Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКМД_для ЮСП(К)_1кр..doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
928.26 Кб
Скачать

§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.

  • ағылшын экономисі, діндар Томас Роберт Мальтус (1766 – 1834) теориясы: «Тіршілік ету тәсілдері-арифметикалық прогрессия (1, 4, 7, 10...) түрінде, ал туылу – геометриялық прогрессия (1, 3, 9, 27, 81...) түрінде жүреді. Бұл процесс тағдырға жазылған, сондықтан адам санының өсуін шектеу керек. Қасіретке ұшырған адамзатқа жақсылық жасамау керек». (Т.Р. Мальтус «Халық саны заңы туралы тәжірибе», 1798 ж.).

  • Лев Николаевич Гумилев (1912 – 1992) – этногенездің пассионарлық теориясын қарастырды. Пассионарлық (лат., passion – ынтықтық, құлшыныс, жігер). «Этногенез-табиғат процесі, биосфераның тірі затының биохимиялық энергиясының флуктуациясы. Осы энергияның тұтануы – планетаның әртүрлі аймағында болатын пассионарлық түрткі, дүмпу, яғни этностың шаруашылық қызметіне жағрапиялық әсер етеді».

(Л.Н. Гумилев. Еуразия тарихынан. М., 1993 ж., 26-б.).

Лев Гумилев әрбір этнос мына фазалардан өтеді дейді:

пайда болу – акмэ (кемеліне жету) – мертігу – инерция – обускурация (ауысу) – құрдымға кету. Жетекші этнос құлдырап жойылғанда оның айналасындағы этностар оның эстафетасын іліп әкетеді. Тарих осылай дамиды.

Адамзаттың сан жағынан өсу динамикасы:

  • б.з.д. 1 жылы – 230 млн;

  • 1000 жылы - 275 млн;

  • 1850 жылы - 1 млрд;

  • 1900 жылы - 1,6 млрд;

  • 1930 жылы - 2 млрд;

  • 1961 жылы - 3 млрд;

  • 1976 жылы - 4 млрд;

  • 1987 жылы - 5 млрд;

  • 2000 жылы - 6 млрд;

  • 2025 жылы - 8 млрд (болжам).

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: глобалдық, табиғат, экология, географиялық орта, экофилософия, құқық, пассионарлық

КЕЙС

Кейстің тақырыбы: «Элейлік Зенонның «Ахилес пен тасбақа» апориясының мәні».

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.

Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Зенонды Аристотель диалектиканы ойлап табушы деп атаған. Зенон – Парменидтің шәкірті. Зенонның диалектикасын субъективтік диалектика – диалектикалық ойлау мен айтыс өнері, «қарсыластың пікірін терістеу және оған қарсы пікір айтып, қиын жағдайда қалдыру өнері» (Плутарх).

Кейстің мақсаты:

  1. Студенттерге «апория» мәнін ұғынуы;

  2. Философия тарихындағы қозғалыс мәселесін айқындау;

  3. Студенттерге Зенонның апориясының ойлаудың диалектикалық мәнін ашуы;

  4. Студенттерге Элеаттар мектебі философиясынның ерекшелігін түсіндіріп, айқындап беру;

  5. Мәселенің шешудің әртүрлі жолдарын анықтап, табу.

Қарастырылу объектісі:«Элей мектебінің терістеу диалектикасының қайнар көзі»

Қарастырылу пәні:Диалектика ерекше формаларын анықтау

Өткізу нысаны: ойын

Кейспен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. Студенттердің кейс материалымен жеке жұмысы 2. Шағын топтарда жұмыс 3. Жалпы дискуссияда шағын топтардың қорытындыларын жариялау және экспертиза жасау.

Кейсті талдау үшін қажетті нұсқаулар:

  1. Жағдаймен танысып шығу

  2. Негізгі факторларды анықтаңыз

  3. Өзіңіздің негізгі факторларын талдыңыз

  4. Ортақ мәселені анықтаңыз

  5. Сіздің көзқарасыңыз бойынша ең тиімді әрекет бағдарын ұсына отырып, әрбір баламаны бағалаңыз.

  6. Өзіңіздің таңдауыңыз үшін негізді анықтыңыз.

Жағдайдың сипаттамасы:

Қозғалыстың не екенін анықтау үшін біз айтамыз: бір жерде тұрған дене басқа бір жерге ауысты. Қозғалыс кезінде сол дене енді бірінші тұрған жерінде емес, бірақ сонымен бірге екінші жерде де емес; егер ол осы екі жердің біреуінде болса еді, онда ол тыныштықта болар еді. Сонда ол қай жерде тұр? Егер біз дене осы екі жердің арасында тұр десек, онда шынында да ештеңе айта алмаймыз, өйткені бұл жағдайда ол жаңағы екі жердің біреуінде болар еді, демек, біз тағы да қиыншылыққа тап боламыз. Бірақ қозғалу деген берілген жерде болу, және сонымен бірге сол жерде болмау, демек бір уақытта бірдей екі жерде болу; қозғалыстың мүмкін болуының бірегей шарты - уақыт пен кеңістіктің үздіксіздігінің көрінісі болып табылады. Зенон болса екі нүктені бөлек қарастырып тұр. Уақыт пен кеңістіктің дискреттігін біз де мойындаймыз, бірақ сонымен қатар шекараны өту мүмкіндігі болу керек, яғни шекараны шекара емес деп ұйғару немесе уақыттың бөлінген бөлігін ұйғару, бірақ ол сонымен бірге бөлінбейтін бөлік болып табылады.

Зенон тек қана кеңістік пен уақыттың өзіндік барлық анықталғандығының шекарасын, бөлінуін, дискреттігін көрсетті – сондықтан қайшылық пайда болады. Бұны тек диалектикалық ойлау шеше алады.

Мәселенің қойылымы:

  1. Зенон қозғалыстың не екенін қалай түсіндірді?

  2. Жалпы қозғалыс бар ма, жоқ па?

  3. Уақыт пен кеңістіктегі үздіксіздік дегеніді қалай түсінесіз?

  4. Шекараны өту дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі:

  1. Сватковский В. П. Парадокс Зенона о летящей стреле //ЖМНП.1888.Ч.255.С.203-239.

  2. Богомолов С. А. Аргументы Зенона Элейского при свете учения об актуальной бесконечности//ЖМНП.1915.Нов.сер. Ч.LVI.Апрель. С.289-328.

  3. Богомолов С. А. Актуальная бесконечность(Зенон Элейский и Георг Кантор).Пг.,1923.

  4. Цехмистро И. З. Апории Зенона глазами XX века//Вопросы философии.1966.№ 3.

  5. Панченко А. И. Апории Зенона и современная философия//Вопросы философии.1971.№ 7