фреймдерге сілтеме сілтеме жасайтын <A TARGET=…>TARGET атрибутының _self тұрақты мәні қандай қызмет атқарады?

A) Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

B) Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

C) Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

D) Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді

E) Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді

45.Фреймдерге сілтеме жасайтын <A TARGET=…>тәгінің TARGET атрибутының_parent тұрақты мәні қандай қызмет атқарады?

A) Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады

B) Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді

C) Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді

D) Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді; егер ол анықталмаса, онда ол негізге фреймге әсер етеді

E) Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді