Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-SILLABUS_ANB.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
996.86 Кб
Скачать

10. Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. ҚР ұлттық валютасын енгізу туралы. Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасандағы жарлығы

  2. «ҚР ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың13 желтоқсаныныдағы ҚР Заңы

  3. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар 1995 жылдың 30 наурызындағы жарлығы

  4. «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің заң күші бар 1995 жылдың 31 тамызындағы жарлығы

  5. «Төлемдер мен ақша аудару туралы» ҚР 1998ж 26.06 Заңы

  6. «ҚР-ғы вексель айналысы туралы» ҚР-ның 1997ж 28.04 Заңы

  7. «Бағалы қағаздар туралы» 2003ж. 2.07 Заңы

  8. «Валюталықреттеу және валюталық қадағалау туралы» 2005ж. 13.06 ҚР Заңы

  9. «Ұлттық ваютаның айырбас бағамының саясаты туралы»1998ж. Сәуірдегі ҚР үкіметінің №30 қаулысы

  10. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы” ҚР президентінің заң күші бар жарлығы \\ 12.11.1993 ж.

  11. ҚР экономикасын қысқа мерзімді несиелеу тәртібі. Ұлттық банк басқармасының 1994ж. 11.02 №4 қаулысы

  12. ҚР территориясындағы чектерді пайдалану тәртібі 2006ж. 28.08 №157 қаулысы

  13. Пруденциалдық нормативтер туралы ереже ҚР ҰБ басқармасының 2006ж.28. 8 №175 қаулысы

  14. Екінші деңгейлік банктердің кассалық операцияларды жүргізу ережелері ҚР ҰБ басқармасының 2001ж. 20.04 №115 қаулысы

Қосымша:

  1. Ақша несие банктер. Оқулық. \ Ғ.С Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001 ж.

  2. Мақыш С.Б . Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы . Издат.- маркет . 2004 ж.

  3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. Оқу туралы. Алматы Издат- маркет –2004 ж .

  4. Көшенова Б.А. Ақша, несие банктер, валюталық қатынастар. Алматы. Экономика –2000 ж .

  5. Г.С. Сейткасымов Ақша, Несие, Банктер. // Алматы, Экономика 2005ж.

  6. Банковское дело Под. Ред Г.С Сейткасымова \\ Алматы “Қаржы- Қаражат” 1998 ж.

  7. Банковское дело Под. Ред. О.И Лаврушина \\ Москва “Финансы и статистика” 1998ж .

  8. Деньги, кредит, банки Под.ред. Г.С Сейткасымова \\ Алматы “Экономика ”1998ж.

  9. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Под. Ред. Л.А Дробозиной. Москва Финансы,ЮНИТИ,1997ж.

  10. Долан Э.Дж. и др.. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика \\ Москва- Санк-Петербург 1993.

  11. Е.Б. Ширинская Операции коммерческих банков и зарубежный опыт \\ Москва “Финансы и статистика” –1993.

  12. Общая теория денег и кредита Под.ред. Е.Ф. Жукова \\ Москва;Банки и биржи,1995.

  13. О.М. Маркова и др. Коммерческие банки и их операции \\ Москва; Банки и биржт,1995.

  14. Афонина С. Электронные денги. Оқу құралы- СПБ 2001ж

  15. Валютные отношения. Ю.Ф. Сименовтың оқу құралы – М. Финансы и статистика 2002ж.

  16. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер Оқу құралы Алматы қаржы және статистика институты

  17. Денгьги,кредит, банки Оқулық В.В. Ивнов, Б.И. Соколов, М-Проспект-2006ж.

  18. Ескараев О.Қ.Қазақстан Республикасының нарығын мемлекеттік реттеу. Оқулық. 2007ж

  19. Умбеталиев А.Д. и др. Салык жане салык салу, 2006ж.

11. Глоссарий

  1. Ақша – несиелік реттеу – мемлекеттің экономикаға ықпал ету мақсатымен ақша кредит жүйесінің қызметін ақша айналысымен кредит көрсеткіштерін несие капиталдары рыногы көрсеткіштерін қолма – қол ақшасыз есеп айырысу тәртібін реттейтін шаралардың жиынтығы.

  2. Ақша бірлігі – заңды түрде белгіленген ақшаның белгісі және өлшемдес, барлық тауарлардың айтылу бағасы.

  3. Ақша жүйесі – елдегі заңмен бекітілген ақшаның айналысын ұйымдастырудың формасы. Заңды түрде бекітілген, ақша бірлігі, бағаның қарқыны, ақшаның түрі, заңды төлеуге күші бар, ақша эмиссиясындағы тәртіп бойынша айналымға жататын т.б. айтады.

  4. Ақша механизмі- ақша жинағындағы өзгерістер арқылы экономикаға ықпал ету тәсілі.

  5. Ақша несиелік дағдарысы – ақша кредит саласында артық өндірудің айналсоқ кезеңдік дағдарыстары немесе төтенше экономикалық және саяси оқиғалар туғызған қайшылықтардың дүмпуі.

  6. Ақша несиесі – несие ақша айналысы негізінде ғана болады, төлем арқылы жүзеге асады.

  7. Ақшалы капиталдардың нарығы – басы артық ақша қаражатын шоғырландыруды, оны ақшалы капиталға айландыруды және соны ұдайы өндіріс процесіне қатысушылар арасында қайта бөлуді қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі.

  8. Аралас несие – несиелендіру әдісі, оған жай коммерциялық жағдайдағы экспорттық несие де көмек қорындағы жеңілдігі бар ұзақ мерзімді мемлекеттік несиеде кіреді.

  9. Асқын инфляция – ерекше ірі ауқымдағы инфляция, ал айналыстағы ақша көлемінің және тауар бағасының айрықша тез өсуімен сипатталады өзі ақша өлшемінің күрт құнсыздануына төлем айналымының қожырауына және қалыпты шаруашылық байланыстарының бұзылуына апарып соқтығыс алып келуі импорттық бағалар өсуі туғызатын инфляция.

  10. Әкімшілік инфляция – бағаның секірісі жасап өсуі түріндегі басқаруға көнбейтін ипнфляция.

  11. Банк несиесі – қарызгер ақша берген үшін алынатын төлем. Ол несиелік пайыз болып екі түрге бөлінеді, бұлар банктер қызметінің екі түріне: салындыларды сақтауға және қарыздар беруге сәйкес келеді. Банк пайыз (мүддесі) – бұл не банкирдің қарызға алған ақша үшін төлемі немесе банктен қарызға ақша алған адамның төлемі. Банк пайыздың ең басты проблемаларының бірі – жиналған салындыларды пайда келтіретіндей етіп орналастыру.

  12. Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылғанақша қоры.

  13. Бюджеттік операциялар – бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын операциялар.

  14. Валюта биржасы- шетел валютасымен валюталық операцияларды жүзеге асыратын, сұраныспен ұсыныс негізінде ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының ағымдыағы бағамен белгілейтін ұйым.

  15. Гиперинфляция – (гр. hyper – жоғарылау › лат. inflatio – бағаның көтерілуі) айналымда тауарлар бағалары мен ақша мөлшерінің күрт өсуі ақша өлшемінің күрт құнсыздануына, ақша айналысының бұзылуына және қалыпты шаруашылыққа байланыстардың ыдырауына әкеп соғуы.

  16. Жасырын инфляция – мемлекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындаған инфляция.

  17. Импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындайтын инфляция.

  18. Инфляциялық болжал – инфляцияның болжамбалы деңгейі. Өндірушілер, тұтынушылар, сатушылар, т.б. осы болжалға сүйене отырып, өздерінің болашақтағы ақша және баға саясатын белгілейді. Форвардық және фьючерстік мәмілелерде оның маңызы зор.

  19. Кассалық тәртіп – кәсіпорындардың (фирмалардың, кәсіпкерлердің, т.б.) қолма – қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау ережелерін қатаң орындауы. Оның негізгі элементтері: түскен ақшаны банкке уақытылы өткізу, меншікті кассада қолма – қол ақша қалдығының белгіленген лимитін сақтау, кассадағы түскен ақшаны белгіленген нормалар шегінде дербес жұмсау, банктен алынған қолма – қол ақшаны мақсатқа сай жұмсау және пайдаланылмаған ақшаны уақытылы қайтару, қолма – қол ақшамен есеп айырысу ережелерін сақтау.

  20. Коммерциялық несие – сатушылардың сатылған тауарларға төлемді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар формасында беретін несие, әдетте сатып алушыға рынокта есепке алынатын тратта көрсетіледі.

  21. Кредит (несие) – (лат. credere – несие, сенім) – несие берушінің борышқорға (заемшыға) ақшаны немесе тауарды қайтарып беру шартымен немесе белгілі бір ақы төлегенде жеделдетіп қарыз беру барысында туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.

  22. Қарқынды инфляция – бағалардың өте жоғары өсуі қарқынды инфляция, бағалардың өсуі жылына 100% асады ол шаруашылық механизмді ақсатады экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді.

  23. Қарыз капиталы – қарыз алушыға пайыз түрінде ақы төлеп қайтару жағдайында берілетін қарыз ақша қаржысы.

  24. Қолма-қолсыз ақшалар- чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланатын кленттердің шоттарындағы сақтаған ақшалар (дипозиттер).

  25. Мемлекеттік инвестициялық саясат – инвестициялық процестерді ұлттық экономиканың мүдделері үшін мемлекеттік реттеудің экономикалық және қаржылық негізделген шараларын көрсететін әлеуметтік – экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі.

  26. Мемлекеттік несие – мемлекет қарызгер болатын, ал жеке немесе заңды тұлғалар несиегер болатын несие түрі. Халықаралық қатынастарда мемлекет бір мезгілде әрі несиегер әрі қарызгер болуы мүмкін.

  27. Мемлекеттің активтері - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік меншікке алынған мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндіқ бағасы бар құқықтар.

  28. Несие әдістері – несиелендіру жүзеге асырылатын негізгі ережелер, қағидалар. Оларға несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуі, несиенің тікелей және мақсатты сипаты, оның мерзімділігі, ақы төленетіндігі, қайтарылатындығы. Кепілдікпен қамтамасыз етілуі – несиенің кәсіпорында бар материалдық құндылықтар кепілдігімен немесе нақты шығын кепілдігімен берілетіндігімен берілетіндігі.

  29. Несиенің мақсатты сипаты – несие атаулының кәсіпорындарға несие жоспарына сәйкес қатаң түрде айқындалған мақсаттар үшін берілетіндігі. Несиенің берілетіндігі мен қайтарылатындығы – несиенің белгілі бір мерзімге берілетіндігі, ол мерзім аяқталғаннан кейін несиенің банкіге қайтарылатындығы. Ақы төленетіндігі – несиені пайдаланғаны үшін процент төлеу қажетті. Несиелендіру шарттарын бұзған кәсіпорындарға тиісті санкциялар қолданылады. Ол сондай – ақ несиені тиімді пайдаланбағаны үшін де жауап береді.

  30. Несиенің тауарлық формасы – осы заманғы іс – тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина, құрал – жабдық, тұрмыстық тауар, сайман лизингісінде қолданылады.

  31. Областың бюджеті – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, областық бюджетті, ауданадардың (областық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

  32. Өршімелі инфляция – бағаның өсуі өте жоғары қарқында болатын – айына 50% - тен асып түсетін, яғни 1,5 еседен астам өсетін.

  33. Өсім алу несиесі – мұқтаждарға өсімге қарыз ақша беріп пайда табатын адам – жиналған ақша қаражатын сауда ретінде белгілі бір пайызға беру.

  34. Ссуда капиталы – жеке және заңды тұлғаларға қайтарылуы шартымен және несие проценті түріндегі төлемақыға берілетін ақшалай нысандағы капитал. Уақытша бос ақшалай капиталдың құралуы және оның несие капиталына айналуы өндіріс пен айналыс саласында болатын айыспалы айналым негізінде жүзеге асады. Ссуда капиталының нысандары – банк кредиті мен коммерциялық кредит.

  35. Ссуда пайызы – несие берушінің қарыз алушыдан ақшаны пайдаланғаны үшін немесе материалдық байлығын қолданғаны үшін алатын төлем.

  36. Сұраныс инфляция – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуына, яғни тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мемлекеттік жиынтық табыстарының тез артуынан туындайды.

  37. Таргеттеу – мемлекеттің немесе белгілі бір кәсіпорынның шаруашылық саясатын іске асыру тәсілі, ол белгілі бір нәтижелерге, алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін әсер ету қажет болып отырған әлдебір экономиканың нысаны да таңдаудан көрініс табады. Экономикалық процесс (мысалы, ақша жиынының айналымы) немесе шаруашылық көрсеткіш (өндіріс көлемі, сапалық параметрлері) нысаналу объектісі болуы мүмкін.

  38. Төлем жүйесі – ақшалай төлемді белгілеген мөлшерде кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың дер кезінде енгізуі. Ол кәсіпорындар және шаруашылық ұйымдар арасындағы материалдық бағалы заттарға және қызмет көрсеткені үшін жұмсалған төлемдері қамтиды, қаржы несие жүйесімен айналыс салынған, пайда төлемін, несие өтеуді, еңбекшілерге жалақы төлеудегі есептесулерді қамтиды, халықтық қаржы – несие жүйесімен қатынасында кәсіпорындармен және ұйымдармен байланысты. Төлеу тәртібін нығайту халық шаруашылығын басқаруды жетілдірудің алғы шарттарының бірі болып табылады.

  39. Тұтыну несиесі – тұтыну мақсатындағы несие, бұл ұзақ мерзім бойы пайдалануға қажетті тұтыну тауарларын сатып алуы үшін жеке адамға берілетін, төлем уақыты ұзартылған қарыз ақша. Тұтыну несиесі мөлшеріне аса жоғары несиелік тәуекел (қайтарылмауға тәуекелдік) ықпал етеді.

  40. Халықаралық несие – мемлекеттер, халықаралық банктер, қаржы ұйымдары, жеке банктер мен фирмалар, басқада заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және процент төлеу шартымен беретін несие.

  41. Эмиссиялық жүйе – ақша белгілерін айналысқа шығарудың заң жүзінде белгіленген тәртібі: ақша жүйесінің құрамдас бөлігі. Айналымға банктік және қазыналық билеттер, қағаз ақша мен бағалы қағаздар шығару деген сөз.