Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
211.97 Кб
Скачать

№ 1 Емтихан билеті

1. “Павлодар – ірі өндіріс орталығы” тақырыбы бойынша монолог.

Павлодар облысы—Қазақстанның ірі индустриалды орталығы, ол электрэнергия, балшық, мұнай қайта өндеу өнімдері, машиноқұрылысы, тағам өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешенін құрайды. Аймақтағы жетекші сала өндірістің 70% қамтамасыз ететін металлургия өнеркісібі мен металдарды өндеу болып табылады.

Қара металлургия сала облыста Ақсу қаласындағы зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн тонна өнім өндіреді.

Түсті металлургия өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және пайдалануға берілген.

Мұнайды қайта өңдеу өнеркәсібі Облыста Республикадағы мұнай өнімін өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі— «Павлодар мұнайхимиялық зауыты» АҚ қызмет етеді, ол Омбы арқылы Батыс Сібірден әкелінетін мұнаймен жұмыс істейді. Зауыт қуаттылығы — 7,5 млн тонна. Зауыт өнімі Павлодар облысы мен Қазақстанның өзге облыстарына таралады, Ресей мен Орта Азия елдеріне шығарылады. Облыста шығарылатын мұнай өнімдерінің құрылымында жетекші орында моторлы отын (бензин) мен газойлдар тұр.

2. «Менің отбасым» тақырыбы бойынша екеуара сөйлесу (диалог).

-Сенің отбасын үлкен бе?

-Жоқ, үлкен емес

-Қанша адам?

-Үш адам ғана

-Анаң, әкең және сен?

-Ия

-Ал сенің отбасын үлкен бе?

-Ия, алты адам

-Кім кім,айтып берші?

-Анам, әкем,әжем,атам,мен және інім

-Үлкен отбасы болған жақсы ия?

-Ия өте жақсы,біздің отбасы өте тату

-Менің отбасым да,кішкентай болғанымен өте тат

№ 2 Емтихан билеті

1. “Қазақстанның мемлекеттік рәміздері” тақырыбы бойынша монолог.

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.Авторы Шакен ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi — шаңырақ. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов

2. «Танысу» тақырыбы бойынша екеуара сөйлесу (диалог).

-Сәлем.

-Сенің атың кім?

-Менің атым Әмір.

-Ал сенің атың кім?

-Менің атым Темір.

-Сен қайда оқисын?

-Мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқимын.

-Ал сен қайда оқисын?

-Мен Павлодар мемлекеттік университетінде оқимын.

-Сен қайда бара жатырсын?

-Мен оқуға бара жатырмын.

-Мен де оқуға бара жатырмын.

-Танысқаныма өте қуаныштымын.

-Мен де. Сау бол

- Сау бол.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]