Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

КЕЙС по ТГП

.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
26.97 Кб
Скачать

КЕЙС № 1.

Оқиғалық есеп:

Д.Синов деген жүргізуші жеке серіктестіктің атына тіркелген «Газ 270711» маркалы автокөлікті басқарып келе жатқанда, оған жол жүру ережесін бұзып «Ваз-2107» маркалы автокөлігінің жүргізуші келіп соқтығысады. Содан оқиға орнына Д.Синовтың хабарлауы бойынша жеке серіктестіктің басшысы келеді. Кінәлі «Ваз-2107» маркалы автокөлігінің жүргізушісі өз кінәсін мойындап, серіктестікке қарасты көлікке келген залалды толық өтеуге қолхат беріп, серіктестіктің басшысымен келіседі. Содан соң, барлығы оқиға орнынан кетіп қалады. Кейін Д.Синов жол көлік оқиғасына қатысушы бола тұра, оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Жаубы:

Бұл ситуация бойынша құқық бұзушылық ҚР әкімшілік құқық туралы кодексінің 468 бабы бойынша яғни «көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiн адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң зақымдануына әкеп соқтыратындай дәрежеде бұзуы» бойынша, «Ваз-2107» маркалы автокөлігінің жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Алайда тараптардың өзара келісімі бойынша кінәлі адам ешқандай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Егерде МАИ қызметкерлері шақыртылып хаттама толтырылғанда жоғарыда көрсетілген бап бойынша он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе тоғыз ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға жазаланатын еді.

Бұл ситуация бойынша құқық бұзушылық теріс қылық болып есептеледі яғни әкімшілік жауапкершілікке тарталады. Заңды жауапкершілік жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипатында болады.

«Газ 270711» маркалы автокөліктің жүргізушісі Д. Синов ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 469 бабы бойынша яғни көлiк құралын басқарған адамның, жол қозғалысының белгiленген ережелерiн бұзып, өзi қатысушысы болып табылатын жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Алайда әкімшілік жауаптылық соттық тәртіпте немесе әкімшілік яғни басқарушы лауазымды тұлғалармен яғни жол апаты МАИ қызметкерінің хаттамасы негізінде сотпен аталған бап негізінде 1 жылға көлік жүршізу құқығынан айыруға жазалануы тиіс. Мекеме басшысы тек тәртіптік жауаптылыққа тарта алады.

КЕЙС № 2

Оқиғалық есеп:

Азамат «Жумажанов А.» 2012 жылы қаңтар айының 06-шы жұлдызы күні сағат шамамен 18-30-да мас күйінде үйіне келіп, өзінің жұбайы азаматша «Ибраева М.»-ға сыйламаушылық білдіріп, балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып бүлік шығарған. Сот отырысында құқық бұзушы «Жумажанов А.» өз кінәсін толықтай мойындап, 06 қаңтар 2012 жылы сағат 18-30-дар шамасында үйінің ішінде жұбайы балағаттап, арына тиетін сөздер айтқандығы жөнінде өз түсініктемесін берді.

Сұрақтар:

  1. Жумажановтың ісі қандай баппен қарастырылады.

  2. Адам және азаматтардың құқықтықтары мен бостандықтарын дұрыс қорғалуы үшін өз ойыңызды жазыңыз?

Жауабы:

Бұл іс ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-5 бабы яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша шешіледі.

Адам және азаматтардың құқықтықтары мен бостандықтарын дұрыс қорғалуы үшін өз ойымды білдіретін болсам отбасы және неке туралы заңдарымызды күшейтуіміз қажет. Отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша алып қарасақ практикада ерлі-зайыптылар соның ішінде ер азаматтар «өз әйелім, не істесемде өзім білем» деген пікірлер білдіріп, құқық бұзушылық жасайды. Ал құқықтық тұрғыдан алып қарасақ бұл адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу, бұзу болып табылады. Бұндай құқық бұзушылық жасаған адамдар әкімшілік жауаптылықтың бар екінін бірі білсе екіншісі біле бермейді. Сол себептен аталған құқық бұзушылықтардың нормаларының санкцияларын күшейту қажет және бұндай іс-әрекет жасамау туралы кеңінен насихатталуы қажет, яғни құқықтық санасын көтеру қажет.

Ал кейбір жағдайларда екі тараптанда әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері болып жатады. Осы негіздер бойынша неке шартын пайдалану қажет. Тек мүліктік мақсатта емес бір біріне деген көз қарасы іс-әрекеті бойынша осындай жанжалдар болғаннан кейін немесе аралары шиеленіскеннен кейін немесе некеге тұрған кезде де шартқа отыру тиіс. Алайда бұндай шарттар біздің ментеолитетімізге сай келмейді бірақ қолданысқа енгізіп көруіміз керек.

КЕЙС № 3

ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ КЕЙСІ БОЙЫНША ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

  1. Берілген мердігерлік шартпен таныса отырып құқықтық реттеу механизмінің сатысын анықтаңыз. Сонымен қатар шартты талдай келе, құқықтық реттеудің әр сатысында әрекет етуші құқықтық реттеу механизмінің элементтерін ашып көрсетіңіздер!

  1. Берілген шарт бойынша қосымша саты туындайтын жағдайды қарастырыңыз! Сіз ұсынған сатыдағы әрекет етуші элементтерді анықтаңыз!

Жауабы:

Құқықтық реттеу дегеніміз құқықтық (юридикалық) құралдар көмегімен қоғамдық қатынастарға және адамдардың жүріс-тұрыстарына ықпал ету.

Құқықтық реттеудің сатылары:

  1. құқықтық нормалардың қалыптасуы және әрекет етуі сатысы – қоғамдық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын бағыттайтын, олар үшін құқықтық режимді көрсететін нормалар (НҚА);

  2. құқықтар мен міндеттердің туындайтын сатысы —-қарастырылған жағдайға сай құқық норма негізінде нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе жүріс-тұрыстарының даралануы;

  3. құқықтар мен міндеттердің іске асырылуы сатысы – құқық нормасында баяндалған және осы жағдайға қатысушы субъектінің жүріс-тұрысының нақты өрнектелуі арқылы өмірге енуі, яғни қоғамдық қатынасқа қатысушылардың нақты жүріс-тұрыстары арқылы іске асуы;

  4. құқықтың қолданылу сатысы (қосымша саты) – құзыретті мемлекеттік органдар арқылы жекеленген биліктік құқық қолдану актісінің қабылдануы.

Көрсетілген сатыларға тоқтала отырып құқықтық реттеу механизмінің элементтерін анықтауға болады:

  • құқықтық норма;

  • құқықтық қатынас;

  • құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері;

  • құқық қолданудың жеке ұйғарымы (қосымша элементі).

Негізінен 4 сатыдан тұрады.

Бірінші сатысын алсақ, бірінші саты құқықтық нормалардың қалыптасуы және әрекет етуі сатысы азаматтар ҚР азаматтық кодексі негізінде яғни мердегерлік шарт бойынша шарт жасасты.

Екінші сатысында шарт бойынша бір тарап тапсырыс беруші, екінші тарап несие беруші болып анықталды. Сонымен қатар жалпы шарттың мәні белгілі болды.

Үшінші сатысы шартты көзделген саты шарттың 3 бөлімі есеп айырысу және шарттың есеп айырысу тәртібі белгіленді

Төртінші сатыда жалпы жұмыстың орындалатыны, тараптардың құқықтары мен міндеттері, өзгеретін тәртібі соңғы сатысы орын алды.

КЕЙС № 4

Оқиғалық есеп:

Өткен жылдың наурыз айында сотталушы М. Асанова өзінің танысы Ж.Айманова арқылы жәбірленушілер Г. Галимов және Т. Жарасовамен танысып, өзінің қызмет атқаратын «Темірбанк» Акционерлік қоғамында тыйым салынған пәтерлерді алып беремін деп сендіріп, жәбірленушілерден ірі мөлшерде сый ақы алып, берген уәдесін орындамай, яғни алаяқтық, бөтен мүлікке құқықтық алдау, сенімге қиянат жасау арқылы, ірі мөлшерде бөтен мүлікті алу арқылы қылмыс жасаған. Осы қылмыс салдарынан жәбірленушілер Г.Галимовке 1 605 900 теңге, ал жәбірленуші Т.Жарасоваға 1 315 000 теңге мүліктік залал келтірілген.

Сұрақтар:

  1. Бұл құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің қай бөлімі және қай бабы бойынша қарастырылады?

  2. Жәбірленушілердің құқықтары қалай қорғалады?

Жауабы:

Бұл қылмыстық іс ҚР қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі, Меншікке қарсы қылмыстар бөлімінің 177 бабы алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу бойынша шешіледі.

Жәбірленушілердің құқықтары құқық қорғау органдары арқылы яғни: Ішкі істер органдары, Қаржы полиция органдары, Прокуратура органдарымен қорғалады. Жәбірленуші Г. Галимов және Т. Жарасова аталған органдарға арыз беру және арыздармен қоса дәлелдемелерін, келтірілген залал мөлшерін көрсетіп құқығының бұзылғанын және құқығын қорғау туралы арыз береді. Осы берілген арызбойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп іс пен күдіктіні сотқа табыстайды. Сот келтірілген дәлелдемелермен аталған бапта көзделелген санкция бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартып келтірілген залалды өтеттіреді. Осылайша жәбірленушілердің құқықтары қорғалады.

КЕЙС № 5

Шешуге берілген тапсырма:

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармағы: «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек қана Конституция мен зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық нормаларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінінде пайдаланғанда талқылаудың қай түрі қолданылады.

Сұрақтар:

1. Берілген тапсырма бойынша құқықтық талқылаудың түрлерін анықтаңыз?

2. Құқықты талқылаудың түрлерін ашып көрсетіңіз

Жауабы:

Құқық нормаларын талқылау – құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды орынды қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.

Талқылаудың екі жағы танылған:

  • мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;

  • өзгелергетүсіндіруі.

Бұл талқылауда бірінші ресми ьалұылау қолданылады.

Ресми талқылау – құқық нормаларының мазмұнын арнаулы заңдық нәтиже туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі.

Нормативті түсіндіру біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын, жалпы сипаттағы түсіндірме, соның ңшңнде нормативті талұылау қолданылады. Ал негізгі талқылаудың әдісі грамматикалық әдіс болып табылады.