Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
права и обязанности супругов.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
36.23 Кб
Скачать

9. Форс – мажор

9.1. Тараптардың бірде біреуі еңсерілмес күш жағдайларының, яғни болжауға немесе құтылуға болмайтын, Тараптардың еркінен және тілегінен тыс туындаған, осы шарттарда төтенше және еңсерілмес жағдайлардың әрекеттерімен негізделген, Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау үшін өзге Тараптың алдында жауап бермейді. Бұндай жағдайларға жатады (бірақ шектелмейді): кез келген сипатты әскери әрекеттер, азаматтық толқулар, індеттер, блокада, эмбарго, өрттер, жер сілкіну, су тасқыны және өзге де табиғи апаттық құбылыстар, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдармен тыйым саатын және шектейтін актілерді қабылдау (одан әрі – Форс-мажор).

9.2. Форс-мажордың салдарынан өз міндеттемелерін орындамаған Тарап жазбаша түрде 3 (Үш) күнтізбелік күн ішінде бұндай жағдайлар, Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға әсері, сондай ақ олардың ұзақтылығы туралы өзге тарапты ескертуі тиіс. Бұндай жағдайларды және олардың ұзақтылығы туралы куәландыратын дәлел Сауда-Өнеркәсіптік Палатамен немесе өзге де құзыретті органдарымен берілген құжат болып табылады. Ескертпеу немесе уақтылы емес ескерту Тарапты өз міндеттемелерін орындамау үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде кез келген жоғарыда аталған жағдайға сілтеу құқығынан айырады.

9.3. Егер Форс-мажор жағдайлары Тараптардың біреуіне бір айды артатын, мерзім ішінде өз міндеттемелерін орындауға кедергі болса немесе егер ол басталудан кейін ол бір айдан артық болуы анықталса, осы Шарт нақты бұзу күніне дейін 10 (он) күнтізбелік күннен бұрын өзге Тарапты міндетті жазбаша ескертумен Тараптардың әр қайсысының бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін болады. Сонымен, Тараптар бұзу туралы ескертуді алудан кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде бір бірінің алдында нақты орындалған міндеттемелер бойынша өзара есеп айырысуды жүргізуге міндеттенеді. «Нақты орындалған міндеттемелер» дегеніміз Тапсырыс берушімен қол қойылған Қабылдау-тапсыру акті, ол Мердігермен өз міндеттемелерін тиісті орындау туралы куәландырады.

10. Дауларды шешу

10.1. Тараптар барлық туындаған келіспеушіліктерді келіссөз негізінде ынтымақтастық жолымен шешуге тырысатын болады.

10.2. Осы Шартты орындаумен байланысты, Тараптармен бір біріне бағытталатын наразылықтары аталған наразалықтар шабарманмен (курьермен) бағытталған жағдайда, оларды алу күнінен бастап бескүндік мерзімде қарауға жатады.

10.3. Егер осы Шартты іске асырған кезде, келіссөз арқылы шешілуі мүмкін емес еңсерілмес күштер немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, онда бұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сот органдарына тапсырылады.

11.Шарттың әрекет ету мерзімі және оны мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі

11.1. Шарт Тараптардың екеуі де оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ол бойынша Тараптардың әрқайсысының міндеттемелері толық орындалуына дейін әрекет етеді.

11.2. Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін болады:

-бір жақты тәртіпте сот органдарына жүгінусіз осы Шартпен қарастырылған жағдайларда (тек Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша);

-Тараптардың келісімі бойынша;

-сот тәртібінде.

11.3. Тапсырыс беруші, егер оған мыналар анық болса, Шартты бұзуға құқылы:

1) Мердігер Шартпен белгіленген мерзімде Жұмыстарды орындауға кіріспеуі. Сонымен, Мердігер Тапсырыс берушінің алғашқы талабы бойынша соңғыға Шартты бұндай бұзудың нәтижесінде Тапсырыс беруші ұшыраған, шығындар сомасының орнын толтыруға міндетті;

2) Мердігер өз кінәсі бойынша Шартпен белгіленген Жұмыстарды орындау мерзімдерін кідіруі. Сонымен, Мердігер Тапсырыс берушінің алғашқы талабы бойынша Шарттан бұндай бас тартуымен байланысты, Тапсырыс берушінің барлық шығындарының орнын толтыруға, сондай ақ Тапсырыс берушіге барлық жобалық-техникалық және атқарушы құжаттаманы және Тапсырыс берушіден алынған және Жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылмаған материалдарды тапсыруға міндетті.

11.4. Мердігердің бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзу құқығы қарастырылмаған.

11.5. Тапсырыс беруші нақты бұзу күніне дейін _________ (__________________) күнтізбелік күннен бұрын Мердігердің мекенжайына тиісті жазбаша ескертуді бағыттау арқылы мерзімінен бұзуға өз құқығын іске асыруы мүмкін. Тараптар аталған кезеңде осы шарттың шарттарына сәйкес Мердігерге салынатын, барлық айып төлемдерді ұстап қалумен Мердігермен Жұмыстардың нақты орындалған көлемі үшін өзара есеп айырысуларды жүзеге асырады.

11.6. Шартты мерзімінен бұзған жағдайда, Тапсырыс берушімен қабылданған сапалы орындалған Жұмыстарға Кепілдік мерзімі орындалған Жұмыстардың тиісті Қабылдау-тапсыру актіне қол қою күннен бастап есептеледі және осы Шарттың 7.2. тармағында белгіленген мерзімі аяқталу бойынша аяқталады.