- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Пәннің атауы: «қр Мемлекеттік қызмет және басқару»
- •5В030100 - «Құқықтану» мамандығы студенттері үшін
- •Мазмұны
- •4. «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің мазмұны
- •4.1 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәнінің тақырыптық жоспары
- •4.2 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша дәрістің тақырыптық жоспары
- •4.3 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» бойынша практикалық (семинар) сабақтарының тізбесі мен мазмұны
- •4.4 «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» пәні бойынша студенттердің өздік жұмысының мазмұны
- •4.5 «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмасы
- •Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •5. Оқу процесінің кестесі
- •6. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша дәрістердің тақырыптық жоспары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша тәжірибелік (семинар) сабақтардың тақырыптық жоспары /10 сағат/
- •8. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. «Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі.
- •10. Әдебиеттер тізімі: Нормативтік-құқықтық актілер:
- •Негізгі әденбиеттер:
- •Пәнді оқу әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •1.1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері.
- •1.2. Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері.
- •1.3. Мемлекеттік басқару механизмі (тетігі).
- •2.1. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі.
- •2.2. Мемлекеттік басқарушылардың конституциялық (негізгі) қағидалары.
- •2.3. Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары.
- •3.1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылыќ құрылымының түзілуі.
- •3.2. Мемлекеттік органның жіктелу негіздері.
- •3.3. Мемлекеттік орган: жасалу тәртібі мен копетенциясы.
- •1. Мемлекеттік басқару саясаты және мақсаттары.
- •3. Мемлекеттік басқарудың әдістері мен нысандары.
- •1. Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жіктелуі.
- •2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру.
- •3. Нормативтік құқықтық актілер мәтінінің реквизиттері, құрылымы мен жазылу стилі.
- •1. Басқарушылық процесс және оның сатылары.
- •2. Жекеленген құқықтық актілер.
- •3. Басқаратын қатынастар және олардың классификациясы.
- •2. Мемлекетті басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
- •3. Мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуі.
- •2. Мемлекеттік қызмет ұғымы, мәні және принциптері.
- •3.Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері.
- •1. Штаттар мен мемлекеттік органдардың жеке құрамы.
- •2. Мемлекеттік қызметтің жіктелуі.
- •1. Мемлекеттік қызметке орналасудағы азаматтардың конституциялық құқығы.
- •2. Мемлекеттік қызметте орнын басудың тәртібі мен тәсілдері.
- •3. Мемлекеттік әкімшілік қызметтер котегорияларына қойылатын біліктілік талаптар.
- •1. Мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.
- •2. Лауазымды адамның компетенциясы.
- •1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау.
- •3. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.
- •2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы негіздері.
- •3. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері.
- •1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің концептуальды реформасы және кадрлар саясатының негіздері.
- •2. Мемлекеттік қызмет реформасын құқықпен қамтамасыз ету.
- •Глоссарий
- •«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару» арнайы курсы бойынша
3. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.
Мемлекеттік қызметкерлердің оқыту жүйесі негізінде кез-келген білім алуға конституциялық құқығы бар. Азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білімс алу міндетті болып табылады. Ал жоғары білім алу міндеті емес. Сонымен қатар азаматтар (жоғары білімді) мемлекеттік жоғары оқу орындарында тек конкурс негізінде және мемлекеттік тапсырысы бойынша ақысыз алуына құқылы. Ал жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу ол заңды түрде көрсетілгендей негізде ала алады. Бұл жерде мемлекет білімнің жалпы білім беру стандартын қолданады. Білім алуға құқылығы мен еңбек бостандығына құқылығы еркін мамандық таңдау мен кәсіпті еркін таңдау бір-бірімен байланысты. Адамды еңбекке дайындауда білім алу құқығы, кәсіби іс-әрекетке дайындау, оның ішінде мемлекеттік қызметке объективті керекті шарттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан – 2030” халыққа арнаған Жолдауында былай делінген: “Біздің болашақта балаларымыз жоғары деңгейдегі білікті жұмысшылар, фермерлер, инженерлер, банк басшылары және мәдени саладағы қайраткерлер, дүкен иегерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, завод және фабрика иегерлері, биржалық маклерлер және спортшылар болады деп үлкен үміт күтудеміз. Кейбір өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз мемлекеттік қызметтерге түседі. Олар жаңа трихи кезеңде жұмыс жасайды, олар Қазақстан мен қазақстан халқының мүддесін басқа өз мүдделерінен жоғары қойып, жоғары деңгейде білім алған жоғары жалақы алатыг мамандар болады”.
Мемлекеттік қызметтегі кадрларды оқытуды жетілдіруде, олардың кәсіби деңгейін көтеру және біліктілігін арттыруда бағдарламалық құжат болып мемлекеттік қызметкерлерді оқытудың концепциясы болып келеді, ол 2000 жылғы 13 қарашадағы Ν1706 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданған. Концепцияның негізгі ережелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтегі кадрларды қайта дайындау және кәсіби деңгейін көтеруде басшылыққа алынады.
Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту – ол мақсатқа бағытталған, жүйелі және жоспарлы ұйымдастырылған процесс, ол мемлекеттік қызметкерлердің өзінің мүдделері үшін және мемлекеттік қызмет атқару үшін қажетті білім, тәжірибе, дағды, білгірлікті мемлекеттік органдардың қажеттілігіне қарай жүргізеді. Оқытудың негізгі түрлері болып: қайта дайындау, кәсіби деңгейін көтеру, жұмыс орнында оқыту және өзін-өзі жетілдіру.
Концепция мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда мақсатын, талабын, принциптерін және оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын қарастырады. Басты мақсат – ол мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейін көтеру үшін, оны кадрларды сапалы оқытуды ұйымдастыру мен дамытуды, мемлекеттік қызметкерлердің өз кәсіби деңгейде болуы болып табылады. Бұл мақсаттарды орындау үшін мынадай талаптар қойылады:
оқытудың сапасы мен тиімділігін көтеру;
оқытудың инфроқұрылымын дамыту;
оқыту жүйесінің тиянақты адекватты ресурстар механизмін құрастыру;
оқытуда тиімбі басқару жүйесін құрастыру;
оқытуды құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету.ъъ
Осы талаптарға Республикадағы мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды дамыту жүйесінің негізгі бағытары сәйкес келеді.
№13-Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату
1. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың классификациялық негіздері.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы негіздері.
3. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері.
.1. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың классификациялық негіздері.
Мемлекеттік қызметті тоқтатудың бірнеше тізбесі әрекеттегі заңда белгіленген. Мемлекеттік қызметті тоқтату не басқа да жағдайларға байланысты негіздер жалпы және қосымша болып бөлінеді. Жалпы негіздер барлық мекеме мен ұйымдардың олардың жеке басы мен шаруашылық түрлеріне қарамастан еңбек туралы заңмен қарастырылады. Ал қосымша негіздер “Мемлекеттік қызмет туралы” (26,27баптар) Қазақстан Республикасының Заңымен анықалған. Мемлекеттік қызетті әкімшілік мемлекеттік қызметкерлермен тоқтатудың негізі болып:
жұмыстан шығу туралы өз еркімен өтініш беруі;
заңмен анықталғандай зейнеткерлік жасқа толуы және мемлекеттік қызметте екі жақтың келісуі бойынша жедел еңбек шарты арқылы тағы бір жыл жұмыс істеуіне құқылы;
контракттің мерзімі бітуі не заң негізінде көрсетілгендей контрактті бұзу;
әкімшлік мемлекеттік қызметкердіғ өзінің табысы мен мүлкі жайлы жалған мәлімет беруі;
“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес өз қызметін орындамаму және шектеу;
сенімді мүлік басқармасына, өзіне құқығы жоқ мүлікті өткізбеуі;
Қазақстан Республикасының азаматтығының жойылуы;
Коррупциялық құқық бұзушылық жасау;
Әкімшілік мемлекеттік орынды конкурстан тыс иемдену, заңда қарастырылған жағдайлардан басқа негізде;
аттестацияның нашар қорытындысы;
еңбек заңымен қарастырылған басқа да негіздер.
Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы негіздері еңбек заңымен қарастырылған. Еңбек
заңының 25-бабында жеке еңбек келісім-шартын негізгі тоқтату мен бұзу туралы тізбе беріледі. Бұл жерде барлық еңбек келісім-шартының аяқталу іс-әрекетінің түрлері 2 топқа бөлінеді:
еңбек келісім-шартын тоқтату (екі жақтың келісіміне байланысты емес, мерзімі біткен жағдайларға байланысты);
еңбек келісім-шартын бұзу (екі жақтың келісімі бойынша, бір жақтың айтуы бойынша, заңға қайшы келмейтіндей өзге жағдайларға да байлаысты).
Одан ары Еңбек туралы заңда еңбек келісім шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша тоқтату туралы негіздері (26-бап), жұмысшының өз бастамасы (28-бап) және екі жаққа да байланысты емес жағдайларда (30-ьап) тоқтатылады.