Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГосТарих.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
739.33 Кб
Скачать

23. XVI ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрaмы(Ақ-сүйек, асыл-сүйек,қара-сүйек).

XVI - XVII ғғ. Қазақстан өлкесінде Сығанақ, Түрікстан, Сауран, Отырар, Сайрам, Жент және т.б. қалалардың өркөндеуі, қазақ халқының дамуына, хандықтың нығаюына үлкен әсерін тигізді. Олардың ішінде Түрікстан қаласы қазақ хандығының астанасы болады. Қалаларда көбінесе сарай маңындағылармен және ескерлерімен хандар тұрды. Қазақ қоғамында хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы болып саналды. О/лтандар мен билер ханға жүгінді. Руларды сүлтандар биледі. Казақ хандарында турақты ескер болған жоқ. Тек сырттан қауіп туған жағдайда жасақ қурылып отырды. Оған ербір жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Қоғамда материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін қураған шаруалар еді. Малшылардан зекет, егіншілерден үшыр салықтары жиналды.

Қазақ халқы өте ауыр көзендерді басынан кешірсе де өзінің ертеден қалыптасқан медени мүраларын сақтап қалды. Халықтың квсібінде: үсталық, зергерлік, кен өндіру, етікшілік, былғары илеу, тігіншілік, үй салу т.б. қол өнері басым болды.

Қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сыр бойындағы қалалар айырықша рөл атқарды. Осыған қарамастан ислам діні, ер түрлі саяси қайшылықтарға байланысты, халық арасында, есіресе далалық өңірде, терең тамыр жая қойған жоқ. Сондай-ақ қазақ халқының арасында алуан турлі ауыз едебиеті кең өріс алды. Сол кездегі ауыз едебиетінің өкілдері - Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет т.б. жыраулар. Олар сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау көзендерін, халықтың өмірі мен түрмысын, батырлардың ерлігін жырға қосты. ХУІ-ХУІІ ғғ. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмүндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен ру шежіресі жасалды. Осы кездегі қазақ тарихи едебиетінің маңызды ескерткіші Қадырғали Жалаиридің "Жами ат-тауарих" шығармасы.

24.Хv-xviіi ғ қазақтардың материалдық мәдениеті (Тұрмысы,тұрғын үйлері, киімдері,тағамдары).

XV—XVIII ғасырларда отырықшы қоныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар қыстау, қыстақ-қоныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша қорған және қала (кент).XVIII—XIX ғасырларда Қазақстанның көпшілік аймақтарында қыста қыстайтын қыстаулар болған. Әсіресе оңтүстік аймақтарда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасып, оларда жартылай көшпелілік, жартылай отырықшылық салты қалыптасқан. Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткендер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған. Жалпы, киімдер адам үшін тұрмыстық және әлеуметтік қызмет атқарған. Киген киіміне қарап адамның дәулетін, қоғамдағы орнын ажырататындықтан да «жат жерде тонсыйлы» деген ұғым қалыптасқан.

Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар бас киім, ұлы дене киімдері және аяқ киім болып бөлінеді. Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен жасалады.

Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сақтайтын. Жылқы етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке тығып қарта жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]