Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekzamen_kazakhsky_yazyk.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
211.97 Кб
Скачать

2. Шақыру, Құттықтау, тілек айту.

Жаңа Жыл құтты болсын! Бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен Сізді қуанышқа бөлеп, алдағы Жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Куттыктау) Кұрметті Қазақстандық аналар, әпкелер, сіңілілер, сіздерді келіп жеткен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер /қыздар/ мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын! отбасыларыңызда бақыт- береке болсын! Аомандаған арман- тілектеріңіз орындалсын! Бақытты болыңыздар, сүйгендеріңізбен ұзақ ғұмыр кешіңіздер. Сүйгені жоқтар осы мерекеде сүйгендерін жолықтырып бақытты күндеріңізді бірге бөлісіп аман- есен жүре беріңіздер! Әрқашанда көктемнің күніндей жайнап, отбасыларында бақыт шуағы қайнап, күннің нұры шуағын шашып, өзімізге қымбат жандарды сыйлап, құлпырып жүре беріңіздер!АНАЛАР АМАН БОЛСЫН, ЖАНЫМЫЗДА ЕШ ҚАРТАЙМАЙ ЖҮРЕ БЕРСІН!

Тилек) Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. *Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін! Достарыңның алды болма көз тиеді, соңы болма сөз тиеді, достарыңның ортасында жүре бер. Зор денсаулық, ашық аспан, шат күлкі, мол бақыт, талмас қанат, қайтпас қайсарлық пен мөлдір таза махаббат тілеймін. Лұқпандай мың жаса. Ғұмыр жасың ұзақ болғай. Жамбылдың жасын берсін. Өмір деген айдында өз теңіңді тауып бақытты да баянды өмір кеш.

№ 7 Емтихан билеті

1. “Қаныш Сәтбаев” тақырыбы бойынша монолог.

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы). Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған Оның есімі институттар мен кенметаллургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (Сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.

2. «Менің бөлмем» тақырыбы бойынша екеуара сөйлесу (диалог).

-Бұл кімнің бөлмесі?

-Бұл менің бөлмем.

-Бөлмеде нелер тұр?

-Бір керует, бір үстел, шкаф, орындықтар бар.

-Бұрышта не тұр?

- Шкаф тұр

-Ортада не тұр?

- Компьютер және сабақ оқитын үстел тұр

-Үстелде не жатыр?

-Кітаптар жатыр

-Еденде не жатыр?

-Кілем жатыр

-Күн сайын бөлмемді не істейсін?

-Мен сабақ оқимын, демаламын, компьтер ойнымын, өлендерді тыңдаймын.

-Сенің бөлмең қандай?

-Менін бөлмем жарық, ыңғайлы және кең. Саған менің бөлмем ұнады ма?

-Әри

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]