- •Ұлттық құқық жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2010
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •2. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
- •5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Астана – 2010
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Пәннің мазмұны
- •6. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •7. Семинарлық сабақтың мазмұны
- •8. Пән бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. І, іі аралық бақылау сұрақтары і семестр 1-Аралық бақылау сұрақтары:
- •І семестр 2-Аралық бақылау сұрақтары
- •Іі семестр1-Аралық бақылау сұрақтары:
- •Іі семестр 2-Аралық бақылау сұрақтары:
- •11. Емтихан сұрақтары і семестр «Юриспруденция», «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына арналған мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Іі семестр «Юриспруденция», «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына арналған мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •12. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Нормативтік құқықтық актілер:
- •Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар.
- •13. Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі
- •14. Пән бойынша і, іі аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері
- •15. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Лекциялық сабақтар тезистері
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Астана-2010 Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша реферат тақырыптарының тізімі:
- •5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті ақ
- •Курстық жұмыс
- •Астана-2010
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •6. Диплом жұмысын жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша диплом жұмыстарының тақырыптары
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен оқулықтармен қамтамасыз етілуі (электронды оқулықтарымен қоса)
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен кітапханадағы отандық және шетелдік оқулықтардың, мақалалардың жаңа түсілімі
6. Дәрістің тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптар және олардың сағаты бойынша көлемі Бақылау сұрақтары |
Тақырыптың мақсаты және міндеті |
Проблемалық сұрақтар |
1. |
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
2 сағат |
Мақсаты - мемлекет және құқық теориясы пәнінің мазмұнымен және әдістерінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеті - мемлекет және құқық теориясы пәнінің түсінігінің мәнін анықтау, мемлекет және құқық теориясы әдістерін жіктеу критерийлерін және заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны мен рөлін анықтау. |
Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні. Мемлекет және құқық теориясының әдістерінің тәжірибелік маңыздылығы Қазақстандағы мемлекет және құқық теориясының қазіргі замандағы жағдайын сипаттау. Қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының орны, рөлі және функциялары. |
2. |
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
2 сағат |
Мақсаты - мемлекет және құқықтың пайда болу жолдарымен және негізгі теорияларымен тыңдаушыларды таныстыру. Міндеті - мемлекет және құқықтың пайда болуының себептерін анықтау, мемлекетке дейінгі кезеңдегі мемлекеттіліктің алғашқы белгілерінің элементтерін анықтау. |
Алғашқы қауымдық құрылыстың даму эволюциясының ерекшеліктері. Мемлекеттің пайда болуы туралы қалыптасқан негізгі теориялардың әртүрлілігінің себептері. Мемлекет және құқықтың өзара байланысы проблемаларын зерттеу. |
3. |
Мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайындалуы
2 сағат |
Мақсаты – «Мемлекет» ұғымын ашып, оның мәнін көрсету.
Міндеті - күрделі саяси ұйым ретіндегі мемлекеттің мәнінің және тағайындалуының дамуын анықтау, мемлекеттік билікті жүзеге асыру нысандары мен тәсілдерін көрсету. |
Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері. Мемлекет ұғымының көптүрлілігі. Мемлекеттің өзге әлеуметтік институттардан айырмашылығы. Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құру жолында. Қазақстан мемлекетін нығайту-тұрақтылық пен прогрестің басты факторы. |
4. |
Мемлекеттің типологиясының ғылыми негіздері
1 сағат
|
Мақсаты - мемлекеттерді жіктеу үрдісі арқылы қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нысандарын түсіндіру.
Міндеті – мемлекеттердің «типологиясы» түсінігін және мемлекет типін анықтайтын факторларын қарастыру.
|
Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін жағдайлар. Мемлекеттерді өркениеттік және формациялық критериймен бөлу негіздері.
|
5.
|
Мемлекет нысаны
2 сағат |
Мақсаты – мемлекет нысанын түсіндіру.
Міндеті – мемлекет нысаны әсер ететін факторларды анықтау. Басқару нысанының элементтерінің ерекшеліктерін қарастыру. |
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекеттің әртүрлі типіндегі басқару нысаны. Мемлекеттердің ұлттық – аумақтық және әкімшілік-аумақтық құрылымының ерекшеліктері. Мемлекеттік саяси режим түрлерінің демократиялық және демократиялық емес болып бөлінуінің негіздері. |
6. |
Мемлекет функциялары
2 сағат |
Мақсаты - мемлекеттің динамикалық үрдісінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін орындауына, қызмет атқаруына назар аудару.
Міндеті – мемлекеттің негізгі функцияларының мазмұнын анықтау және іске асыру нысандары мен әдістерін қарастыру. |
Мемлекеттің функциялары және мемлекеттік органдардың функциялары. Мемлекет функцияларын жіктеудің критерийлері. Мемлекет функцияларының іске асырылуының құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары. Қазіргі кезеңдегі мемлекет функцияларының ерекшеліктері.
|
7. |
Мемлекет механизмі (аппараты)
2 сағат |
Мақсаты – мемлекет механизмі түсінігі және құрылымымен, оның ұйымдасу және қызмет ету қағидаларымен таныстыру.
Міндеті - мемлекеттік аппараттың құрылу ерекшеліктерін және оның қоғамдағы ролі мен маңызын қарастыру.
|
Мемлекеттік органдардың жіктелу мәселелері. ҚР мемлекеттік органдар жүйесі.
|
8. |
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет
1 сағат
|
Мақсаты – қоғамның саяси жүйесінің элементтерімен таныстыру.
Міндеті – қоғамның саяси жүйесін ұғымын анықтаудың функционалдық және институционалдық жолдарын, қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің ерекшеліктерін қарастыру.
|
Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы. Мемлекеттің қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі. Мемлекет және саяси партиялар арақатынасы. Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. |
9. |
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
2 сағат |
Мақсаты - құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі мен белгілерімен таныстыру.
Міндеті - құқықтық мемлекет концепциясының пайда болуын және дамуын, азаматтық қоғамның элементтерін қарастыру.
|
Ш.-Л. Монтескье және Дж. Локктың еңбектеріндегі құқықтық мемлекет идеясы. Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары. ҚР азаматтық қоғамның даму перспективалары. |
10. |
Құқық түсінігі, оның белгілері мен функциялары.
2 сағат |
Мақсаты - құқық туралы негізгі түсініктерді, құқықтың мәнін, маңызын, әлеуметтік құндылығын таныстыру.
Міндеті - құқықтың қоғамда атқаратын қызметін, мәнін, қағидаларын, мононормалардан айырмашылығын талдау, «құқық мәні» категориясының теоретикалық және тәжірибелік маңызын қарастыру. |
Қазіргі заманғы құқықтүсінушілікке жалпы сипаттама. Құқықтағы обьективтілік және субьективтілік. Құқық функциясының мазмұны, іске асыру нысандары. |
11.
|
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық
2 сағат |
Мақсаты - әлеуметтік нормалар жүйесінің жалпы сипаттамасымен таныстыру.
Міндеті - әлеуметтік нормалар мазмұнын және құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны мен ролін қарастыру. |
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны мен ролі. Құқық пен әдет-ғұрыптың, құқық пен діннің, құқық пен моральдың өзара байланысы мен өзара әрекет етуі. |
12. |
Құқықтың қайнар көздері (нысаны)
1 сағат |
Мақсаты - құқық қайнар көздерінің мазмұнымен және нормативтік құқықтық актілердің иерахиясымен таныстыру.
Міндеті - құқық қайнар көздерінің арақатынасын ашып көрсету.
|
Прецеденттік құқық нысаны. Құқықтық доктрина. Нормативтік шарт құқық нысаны ретінде. Заңның түсінігі. Заңның кері күші.
|
13. |
Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
2 сағат |
Мақсаты - құқық типін анықтаудың нысанымен, негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеті – негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін салыстырмалы талдау.
|
Феодалдық типтегі құқық. Буржуазиялық құқық. Социалистік құқық. Құқықтық жүйелерді жіктеудің критерийлері. Негізгі құқықтық жүйелердің ерекшеліктері. Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқықтық жүйенің құндылығы. Қазіргі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі.
|
14.
|
Құқық нормасы
3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабының арақатынасы. 1 сағат |
Мақсаты - әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың мәні мен маңызын анықтау. Міндеті – құқық нормасын үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс ретінде қарастыру. |
Құқықтық норманың құндылығы. Құқық нормасының жіктелінуінің критерийлері. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқықтық реттеу тәжірибесі үшін құқық нормаларының жіктелінуінің маңызы. |
15. |
Құқық жүйесі және заңнама жүйесі
2 сағат
|
Мақсаты - құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің түсінігі мен арақатынасын анықтау.
Міндеті – құқық нормаларының құқықтық институттарға, салаларға және бағынышты салаларға бөліну негіздерін, құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің арақатынасын көрсету.
|
Құқық саласы құқық жүйесінің негізгі құрылымдық элементі ретінде. Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы.
|
16. |
Құқықтық қатынастар
2 сағат
|
Мақсаты - құқықтық қатынастардың қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретіндегі маңызын, мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету.
Міндеті - құқықтық қатынастардың жіктелінуін талдау.
|
Құқық және құқықтық қатынастар. Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Құқықтық реттеу механиміндегі құқықтық қатынстардың алатын орны. Құқықтық қатынастардың субьектілері. Құқықтық қатынастың обьектілері және олардың жіктелуі. Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде.
|
17.
|
Құқық шығармашылық
2 сағат
|
Мақсаты - құқық шығармашылық қызметінің қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызын көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түрлерімен таныстыру.
Міндеті - құқық шығармашылық үрдісіне жалпы сипаттамасын беру, нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің проблемаларын қарастыру. |
Құқық шығармашылықтың жалпы сипаттамасы және ұғымы. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру. Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің қажеттігі.
|
18. |
Құқықты іске асыру
2 сағат
|
Мақсаты - құқықтық реттеу үрдісі ретінде құқықты іске асыру мәселелерімен танстыру.
Міндеті – құқықты қолдану үрдісінің ерекшеліктерін қарастыру.
|
Құқық нормаларын іс жүзіне асыру ұғымы және әдістері. Құқық қолдану актілерінің ерекшеліктері. Құқықтағы кемшілікті құқықшығармашылық қызмет жолдарымен толтыру. Заң коллизиясы және құқық нормаларының бәсекелестігі. Заңның аналогиясы және құқықтың аналогиясы. |
19. |
Нормативтік құқықтық актілерге түсінік беру
2 сағат |
Мақсаты - заң шығарушы органның құқық нормаларында субьектілерінің бекітілген мінез-құлықтарын толыққанды түсінудегі құқық нормаларына түсінік берудің маңызын көрсету, әдісін, нәтижесін анықтау.
Міндеті - құқық нормаларына түсінік берудің жолдарын анықтау. |
Құқық нормаларын түсінік берудің түсінігі мен түрлері. Аутентикалық түсінік берудің ерекшеліктері. Нормативтік-құқықтық актілердің, құқық қолдану актілерінің және түсінік беру актілерінің арақатынасы. |
20. |
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет
2 сағат
|
Мақсаты - құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ерекшеліктерімен таныстыру.
Міндеті – құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуындағы маңызы. |
Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен өзара әрекеттенуі. Құқықтық сана және оның деформацияға ұшырауы. Құқықтық сананың құқықтық идеология және құқықтық психология сияқты құрылымдарының осы үрдіске қатысуы. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарын анықтау. Құқықтық тәрбиенің қоғамның санасына, мәдениетіне ықпалы.
|
21. |
Құқыққа сай және құқыққа қайшы жүріс тұрыс. Заңды жауапкершілік.
2 сағат
|
Мақсаты - қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқыққа сай мінез-құлықтың, құқық бұзушылықтың, заңды жауапкершіліктің түсінігін ашып көрсету.
Міндеті – «құқыққа сай» және «құқыққа қайшы» ұғымдарының арақатынасын анықтау, заңды жауапкершіліктің мақсаты мен қағидаларын қарастыру. |
Конформистік және маргиналды заңды және құқыққа қайшы мінез құлыққа әсер ететін факторлар. Құқық бұзушылық құрамының элементтері. Заңды жауапкершіліктің негізі. Кінәсіздік презумпциясы және оның мәні. |
22. |
Заңдылық және құқықтық тәртіп
2 сағат |
Мақсаты - қоғам өмірін реттеудегі заңдылық және құқықтық тәртіптің мәнін түсіндіру.
Міндеті - заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдіктерді қарастыру.
|
Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдіктері. |
23. |
Құқық және тұлға
2 сағат
|
Мақсаты – адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарыны және міндеттерін қарастыру.
Міндеті – Тұлға құқықғының ерекшеліктерін қарастырып, тұлғаның құқықтық мәртебесін анықтау.
|
Мемлекеттің тұлға құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі. Адам құқығы мен ұлт, халық құқығының арақатынасы. Демократиялық мемлекеттегі азшылықтың құқықтарын қорғау. Мемлекеттің азамат жғне азаматтың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі.
|
|
Барлығы |
|
30 сағат |