Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
права и обязанности супругов.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
36.23 Кб
Скачать

2.2. Тапсырыс беруші құқылы:

  1. Кез келген уақытта Мердігердің қызметіне араласпай, Жұмыстардың орындалу барысы мен сапасын тексеруге;

  2. Жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын талап етуге;

  3. Жұмыстарды және Жұмыстар кезеңдерін, егер олар ҚНжәнеЕлерімен, МЕМСТ-термен және Қазақстан Республикасы заңнамасының және Шарттың өзге талаптарымен белгіленген, талаптарға сәйкес орындалмаған жағдайда, орындалған Жұмыстардың/Жұмыстар кезеңдерінің тиісті Қабылдау-тапсыру актін Тапсырыс берушіге ұсыну күнінен 5 (бес) жұмыс күн ішінде қабылдаудан дәлелденген бас тартуды білдіріп, қабылдаудан бас тартуға;

  4. осы Шарттың шарттарын бұзумен орындау фактін анықтаған жағдайда Жұмыстардың орындалуын тоқтатуға;

  5. Мердігерге осы Шарттың шарттарына сәйкес емес деп танылған, кез келген материалдарды құрылыс алаңынан шығаруға қатысты жазбаша нұсқаулар/өкімдер беруге;

  6. Осы Шарттың шарттарына сәйкес келмейтін Объектіде жұмыстарды орындау кезінде табылған материалдарды Шарттың шарттарына сәйкес ауыстыруды талап етуге.

2.3.Мердігер міндетті:

  1. Шарттың шарттарына және сметаға (1 Қосымша) сәйкес Жұмыстарды уақтылы және сапалы орындауға;

  2. Жұмыстарды орындауға Шартпен белгіленген мерзімде қатаң кірісуге;

  3. күнделікті немесе Тараптармен келісілген өзге де мерзімдерде орындалған Жұмыстардың барысы туралы Тапсырыс берушіні хабарландыруға;

  4. орындалған Жұмыстардың нәтижелерін, оларды нақты аяқтау сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде тапсыруға дайындығы туралы Тапсырыс берушіні хабарландыруға;

  5. тиісті орындалған Жұмыстарды Тапсырыс берушіге тапсыруды уақтылы жүзеге асыруға;

  6. Тапсырыс беруші орындалған Жұмыстарды қабылдаудан дәлелді бас тарқан жағдайда, Шартпен және/немесе Ақаулы жұмыс актімен аталған, мерзімде Жұмыстардағы кез келген кемшіліктерді жоюға;

  7. Кепілдік мерзімінің ішінде табылған, кез келген кемшліктерді Тапсырыс берушімен келісілген мерзімде жоюға. Сонымен, Мердігер Тапсырыс берушіні ескерту күнінен бастап 3 (Үш) күнтізбелік күн ішінде кепілдік мерзімінде кемшіліктерді жоюға кірісуге міндетті;

  8. өткізу, объект ішіндегі тәртіптерінің, техникалық, өртке қарсы және еңбек қауіпсіздігінің, өндірістік санитарияның талаптарын Тапсырыс берушінің аумағында сақтауға, өз қызметкерлеріне, сондай ай қосалқы мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне рұқсат етудің қажетті рәсімдерін, тауар-материалдық құндылықтарды әкелу/әкету/сақтау тәртібін орындауға, сондай ақ жұмыстарды жүргізу орындарын тазалықта ұстауға;

  9. Жұмыстардың кездейсоқ қымбаттауы тәуекелінің болуы;

  10. Жұмыстарды жүргізуді бастауға дейін Мердігермен Жұмыстарды орындауына жауапты тұлғаны өз бұйрығымен тағайындауға және осы бұйрықтың көшірмесін Тапсырыс берушіге ұсынуға;

  11. қажетті сапалы материалдармен, құрал-саймандармен және құрал-жабдықтармен Жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге;

  12. Жұмыстарды жүргізу объектінде материалдардың және құрал-саймандардың, егер осы материалдар мен құрал-саймандар объектіге толық күзетті жүзеге асыратын, ұйымның күзетіне Мердігермен тапсырылмаса, сақтандығына өзі жауап беруге;

  13. Жұмыстардың орындалуы аяқталу бойынша Тапсырыс берушінің талаптарымен қарастырылған, көлемінде атқарушы құжаттаманы Тапсырыс берушіге ұсынуға;

  14. тез Тапсырыс берушінің ескертулерін жоюға, атқарушы құжаттаманы даярлауға және Тапсырыс берушіге қол қоюға ұсынуға;