Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1-РК ЖЭА для студ

.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
36.82 Кб
Скачать

Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері емтихан сұрақтары

1-РК

1. Табиғат туралы біртұтас ғылым қалай аталады?

А) Жаратылыстану

В) Дүниетану

С) Ғаламтану

Д) Табиғатты пайдалану

Е) Натурофилософия

2. Толығымен қалыптастырылып дайындалған (математика формулаларымен) ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым) қалай аталады?

А) Дәл жаратылыстану

В) Философия

С) Экология

Д) Биотехнология

Е) Дүниетану

3. Табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастап микродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің ғаламшарымыздан тыс жатқан нысандарды және жерді қамтитын саланы көрсет:

А) Жаратылыстану

В) Биология

С) Астрономия

Д) Геология

Е) Биологиялық экология

4. Жаратылыстанудың мақсаттарын көрсет:

А) барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау

В) тірі ағзаның тіршілік ортасымен биология байланыстардың негізін айқындау

С) ағзаның түзілуін астрономиялық зерттеулермен негіздеу

Д) тірі организмдердің таралған табиғи ортаның климаттық ерекшеліктерін анықтау

Е) ағзалардың физико-химиялық қасиеттерді анықтау

5. Жаратылыстанудың міндеттерін көрсет:

А) Табиғаттың біртұтастығы, тірі және өлі табиғаттың бірлігі, олардың даму заңдылықтарының ортақтығында жаратылыстану ғылымдарының мәнін мен маңызын айқындау

В) орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы байланысын анықтау

С) табиғат заңдылықтарын астрономиялық тұрғыдан зерттеу

Д) қоршаған орта мен тірі ағзалар арасындағы байланысты негіздеу

Е) тірі ағзалардың табиғи орта факторларға реакциясын анықтау

6.Химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін физиканың әдістерін қолдану қажеттілігін дәлелдеген кім?

А) М.В.Ломоносов

В) В.И.Вернадский

С) Б.М. Медников

Д) Ж.Б.Ломарк

Е) Э.Геккель

7. Фундаментальдық ғылымдардың нені зерттейді?

А) әлемнің базисті (негізгі) құрылысын

В) табиғаттың жеке заттарын

С) тіршіліктің ерекше құбылыстарын

Д) тірі ағзалар арасындағы байланысты

Е) табиғи ортаның климаттық ахуалын

8. Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін тікелей жасайтын ғылымдар қайсысы?

А) астрономия, космология, космогония және физика

В) астрономия,физика, математика, биология

С) география, геология, астрономия, физика

Д) жаратылыстану, биология, герография, математика

Е) химия, физика, геология, космогония

9. Ғарыш әлеміндегі космостық денелер мен олардың жүйелерінң шыққан тегі мен дамуын зерттейтін сала қайсысы?

А) космогония

В) астрономия

С) география

Д) жаратылыстану

Е) физика

10.Бүкіл әлем құрылысының, бүкіл жаратылыстанудың керекті теориялық негізін жасайтын сала қайсысы?

А) физика

В) математика

С) космология

Д) астрономия

Е) биология

11. Жұлдыздар туралы, олардың құрылысы мен қозғалысы туралы ғылым қайсысы?

А) астрономия

В) химия

С) космология

Д) космогония

Е) физика

12. Бірінші болып жаратылыстанудың ғылым ретінде негізін салған кім?

А) Аристотель

В) Фокс 

С) Вернадский

Д) Медников

Е) Кювье

13. Аристотельдің материя мен қозғалыс туралы, кеңістік пен уақыт, шектілік пен шексіздік, өмірдегі себеп-салдар туралы мәселелерді қарастырған еңбегі қалай аталады?

А) Физика

В) Категориялар

С) Метеороголика

Д) Метафизика

Е) Жануарлар тарихы

14. Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізгі мақсаты қандай?

А) үлкен жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижесінде әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін жасау

В) табиғат заңдарына жүгіну арқылы табиғат құбылыстарын анықтау

С) адамның табиғи орта өзгерісіне бейімделуін зерттеу

Д) жануарлардың көбеюін жетілдіру

Е) жерді ұтымды пайдалану арқылы өнімділікті арттыру мәселесін игеру

15.Табиғатты танып-білудің сатыларын атаңыз?

А) натурафилософия, талдау, синтетикалық, интегральды -дифференциальдық

В) талдау,синтез,аксиома,теориема

С) метеороголика ,синтетикалық, обьектілік

Д) метафизикалық, натурафилософия, биологиялық, палеонтологиялық

Е) интегральды –дифференциальдық, аксиома,талдау,синтездеу

16. «Кім де кім жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін математиканың көмегінсіз шешкісі келсе,ол өзінің алдына шешілмейтні міндет қояды.Өлшенетін затты өлшеу керек және өлшенбейтінді өлшеуге керек» деп дәл жаратылыстанудың негізін салушылардың бірі айтқан.Ол кім?

А) Г.Галилей

В) В.И.Вернадский

С) К.Мебиус 

Д) Ж.Б.Ломарк

Е) Э. Геккель

17.Табиғатты зерттеуде биологиялық білімдерді химияды,ал биологиялық білімді физикада қолдану бағыты қалай аталады?

А) интегратизм

В) өзара бағыну

С) синтез

Д) анализ

Е) редукционизм

18. «Жоғарыны» «төменге қосу» , басқаша айтқанда барлық биологиялық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды-физикаға әкелетін ғылымның бағыттамасы қалай аталады?

А) редукционизм

В) иерархизм

С) концепция

Д) анализ

Е) интеграция

19.Тірі организмнің ерекшелігін теориялық биологияда аксиома түрінде көрсеткен кім?

А) Б.М. Медников

В) С.Фокс 

С) В.И.Вернадский

Д) Жоффруа Сент-Илера

Е) Жорж Кювье

20. 1924 жылы Жер тарихының ең алғашқы кезеңіндегі химиялық эволюцияның жүру мүмкіндігі туралы тұжырымдаманы кім ұсынды?

А) Опарин

В) К.Мебиус 

С) Ж.Б.Ломарк

Д) Жоффруа Сент-Илера

Е) Жорж Кювье

21. «Материальдық ғылымдар арқылы кез-келген ғылыми шынайылыққа тікелей жол бола алатын сияқты... Материалдық ғылымдардың аналогиясын жүргізу жолымен нақты идеядан құнды әрі маңызды білім қорын алады...» деп айтқан қай ғалым?

А) Дж.К. Максвелл

В) Демокрит

С) В.И. Вернадский

Д) Б.М. Медников

Е) ЖоффруаСент-Илера

22. «Шынайылық- оған қандай тәсілмен бағыт алуға байланысты болады» деген пікірді айтқан ғалымды ата?

А) А.Б. Мигдал

В) Дж.К. Максвелл

С) Жорж Кювье

Д) Франческо Реди

Е) Ж.Б.Ломарк

23. Радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу және тербелістер негізінде туындайтын ластану қалай аталады ?

А) физикалық

В) химиялық

С) биологиялық

Д) бактериологиялық

Е) физико-химиялық

24. «Шынайылық-тұңғиыққа тығылады (теңіз түбінде жатыр)» деген тұжырымды айтқан кім?

А) Демокрит

В) Опарин

С) Франческо Реди

Д) Франческо Реди

Е) Жорж Кювье

25. Эксперименттер нәтижесінің дәл еместігі қандай фактормен негізделеді?

А) обьективті және субьективті

В) анализ және синтез

С) механизм және динамика

Д) адаптация және дезадаптация

Е) бақылау және болжау

26. Жаратылыстану-ғылыми таным көздері эксперимент пен тәжірибеге негізделетін қандай бағыт?

А) эмпирикалық

В) эксперименттік

С) жаратылыстану

Д) жағрафиялық

Е) экспоцениальдық

27. Ғылым – сардар, ал тәжірибе – сарбаз», – деген пікірді айтқан кім?

А) Леонардо да Винчи

В) Франческо Реди

С) Жорж Кювье

Д) Опарин

Е) Демокрит

28. Жаратылысты-ғылыми шынайылыққа абсолютті түрде жақындауы қалай аталады?

А) жаратылыстанудың дамуы

В) жаратылыстанудың жіктелуі

С) жаратылыстанудың байланыс орнатуы

Д) жаратылыстану мен биологияның өзара байланысының негізделуі

Е) химия және физиканың заңдылықтарының нығаюы

29. Кез-келген жаратылысты-ғылыми зерттеу нені қажет етеді?

А) бастама идеяны

В) зерттеуді

С) талдауды

Д) ғылыми анықтамасны

Е) фактіні

30. Кез-келген жаратылысты-ғылыми зерттеудің кез-келген кезеңінде сипатталатын біркелкі процесс?

А) эмпирикалық және теоретикалық таным

В) математикалық есептеу

С) космология зерттеу

Д) астрономиялық таным

Е) физикалық заңдылық

31. Қарапайым сезімталдық болмыс, шағылысу, заттардың жекелеген қасиеттерінің суреті қалай аталады?

А) сезіну

В) ойлау

С) елестету

Д) қиялдау

Е) түзету

32. Айқындалған жоспарлы қабылдау, таным обьектісінің қасиетін анықтау мақсатында қолданылатын қандай әдіс?

А) қадағалау

В) эксперимент

С) талдау

Д) синтез

Е) анализ

33. Әдіс немесе қабылдау, зерттеу көмегімен обьект немесе алдын-ала анықталған жағдайға қойылатын тәсіл қалай аталады?

А) эксперимент

В) зерттеу

С) талдау

Д) болжау

Е) бақылау

34. Атом ядросының тереңіне ену үшін үлкен көлемді экспериментальды қондырғы қалай аталады?

А) синхрофазотрон

В) микроскоп

С) телескоп

Д) сейсмограф

Е) рентген аппараты

35. Бағдарының мақсаты айқын және себепті қатынастар мен заттардың байланыс заңдылығы туралы адам миындағы біріккен қасиеттердің шағылысуы қалай аталады?

А) ойлау

В) сезіну

С) елестету

Д) есту

Е) қиялдау

36. Ойлаудың негізгі формаларын ата?

А) ұғым, талқылау және ойды түйіндеу

В) есту,түсіну және баяндау

С) ұғыну,тыңдау және түсіндіру 

Д) түсіну және баяндау

Е) тыңдау, есту, ұғыну және баядау

37. Обьектілер мен құбылыстарға тән қасиеттерін жалпы бейнелейтін ой қалай аталады?

А) ұғым

В) қиял

С) сезіну

Д) обьект

Е) субьект

38. Әлдебір нәрсені талқыға салу, обьектілер арасындағы белгілі-бір байланыс пен қатынасты анықтау қалай аталады?

А) ойлау

В) баяндау

С) түсіндіру

Д) айту

Е) қиялдау

39. Ойдың шынайылығы мен жалғандығы немен тексеріледі?

А) тәжірибемен

В) зертханада

С) елестетумен

Д) анықтамамен

Е) ғылыми пікірмен

40. Теоритикалық ойлаудың маңызды формасын көрсет?

А) гипотеза

В) мониторинг

С) эксперимент

Д) экспертиза

Е) талқылау

41. Шынайылықты игеру жеткіліксіз болғанда көрініс беруге бейім тұратын ой түйіндеу түрі қалай аталады?

А) гипотеза

В) талқылау

С) қадағалау

Д) эксперимент

Е) зерттеу

42. Тәжірибелік және теориялық іс-әрекеттің көрініс беру дағдыларының жиынтығы қалай аталады?

А) тәсіл

В) дағды

С) пікір

Д) зерттеу

Е) талдау

43. Обьектілердің ұқсастықтар мен айырмашылықтарын айқындайтын жаратылысты-ғылыми танымның қай тәсілі болып саналады?

А) салыстыру

В) тәсіл

С) қадағалау

Д) эксперимент

Е) анализ

44. Обьекті құрайтын бөліктердің шынайы және ойша таралуын сипаттайтын таным процесінің элементін көрсет:

А) анализ

В) тәсіл

С) қадағалау

Д) эксперимент

Е) мониторинг

45. Анализ көмегімен мәліметтер меңгеріліп болған соң, танымның қай кезеңі басталады?

А) синтез

В) эксперимент

С) корреляция

Д) дегенерация

Е) эксплауатация

46. Әлдебір затты ойша бөліп алып, өзге заттармен байланысын, қасиеттерін, аталған зат басқа заттардың қатыстылығын айқындау қандай тәсіл?

А) абстрагирлеу

В) идеализациялау

С) қадағалау

Д) талдау

Е) синтездеу

47. Шындыққа келмейтін,бірақ шынайы әлемдегі ұқсастықтарын негізге алып абстрактылы обьектілерді ойша елестету қандай тәсіл?

А) идеализация

В) абстрагирлеу

С) қадағалау

Д) талдау

Е) синтездеу

48. Санада обьектінің шағылысқан жартылай бейнесі бір жақты көрініс беру қалай аталады?

А) абстрактылы сипатта

В) нақты

С) идеализациялау

Д) синтез

Е) болжамды сипат

49. Ғылыми зерттеудің нәтижесі, зерттеу обьектісінің жүйе ретінде түсініктерін және категорияларының теоритикалық тұтастық ретінде қарастыру жаратылысты-ғылыми танымның қай тәсіліне негіз бола алады?

А) нақты

В) қадағалау

С) идеализациялау

Д) синтез

Е) болжамды сипат

50.Обьектіні біртұтастық деп қарастырып, туындауынан яғни абстрактылыдан нақтылыққа негіздеу қандай тәсіл арқылы жүзеге асырылады?

А) теоритикалық

В) математикалық

С) космологиялық

Д) астрономиялық таным

Е) физикалық заңдылық

51. Табиғатта ұғымдарды түсіну фактісінде белгісіз бен белгіліні байланыстыратын тізбек қандай сипат береді?

А) аналогия

В) аномалия

С) ауытқу

Д) болмысты айқындау

Е) ойша елестету

52. Екі заттың ұқсастықтарын анықтау,сол ұқсастықты өзге бір заттан тауып негіздеп шындыққа ұластырып қорытынды жасау танымның қандай әдісіне негіз болады?

А) аналогия

В) нақты

С) абстрактылы

Д) идеализация

Е) кіріктіру

53. Обьектінің қасиетін арнайы құрылған оның моделінде тануға негізделген танымның қандай тәсілі?

А) моделдеу

В) иделизация

С) абстрагирлеу

Д) болжау

Е) бақылау

54. Моделдеудің қағидасын қандай сала құрайды?

А) кибернетика

В) микроскопия

С) физика

Д) астрономия

Е) биотехнология

55. Жекелеген фактілерді қадағалаудан жалпы болмыс сипатын айқындау процесі жаратылысты-ғылыми зерттеудің қандай тәсіліне негіз бола алады?

А) индукция

В) дедукция

С) моделдеу

Д) эксперимент

Е) аналогия

56. Обьекті туралы жалпы ұғым негізінде жекелеген обьектілерді қарастыру индукцияның қай түріне жатады?

А) толық индукция

В) индукция

С) толық емес индукция

Д) дедукция

Е) толық емес дедукция

57. Теоритикалық түсініктер мен эксперименттік зерттеулерге негізделіп нақты дәйекті қорытынды жасауға мүмкіндік беретін жаратылысты-ғылыми зерттеудің қай тәсілі?

А) ғылыми индукция

В) толық индукция

С) дедукция

Д) талдау

Е) синтез

58. Индукция негізді сипаттағы ойды жылжытуға ұмтылады, ғылыми прогресстің шынайы көзі болып табылады деген пікірді айтқан кім?

А) Луи де Бройл

В) Жорж Кювье

С) Жозеф Фурье

Д) Жоффруа Сент-Илера

Е) Сванте Аррениус

59.Жалпы аналитикалық талқылаудан жекелеген сипатқа немесе шағындалған жалпыға ауысу процесі қалай аталады?

А) дедукция

В) индукция

С) моделдеу

Д) идеализация

Е) аналогия

60. Дәлелдеудің негізгі құралы?

А) дедукция

В) индукция

С) моделдеу

Д) абстрагирлеу

Е) кіріктіру

61. Тірі организмнің ерекшелігін теориялық биологияда аксиома түрінде көрсетті.

А) Б.М. Медников

В) С.Фокс 

С) В.И.Вернадский

Д) Ж.Б.Ломарк

Е) Жорж Кювье

62. Өнеркәсіп салалары мен шаруашылықтың шикізат өнімдеріне,күнделікті және алдағы белгіленген уақыт бөлігінде қажеттілігін жоспарлы түрде белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары қалай аталады?

А) табиғи қорларды пайдалануды оңтайландыру

В)табиғатты қорғау 

С)табиғатты басқару

Д) табиғи ресурстарды сақтау

Е)табиғат пен қоғамның үйлесімді байланысы

63. Тірі заттар тек тіріден пайда болады деген постулаттың авторы кім?

А) Франческо Реди

В) К.Мебиус 

С) Опарин

Д) Ж.Б.Ломарк

Е) Жорж Кювье

64. Веисман аксиомасын көрсетіңіз:

А) Барлық тірі организмдер фенотиптік және ұрпақтан ұрпаққа берілетін генотиптің бірлігі

В) Биосфера барлық су мөлшері белгілі, екіншіден оған күннен қуатты энергия түседі.

С) Тірі заттың массасының мөлшері жер шарының басқа қабаттарының массасымен салыстырғанда өте аз мөлшерде

Д) Генетикалық программаның кездейсоқ өзгерісі фенотиптік құрылуында

Е) Генетикалық программа ұрпақтан ұрпаққа берілген кезде әртүрлі себептердің әсерінен кездейсоқ өзгеруі мүмкін

65. Э.Леруа қандай ғылыми терминді енгізді?

А) ноосфера

В) биоценоз

С)биосфера

Д) экзосфера

Е) экотоп

66. «Болашақ ғаламшардың түр-сипаты мен тыныс-тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және оған тәуелді болады. Ең бастысы,

адамзаттың санасы мен ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі» деген тамаша болжамның авторы кім?

A) В.И.Вернадский

B) Ю.П.Лисицын

C) А.Г.Воронов

Д) Н.Ф.Реймерс

E) М.В.Волькенштейн

67. Нооэкология зерттеу бағытын көрсетіңіз?

A) Адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейтін экология қандай саласы?

B) табиғат пен жануарлардың үйлесімді байланысын зерттейді

C) өсімдіктердің өсіп-өнуін,таралуын

Д) жануарлар мен өсімдіктердің селбесіп тіршілік етуін

E) климаттық өзгерістердің туындау себептерін

68. 1957 жылы аминқышқылдары судың қатысуынсыз-ақ өзара косылып пептидті байланыстар түзуі мүмкін деген пікір ұсынды. Ол құрғақ аминқышқылдарының қоспасын қыздырып, сосын суытқанда аминқышқылдарының нәруыз тектес молекулалары өзара байланыс түзетінін байқаған ғалым кім?

A) С.Фокс 

B) Ю.П.Лисицын

C) А.Г.Воронов

Д)) Н.Ф.Реймерс

E) М.В.Волькенштейн

69. Қоғамдағы адам өмірінің жағдайлары жақсаратын қоршаған ортаға әсер биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінен аспайтын, сондықтан адам қаракетінің негізі бұзылмайтын болып дамуы ғылыми тұрғыдан қалай аталады?

А) тұрақты даму

В) үздіксіз даму

С) бірқалыпты даму

Д) біркелкі даму

Е) периодты даму

70.Тірі ағзалар үшін өте қауіпті ультракүлгін сәулелерді қандай қабат тұтып қалады?

А) Биосфера қабаты

В) Мантия

С) Атмосфера қабаты

Д) Озон қабаты

Е) Тропосфера қабаты

71. Жердің суы тартылған аймақтарында, лава ағыстарының жылуынан және күн сәулелерінің әсерінен аминқышқылдары өзара қосылған. Олардың осындай қоспаларынан алғашқы полипептидті қосылыстар түзілген деп қорытынды жасаған ғалым кім?

А) С.Фокс 

В) Э.Геккель

С) В.И.Вернадский

Д) Ж.Б.Ломарк

Е) Жорж Кювье

72. Қазіргі есептеулерге қарағанда тірі заттың жалпы массалық үлесі қанша?

А) 2420 млрд тонна

В) 2440 млрд тонна

С) 2820 млрд тонна

Д) 3420 млрд тонна

Е) 4432 млрд тонна

73. Тірі зат бүкіл әлемдегі материяның ең белсенді формасы деп айтқан ғалым кім?

А) В.И.Вернадский

В) Э.Леруа

С) А.И.Опарин

Д) Ж.Б.Ломарк

Е) Жорж Кювье

74. Сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор және күкірт элементтері жер шары затының басты химиялық элементтері болып табылады және оларды не деп атайды?

А) биофильдер

В) биокатализаторлар

С) биоиндикаторлар

Д) биомассалар

Е) баста құрауыштар

75.Химиялық элементтер тарихын ағзалар мен адамның эволюциясымен,сондай-ақ бүкіл биосфераның эволюциясымен байланыстартын түйін қалай аталады?

А) тірі зат

В) биоагент

С) индикатор

Д) биомассар

Е) хромофор

76.В.И.Вернадский тірі затқа ең алғаш қай жылы анықтама берді?

А) 1919ж

В) 1819ж

С) 1929ж

Д) 1719ж

Е) 1949ж

77. «Биосфера –бұл орасан зор бір механизм» бұл тезистің авторы кім?

А) С.Н.Виноградский

В) Л.Пастер

С) Ф.Реди

Д) А.Гумбольд

Е) Ф.Ратцель

78.1826жылы «Табиғат көріністері» деген еңбегінде «тіршілік күші» деген ұғымды енгізген кім?

А) А.Гумбольд

В) Л.Пастер

С) Ф.Реди

Д) Э.Реклю

Е) Ф.Ратцель

79.Жүздеген миллиард жұлдыздары бар және диаметрі жүздеген жарық жылына тең өте үлкен жұлдызды жүйелер қалай аталады?

А) Галактика

В) Гелиоцентризм

С) Геоцентризм

Д) Мегамир

Е) Макромир

80.Адам өзінің тікелей байқауі арқылы таным жасай алмайтын жалпы әлемнің бөлімі қалай аталады?

А) Микромир

В) Макромир

С) Геоцентризм

Д) Мегамир

Е) Астрономиялық өлшем

81.Табиғатты қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың, ережелердің, талаптардың жиынтығы?

A) табиғат қорғау құқығы

B) жануарлар қорғау шарасы

C) жасыл өсімдіктер өсіру шарасы

Д) залалсыздандыру шарасы

E) антропогендік ықпалды төмендету шарасы

82.Ғаламшардың озон шымылдығын бұзушы негізгі агенттердің бірі қайсысы?

A) фреондар

B) метан

C) көміртек оксиді

Д) ауыр металдар

E) күкіртті газдар

83.Табиғаттағы процестердің ең басты қозғаушы күшін ата?

A) күн

B) адам

C) өсімдік

Д) ауа

E) жануар

84.Табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі қалай аталады?

A) экологиялық апат

B) экологиялық дағдарыс

C) экологиялық қуыс

Д) дефляция

E) климакс

85.Мемлекет қалыптастыратын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасын реттеудің заңнамалық негізі қалай аталады?

A) экологиялық құқық

B) аудандық тексеру

C) экологиялық аудит

Д) экологиялық мониторнг

E) экологиялық экспертиза

86. Бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталатын қандай түсінік?

A) апат

B) катастрофа

C) авария

D) экологиялық дағдарыс

E) экологиялық күйреу

87.Боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт төмендегілердің қай түріне жатады?

A) метеорологиялық

B) топологиялық

C) ғарыштық

Д) экологиялық

E) геологиялық

88. Технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы қалай аталады?

A) авария

B) катастрофа

C) апат

D) экологиялық дағдарыс

E) экологиялық күйреу

89. Синергизм деген қандай ұғым?

A) өзара әсер ету, бір-біріне ықпал ету

B) қандай да бір бөлшектің бөлінбейтін бөлшегі

C) жүйенің сыртқы орта факторларына бейімделуі

Д) сәуле энергиясының денеге сіңуі

E) күн жүйесіне кіретін жұлдыздар жиынтығы

90.Қоршаған ортаның табиғи ластануына мынау жатады:

A) орман өртi

B) транспорт

C) мұнайды сақтау

Д) тоңазытқыш техникасы

E) отын жағу

91.Адам іс-әрекетінің салдарынан табиғаттағы экологиялық байланыстардың бұзылуы –қалай аталады?

A) деградация

B) дезадаптация

C) дегенерация

Д) рекултивация

E) адаптация

92. Сәуле энергиясының денеге сіңірілуі мен шашырап шығуындағы ара-қатынас

қалай аталады?

A) альбедо

B) бейімделу

C) адрондар

Д) эмиграция

E) синергизм

93.Радиотолқындарды бірінен соң бірін импульсты түрде жіберіп отыратын космостық обьектілер деген қандай ұғым түрінде сипатталады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]