Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
права и обязанности супругов.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
36.23 Кб
Скачать

6.Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттерін орындамау және/немесе тиіссіз орындау үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Шарттың талаптарына сәйкес жауап береді.

6.2. Жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзу, сондай-ақ айқындалған кемшіліктерді және кепілдік мерзімінің ішінде табылған кемшіліктерді жою мерзімдерін бұзу үшін, Мердігер Тапсырыс берушіге соңғының талабы бойынша Шарт бағасынан Жұмыстарды орындау және/немесе айқындалған кемшіліктерді жою мерзімін өткізудің әр күні үшін, _____ % (_____________) теңге мөлшерінде өсімпұл төлейді, сондай ақ Тапсырыс берушіге келтірілген шығындардың орнын толтырады. Тапсырыс беруші айып төлемді төлеу туралы талап қойған жағдайда, Мердігер талап қойылған күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде талап етілген соманы төлеуге міндеттенеді.

6.3. Мердігер Жұмыстарды сапасыз орындау үшін Тапсырыс берушінің талабы бойынша соңғыға Шартпен белгіленген талаптарды бұзудың әр факті бойынша Шарттың бағасынан ________ % (____________) мөлшерінде айыппұл төлейді, сондай-ақ Жұмыстардағы кемшіліктерді жою бойынша Тапсырыс берушіге келтірілген шығындардың орнын толтырады.

6.4. Тапсырыс беруші Шарт бойынша орындалған Жұмыстарға уақтылы төлем жүргізбеу үшін, Мердігердің талабы бойынша төлемнің мерзімі өтуінің әр күні үшін уақтылы төленбеген сомадан _____ % (_____) мөлшерінде өсімпұл төлейді.

6.5. Мердігерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, толық материалдық және өзге де жауапкершілік артылады:

- Жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және қолданыстағы ҚНжәнеЕ нормаларын сақтамау/бұзу үшін, сондай ақ бұндай бұзушылықтардың нәтижесінде туындаған, барлық шығындар үшін. Мердігер Жұмыстарды жүргізген кезде болған жағдайлар мен апаттар туралы Тапсырыс берушіні және Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарын хабарландыруға міндетті;

- зияны үшінші тұлғаларға келтірілген, апаттық ахуалдар туындаған кезде, өз әрекеттері мен қызметкерлерінің әрекеттері үшін;

-тауар-материалдық құндылықтарды ұрлауға тырысумен және ұрлаумен байланысты өз қызметкерлерінің және/немесе осы Шарт бойынша Жұмыстарды жүргізу үшін, онымен тартылған үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін. Бұндай жағдайларда, Мердігер Тапсырыс берушіге қол сұғушылық жасалған, тауар-материалдық құндылықтардың құнынан 5 (бес) есе мөлшерінде біржолғы айппұлды төлеуге міндеттенеді. Сонымен, Мердігер Тапсырыс берушіге осы Шарт бойынша Жұмыстардың орындалған көлемі үшін Мердігерге төлеуге жататын сомадан айыппұлдың аталған сомасын ұстауға (төлемеуге) құқық береді;

6.6. Айып төлемді төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан немесе бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.

6.7. Жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзу жағдайында, Тапсырыс беруші Жұмыстарды қаржыландыруды тоқтатуға құқылы.

6.8. Мердігер осы Шарттың шарттарын орындамау және/немесе тиіссіз орындау салдарынан Тапсырыс берушіге шығындар келтірген жағдайда, шығындар айып төлемнен бөлек толық көлемінде өндіріп алынады. Тапсырыс беруші Тапсырыс берушіге келтірілген шығындардың, айып төлемдер мен айыппұлдардың сомаларын және Мердігерге тиесілі сомадан Тапсырыс берушіге төлеуге тиесілі, өзге де сомаларды өз пайдасына ұстауға құқылы.

6.9. Мердігер Шартты орындаудан біржақты бас тарту және/немесе Мердігер Тапсырыс берушінің жазбаша келісімісіз Жұмыстарды тоқтату жағдайында, Мердігер Тапсырыс берушіге Шарттың бағасынан 20% мөлшерінде айыппұл төлейді.