Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кдіктіден жауап алу хаттамасы

.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
15.26 Кб
Скачать

ХАТТАМА

күдіктіден жауап алу туралы

«__» қаңтар 2015 жыл Алматы қаласы

басталды: « » сағат « »мин

аяқталды: « » сағат « »мин

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ Тергеу Бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты С.Стамкулов, ҚР ҚПК-нің 209, 210, 212, 216-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті ретінде келесі адамнан жауап алды:

Тегі, аты, әкесінің аты: Епенов Асқар Қайратұлы

Туған күні, айы және жылы: 17.05.1987 ж.т.

Туған жері: Алматы қаласы

Тұратын жері: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сатпаева көш., 12-үй, 1-пәтер

Байланыс телефондары: 8 701 212 24 47

Ұлты: қазақ

Азаматтығы: ҚР.

Білімі: орта

Партияда тұруы: партияда тұрмайды

Жұмыс орны, лауазымы: уақытшажұмыс істемейді

Отбасы жағдайы:

Үкіметтік наградалары: жоқ

Депутат болып сайланған ба: сайланбаған

Паспорты немесе басқа құжаттары: жеке куәлік №030000001, ЖСН 7475741121421, берілген күні 14.01.2012 ж., Әділет министрлігі.

Қорғаушыны қажет ете ме: қамтамасыз етілді

Қай тілде жауап беруді қалайсыз: қазақ тілінде

Әскери міндеттілікке қатынасы: әскери міндетті емес

Соттылығы: бұрын сотталмаған

Жауап алудың алдында А.Қ.Епеновқа оның ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі көзделген қылмысты, яғни адам өлтіргені үшін күдікті екені хабарланды және ҚПК-нің 64-бабымен көзделген құқықтар түсіндірілді, ол туралы бұрын хаттама жасалды

__________________ қолы

Тергеушінің сұрағы: Сіз өзіңіздің қылмыстық құқық бұзушылық жасағаныңызды мойындайсыз ба немесе кінәңізді мойындамайсыз ба?

Жауабы: кінәмді толығымен мойындаймын.

Тергеуші оған қойылған күдікке қатысты және іс үшін маңызы болуы мүмкін барлық басқа да мән-жайларды айту ұсынылды.

Мәні бойынша келесіні түсіндіремін, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша мен отбасымен бірге тұрамын. Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоқпын, наркологиялық диспансерде есепте тұрған жоқпын. Осыдан бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған жоқпын.

11 қаңтар 2015 ж. сағат 17:00 шамасына бұрыңғы жұмыс жолдасым Ермеков Аман Асқарұлы мені қонаққа шақырды. Қонаққа бармас бұрын, «Марс» деген дукеннен, орналасқан мекен жайы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимерязева көшесі 23-үй, мөлшері 0.7л «Путинка» арағын сатып алдым. Қонаққа келдім, мекен-жайы Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимерязева көшесі 22-үй, 10-пәтер, ас бөлмеде дастархан үстінде жолдасымен бірге арақ іштік, әйелі Ахметова Айман Болатқызы ішкен жоқ. Сонынан арамызда ұрыс туды. Ұрыс себебі: менің жолдасым Ермеков Аман Асқарұлы «Куат» компаниясының прорабы ретінде жұмыс істегенде, мені жұмыстан шығарған болатын. Ұрыс кезінде, мен үстел үстінде тұрған асханалық пышақты алып , екі рет ұрдым. Істеген ісіме сене алмай, қылмыс оқиғасы болған үйден шығып, үйге қарай бағыт алдым.

Адам өлтіргеніне қатты өкінемін, жасаған үшін кінәмді толығымен мойындаймын, келтірілген зиянды өтеуге тырысамын.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорғаушы Б.А. Ақматиева

Жауап алған:

Алматы қаласы Бостандық ауданы

ІІБ-ң ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]