Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

14.VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті(Түркі жазбалары,ғылым,дін).

Діни нанымдар.VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .

Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.

15. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.

XIII ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті қүрылады. Оның негізін салушы монғолдардың бержегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Тимучин (1155-1227). 1206 ж. монғолдардың қүрылтайшы Тимучинге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың үлы өміршісі етіп сайлайды. Шынғысхан билікке келген соң езінің төңірегіндегі тайпалар мен үлыстарға шабуыл жасап, оларды (татар, қонырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт, найман, онғыт және т.б.) ездеріне бағындырады. 1207-1209 жж. Енисей қырғыздары, Сібірдің орман халықтары, үйғырлар монғолдарға бағынады. 1211 ж. Шыңғысхан ескері Солтустік Кытайға бет алып, 1215 ж. Цзинь астанасы Чжундуды (Пекинді) алады.

1213 ж. Шыңғысхан Жебе ноян бастаған ескерін Жетісуға жібереді. Халық қолдауынан айырылған Күшлік хан соғыста жеңіліп, Жетісу аса кеп қарсылықсыз монғолдарға қарады. Жетісуды бағындырғаннан кейін монғол ескерлеріне Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Жорық 1219 ж. қыркуйекте Ертіс жағалауынан басталады. Монғол ескері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс хан балалары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді Отырарды қоршау үшін қалдырып, үлкен үлы Жошы бастаған ескерді Сырдария бойындағы қалаларды алуға жіберді, езі кіші үлы Төлемен Бүхарды алуға аттанады.

Отырардың билеушісі Қайырхан 30 мың ескермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек сатқыншылықпен қала қақпасы ашылғаннан кейін ғана монғол ескері қалаға кіреді. Сырдария бойындағы өзге қалалардың турғындары да ерлікпен қорғанды. Сыр бойындағы қалаларды алған соң Шыңғысхан Орта Азияны басып алуға кірісіп, оны 1221 ж. көктемінде аяқтайды. Соғыс қимылдары енді Иранның Ауғанстан мен Солтустік Үндістанның жеріне көшеді. Монғол ескерлері солтүстік Иранды, Каеказды алып, аландарды, қыпшақтарды және орыстарды бағындырып 1224 ж. Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралады. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері енді оның балаларына бөлініп беріледі.

Қазақстан жері Шыңғысхан балаларының үш үлысының құрамына енді. Жошы ұлысына Ертістен Орал тауларына дейінгі жерлер, оңтүстікте Каспий мер Арал теңізінің төңірегі, Хорезм мен Сырдария өңірі; Шағатай улысына Оңтустік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түрікстан мен Меуереннахр; Үгедей улысына солтустік-шығыс Қазақстан - жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандары және Батыс Монголия енді. Ал кіші үлы Төлей болса, ол Шыңғысханның негізгі журты - Монғолияны алды. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, Монғолия үлысы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]