Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инга Тест 300- студентам.doc
Скачиваний:
80
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
589.31 Кб
Скачать

136. Сөйлемді толықтырыңыз.

Соңғы автобусқа жүгіріп ... үлгердім.

A) тез

B) әрең

C) шапшаң

D) бірталай

Е) емін-еркін

137. Іс-әрекеттің қалай істелгенін сипаттайтын қатарды көрсетіңіз.

A) Алмат кеше тіл курсына барды.

B) Сәуле бірнеше тілде емін-еркін сөйлей алады.

C) Айдананың қытай тілін үйренгеніне екі ай болды.

D) Гүлсімнің болашақта аудармашы болғысы келеді.

Е) Мен төрт тілді білемін.

138. Дұрыс жауабын табыңыз.

Ол көршісін ... көрмегенсіп, қасынан амандаспай өте шықты.

A) әзер

B) әрең

C) әдейі

D) үнемі

Е) кейде

139. Қимылдың мақсатын білдіретін сөздерді табыңыз.

A) әдейі, жорта, қасақана

B) сонша, мұнша, соғұрлым

C) босқа, бекерге, лажсыздан

D) әрең, ақырын, қаннен-қаперсіз

Е) сондықтан, сол себепті, сол үшін

140. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.

Қызының сөзін жорта естімегендей отыра берді.

A) бүгін

B) қасақана

C) мұншама

D) құр босқа

Е) қатты

141. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

... жасалған қылмыстың жазасы ауыр.

A) Әбден

B) Бекерге

C) Қасақана

D) Шарасыздан

Е) Мұншама

142. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Оны осы жиынға ... шақырған сияқты.

A) әбден

B) әдейі

C) ілгері

D) жақсы

Е) соғұрлым

143.Сөйлемді толықтырыңыз.

Қаражатыңды ... жұмсай берме!

A) тең-теңімен

B) рет-ретімен

C) тектен-текке

D) топ-тобымен

Е) кезегімен

144. «Шарасыздан» сөзін ауыстыруға болатын сөзді табыңыз.

Денсаулығым нашарлап, шарасыздан жазғы демалысымызды саяжайда өткізетін болдық.

A) лезде

B) жоққа

C) тікелей

D) амалсыздан

Е) соғұрлым

145. Себеп мәнді қатарды көрсетіңіз.

A) Жұмысқа тұрмақ болып ол қалаға әдейі келді.

B) Болатхан амалсыздан ауыр жұмысқа орналасты.

C) Жаңа зауытта қаншама бос жұмыс орны бар екен.

D) Мамандығына сай жұмыс таппай қиналып зорға жүр.

Е) Жазда зауытқа жұмысқа орналасамын.

146. Дұрыс жауабын табыңыз.

Шынтас шаруасы бітпегендіктен,... аудан орталығына тағы келді.

A) босқа

B) шарасыз

C) амалсыздан

D) кезек-кезек

Е) нашар

147. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Ауырып отырсам да,... апамның туған күніне бардым.

A) керемет

B) құр босқа

C) бірқыдыру

D) амалсыздан

Е) нашар

148. Тиісті нұсқаны таңцаңыз.

Айсұлу, сіз ... келдіңіз, бұл мекеме сенбіде жұмыс істемейді.

A) бекерге

B) біршама

C) бір жолата

D) шарасыздан

Е) кезек-кезек

149. Тиісті сөзді қойыңыз.

Жас келін артынан келген жасауын ... жинап, отауын жайнатып қойыпты.

A) аз-аздап

B) рет-ретімен

C) топ-тобымен

D) шет-шетінен

Е) қатты

150. Дұрыс жауабын табыңыз.

Келген қонақтарды қайын сіңлісімен ... жүріп күтті.

A) шеттеп

B) екеулеп

C) бір-бірлеп

D) көп-көптен

Е) топырлап

151. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Бұл отырған жұрт ... бекерге жиналған жоқ.

A) бас-басына

B) тең-теңімен

C) топ-тобымен

D) қос-қосымен

Е) екеулеп

152. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді белгілеңіз.

Бастықтың қабылдауына ... кіріп шықты.

A) аз-аз

B) екі-екіден

C) үйді-үйлеп

D) тең-теңімен

Е) қатты

153. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойыңыз.

... сіз сөйлейтін болсаңыз, ... мен слайдтарды көрсетіп тұрамын.

A) Егер де, онда

B) Әйтпесе, сонда

C) Әйтсе де, демек

D) Сол себепті, яғни

Е) Мүмкін, демек

154. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді белгілеңіз.

Бас қақпашы сен бол,... ұтылып қалуымыз мүмкін.

A) егер

B) бірде

C) демек

D) әйтпесе

Е) алайда

155. Шарттық мәнін білдіретін сөйлемді белгілеңіз.

A) Қыстыгүні қалың қардан балалар аққала жасап ойнады.

B) Егер қыста қар қалың болса, жазда жер ылғалды болады.

C) Ауыл адамдары қыстың қамын жазда ойлап, шаруаға ерте қамданады.

D) Өткен жылы қыста қар қалың болып, кей жерлерде жол жабылып қалды.

Е) Биыл қыста қар қалың болды.

156. Шарттық мәнді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Менің бақытты өмір сүргім келеді.

B) Оның өзі сүйген жанға бақыт сыйлағысы келеді.

C) Бақытты болғың келсе, өзгелерді бақытты ете біл.

D) Жас жұбайлар тату-тәтті, бақытты өмір сүріп жатыр.

Е) Бақытты болыңдар, жас жұбайлар.