Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 дріс.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
30.83 Кб
Скачать

Құрылысы, негізгі ерекшеліктері.

«Ботагөз» үш бөлімнен тұрады: «Тұңғиықта», «Таң алдында», «Күн күлімдегенде». Ал «Жұмбақ жалау» - «Ыза», «Таң атарда», «Толқынды ту». Өзгерістерге мысал: «Жұмбақ жалаудағы» «Покушение» атты көлемді тарау «Ботагөзде» қысқартылып, кей тұста қайта жазылып, екі тарауға («күткен губернатор» және «Покушение») айналдырылған. Асқар мен Итбайдың Петербургтегі хал-жайын баяндайтын «Жоғалған дневник», «Дневник» атты екі тарау «Петербургте» деген атпен біріктірілген.

Асқар бейнесі. «Жұмбақ жалауда» Асқар – оқыған, көзі ашық, саналы жас бола тұра көп нәрсенің себебін біле бермейтін, қимыл-әрекетінде баяулық басым, қателік те бар-ды. Жалпы ол күрескер ретінде жай қалыптасатын.

«Ботагөзде» Асқар зорлық пен әділетсіздікке қарсы саяси күрес жолына бірден келген жоқ. Ол әуелде Итбайдың әлсіздерге жасаған әрекеттеріне таза адамгершілік тұрғыдан қарсы шығады. Итбайды алғашында ұялтып қойғызбақшы болуы да Асқардың таза гуманистік түсінігінен туған әрекет. Кенжетайға ара түседі – бұл әділетсіздікке қарсы алғашқы батыл қадамы. Осы тұста Итбаймен бетпе-бет келеді. Кузнецов пен Асқардың әңгімесі – күрескерлік жолға түсуіне түрткі болады. Бұнда Асқардың ағартушы-демократтық көзқарастары айқын көрінеді.Ишан зікірі үстінде қиналған халық тағдырын көрген Асқардың жаны қиналады.

Ботагөз бейнесі. Романның басында жазушы ағасы Кенжетайдың қаладан әкеп берген ленталарына мәз болып ойнап отырған жасөспірім қыздың бейкүна балалық қылығын суреттесе, шығарма соңында оқырман Қызыл армияны қызыл тумен қарсы алып тұрған, өмір сыны есейткен, ұлы күреске өзі де үлесін қосқан күрескер Ботагөзбен жүздеседі.

Ботагөздің күрес жолына келуінің бел-белестері, өзіндік себептері бар. Мұны жазушы табиғи көрсетуге тырысады. Ботагөздің күрес жолына бет алуы оның жеке басының адамдық намысын қорғау жолындағы әрекетінен басталады. Нағашысы Амантайдың көиегімен жауыздық тырнағынан құтылған Ботагөз 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі кезінде бас сауғалап кетпейді, сол ереуілдеген халықпен бірге болуды өзіне парыз санайды. Ботагөз бейнесі арқыл автор халық теңдігі үшін ұлы күреске ерлермен қатар белсене қатысқан қазақ қызының тұлғасын сомдаған.

Әдебиеттер:

1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 7-том. А., 2004-2008

2. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003

3. Ысқақ Д. Әдеби сын тарихы. А., 2012

4. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. А., 2002

5. Умарова Г.С., Шарабасов С.Ғ. Қазақ әдебиетінің тарихы. Астана, 2006

6. Мақпыров С. Қазына. А., 2004

7. С.Мұқанов тағылымы. – Алматы:1990

8. Кәдімгі С.Мұқанов. - Алматы:1984

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]