Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
211.97 Кб
Скачать

Қабылданған әліпбидің кемшілігі

Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған. Сонымен Латын әліпбиіне көшкеннен кейін басы шешілмеген бірнеше мәселе туады. Ол – бас әріп мәселесі, шылаулардың жазылуы, кейбір әріптердің жазылуы, сөздердің бірге және бөлек жазылуы тәрізді мәселелер. Бірақ ең басты мәселе орыс сөздерінің дұрыс орфографиялануы болды. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды. Осы жылдардан бастап қазақ әліпбиіне в, ф, х әріптері, кейіннен олардың саны екі есе өсіп кеткені белгілі.

2. Кез келген адамның мінезіне сипаттама беру.

... оте мейримди, кишипейил, адамгершилиги мол, батыл, акылды, жумыска икеми бар.

10 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. “Қазақстан өнеркәсібі” тақырыбы бойынша монолог.

Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –

1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.

Сондай-ақ ол өндіріс құрал-жабдығын өндіретін өнеркәсіп (“А” тобы) пен тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп (“Б” тобы) салаларына бөлінеді. Өнімнің бір түрлері түгелдей “А” тобына жатады (станоктар, өнеркәсіптік тракторлар, жабдықтар, қара және түсті металл кентастары, минералдық тыңайтқыштар, т.б.), екінші бір түрлері түгелімен “Б” тобына (тігулі киім, тоқыма бұйымдары, нан, нан-тоқаш өнімдері, тағамдық балық өнімдері, жиһаз, тоңазытқыш, телевизор, т.б.) жатады. Көмір, электр энергиясы, кездеме, ұн, ет және өндірістік мақсатта пайдаланылатын басқа да өнім түрлері олардың нақты тұтынылуына қарай екі топтың арасында бөлініске түседі. “А” тобының өнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді.

2. «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша екеуара сөйлесу (диалог).

- Сенің сүйікті жыл мезгілін қандай?

- Менің сүйікті жыл мезгілім көктем

-Көктемнен кейін қандай мезгілі басталады?

-Көктемнен кейін жаз басталады.

-Жаз айлары қандай?

-Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

-Жазда күн қандай болады?

-Жазда күн ысса болады

№ 11 Емтихан билеті

1. “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбы бойынша монолог.

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды. Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен қадірлі аналардың бірі әкеліп, сыйға береді. Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жын-шайтандарды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін отпен аластап шығады. Содан кейін көрпешелер мен жастықшаларды баптап салады. Баланы жатқызып, бөлейді. Қолбау, белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды. Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады. Бала халықшыл болсын деп тон, шапан жабады,ат жалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көз тимесін деп тұмар тағады, қырандай көреген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.  Тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Жіпті қадірлі, ісі алға басып тұрған, әрі жылдам, сүрінбей жүретін адам кеседі. Бұл – бала осы адамға тартсын деген тілектен туған рәсім. 

Сүйінші Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі.

 Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

2. «Біздің университет” тақырыбы бойынша екеуара сөйлесу (диалог).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]