- •Ұлттық құқық жоғары мектебі (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2010
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •2. Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
- •5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Астана – 2010
- •Мазмұны
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •5. Пәннің мазмұны
- •6. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •7. Семинарлық сабақтың мазмұны
- •8. Пән бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •10. І, іі аралық бақылау сұрақтары і семестр 1-Аралық бақылау сұрақтары:
- •І семестр 2-Аралық бақылау сұрақтары
- •Іі семестр1-Аралық бақылау сұрақтары:
- •Іі семестр 2-Аралық бақылау сұрақтары:
- •11. Емтихан сұрақтары і семестр «Юриспруденция», «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына арналған мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Іі семестр «Юриспруденция», «Құқық қорғау қызметі» мамандықтарына арналған мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •12. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Нормативтік құқықтық актілер:
- •Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар.
- •13. Негізгі терминдер мен түсініктер сөздігі
- •14. Пән бойынша і, іі аралық бақылау бойынша бағалау критерийлері
- •15. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Қазақ гуманитарлық-заң университеті
- •Лекциялық сабақтар тезистері
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Астана-2010 Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша реферат тақырыптарының тізімі:
- •5. Курстық жұмыс жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті ақ
- •Курстық жұмыс
- •Астана-2010
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша курстық жұмыстарының тақырыптары
- •6. Диплом жұмысын жазуға арналған әдістемелік нұсқаулық
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша диплом жұмыстарының тақырыптары
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен оқулықтармен қамтамасыз етілуі (электронды оқулықтарымен қоса)
- •2010-2011 Оқу жылына «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен кітапханадағы отандық және шетелдік оқулықтардың, мақалалардың жаңа түсілімі
Қазақ гуманитарлық-заң университеті
Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы Мемлекет функциялары
Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________
Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______
Дәрістің мақсаты:
Мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына,, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аудару.
Жоспары:
1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері.
2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциясы.
3. Мемлекет функцияларын іске асыру нысандары мен тәсілдері.
4. Мемлекет қызметінің іске асырылуының құқықтық формасы.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:
- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.
- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.
- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.
Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. Ұйымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.
Глоссарий (терминдер): Мемлекет функциясы, қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар.
№1 СӨЖ тапсырмасы: Реферат
Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
Қажетті қортындылардың жасалуы
Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыбы: Мемлекет функцияларының жіктелуіне сипаттама беру.
№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
Рәсімдеу сапасы
Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: . Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства\\ Правовая реформа в Казахстане. 2001. № 4
Берілген мақаладағы автордың жасаған талдауына, келтірген дәйектемесіне қарсы пікір білдіру және пікірталас тудыру.
Үй тапсырмасы:
Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.
2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.
3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.
4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
Қосымша әдебиеттер:
1.Теория государства и права Хрестоматия в двух томах. Том 1 Авторы –составители В.В. Лазарев, С.В. Липень. М., 2001).
2. Баймаханов М.Т. К разработке современной концепции функций государства\\ Правовая реформа в Казахстане. 2001. № 4
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
«Мемлекет функциясы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік функциясы ұғымы, мемлекет функциясы түрлері, Мемлекет функциясын іске асыру нысандары.