Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SillabOETWord.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
362.5 Кб
Скачать

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

  2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

  3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

  4. Габит Ж.Х. Экономикалық теория Астана 2006 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

  5. Женсхан Д. Экономикалық теория Астана 2004 С. Сейфуллин Атындағы КазАТУ

  6. Женсхан Д. Экономикалық теория Астана 2008 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

  7. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

  8. Макконнелл К.Р, Брюсс . Л Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр

  9. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

  10. Экономикс. Оқу құралы. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, С. Ә Досқалиев. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет

  11. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л. И, д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр

Қосымша әдебиет

  1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр.

  2. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында .

  3. Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. Егемен Қазақстан газеті, 1 наурыз 2005 жыл (газет ішіндегі кітапша)

  4. Баишев С. Б Очерки экономической теории Казахстана. Избранные труды. Алматы «Ғылым» 1989ж - 232 бет

  5. Баймұратов У.Б Национальная экономическая система. Алматы. «Ғылым». 2000 – 536 стр.

  6. Жатқанбаев Е. Аралас экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. «Қаржы – Қаражат». 1996 .ҚР Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 5.03.1997ж.

  7. Жүнісов Б, Мәмбетов. Ұ. Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. (2 – басылымы) Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994 - 192 бет

  8. Кажмурат К. Избранные научные труды 2-х томах Алматы. Қазақстан Даму институты. 1998 – 290 и 460 стр.

  9. Керімқұлов С. Е Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе – теңдік. Оқу құралы. Астана - 2005 172 бет.

  10. Кошанов А. Трудное восхождение. На путях к рынку. Избранные труды. Астана. Елорда. 2004 – 704 стр

  11. Сабден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы. «Қазақстан» 1997 - 192 бет

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз картасы

Оқулықтар, оқу-құралдары

Авторы, атауы, шыққан жылы

Барлары (дана)

Кітапханада

Кафедрада

1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

114

-

2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

106

-

3. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория

Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

45

1

4. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы.

Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет

23

1

5. Макконнелл К.Р, Брюсс . Л

Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр

52

-

6. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

64

-

7. Экономикс. Оқу құралы. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, С. Ә Досқалиев. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет

61

-

8. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л. И, д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр

50

-

7. Кажмурат К. Избранные научные труды 2-х томах Алматы. Қазақстан Даму институты. 1998 – 290 и 460 стр.

21

-

8. Керімқұлов С. Е Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе – теңдік.

Оқу құралы. Астана - 2005 172 бет.

26

1

Авторлары, атауы, шыққан жылы

Барлары (дана)

1.Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр.

Кітапханада

Кафедрада

1

1

2. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында .

Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. Егемен Қазақстан газеті, 1 наурыз 2005 жыл (газет ішіндегі кітапша)

1

1

3. Баишев С. Б Очерки экономической теории Казахстана. Избранные труды. Алматы «Ғылым» 1989ж - 232 бет

12

-

4. Баймұратов У.Б Национальная экономическая система.

Алматы. «Ғылым». 2000 – 536 стр.

20

-

5. Жатқанбаев Е. Аралас экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. «Қаржы – Қаражат». 1996 .

ҚР Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 5.03.1997ж.

18

-

6. Жүнісов Б, Мәмбетов. Ұ. Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері.

(2 – басылымы) Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994 - 192 бет

46

-

7. Кошанов А. Трудное восхождение. На путях к рынку. Избранные труды. Астана. Елорда. 2004 – 704 стр

15

-

8. Сабден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз.

Алматы. «Қазақстан» 1997 - 192 бет

16

-

9. Қазақстан Республикасы Конституциясы.–Алматы, Қазақстан,1993ж.

56

1

10. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi. – Алматы-1995ж.

43

-

Глоссарий

Жетілген бәсекенің негізгі шарттары: 1) Кәсіпорын-сатушылардың өте көп болуы; 2) Стандарттанған өнімдер. Осы бағамен өнімді кімнен сатып алу тұтынушыға 6әpi6ip, өйткені олар бір-бірлеріне өте ұқсас. Стандарттау нәтижесінде бағалық емес бәсеке үшін негіз жоқ. Бағалық емес бәсеке - өнім сапасының айырымы, жарнама немесе өнім таратуды ынталандыру арқылы бәсеке. 3) Сатушы бағаны бақылауды жүзеге асыра алмайды, ce6e6i әp6ip фирма өнімдердің аздаған бөлігін өндіреді. Бәсекелі фирма нарықтық бағаны қоя алмайды, бірақ, оған икемделе алады.Сатушы мұнда - баға алушы болып шығады; 4) салаға еркін кipiп және одан еркін шығу; 5) ақпаратты еркін түрде алуға болады.

Сұраныс - уақыттың әp6ip қазіргі сәтіндегі белгілі баға бойынша тұтынушылардың тауардын белгілі бір санын сатып алуға дайындығы (ниеті).

Төлемге қабілетті сұраныс - бұл адамдардың өз табыстарына (сатып алу қабілеттігімен) сүйенген, олардың әртүрлі тауарларға деген қажеттіктерінің көpiнici. Сұраныс ақша түрінде және белгілі 6ip баға бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алуға келіскен тұтынушылардың санымен белгіленеді.

Ұсыныс - уақыттың әp6ip қазіргі сәтіндегі белгілі баға бойынша өндірушілердің тауардың белгілі бір санын сатуға дайындығы (ниеті).

Тауардың бағасы — ол ақша түріндегі тауардың құны. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей болу деңгейінде баға құнға, яғни қоғамдық қажетті шығынға дәл келеді.

Құн - сатып алушылар мен сатушылар мүдделерінің тепе-теңдігі, яғни сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының тепе-тендігі болып шығады. Оның негізінде шекті пайдалылық, өндіріс шығындарын көрсететін ұсыныс бағасы жатады.

Таза монополия - бip фирма өнім өндіру жөнінен салада жалғыз ғaнa, оны ауыстыра алатындай басқасы жоқ. Өзге тән белгілер: Монополияның өнiмін ауыстыратын басқа игілік жоқ. Сатып алушысы үшін балама жоқ. Жарнамамен шұғылданарлықтай қатты қажеттілік жоқ. Таза монополист бағаға билік етеді. Фирма бағаны бақылауды жүзеге асырады, себебі ол барша ұсынысты бақылайды. Таза монополия жағдайында ол салаға енуге күшті тосқауыл қойылған.

Монополистік бәсеке - көптеген сатушылар 6ip-6ipiнe ұқсас, жекелеген сипаттамалары бойынша 6ip-6ipiнен ерекшелеу көптеген тауарларды рынокқа жеткізеді. Айырықша белгілері: Әрбір фирма салыстырмалы түрде ғана барлық рыноктың аздаған­ ғана бөлігіне ие бола алады, сондықтанда ол нарықтық бағаны өте шектеулі түрде ғана бақылайды. Өнімдерді сапа, орналастыру, қызмет көрсету және т.б. жағынан бөлектеу. Экономикалық бәсекелестік бағаға ғана негізделмеген, со- нымен 6ipre ол бағалық емес бәсекеге де қатысты. Көптеген фирмалар сауда белгілері мен фабрика таңбаларына көңіл кояды. Caлaғa ену жеңіл, тосқауылдар аз.

Олигополия - бірнеше ipi фирмалар белгілі 6ip тауарлар мен игі қызметтердің рыноктарын бақылайды. Олигополизмге тән белгілер: 1) Салада салыстырмалы түрде аздаған фирмалар үстемдік етеді. 2) Өнім стандарттанған, тіпті бөлшектенген болуы мүмкін. Олигополияда қосылысуға құштарлық күшті болады, ce6e6i екі немесе одан да көп бәсекелес фирмалардың 6ipiryлepi олардың нарықтық үлестерін айтарлықтай ұлғайтып, ipi сатып алушылар мен өнім жеткізушілерге басымдылық береді. Бұл сұрақты қарастырғанда жалпы түрде олигополистік бәсеке нарығының мына модельдеріне көңіл аудару керек: картель моделі, бағадағы жетекшілік моделі, Курноның дуаполия моделі.

Бәсекелестік күрес рыноктық экономиканың маңызды құрылымы болып табылады, ол экономикалық субъектілер арасындағы табыстарын неғұрлым ұлғайту мақсатында рыноктағы ыңғайлы жағдайға жету үшін бәсекелестікті, таласты білдіретін үрдіс. Экономикада бәсекелестік өріс болмаса, онда нарықтық тетіктер тиімді жұмыс істемейді.

Қазіргі экономикалық теорияда бәсекелестіктің өрісінің ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратады: жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке.

Өндірістің әрбір факторы (жер, еңбек, кәсіпкерлік қабілеттілік, капитал) өз иелеріне табыс әкелерліктей (рента, жалақы, кәсіпкерлік пайда, пайыз) қабілеттерге ие.

Өндіріс факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады, себебі сұраныс бағыты фактордың ақырғы өнімділік бағытымен сәйкес келеді, теңдік баға сұраныс пен ұсыныстың дәл осындай ара қатынасында өндіріс факторларының ақырғы өнімділік бағытымен сәйкес шығады.

Еңбекақы деңгейін анықтайтын басты экономикалық фактор – сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы болып табылады.

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің басты мақсаты(пайданы) табысты неғұрлым көп табу.

Пайда дегеніміз - пайыздық ставка, ренталық төлем, жалақыдан қалыпты кәсіпкерлік пайда (кәсіпкердің «жалақысы») үстіндегі артықшылық.

Кәсіпорындардың түрлері. Кәсіпорын ең алдымен жеке меншік түрінің басымдылығына қарай – мемлекеттік және жекеменшіктік болып екі типке бөлінеді. Бірінші тип. Мемлекеттік кәсіпорын. Олардың жиынтығы экономиканың қоғамдық секторы болып саналады. Екінші тип. Серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, аралас кәсіпорындарды, кооперативтерді жеке иелену. Олар экономиканың жекеменшік секторын құрайды. Ондағы кәсіпорындардың иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, оның жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, жалпы капиталына, жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді. Мысалы, жауапкершілігі шектеулі және шектеусіз болып келеді.

Шектеулі жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам оның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді дегенді білдіреді. Шектеусіз жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам оның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады дегенді білдіреді. Айталық, екі адам ортақ кәсіпорынға 100 млн. теңгеден салды делік. Бұл жағдайда кәсіпорынның жалпы капиталы 200 млн. теңге құрайды. Егер кәсіпорын несие берушілер алдындағы 300 млн. теңге көлеміндегі міндеттемелері бойынша банкрот болса, онда жауапкершілігі шектеулі әрбір қосиегерлер қарыз міндеттемелерін 100 млн. теңгеден, яғни өздері қосқан мөлшерде ғана жабады. Ал шектеусіз жауапкершілік жағдайында екі әріптес кәсіпкер 300 млн. теңгелерімен қоштасып қала береді. Егер біреуі 100 млн. теңге ғана төлей алса, онда соры қайнаған кәсіпорынның екінші иегеріне 200 млн. теңге төлеуге тура келеді.

Дербес (отбасылық) жекеменшік кәсіпорын азаматтардың өз меншіктеріне негізделген. Оның иесі болып табыстың бәрін алатын және шаруашылық қызметтің нәтижелеріне орай барша тәуекелді көтеретін бір отбасы (бір тұлға) саналады. Артықшылығы: тез мерзімде және қиындықсыз ашуға болады; таза табысты бөлісу жөнінен келіспеушілік жоқ; салық салу жүйесі оңай, жеңілдіктер болуы мүмкін. Кемшілігі: бастапқы капиталының мөлшері аз; банктен несие алу және ауқымды істі бастау қиын.

Толық серіктестік өзінің мүшелерінің үлестік (пай) меншіктеріне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктеріменен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылық жылдың корытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табысы қатысушылар арасында, олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді. Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады. Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қайшылықтар тууы мүмкін; салық салуда жеңілдік жоқ.

Коммандитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Коммандитті серіктестік өзінің үлесі мөлшерінде жауапкершілікті көтеретін салымшы мүшелерді (коммандистерді) және міндеттеме бойынша толық бірлесе жауап беретін толық жолдастарды қамтиды. Артықшылығы: басқаруға қатыса алмайтын, бірақ өз капиталының серіктестікте болғанды қалайтындарды тартуға болады. Мысалы, зейнеткерлік жастағы немесе кәсіпкерліктің басқа түрлерімен шұғылданып жүрген адамдарды. Сонымен қатар заң бойынша жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер құруға болады.

Ашық акционерлік қоғам - бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құрылған кәсіпорын. Акцияның иесі болып - мемлекет, кәсіпорын, ұйым секілді заңды тұлғалармен бірге жеке азаматтар да бола алады. АҚ-ның міндеттемелері мен шығыны жөнінен акционерлердің жауапкершілігі олардың акцияларының құны мөлшерімен шектелінеді. АҚ-ның бағыты мен қызметінің өзгешелігі әртүрлі болуы мүмкін, жалпы мақсаты - таза пайданы барынша ұлғайту, немесе акцияларының нарықтық бағамын көтеру болып табылады.

Жабық акционерлік қоғам - акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын-ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі. Қазіргі ҚР-дағы АҚ туралы заң бойынша жабық акционерлік қоғам жоқ, оның орнына Халықтық АҚ құру көзделген.

Кәсіпорындардың басқа да түрлері бар. Мысалы, венчурлық (тәуекелшіл) кәсіпорын. Ол экономиканың ғылымды көп қажет ететін салаларында ғылыми зерттеу, инженерлік талдау, маңызды жаңалық жасау және оны өндіріске ендіру жөнінен мамандандырылған шағын кәсіпорын.

Тауардың бәсекелік қабілеттілігі деген сөз, ол сатып алғалы тұрған тұтынушының пейілін тауардың өзіне тарта түсерліктей деңгейі. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, бәсеке қабілеттілігі тауардың тамаша сипаттамасына емес, оның сатып алғалы тұрған адамын қызықтырарлықтай өзіне тән сүйкімділігіне байланысты. Осыдан келіп тұтынушының егемендігі туады, тіпті ол объективтілік көрсетпегеннің өзінде, соңғы сөз сонда болады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде фирмалардың өнім тарататын рыноктар үшін, тұтынушылар үшін бәсекелестік күрестерінің әртүрлі стратегиялық бағыттары бар.

виоленттік стратегия немесе "менмен арыстандардың", "алпауыт пілдердің", "тоңмойын бегемоттардың" деп аталатын стратегиялар өндіріс шығынын азайту жағында болады.

Виолентті - фирмалар әдетте алып өлшемді болады (жаппай тұтынылатын аяқ киім, азық-түлік өнімдері);

Патиентті стратегия - жоғары сапалы жеке өнімдерді шектеулі ғана шығаруға берілетін бағдар. Мұндай фирмалар өздерінің аса қуатты бәсекелестерін күшпен емес, іскерліктерімен ұтады. Мұндай фирмалардың стратегиялары "қу түлкі" атауын алған;

Коммутанттық стратегия немесе басқаша айтқанда "сұр тышқандар" стратегиясы - көлемі жағынан шағын (жергілікті) рынокты аса икемділікпен қанағаттандыру бағыты.

Эксплеренттік стратегия түбегейлі жаңаша басқаруға бағытталған. Бизнестің осынау "түрен тимеген" қауіптілеу түрімен шұғылданушы фирмаларды "алғашқы қарлығаштар" деп жиі атайды.

ҚР-ның экономикасындағы шағын бизнестің (ШБ) рөлі. ШБ - нарықтық экономиканың генетикалық негізін құрайды. Шет елдерде оның дамуы үшін өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық қолдау жүйелері құрыла бастады. Қазақстанда ШБ-тің субъектілері болып жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің құны жылына орта есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін заңды тұлға мен жеке тұлғалар болып саналады".

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]