
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары. Тарихи деректер, тарихнама.
- •2. Тас ғасыры антропогенез және социогенез,мәдениеттің даму процесі
- •3. Қола ғасыры. Номадизмнің өркениет түрі ретінде тұрақтануы.
- •4. Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •5. Үйсін, қаңлы, ғұн тайпалық одақтарының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •6. Түрік, Батыс-Түрік қағанаттарының тарихы.
- •7. Түркеш қағанаты. Әлеуметтік – саяси тарихы.
- •8. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері, мекені, әлеуметтік-экономикалық, саяси тарихы.
- •9. Оғыз конфедерациясы. Әскери-саяси тарихы.
- •10. Қарлұқ қағанаты. Қарахан мемлекеті. Мекенi, әлеуметтiк-экономикалық, саяси тарихы.
- •11. Қарақытайлар.Найман және Керейіт мемлекеттері. Мекенi, саяси тарихы.
- •12. VІғ мен хііІғ басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы.(Шаруашылық,Ұлы Жiбек жолы,ортағасырлық қалалар).
- •13.VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті(Тұрмысы,тұрғын үйлері,киімдері,тағамдары).
- •14.VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті(Түркі жазбалары,ғылым,дін).
- •15. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
- •16.Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мен Ақ-Орданың тарихы.
- •17. Моғолстан және Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •18. Көшпелі өзбек мемлекеті және Сібір хандығы.Саяси тарихы.
- •19. Қазақ хандығының қалыптасуы, нығаюы мен дамуы (хү-хүі ғғ.) (Керей, Мұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Тәуекел хандарының басқаруында)
- •20. Қазақ халқының этногенезі. Қазақ жұздері. «Қазақ» этнонимдері.
- •21.Хүіі-хүііi ғасырлардағы Қазақ хандығы.(Есім, Жәңгір, Тәуке хандарының басқаруында).
- •22. Ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалаири.
- •23. XVI ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрaмы(Ақ-сүйек, асыл-сүйек,қара-сүйек).
- •24.Хv-xviіi ғ қазақтардың материалдық мәдениеті (Тұрмысы,тұрғын үйлері, киімдері,тағамдары).
- •25.Хv-XVIII ғ қазақтардың рухани мәдениеті.(Жыраулар дәуірі,қазақ эпосы,фольклор)
- •27. Кіші жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау.
- •30. Хviii ғ іі жартысындағы-хіх ғ Патша өкіметінің Қазақстандағы әскери – отаршылдық әрекеттерінің басталуы.
- •40 XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •48. . Жэс- әлеуметтік-экономикалық нәтижелері.
- •49. XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •52 Қазақстандағы күштеп жүргiзiлген ұжымдастыру: мақсаттары, негiзгi кезендерi, әлеуметтiк – саяси және демографиялық салдары.
- •54.Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •62.1986 Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы: себептерi және салдары. Жастар баскөтерулерiнiң маңызы.
- •63. Қазақстан “Қайта құру” жылдарында (1985-1991 ж.Ж.). Оны жүзеге асырудағы қайшылықтар.
- •64.Тәуелсiз Қазақстан Республикасының құрылуы. Егеменді мемлекеттiліктiң дамуы.
- •65. Қазақстан Республикасың мемлекеттік рәміздері.
- •59.Хх ғ 50ж іІжарт-60ж Іжарт Қазақстан
- •70.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •71.Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.).
- •69. ..Қр-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.
48. . Жэс- әлеуметтік-экономикалық нәтижелері.
Өнеркәсіпті, көлікті және ауыл шаруашылығын кайта калпына келтірудің басталуы. Саудадағы кооперативтік қозғалыс. ЖЭС идеясынан ауыткушылыктың басталуы. 1927-1928 жж. азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылык өнімдерін күшпен дайындауға көшу.Шаруаларға қарсы бағытталғак жаппай куғын-сүргіннің
күшейуі. Ұжымдастыру-шаруалар қасіреті. Индустрияландыру: сипаты, ауқымы, қарқыны. Қазақстандағы коғамдық - саяси ахуал. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді. Нарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операцияларының арасындағы делдалдық қызметті Кеңес өкіметінің басшылығы, бақылауымен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген кооперация атқарды. Мемлекет арнаулы декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған «азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және қолөнер кәсіпшілігі бұйымдарын дайындау мен ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау салаларындағы міндетті тапсырмаларын орындауды» жүктеді, «барлық азық-түлік өнімдерін (мәтінде осылай. — авт.), мемлекет дайындаған және национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған... сонымен қатар шет елден әкелінген көпшілік қолды тауарларды бөлу» тек солар арқылы жүзеге асырылды. Декретте «РКФСР-дің барлық азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді», ал «әрбір азамат тұтыну қоғамы пункттерінің біріне жазылады» деп атап көрсетілді. [1].Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шын мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, қайсыбір мемлекет иелігіне алынған құрылымдар болды.Жалған кооперация осылайша жеке меншік нарық айналымы стихиясын мемлекеттік реттеу мен тежеу құралына айналады деп есептелінді. Бұлай болуы әбден мүмкін еді, оған Ленин күдік келтірген жоқ. Партияның X съезінде ол былай деді: «Біз пролетариаттың саяси өкіметін әлсіретпей, қайта нығайта отырып, жергілікті еркін тауар айналымына едәуір дәрежеде жол бере аламыз. Мұны қалай істеу керек — бұл практикаға байланысты іс. Менің міндетім — теория жағынан мұның жүзеге асыруға болатын нәрсе екенін сіздерге дәлелдеп беру». Алайда бұл идеяның мүлдем жарамсыз екенін практиканың өзі көрсетті. Қазақстанда 15 млн сом алтын ақша және 1921 жылғы ақшаның 14 млрд сомасында тауар айналым қоры (мануфактура, бақалшық, металл бұйымдары, ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, тұрмыстық заттар, махорка, керосин, сіріңке және т.б.) құрылды. Алайда белгіленген көлемдегі астық өнімдерінің тек 37%-ын және ет өнімдерінің 26%-ын ғана дайындауға қол жетті.
Сөз жоқ, бұған тауар айналым қорының жеткіліксіздігі және жұтандығы, бөлу желілерінің дамымағаны, ауыл шаруашылығында астықтың аз шығуы мен күйзеліс әсер етті. Дегенмен, ең басты себеп мемлекеттік тауар айналымының жекеше сауда-саттықпен қай жағынан болса да бәсекеге түсе алмауы еді. 1921 жылдың күзінде Ленин амалсыз: «Тауар айналымынан ештеңе шықпады, жекеше нарық бізден мықты болып шықты және тауар айналымының орнына біз қарапайым сатып алу-сату, сауда-саттыққа ғана қол жеткіздік» деп мойындады.Кооперацияға сүйену де өзін-өзі ақтамады. Осы кезден бастап оның қызмет аясы тарыла түсті. Ал КСРО ОАК-і мен ХКК-нің желтоқсандағы (1923) азаматтардың бірыңғай тұтыну қоғамына міндетті жазылуының күшін жойған, оған кіру мен одан шығу тек халықтың өз еркінде екендігін жариялаған декретінен кейін, ол «халықты жаппай қамтыған» жүйе рөлін тоқтатты. 1925 жылдың соңында бөлу мен айырбас саласында кооперациялау «еуропалық» тұрғындардың 20%-ын (сол жылдардағы есептерде жазылғандай) және қазақ шаруашылықтарының 8,6%-ын ғана қамтыды. Осы кезге дейін-ақ кооперация, мемлекеттік сектор сияқты, жекеше сауда-саттықпен тең бәсекелік күреске түсуге қабілетсіздігін (әр түрлі мемлекеттік дотациялар, несие және тауармен қамтамасыз ету түріндегі жеңілдіктер, тауар босату бағасын төмендетуге мүмкіндігі бола тұра және түптеп келгенде идеологиялық қолдау да солардың жағында болғанмен) көрсетті. Қалалардың тауар өткізу желілері құрылымында оның үлес салмағы барлығы 3-ақ пайызды құрады, ал бұл кезде жеке секторда ол 95,3%-ға жетті (мемлекеттік саудада - 1,6%). Республиканың ауылдары мен қыстақтарында тиісінше 12,9 және 85,1%-ды (мемлекеттік саудада - 2,0%) құрады. Сауда айналымына келетін болсақ, ол қалалық жеке меншік иелері есебінен 84,7%-ды, кооператорлар есебінен — 14,0%-ды (мемлекеттік саудада - 1,3%) құрады. Ауылдар мен кыстақтарда (кооперациядағы бағаның төмендігі есебінен) екі сегменттіңде үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте - 50,5%, ал кооперативтік саудада - 49,5%. Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы, яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей, оны айналып өту сәтсіз аяқталды