Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

5. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне қойылатын сұрақтарды (қалай? қайда? несіне? қандай?) таңдаңыз.

Тұрғын үй департаментінде (істейді)

Ипотекамен (аламын)

Өз қаражатына (алды)

Күнкөрісіне (жетеді)

Статистика бойынша (5-10 пайызы)

Мемлекеттік бағдарлама бойынша (алды)

Үлескерлікпен (алды)

Асыраушысы жоқ (отбасы)

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (3-14 бб), 2 (3-8), 4 (98-100 бб).

Қ.Ә. 8 (3-8 бб), 4 (6-12 бб)

Төртінші апта (3 сағат)

4 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мінез және келбет

Грамматика. Етістіктің осы және өткен шақ түрлері. Сын есім.

Сабақтың мақсаты: Дара-күрделі сын есімдер, негізгі-туынды сын есімдер, сапалық-қатыстық сын есімдер, сын есім, оның тұлғасына және құрамына қарай түрлері, етістіктің негізгі категорияларының бірі – шақ, оның түрлерімен танысу, мінездің мәні мен мағынасының ұғымы және мінез – адамның ойы, намысы, болмысы екенін ұғындыру.

Тапсырмалар:

1.Дара-күрделі сын есімдер.

2. Негізгі-туынды сын есімдер.

3.Сапалық-қатыстық сын есімдер.

4.Сын есім, оның тұлғасына және құрамына қарай түрлері.

5.Етістіктің негізгі категорияларының бірі – шақ, оның түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Дара-күрделі сын есімдер, негізгі-туынды сын есімдер, сапалық-қатыстық сын есімдер, сын есім, оның тұлғасына және құрамына қарай түрлері, шақ - етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория. Сөйлеушінің хабар тұрған мезгілі негізгі нүкте (мезгіл) ретінде саналып, қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезеңінен бұрын болғаны, хабарлау кезеңінде болып жатқаны я одан кейін болатынына қарай шақтың түрлері белгіленеді. Шақ үш түрлі: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезінде болып жаткан не үнемі болып тұратын дағдылы қимылды білдіреді. Осы шақтың түрлері: нақ осы шақ; ауыспалы осы шақ. Өткен шақ қимыл-әрекеттің сөйлеушінің хабарлаған кезінен бұрын болатынын білдіреді. Өткен шақтың екі түрлі: бұрынғы өткен шақ; жедел өткен шақ болып бөлінуі.

Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы. Мінез – адамның ойы, намысы, болмысы.

Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Әдеп – мінездің анасы. Дүниедегі барлық имандылық анадан тарайды, ал, рухани мінез әдептен туады.

Әдептілік – ана сүтімен санаға сіңетін уыз мінез. Намыс – мінездің айбыны. Ол – абыройға дақ түсірмеудің жолы.Эстетикалық және этикалық тәрбиеге жете мән беріп, адам бойындағы әсемдік және әдептілікті қалыптастыратын - отбасы мен мектеп екенін білдіру. Лексикалық минимумда мәтінді мәнді бөлшектерге бөліп, тақырыбын анықтау. Мәтінге қосымша ақпарат мәліметтерін қосып, ауызша мазмұндау.Мәтінге қарапайым және күрделі жоспар құру.

Бірінші сабақ. «Мінез және келбет» (1 сағат)

Грамматика. Етістіктің осы және өткен шақ түрлері. Сын есім.

Есіңізге түсіріңіз.

Осы шақ

Өткен шақ

1. Менің әкем құрылыста жұмыс істеп жүр.

2. Менің анам емханаға бара жатыр.

3. Менің әріптесім департаментте жүр.

4. Біз жылдық есеп жасап жатырмыз.

5. Мен үйге кеш қайтып бара жатырмын.

Менің әкем құрылыста жұмыс істеді.

Менің анам емханаға барды.

Менің әріптесім департаментте жүрді.

Біз жылдық есеп жасадық.

Мен үйге кеш қайтты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]